- •Дәріс № 1. «Мінез–құлық психологиясы» пәнінің теориялық және методологиялық негіздері.
- •Дәріс № 2. Тұлғаның дұрыс және ауытқушылық дамуының көрсеткіштері мен жағдайлары. Ауытқу мінез құлық теориялары.
- •Дәріс № 3 Диспозициялық мінез құлық және оның құрылымы.
- •Дәріс № 4. Мінез құлықта ауытқудың қалыптасу факторлары.
- •Дәріс № 5. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының әлеуметтік шарттары.
- •Дәріс № 6. Білім беру мекемесі және оның оқу тәрбие процесін ұйымдастыруы тұлғаның аномальды дамуының факторы ретінде.
- •Дәріс № 7. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының биологиялық факторлары.
- •Дәріс № 8. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының психологиялық факторлары.
- •Дәріс № 9. Мінез құлық проблемасындағы «бейімделу» ұғымы.
- •Дәріс № 10. Мінез құлықты диагностикалау, алдын алу және түзету әдіс тәсілдері.
- •Дәріс № 11. Психологиялық алдын алудың негізгі принциптері. Мінез құлықтың алдын алу.
- •Дәріс № 12. Әлеуметтік педагогикалық қараусыз қалушылық және девиантты мінез құлық.
- •Дәріс № 13. Аддиктивті мінез құлық.
- •Дәріс № 14. Суицид және мінез бітістерінің байланысы.
- •Дәріс № 15. Мінез құлығы бар балалармен өзара қатынас технологиясы.
Дәріс № 10. Мінез құлықты диагностикалау, алдын алу және түзету әдіс тәсілдері.
Психологиялық зерттеудегі мәселелер күрделі және де шиеленіскен қарым-қатынаста әр түрлі типтік деңгейлерде болады. Біз жалпылай айтқанда психикалық түрде сөйлейміз. Психология бар болғаны әр түрлі ғылымдардан алынған абстрактілі жүйе және белгілі-бір ұғымдар жинағы бар теория болып табылады. Сонымен қатар ол әр түрлі көрініс беретін бір деңгейге тәуелді. Оған зерттеу жүргізілген және ол талдаудың әр бір қадамында өзгеріп отырады. Қарым – қатынас арасындағы жіберілген байланыстардың осындай жолдармен өтуі мұнда күрделі мәселе туғызуы мүмкін. Психиканың ғылыми талдауы өзінің нәтижелі көзқарасында пайдаланылатын бір өте күрделі талдауға берілген байланысты үзіп тастау. Бұл стихиялы спиритуализм.
Адамның табиғи мүмкіншіліктерінің көп қалыпты қондырма бөлімі адамды табиғи-тарихи, себепті, әлем қатарына қосатын негізгі тірек болып табылады. Олар өздерінде менталды және саналы өмірдің өткірлік механизмдерін алып жүреді.
Зерттеуші айнымалылармен манипуляциялар жасайтын және басқа айнымалыларға осы әсердің нәтижесінде шыққан эффектілерді бақылайтын зерттеудің бөлігін біз эксперимент деп атаймыз.
Бақылау әдісі:
сыртқы дүниені бақылау экстроспекция;
интроспекция (өзін-өзі бақылау);
сырттан бақылау;
қосарлана бақылау.
Сұрақтама әдістері:
әңгімелесу;
сұхбат;
анкеталар;
тұлғалық сұрақтамалар.
Тесттер:
тест тапсырма;
тест сұрақтама;
проективті тест.
Модельдеу әдістері:
кибернетикалық модельдеу;
логикалық модельдеу;
техникалық модельдеу;
математикалық модельдеу.
Эксперимент әдістері:
табиғи эксперимент;
лабораториялық эксперимент.
Акцентуациялық сипаттағы типін анықтау үшін – Г. Шмишек сауалнамасы.
Шмишек сауалнамасы: бұл әдістемені Г. Шмишек 1970 жылы К.Леонгардтың акцентуалдық тұлға концепциясы негізінде өңдеп шығарды. Пішіні бойынша бұл сауалнама «иә» немесе «жоқ» деген екі нұсқалы жауап ұсынатын 88 сұрақтан тұрады.
Тестілеуден кейін алынған жауаптар кіліт көмегімен өңделеді. Қорытындысында әрбір акцентуация типі бойынша баллдар көрсеткіштері шығады. Содан кейін алынған көрсеткіштер сәйкесінше коэффиценттер бойынша формулаға салынып есептелінеді. /1. 12 бет./
Баллдар суммасы *коэффицент = қорытынды көрсеткіш.
Әрбір акцентуация типі бойынша келесі көрсеткіштер қолданылады:
Гипертимикалық – 3
Цикломитикалық – 3
Экзальтирленген – 6
Эмотивтік – 3
Мазасыз – 3
Тақуалы (педантивті) – 2
Қозбалы – 3
Демонстративті – 2
Тежемелі – 2
Дистимистік – 3
Соңғы нәтиже көрсеткіш акцентуациялық тип бойынша орташа белгімен салыстырылады және сәйкес диагностикалық шешім шығарылады.
