Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Deviantty_minez__1179__1201_ly_1179_pskh_lektsia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
254.98 Кб
Скачать

Дәріс № 3 Диспозициялық мінез құлық және оның құрылымы.

Р.Бэрн және Д.Ричардон қызуқандылық детерминантының төрт негізін бөліп көрсетеді: әлеуметтік, сыртқы, жеке және биологиялық.

Зерттеулерге сүйенсек, қызуқанды мінез-құлық отбасы қатынастарында қалыптасады. Осы жағдайлармен қатар қызуқандылықтың дамуына алып келетін мына жағдайлар деуге болады:

  • жиі болатын ата-ана арасындағы ұрыс, жанжалдар,

  • ата-аналардың бір-бірін және балаларын сыйламауы;

  • балаларға қарау мен бақылаудың болмауы;

  • жасөспірімдердің пікірін елемеу;

  • ата-аналары тиісті жылулықты бере алмауы;

  • балалардың ар-намысына тию;

  • тәрбие жүйесінің сапасыздығы.

Криминологтардың мәліметтері бойынша, қатігездікті, зорлықты іске асырған тұлғалардың көпшілігі, бала кезінде кемсітуге, жазалауға , үлкендер жағынан қатал қарауға ұшырағандар.

Қылмыстылықты зерттеуде, оған әсер ететін факторлардың көптеген сананың бар екендігі көрінеді. Қазіргі кезде қылмыстың тууына алып келетін себептер нарықтық экономикаларға қатысты пайда болған бәсеке, жұмыссыздық, дағдарыс . Шын мәнінде ішкілікке салыну біздің өмірімізге әлеуметтік дәстүр ретінде еніп отыр, ол арнаулы мерекелердің, кездесулердің, уақытты өткізудің тәсілі ретінде, жеке мәселелерді шешудің құралы ретінде қолдануда. Статистикалық мәліметтерге қарасақ, бұзақылықтың 90%-і, әйел зорлаудың 90%-і, 40%-і басқа қылмыстарды осы ішкіліктің арқасында болады екен. Өлім, тонау, қарақшылық шабуыл, ауыр дене жарақатын салудың 70%-і ішімдік ішкен кезде болған. Сол сияқты отбасында ажырасулардың 50%-і ішімдікке байланысты болған.

Республикалық психиатрия, психология және нашақорлық ғылыми-практикалық орталығының есебі бойынша психикалық және мінез-құлықтың (бұзылымстар) ауруларымен ауыратын адамдар саны 322671, оның ішінде: ересектер 240729, жасөспірімдер 23487, балалар 58455. Яғни әр бір сегізінші жасөспірім психика мен жүйке жүйесіне байланысты әр деңгейлі патологияларға ұшыраған. 15 жасқа дейінгі балаларда -22% , ал 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдер -32,7 % болған.Ал жасөспірімдер арасындағы маскүнемдікке келетін болсақ, соңғы төрт жылда 21 есеге өскен. 2002 жылы спиртттік ішімдіктерді ішудің нәтижесінде психикалық және іс-әрекеттік бұзылыстар психиатр дәрігерлерге 610 бала тіркелген. Есірткеге тәуелділік 1500-ге жуық жасөспірімде анықталып, 14-ке дейінгі балаларда 385-ке жеткен. Міне осындай девианттық іс-әрекетке ие болған балалар мен жасөспірімдер жағымсыз іс-әрекеттер мен қылықтар жасайды, сол себепті өз құрбыларының, мұғалімдер мен ата-аналарының және жалпы қоғамның теріс көзқарасына ие болады. Олар агрессиялар мен теріс әрекеттерге бейім болвп келеді. Әсіресе көп қорқыныш туғызатын жағдай, соңғы жылдары 15-20 жас аралығындағы адамдарда өзін-өзі өлтіру соңғы 15 жылда екі есе өскен.

Егер де осындай өсім сақталатын болса, 2007 жылы психиатрға алғаш көрінетін балалар мен жасөспірімдердің саны 30 мыңнан асады, ал жалпы жалпы бақылауға алынғандардың саны 310 мыңға жетеді. «Ел боламын десең-бесігіңді түзе» - деп даналарымыз бекер айтпаған, болашағыңды болжау үшін ұрпағыңның денсаулығы мен тәрбиесіне көңіл бөлу керек екендігін естен шығармай, әр бір отбасы бала дүниеге келгеннен кейін емес баланы дүниеге әкелер алдында тәрбиеге мән берсе...

Әлеуметтік нормалардан ауытқудың түрлерін зерттей отырып, мынандай тұжырым жасауға болады. Бір әлеуметтік норманы бұзудан екінші әлеуметтік нормаға өту байқалады. Ол жеке тұлғаның өзіне тән ерекшелігіне және қоршаған ортасына байланысты болады.

Девианттық мінез-құлықтың пайда болуының себептері:

1. Әлеуметтік теңсіздік. Халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі, жұмыссыздық, жемқорлық т.б.

2. Мінез-құлықтың моралдық этникалық факторы қоғамның моральдық-адамгершілік қасиетінің төмендеуі, рухани азғындау жеке адамның қоғамдық ортаны жатсынуы, қоғам өмірін ақшаның билеуі. Деградация және әдет-ғұрыптың ықпалының төмендеуі, бұқаралық қайырымшылдық, «сатылған махаббат», құқық бұзушылықтың күшеюі.

3. Мінез-құлыққа қоршаған ортаның немқұрайлы қарауы. Әсіресе, отбасы тәрбиесінің нашарлауы, өмір жағдайының сәтсіз болуы, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау, денсаулықтағы психофизикалық ауытқулар т.б. осының барлығы рухани дүниенің дағдарысына әкеліп, өмір сүру мәнінің жоғалуына алып келеді. Бұл қоғамның болашағы жастарға кері әсер тигізетіні сөзсіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]