- •Дәріс № 1. «Мінез–құлық психологиясы» пәнінің теориялық және методологиялық негіздері.
- •Дәріс № 2. Тұлғаның дұрыс және ауытқушылық дамуының көрсеткіштері мен жағдайлары. Ауытқу мінез құлық теориялары.
- •Дәріс № 3 Диспозициялық мінез құлық және оның құрылымы.
- •Дәріс № 4. Мінез құлықта ауытқудың қалыптасу факторлары.
- •Дәріс № 5. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының әлеуметтік шарттары.
- •Дәріс № 6. Білім беру мекемесі және оның оқу тәрбие процесін ұйымдастыруы тұлғаның аномальды дамуының факторы ретінде.
- •Дәріс № 7. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының биологиялық факторлары.
- •Дәріс № 8. Мінез құлықта девиациялар қалыптасуының психологиялық факторлары.
- •Дәріс № 9. Мінез құлық проблемасындағы «бейімделу» ұғымы.
- •Дәріс № 10. Мінез құлықты диагностикалау, алдын алу және түзету әдіс тәсілдері.
- •Дәріс № 11. Психологиялық алдын алудың негізгі принциптері. Мінез құлықтың алдын алу.
- •Дәріс № 12. Әлеуметтік педагогикалық қараусыз қалушылық және девиантты мінез құлық.
- •Дәріс № 13. Аддиктивті мінез құлық.
- •Дәріс № 14. Суицид және мінез бітістерінің байланысы.
- •Дәріс № 15. Мінез құлығы бар балалармен өзара қатынас технологиясы.
Дәріс № 1. «Мінез–құлық психологиясы» пәнінің теориялық және методологиялық негіздері.
Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол ашатын мінез-құлық девианттық мінез-құлық деп аталады. Мінез-құлық –бұл «балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық қызығушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс қоғамдық белгілері мен қоғамға қәуіпті әрекеттер жасауы». Олардың түрлеріне қылмыскерлік, ішкілікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және т.б. жағымсыз қылықтарды жатқызуға болады.
Іс-әрекет екі үлкен категорияларға бөлінеді. Біріншіден, ашық немесе жабық психопатологиясы бар психикалық саулық нормасынан ауытқитын іс-әрекет. Екіншіден, құқықтық, әлеуметтік және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік емес іс-әрекет. Егер бұл іс-әрекеттер еленбейтін болса, оларды құқық бұзушылық деп, ал егер назар аударатындай болса және қылмыстық рет бойынша жазаланатын болса- қылмыс деп атайды.
Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикалық әсерін Т.В.Лодкина, А.В.Захаров, В.С.Мухина, З.Матейчик, Е.О.Смирновалар атап көрсеткен.Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім-тәрбиелік идеялар қазақтың халық педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде, Сайф Сараи шығармаларында, А.Құнанбаев т.б. мұраларынан да елеулі орын алған.
Жастар арасында бұрын соңды болмаған тәртіп бұзушылық, құмар ойындармен әуестенушілік, нашақорлық ұрлық жасаушылық, ішімдікке салынушылық пен жезөкшелік кең етек алуда. 2002 жылы Республика бойынша 135151 қылмыс жасалынса, оның 6563-ін жасағандар мектеп, гимназия және лицей оқушылары болып отыр. Жасөспірімдердің жан дүниесі нәзік, сезімтал. Үлкендердің айтқанын, іс-әрекеттерін, ақпарат құралдарын (теледидар, түрлі-түсті бейресми журналдар т.б.) көргендерінің барлығын тез қабылдайды, шындық көреді. Міне, сондықтан да лас ақпарат көздері мен телехабарларда үнемі беріліп тұратын қылмыс хроникасы жағымсыз мәліметтер жастардың нәзік көңіліне жан дүниесіне қатыгездік пен жүгенсіздік ұрығын себуде, социолог Э.Дюркгеймнің сөзімен айтқанда, «тобырлық тұрпайылыққа» айналдыруда. Жастардағы девианттық мінез-құлық әлеуметтік жүріс-тұрыс нормаларына қайшы келетін әр түрлі әрекеттердің салдары. Оған жасөспірімдердің мектептегі сабағын жіберуден бастап, үйден қашуы немесе біреудің меншігін тонау, не болмаса оны қасақана бүлдіруі жатады.
Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық мінез-құлық жас өспірімдерде көбірек байқалады. Оның обьективті себебі, жасөспірімдерде құқықтық әлеуметтену процессі (нормаларды меңгеру) және делинквенттік мінез-құлық (нормалардан ауытқуы) бір мезгілде жүреді. Девианттық мінез-құлыққа психологиялық, құқық, мәдениет немесе мораль нормалары сияқты, жалпы қабылдаған немесе оған негізделген нормалардан ауытқыған қылықтар жүйесін жатқызамыз. Жеткіншек және жасөспірімдік шақ аса үлкен қауіп тудыратын шақтар. Неліктен?
Біріншіден, психогорманальды процестерден басталып, Мен-концепциясының бетбұрысымен аяқталатын өтпелі кезеңдегі ішкі қиыншылықтары әсер етеді. Екіншіден, жасөспірімнің әлеуметтік жағдайының тұрақсыз болуы. Үшіншіден, әлеуметтік бақылаудың механизмдерінің қайта құрылыуына байланысты туындаған қарама-қайшылықтар: бақылаудың балалық формалары, сыртқы нормалар мен үлкендерге бағынушылықты ұстану ықпал ете алмайды, ал ересектік әдістері қалыптасып үлгермеген.
Жалпы жастардың девианттық мінез-құлқы екі категорияға бөлінеді:
Біріншіден, бұл психологиялық нормаларынан ауытқуы анық немесе жасырын психопатологиялық болып келетін мінез-құлық;
Екіншіден, қандай да бір бір әлеуметтік және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік нормаларға қарсы мінез-құлық.
Мінез–құлық әртүрлі болса да олар өзара байланысты. Ішімдік, есірткі қолдану, жаулап алушылық және заңсыз мінез-құлықтар бір блокты құрайды, солай жасөспірімнің оның біреуіне тартымдылығы өсуі мүмкін. Заңсыз қылықтар қатты болмаса да психикалық қалыпты бұзылуына әсер етеді. Кейде девиантты мінез-құлыққа әлеуметтік факторлар (мектептегі қиындықтар, зақымдалған өмірлік жайттар, басқа девиантты ортаның ықпалы) сәйкес келеді. Индивидуалды-жеке факторларға- өзіндік бақылау мен өзін сыйлау деңгейі маңыздылардың бірі болып табылады.
Өзін сыйлаудың төмендеуі зерттеулер бойынша жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың (әділетсіздік, қылмысты топтарға тәуелділік, заңсыз істерді жасау, есірткіні қолдану, ішімдік , басқыншылық мінез-құлқы,
суицидті мінез-құлық) және басқа психикалық күйзелістермен байланысты. Бұл байланыс немен түсіндіріледі?
Ғылыми әдебиеттерде осы мәселеге байланысты төрт басты гипотезалар бар:
1. Девиантты мінез-құлық өзін-өзі сыйлауды түсіруге септігін тигізеді. Себебі соған қатысты индивид еріксіз өзінің әрекеттеріне қарсы қоғамның ойларын бөледі.
2. Өзін құрметтеудің төмен болуы қалыпты емес мінез-құлықтардың өсуіне әсер етеді: әлеуметтік ұйымдарды шетке ысырып, әлеуметтік емес ұйымдардың әрекеттеріне қатысу арқылы жасөспірім өзінің психологиялық деңгейін құрдастары арасында жоғарлатқысы, мектепте немесе үйде болмаған өзіндік қабылдау әдістерін тапқысы келеді.
3. Кейбір топтар бойынша, әсіресе төменгі бастамалы өзін құрметтеу девиантты мінез-құлықтың жоғарлауына, өзін сыйлау деңгейінің өсуіне әсер етеді.
4. Деликвенттіліктен басқа да мінез-құлықтар, жас келген сайын өзгеретін әсерін етеді.
Әсіресе қиын отбасынан шыққан балалар уақытын үйлердің жертөлелерінде өткізеді. «Үй асты өмірі» олар үшін қалыпты жағдай. Себебі, ол жерге өздері сияқты әр түрлі балалар жиналады. Сондықтан олардың өздерінің «Үй асты» моральдық кодексі, жазылмаған заңдары мен мәдени дағдылары бар. Мұндай жағдайда жеке ауытқу ғана емес, топтық ауытқу дамиды. Олар жеке субкультуралық нормаларға сай өмір сүреді. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, жасы толмаған құқық бұзушылардың 44% осы сәтсіз отбасыда тәрбиеленгендер.