Шмишек сауалнамасы көмегімен акцентуацияның келесі 10 типі анықталады:
Леонгард бөлген тұлғаның оң акцентуациялық типін 2 топқа жіктейді. Мінездің акцентуациясы (демонстративті, педантты, тежелу, қозу) және темпераменттің акцентуациялары (гипертимді, дистимикалық, мазасыз-қорқақтық, циклотимді, аффективті, эмотивті).
Демонстративті тип. Ығыстыруға деген жоғары қабілетімен, демонстративті мінез-құлықпен, қозғыштықпен, байланысты еркін орнатумен ерекшеленеді. Қиялдауға, өз бейнесін тым жоғары көрсетуге, артисттілікке, өтірік айтуға бейім. Олар лидерлікке, өздерін мойындауға, билікке, мақтауға ұмтылады. Эгоцентризм, сезімталдық, эмоционалды-лабильділік байқалады.
Тежелу типі. Қарым-қатынасқа көп түсе бермейді, тұйықтық, аса сенбеушілік тән. Әр істе жоғары көрсеткіштерге ие болуға ұмтылады. Өз қызығушылықтарын қорғайды, моторикада, ойлауында, аффектілерінде иннерттілік байқалады. Өкпешіл, болған нәрселерге көп қайғырады, қақтығыстарды көбінесе өзі тудыртады, қызғаншақ, мазасыз болып келеді.
Педантты тип. Ригидттілікпен, психикалық процестің иннерттілігімен ерекшеленеді. Қақтығыстарға көп түсе бермейді, көбінесе белсенді жаққа қарағанда пассивті жақта орын алады. Ереженің кез келген өзгерісіне қатты мән береді, жұмысында көбінесе өзін бюрократ ұстап, қоршағандардан көп формалды талаптарды талап етеді. Пунктуалды, ұқыпты, тазалық пен тәртіпке ерекше мән береді, өзіне қойған жоспармен ғана алға жылжиды, өзін-өзі тексерумен ерекшеленеді.
Қозу типі. Өзін басқара алмайды, физилогиялық елігулерге тәуелді болады. Оған жоғарыланған импульсивтілік, инстинтивтілік, қаталдық, ашушаңдылық, ұрсқақтық тән. Қақтығыстарда көп жағдайда өзі бастайтын белсенді жағы болып келеді. Қозғыш, ұжымда өзін ұстай алмайды, көбінесе жұмыс орындарын ауыстырады, қарым-қатынаста байланысқа төмен түседі, вербальді және вербалді емес реакциялары тежелген. Болашаққа немқұрайлы қарайды, Осы шақпен ғана өмір сүреді.
Гипертимді тип. Мұндай адамдар қарым-қатынасқа көп түседі, ашық, сөзшең, адамдармен дистанция орната алмайды, ым-ишара, қимыл қозғалыстары айқындалған. Көбінесе көңіл-күйлері көтеріңкі, өмірдің қызықтарымен ғана өмір сүреді, кез-келген ортаға көп шу әкеледі. Өз-өздерін бағалауы жоғары, көңілді, жеңілтек, әрекетшіл, инициативті болып келген. Аморальді әрекеттерге, қозғыштыққа.
Дистимді тип. Мұндай адамдарың көңіл күйі төмен, болашаққа деген қатынасы пессимисті, өзін-өзі бағалауы төмен, қарым-қатынасқа аз түседі, аса көп сөйлей бермейді, үндемеушілік тән. Мұндай адамдар индивидуалист болып шулы ортадан қашады, достарын жоғары бағалайды.
Мазасыз тип. Олар ұялшақтықпен, қорқақтықпен, өз-өздеріне сенбеушілікпен, байланысты төмен орнатумен ерекшеленеді. Олрда жауапкершілік жоғары моральды және этикалық талаптар, парыз сезімі ерте қалыптасады, өздерінің кемістік комплексін кез-келген іс-әрекеттер түрлерінде компенсациялайды. Бұл іс-әрекеттерде өздерінің қабілеттерін жақсы ашады. Олар ұялшақ, қорқақ, қарым-қатынасқа аз түседі, достары көбінесе аз болады, тез өпкелейді, сезімтал, аса сене бермейді, қоршағандармен қақтырығстарға аз түседі, оны көбінесе пассивті рольде ойнайды, өз өздерін сынайды, жауапты болып келеді, достарын жоғары бағалайды.
