Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Deviantty_minez__1179__1201_ly_1179_pskh_lektsia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
254.98 Кб
Скачать

Дәріс № 13. Аддиктивті мінез құлық.

Мінез акцентуациясы – бұл К. Леонгард енгізген түсінік және ол психопатиямен шектелетін норма варианттарының соңын ұсынатын жеке мінез қырларының шамадан тыс көріністерінің белгісі. Мінез акцентуациясының психопатиядан айырмашылығы психопатияға тән бір уақытта көрінетін триада белгілерінің жоқ болуы: уақыт кезеңінде мінез тұрақтылығы, оның барлық ситуацияларда жаппай көрінуі, әлеуметтік дезадаптация. Мінез акцентуациясына белгілі бір психожарақаттаушы күштер көмегімен тұлғаның осал ахау жеріне әсер ету қасиеті тән. Мұндай әсер ету кезінде акцентуациялық сипаттағы аурулар басқа жағдайларда өздерін орнықтылыққа ұстап тұрады, тек « ең төмен қарсылық» көрсете алатын жерлеріне ғана ықпал етеді.

Мінез акцентуациясы көріну деңгейіне сәйкес ашық және жабық болады, олар бір-біріне әртүрлі факторлар әсерінен өтіп отырады, олардың ішінде маңызды рольді отбасылық тәрбиелеу, әлеуметтік айнала, мамандандырылған қызмет, денсаулықтың дұрыс дамуы ерекшеліктері жатады.

Мінез акцентуациясының келесі типтері анықталады:

  1. Циклоидтық - тип әртүрлі кезеңдер кезінде жақсы көңіл-күйдің ауысып отыруы, балалық шақта өз құрбыларынан ерекшеленбейді.Немесе гипертимдітиптегілерге көңіл аударылмайды. Субрепрессивті фазада қуаттың әлсізденуі шаршау заттардың қолдан түсуі байқалады. Бұрындары оңай жолмен жасалынғандардың бәрі қиын сияқты көрінеді. Қоршаған ортадағы адамдар қоғамының ұнамауы өз ортасынан алшақтауы және көптеген оқиғалар өз қызығушылығын жоғалтады. Жиі кездердегі ескетулермен сөгістерге дөрекілікпен жауап беру жиі кездесіп тұрады. Егерде көптеген ескертулер және бақытсыздықтар жиі қайталанса ол жеңілтүрдегіжеке өзінің еріксіздік екендігі туралы ойлар тудырады. Суициттіәрекеттері бар аффективті реакцияларда талқыға түсуі мүмкін.

  2. Гипертимді тип - күнделікті өмірде әрқашан көңіл-күйдің жақсы болуы, жоғары психикалық белсенділік, қызметке деген құлшыныстық және істі аяғына дейін жеткізбеу.

  3. Экзальтирленген тип. Бұл типтегілер бала кезінен қарым-қатынасқа оңай түседі, батыл, ерікті, дербес болып келеді. Олар бөтен адам алдында ұялмайды, жасқанбайды. Бірақ үлкендермен арақатынас сезімін алыс ұстайды . Көңіл күйдің жоғары болуы - өмірге деген құштарлығы, жақсы тәбет, жақсы ұйқыға байланысты. Үлкендер, ата-аналары және оқытушыларымен олардың арасында жиі келіспеушіліктер болып тұрады. Әсіресе күнделікті тәртіпке қарсы, бірақ кездейсоқ жағдайда саспайды. Бұл типтегілер заңдар мен ережелерге жеңілтек қарайды, олар әруақытта көпшілікпен болғанды қалап, жалғыздықты жақтырмайды, өз ортасының алды, лидері болғанын қалайды, өз дегеніне жетеді, талпынады. Жаңа адамдар, жаңа заттар, жаңа құбылыстар оларды тез қызықтырады, жұмыста тындырымсыз, оңай қарызданады, өз болашағына жарқын болатынына сенеді. Олар тез достасады, тіпті ұрысқан адамымен де, өз мүмкіншілігін жоғары бағалайды.

