Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Deviantty_minez__1179__1201_ly_1179_pskh_lektsia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
254.98 Кб
Скачать

Дәріс № 7. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының биологиялық факторлары.

Біздің ойымызша тиімсіз жағдайларда паталогиялық реакциялар бекітіліп мінездің паталогиялық құлықтарына өтеді, мінездің теріс ауытқулары, алдағы реактивтік көзбояушылықты жоққа шығармайды. Сонымен бірге, патогенездік дамудың бастапқы стадиясындағы мінездің ауытқулары, қайтудың белгілі мүмкіндіктеріне ие болады. Осы даму типіндегі аталған мүмкіндіктер, патогенездік реакциялар кезіндегі мүмкіндіктерге қарағанда төмен, ал оларды тарату үшін ұзақ, бағытталған медико-педагогикалық жұмыс қажет.

Мінездің түрлену стадиясы туралы елестерді ескере отырып, барлық тәрбиелік колониялардағы тұлғаларын зерттеу үшін үш жаққа бөлуі мүмкін: қалыпты: (гармоникалық), аномальдік тұлғаларды бірнеше топтарға бөледі: инертті-пассивті, агрессиялы, мақтаншақтар және невротикалық мінезі бар тұлғалар.

Бірінші топтағы тәрбиеленушілер белсенді, ширақ, қызығушылығы мол тұлғалар. Осы категориялы адамдар шығармашылық кештерге қатысып, өз көмектерін көрсетеді. Басқа адамдар арасында өздерін мықты ұстайды, олар әдетте өз қателерін мойындап, жұмыс пен оқуға жауапкершілікпен қарайды.Екінші топқа мінез-құлықтары тұрақтылығы жетпеген тұлғалар жатады.

Инертті-пассивтік тұлғаларға, күдікті, ренжігіш, неврозды, шешім қабылдай алмайтын адамдар жатады. Оларға ұят сезімі тән. Олардың бәрі тәрбиеленушілерге көмек көрсетеді, бірақта осыны жұртқа көрсетпей жасағанды қалайды. «Агрессиялы-тиіскіш» адамдарға қозу, жоғары аффектілік қасиеті тән, әдетте олардың көңілі орнықсыз. Өз құрастарын өзіне бағындырып ұстағысы келеді. Оқу мен еңбекке қалыпсыз қатысады, жиі тәртіп бұзады.

Мақтаншақтарға истерикалық мінез-құлықтары тән. Олар, өтірікші, фантазер, критик болып келеді. Олар әдетте ризасыз болып келеді. Мектеп жұмысында мұғалімнің сенімділігін алуға тырысады. Топтарда ауыспалы авторитетке ие болады. Невротикалық мінезділер аз сөйлейді, әрең үйреншікті, жиі бас ауруына, әлсіздік, шаршағаны туралы көп айтады. Олардың көп бөлігі оқу мен жұмыстан қашады. Ұжымда өздерін тұрақсыз ұстайды, өз сөздері болмайды. Байқаулар бойынша, адаптация кезінде олардың невротикалық күйі эмоционалдық тұрғыдан ренішпен байқалады. Осы тұлғаға оң әсер ету кезіндегі байқауда: бас ауруы, әлсіздік байқалады.

Үшінші топтағы тұлғалар үшін көңіл күйдің тез толқуы тән. Көңіл-күйі жақсы болған кезде олар көңілді, ақ көңілді, бірақта конфликтке тез түседі. Олар ренжігенде: тамырын кесіп, өз саусақтарын сындыра алады. Тәрбиелейтін колонияларда зерттелген сотталған адамдарда көрсетілген мінез ерекшеліктерінің динамикалық түрі бар, олар бір-бірімен аз байқалатын әдетте қиын шектелетін өтулермен байланысқан. Арнайы шарттарда өз педагогикалық шығармасын бастайтын тәрбиешілер осы өтулерді байқамай қалады, кәмелетке толмаған ұжым мен тұлғаға оң әсерінің тәсілі мен жабдығын дұрыс таңдай алмайды.

Колонияда тәрбиеленушілерде мінездің типтік құлығымен қатар, барлығында жалпы кемшілік бар рухани қызығушылықтың кедейлігі, төменгі мінездік деңгей. Тәрбиеленушілердің біршамасы ғана біреудің еңбек арқасында бай өмір сүргісі келеді. Денелеріндегі татуировкалар, олардың кемшіліктерін білдіреді. Жоғары мінездік түсінік-ерлік, достық, махаббат осы түсініктер тәрбиеленетін колонияда алғашқы отыру күндерінде ғана пайда болады. Жүріс-тұрысында өз «заңдары» болады, жасанды жөндеу ережелері. Аморальді тұрыстан өту, мінездік бейтарап ісінен жолдасын ұстап қалу, өздеріне қарсы келеді, оларды «положняк» деп атайды. Құқық бұзушылардың көптеген бөлшектерінде қажеттіліктер аз байқалады.

Интеллектуалды – еркін дамуы, психикалық аномалиялары бар тұлғалардың болуын ескергендегі кәмелетке толмаған сотталған адамдардың классификациясы маңызды болады. Компоненттік мамандарды қатыстыру маңызды мәселе болып табылады. Олар педагогттар, психологтар, психиатарлар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]