Экзальтивті тип. Бұл типтің ерекше белгісі кез-келген жағдайға таңқалушылық, бақытты, қуанышты, қанағаттанушылықты сезіммен ерекшеленеді. Олардың көңіл күйлері өзгермелі, қарым-қатынастарға көп түседі, сөзең, сүйіп қалғыш, көп дауласады, істерін аяғына дейін аяқтамайды, қақтығыстарға көп түседі, альтруист, сезімдері өте айқын, қозғыш, психикасы лоббильді болып келеді.
Эмотивті тип. Бұл тип экзальтивті типке ұқсас болып келеді. Олар эмоциолналды, сезімтал, мазасыз, қорқақ болып келеді. Көбінесе гуманды, басқа адамдар мен жануарларға жаны ашиды, басқалардың бақыттарына қуанады, меймандос, кез-келеген өмірлік оқиғаларды күрделі қабылдайды. Қақтығыстарға аз түседі, өкпелерін өзінде ұстайды, табиғатты жақсы көреді.
Циклотимді тип. Гипертимді және дистимді күйлері ауыспалы, көңіл-күйі сыртқы жағдайларға тәуелді болып келеді. Олар шулы болып келеді, ұйқышыл, ашушаң, депрессияға көп түседі, ескертулерді күрделі қабылдайды.
Зерттеудің қорытындысы: Сұраққа деген жауаптың кілтпен сәйкес келгенде 1 баллмен бағаланады.
Демонстративтілік/демонстративті тип:
+: 7,19,22,29,41,44,63,66,73,85,88.
-: 51.
Жауаптар суммасы 2-ге көбейту қажет
Тежелу/тежелуші тип:
+: 2, 15, 24,34,37,56,68,78,81.
-: 12,46,59.
Жауаптар суммасын 2-ге көбейту қажет
Педанттілік/педантты тип:
+:4,14,17,26,39,48,58,61,70,80,83.
-: 36.
Жауаптар суммасын 2-ге көбейту қажет
Қозу/қозу типі:
+: 8,20,30,42,52,64,74,86.
Жауаптар суммасын 3-ке көбейту қажет
Гипертимділік/гипертимді тип:
+: 1,11,23,33,45,55,67,77.
Жауаптар суммасын 3-ке көбейту қажет
Дистимділік/дистимді тип:
+: 9,21,43,75,87.
Жауаптар суммасын 3-ке көбейту қажет
Мазасыздық/мазасыз қорқақтық тип:
+: 16,27,38,49,60,71,82.
-: 5.
Жауаптар суммасын 3-ке көбейту қажет
Экзальтивттік /аффективті-эгзальтивті тип:
+: 10,32,54,76.
Жауаптар суммасын 6-ға көбейту қажет
Эмотивтілік/эмотивті тип:
+: 3,13,35,47,57,69,79.
-25
Жауаптар суммасын 3-ке көбейту қажет
10.Циклотимділік/циклотимді тип:
+: 6,18,28,40,50,62,72,84
Жауаптар суммасын 3-ке көбейту қажет.
Мысалы, Бейлз әлеуметтік психологиялық шағын топтардағы девиантты мінез құлыққа байланысты пікір-талас (дискуссия) процесін бақылауда қолданылатын мына категориялардың жүйесін ұсынды:
А:
1-категория. Ынтымақтастықты көрсету басқа адамның статусын көтеруге тырысу.
2-категория. Шиеленісті басуға тырысады, әзіл-қалжың айтады.
3-категория. Позитивті мақұлдау көрсетеді, басқалармен келіседі.
В:
4-категория. Басқалардың автономиясы. Кеңес, бағыт береді.
5-категория. Ақпарат, бағдар береді, мәліметтерді нақтылайды.
6-категория. Пікір қосады, басқа пікірлерді бағалайды, талдайды.
С:
7-категория. Бағдар, ақпарат сұрайды, нақтылауды қажет етеді.
8-категория. Пікір, бағалау сұрайды.
9-категория. Кеңес, бағдар, әрекеттің мүмкін шешімдерін қажет етеді, сұрайды.
Д:
10-категория. Пассивті қарсылық көрсетеді (формальдылық), көмектесуден бас тартады, формальдылықты ұстанады.
11-категория. Негативті шиеленісушілікті қалыптастырады, қарсылық-келіспеушілік көрсетеді.
12-категория. Өзін-өзі қорғауға тырысады, басқалардың статусын төмендетуге тырысады.
A – категориялардың жиынтығы, позитивті сезімнің эмоциялық ауданы;
В және C – нейтралды эмоциялар ауданы. Бұл көбіне шешім қабылдау ауданы;
D – негативті эмоциялардың ауданы;
A - D – басым болғанда лидер болады;
В - C – басым болғанда іскер лидер болады;
6 және 7 A – бағдарлану мәселесі;
5 және 8 В – пікірлерді бағалау мәселесі;
4 және 9 C – қадағалау мәселесі;
3 және 10 D – шешім шығару мәселесі;
2 және 11 E – шиеленісуді төмендету мәселесі;
1 және 12 F – интеграция мәселесі.