  4. Тұрақты, орнықты тип- ситуацияға байланысты көңіл-күйдің тез өзгеріске түсуі. Негізінен жағдайлар, тамақ алысы, жұмыс әрекеттілігі, қарым-қатынасқа тусуі, осының барлығы көңіл-күйге байланысты, және сонымен қатар сәйкесінше көңіл-күймен болашақта - түрлі-түсті түстер, тұрақсыз болып және өткен кезең жақсы бір жағымды жағдайлар ретінде ескеріледі. Олар негізіненде өзінің бағыныштылығын, оларға көңіл бөлетін бағытын махаббатын бөлісетін адамдардан көреді. Бағыныштылық келіспеушіліктердің кездейсоқтығымен жеңілдігіне қарамастан сақталады. Ал жоғалтулар мен айырылысулар өте қиындықпен өтеді, сонымен қатар бұл типтегілерге айырылмас достық тән. Олар көбінесе өзін қиын жағдайларда өз көмегін тигізетін жамандығы мен жақсылығын бөлісетін адамдармен достық қарым-қатынас жасағысы келеді. Бақыт әкелетін көптеген көңіл аударулар, марапаттар сенбеушілікпен үйлеспейді. Нақты осы типтің әлсіз жағы болып жақындарынан айырылысу оларды жоғалту, эмоционалды маңызды тұлғалар жағынан күйзеліс табылады. Лабильді тип бойынша акцентуация көбінесе психологиялық физиологиялық инфотлизм гармониясымен үйлеседі, сонымен қатар аллергиялық ауруларға икемділігімен вегетативті лабильділікпен де үйлеседі;

  5. Астенистік тип тез уайымға түсу, тітіркенгіштікке сай яғни депрессия және ипохандрияға бейім. Оларда невропатиялық белгілер кездесіп жатады, бұл тәбет болмауы жағымсыз енген түс, қорқыныштылық, түнгі энулез, кекештену белгілері. Бұл типтегілердің басты белгілеріне: тез қозу, шаршау, каприздік белгілері тән. Шаршау негізінен эмоцианалды, физикалық, ойлау процессі жаттығулар барысында білінеді. Мысалы жарыс барысында, Ал тез қозу белгісі ойда жоқтағы Аффективті жағдайларға әкеліп соғып, олар негізінен себепсіз әрекеттерден пайда болады, мінез құлықтың бұзылуына ішімдіктің әсері болмайды Мұндай типтегілер өз қатарластарын іздейді, және олардан қолдау күтеді.

  6. Сензитивті тип – жоғары әсерлі қорқынышты сезімнің жоғары болуы. Олар өздерінің әлсіздігін сезетін облыстардан қабылеттену әрекетін іздейді. Бұлар өз қатарластарымен болғанды ұнатады, бірақ дос таңдау барысында өте сақ, достыққа тартымды болады. Бұлар шулы ортада бос уақытын өткізгенді ұнатады, олардың қызығушылығы екі жақты болып келеді: біріншіден интелектуалды-эстетикалық мінездемені алып жүреді; екіншіден гиперкомпенсациялық реакцияларымен негізделеді. Өзіндік бағалау объективтіліктің жоғарғы деңгейімен байланысты, өтірік айтумен жағымпазданушылықты ұнатпайды. Әділетсіз күнә тағу, сыртынан әңгіме айту және т.б. Осындай әлсіз әрекеттер оларға үлкен күш болып түседі.

  7. Психоастенистік – тип жоғары мазасыздық, шешім қабылдай алмаушылық, алдамшы қорқыныш, өзін-өзі таңдаушылық, әрқашан күдіктің болуы кездеседі.Бұл типтегілердің негізгі белгілері болып жасқаншақтық, өз туыстарына, болашаққа сенімсіздік, қауіптің болуы, өзіне қатысты болсын болмасын өзін кінәләу жатады, тағы бір қауіп ол өз анасымен байланысты, мысалы: анасы жұмыстан кешіксе т.б.жағдайларда уайымдау болады. Бұл типтегілер үшін ырым жорамал орны ерекше, мысалы: үйден шығарда табалдырықтан оң аяқпен аттау, емтихан, бақылау жұмыстарында тек сол бір жейдені кию т.б. болып жатқан әрекеттерге олар жасқаншақтықпен және сенімсіздікпен қарайды. Сондықтан олдар әр жұмысқа өте терең және үлкен сақтықпен қарайды.

