- •Дәріс № 1. «Мінез–құлық психологиясы» пәнінің теориялық және методологиялық негіздері.
- •Дәріс № 2. Тұлғаның дұрыс және ауытқушылық дамуының көрсеткіштері мен жағдайлары. Ауытқу мінез құлық теориялары.
- •Дәріс № 3 Диспозициялық мінез құлық және оның құрылымы.
- •Дәріс № 4. Мінез құлықта ауытқудың қалыптасу факторлары.
- •Дәріс № 5. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының әлеуметтік шарттары.
- •Дәріс № 6. Білім беру мекемесі және оның оқу тәрбие процесін ұйымдастыруы тұлғаның аномальды дамуының факторы ретінде.
- •Дәріс № 7. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының биологиялық факторлары.
- •Дәріс № 8. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының психологиялық факторлары.
- •Дәріс № 9. Мінез құлық проблемасындағы «бейімделу» ұғымы.
- •Дәріс № 10. Мінез құлықты диагностикалау, алдын алу және түзету әдіс тәсілдері.
- •Дәріс № 11. Психологиялық алдын алудың негізгі принциптері. Мінез құлықтың алдын алу.
- •Дәріс № 12. Әлеуметтік педагогикалық қараусыз қалушылық және девиантты мінез құлық.
- •Дәріс № 13. Аддиктивті мінез құлық.
- •Дәріс № 14. Суицид және мінез бітістерінің байланысы.
- •Дәріс № 15. Мінез құлығы бар балалармен өзара қатынас технологиясы.
Дәріс № 6. Білім беру мекемесі және оның оқу тәрбие процесін ұйымдастыруы тұлғаның аномальды дамуының факторы ретінде.
Көбінесе, практика жүзінде биологиялық ауытқулары факторлар ескерілмейді. Психикалық ауытқулары бар қылмыс жасаған балаларға тәрбиелік шаралар әсер етпейді, оларға тек медициналық көмек қажет, мұндай жеткіншектердің психикалық аномалиясы бұзылғандығы айқын байқалады.Бірақ дәрігердің араша болуы әруақытта тиімді нәтиже алып келмейді, себебі ол нервтік-психикалық бұзылулары бар белгілерді алып тастай алмайды. Бірінші орында әлеуметтік сипаттағы, әртүрлі жарақаттайтын жағдайлар алады. Мұны жеткіншек жанұяда және мектепте, сондай-ақ ұрпақтық ішімдікке салыну балалардың психофизиологиялық және интеллектуалды қалып қалуына алып келеді.Нервтік-психикалық сипаттағы ауытқуларға қоса ақыл-есі кем балалардың әлеуметтік бейімделуі де басты мәселеге жатады. Зерттеулер көрсеткендей, олигрофрениянық аурумен ауыратын балалар қылмысқа бара бермейді. Бірақ мұндай балалардың ақыл-есі кемдігі әлеуметтік бейімделуді қиындатады, аса қолайсыз жағдайларда үлкен адамдардың әсер етуі арқасында олар абайсыз және импульсивті қылмысқа баруы мүмкін. Мұндай жағдайларды олигрофрендерді әлеуметтік бейімдеу мәселелерімен айланысатын оқу-тәрбиелеу мекемелерінде және арнайы профилактика органдары қызметкерлері ескеруі қажет. Қиын жеткіншектің тұлғасының құрылуының маңызды шарты болып, көбінесе, кері жанұялық шарттар. Ата-аналарының айқай-шуы, жеткіншектерді ұрып-соғу тежеу процесстерінің бұзылуына, жоғары қозбалылықтың болуы, өзін-өзі ұстай алмаушылыққа алып келеді. Ал керісінше, баланы аялап ұстау, белсенді қызметке араластырмау, оның өмірлік қиыншылықтарға төзімсіздігіне және қабілетсіздігіне алып соғады.
Жеткіншек түсіп қалатын шиеленіс жағдай, оның өзін-өзі дұрыс бағалай алмауына әкеледі. Өзін-өзі жоғары бағалайтын балалардың даму нормасына кері әсер, олардың өзін-өзі төмен критикалауы. Кейбір зерттеушілер айқандай, өзін-өзі төмен бағалайтын жеткіншектер өзін-өзі жоғары критикалайды.