  8. Шизоидтық тип – алшақтық, тұйық мінезділік, интроверсия, эмоционалды сұйықтық, бір нәрсеге көңіл аудармау, эмоционалды контакт кезінде қиыншылықтардың тууы, сөйлесу кезінде интуицияның болмауы кездеседі. Олар өзінің қоршаған ортасымен түсінбеушілікпен, қарым-қатынастың қиындылығына, тұйықтылығына жақсы жауап бере алады. Шизойдтық тип акцентуациясындағылар шезофрения ауруына шалдығуы мүмкін.

  9. Эпилептоидтық тип - уайымдаушылық, ол агрессия нәтижесінде жинақталады, ашуланушылық, долылық, ызаланушылықтың болуы, бұл әсіресе жас балаларда сағатымен жылау, т.б. әрекеттер тудырады.

Осыдан олар өзінен кішілерге қол жұмсап, күш көрсетуге бейім болады. Оларда аффективті жарылыс болуы мүмкін, аффект ұзақ және біртіндеп қозады. Өзіндік бағалау бір жақты мінездемеде болады, қызғанушылыққа, денсаулығына қарауына, нақты өмірмен өмір сүруіне, ұқыптылық пен тәртіптілікке қабілетті. Қатаң қарым-қатынас тәрбиеге өз әсерін тигізеді. Гипоопека тұрақсыздылыққа әсер етеді.

10) Истероидты тип -субъектіге ұстамсыз, жағымсыз фактілер мен оқиғаларды ығыстырудың айқын көріну тенденциясы, өтірік айтуға, қиялшыл, екі жүзділікке жақындық тән. Мұның бәрі басқаларды өзіне қарату үшін жасалады. Ол қанағаттанарлық емес қажеттілікті мойындау кезінде «ауруға шалдығумен » сипатталады.

Маңызды белгісі болып: эгоцентризм , өзіне барлық жұртты қарату, көңіл аударту, құрмет тұттыру тән. Өзіне көңіл аударту үшін бұл типтегілер қиялдануға, өтірік айтуға икемді болады. Делинквенттік жұмыс істеуді, оқуды қаламаушылықпен анықтау. Оқуда еңбекте беделді орын алу көңіл аударту үшін, олардың қабілеттері жоқ. Мұндай қабілеттілікке қоғамдық орындарда ие болады.

11) Конформдық тип - басқалардың сөздеріне тәуелділік және бағыныштылықтың тым жоғары болуы, сын көзбен және ынтаның жетіспеушілігі, консерватизмге бейімділік. Акцентуациялық мінез құлықтың « таза» типтеріне қарағанда аралас түрлері жиі кездеседі. өткір аффективті реакцияларға ерекше икемділігі жоқ.

12) Аралас типтер – бұл типтегілер негізінен жақсы акцентуация жағдайларын жартысына жуығын құрайды. Бұлар белгілі бір заңнамаларға бағынады. Көп жағдайларда эндогенді заңдылықтарға, генетикалық факторларға даму ерекшіліктері негізделеді. Оларға бейнеленген лабильді циклоидті және конформды, гипертинді типтер жатады. Аралық типтер шизоидты- сенситивті, шизоидты –психоастиникалық, шизоидты- эпилептоидты, сатыларда жатқызылады.

13) Тұрақсыз тип – айналадағы адамдардың ықпалына тез берілу, жаңа толқулар іздеу, қарым-қатынасты оңай орната білу. Олар орынсыз іске араласады, басқаларға тез бағынады. Көбінесе жүйке ауруларының ( түнгі энурез, кекештену және т.б.) симптомдары кездеседі, оқуға ынта болмайды, жұмыстан қашады, қиын істің оңай жолын іздейді. Бүкіл күнді көше компаниясында өткізуге дайын, ұсақ тонауларға жеңіл түрде қатысады. Ешқандай еңбек ұқызықтырмайды, болашаққа жоспар құрмайды, тек қана нақты өмірмен өмір сүріп, ертеңін ойламайды. Бұл « еркін өмірге» тарт ымды негіз болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]