Балалардың психикасында дизонтогенездің (даму анамалиясымен) байқалуын және даму заңдылықтарын зерттейтін және дамуында ауытқушылығы бар балаларды оқыту және кеңес беру әдістерімен, даму бұзылыстарын диагностикалау әдістерін өңдеумен айналысатын, психологиянын ғылым-тәжірибелік тармағы. Көп әдебиеттерде «даму анамалиясы», «дизонтогенез», «даму дефектісі» ұғымдары жиі синонимдер ретінде қолданылады, сондықтан нақты бейнеде олар бір-бірін алмастыратын ұғымдар ретінде қолданылады. Бұл факторлар тежеумен байқалатын немесе баланың өзіндік психоәлеуметтік дамуында байқалатын даму дефекті, анамалия шақырады, және оның әлеуметтік-психологиялық бейімделуін, білімдік кеңістікке енуін және болашақ кәсіби мамдығын анықтауын қиындатады.
Девиантты мінез құлық психологиясынын маңызды мәселелерінің бірі – ерекше көмекті қажет ететін балалардың әлеуметтік – эмотциональды дамуы. Баланың аффективті сферасының әр түрлі формаларының жетіспеушілігі, дамуы бұзылысының әр түрлілігі зерттеледі. Адам тәрбиесінің қалыптылығының көп деңгеилі аффективті ұйымдастыру жүйесі зерттеледі. Психикалық функциялардың өзара әрекетінің әр түрлі тәртіптің сапалы негіздері, аффективті механизмдерді бейнеленген. Эмотциональді даму бұзылысының зерттелген формаларының бірі- ерте жастағы аутизм және қалыпты онтогенез негізінде бұл механизмдердің дамуына салыстырмалы зерттеу жүргізіледі.
Білім беру жүйесінде арнайы психологияның негізгі мақсаттарымен қатар жүретін ерекше білімді қажет ететін балалар жәнеолардың жеке мүмкіншіліктерін дамыту және оқыту процесінің арасындагы жағымсыздықты жою және алдын алу, әлеуметтік-психологиялық бейімделу үшін жағдай жасауды анықтау маңызды болып табылады.
Мінез құлық психологиясы шеңберінде психокоррекционды, психотерапевтикалық және психореабилитационды жұмыстардың әдістерімен техрологиясы ақпаратты қабылдауында, зейіннің ,естің,сөйлеудің интелектуалді іс-әрекеттің және эмотционалді-ерік сферасының, сон қатар оқуында қиындық кездесетін балалармен жүргізіледі. Психиканың даму кемістігінің заңдылықтарын зерттеу білімнің 3 жағын қарастырады: балалық патопсихология, дефектология және балалар психиатриясы. В.В. Лебединскийдің көрсетуі бойынша (1985), психикалық ауру баланы зерттеуде потопсихологтынназарында психикалық бұзылыстардың психологиялық квалификациясы, олардың құрылымдары және байқалу деңгеилері тұрады. Психикалық бұзылыстардың потопсихикалық бағалануы балалар жоспарына қатысты толық емес болады, егер ол ауру баланың жас ерекшелік дамуының бұзылысын ескермесе , яғни дизонтогенездің ерекшеліктері (аномальді даму).
Балалар патопсихологиясының спецефикалық міндеті баланың психикалық даму бұзылысында сапалы мінезді анықтау болып табылады, психикалық даму деңгеиінің сандық сипаты дамудың теріс жағына тән, сонымен қатар психикалық дамудың сақталған жақтарын және кемістіктің ішкі құрылымдық байланысын ашпайды. Психолого- педагогикалық әрекетте психикалық даму бұзылысының сапалы қоытындысы бала дамуының болжам жоспарында біршама ақпаратты болып табылады.
Анамальді даму барысында алғашқы және қосымша бұзылыстардың қатынас жоспарында Л.С.Выготский дефекттінің қиын құрылмы жайлі, анамальді балаларда психикалық функциялардың дамуы бір қалыпты болмауын және компенсаторлар арасындағы процесчтердің ерекшелігін атап көрсетті. Л.С.Выготский анықтағандай, дефекттің құрылымы, тек қана симтомдарға жатпайды, биологиялық жүйелердің жарақаттануымен тікелей байланысты (мидың зақымдануы және анализатор жүйелері), ол оны алғшқы бұзылыстарға жатқызды. Қосымша бұзылыстарға жоғарғы бұзылыстарға жатқызды. Қосымша бұзылыстарға жоғарғы психикалық функциялардың дамымауы (кереңдерде сөйлеу және ойлаудың, балалардағы уақытша есте сақтау, олигофрениемен ауыратын, соқырлардың кемістікте бағдарлануы) және тәртіптің әлеуметтік жағы жатады, ол алғашқы дефекттермен негізделген. Психолого-педагогикалық түзету мүмкіндіктері мен даму болжамдары үшін Л.С.Выготский бұл қосымша бұзылыстардың шешуші мағынасын көрсетті.