Жас даму психологиясы тұлға ерекшеліктерін зерттеу мен оның заңдылықтарын тану арқылы қиын балалардың мінез-құлқындағы қайшылықтарды анықтап, жасөспірімдік қиыншылықтардың психологиялық аспектілерін қарастырады.
Мінез құлықты баланың тұлғасының қалыптасу ерекшеліктеріне төмендегідей әлеуметтік және генетикалық факторлар әсер етеді:
әлеуметтік демографиялық: жыныс, жас, білім деңгейі, әлеуметтік жағдайы, мамандығы т.б;
әлеуметтік психологиялық: интеллектуалдық, ерік-жігер, адамгершілік сезімдерінің, мінез ерекшеліктері;
психофизиологиялық: темперамент, жүйке жүйесінің, іс-әрекет ерекшеліктері және тұлғаның патологиялық ауытқулары жайлы мәліметтер т.б. Бойынан алуан түрлі мінез-құлық байқалатын тұлғалардың бәрі бір деңгейде «қиын бала» бола бермейді. Біреулерге басқаларды қорқыту есебінен өмір сүру – қалыптасқан мінез-құлық болса, енді береулер жағдайдың әсерінен өмірінде бір-ақ рет жасайды. Келесі біреулер «кездейсоқ» қылмыс жасаған және ол бұл қылығы үшін жазалағанына немесе жазаланбағанына қарамастан, бұдан былай заңнан ауытқитын қалыпты қадам жасауға бармайды, ал тағы біреулер үшін қылмыс жасау актісі олардың осыған дейінгі бүкіл бейқам өмірінің қорытындысы болады. Әлеуметтік жеке адам, тұлға ретіндегі қиын баланы сипаттайтын жағдайлардың бәрін терең зерттегенде ғана осындай мінез-құлықты түсіндіруге, оның себептерін ашып көрсетуге, қылмыс жасайтын адамдарға ықпал етудің тиімді құралдарын табуға, қоғамдағы құқық бұзушылықтың алдын алудың жолдары мен әдістерін белгілеуге болады.
Жасөспірімдерді қиын бала тұрғысынан түсіндіру ғылыми дәлелденбеген. Сонымен бірге қарастырылатын жұмыс психологиялық жаңа және өзекті болып табылады. XXI ғасырға аяқ басқан тарихи кезеңде аса маңызды көкейтесті, өзекті мәселелердің қатарында болып отыр.
Кәмелетке толмағандардың қылмысқа бару себебі қоршаған ортаның және оның өз тұлғасының кері әсерімен негізделеді. Көбінесе құқық бұзушылықты «қиын жеткіншектер» жасайды. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын қарастыратын болсақ, жеткіншек, үлкен адамдардың және өзімен жасты балалардың ықпалымен қылмысқа барады. Көбінесе мұндай жеткіншектердің тұлға құрылымында теріс мінез-құлық байқалады: жалқаулық, ерік-жігері төмен, жауапкершілігі аз, агрессивтілігі жоғары және басқа мінез-құлықтар тән. Девиантты мінез құлықты балалардың тұлғасының құрылуына сондай-ақ жанұяның кері ықпалы ата-анасы және туыстарының ішімдікке салынуы, олардың өреске мінезі жатады. Сонымен бірге жеткіншектің айналасында жүріп, оны жақсы көретін ата-аналары, бірақ жеткілікті педагогикалық және мәдени құндылық көрсетпейтін туыстары да жатады. Қиын тәрбиеленетін жеткіншектердің, әдетте оқуға ынтасы төмен болады, ол оны сынып оқушылары, колледжде, мектеп мұғалімдері алдында нашар адам етіп көрсетеді. Сөйтіп қоғамда бейімделмеген жеткіншектердің ішінде, сол, мектепте нашар мінез-құлықпен және оқумен танылған балалар ілігеді. Сонымен, кәмелетке толмағандардың әлеуметке қарсы мінез-құлқының болуы, ең бірінші сыртқы әлеуметтік ортаның ықпалынан (соның ішінде шағынортаның), сондай-ақ, жеткіншектің өзінің өмірлік қиыншылықтарға көзқарасы әсерінен қалыптасқан мінез-құлықтан пайда болады. Импульсивті және абайсыздан болған іс-әрекеттің негізінде тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтауға болады, мұнда тәжірибелік бөлімге кәмелетке жасы толмаған жеткіншектердің жүйкелік-психологиялық тұрақсыздығын, мінез-құлық акцентуациясын білу зерттеу арқылы анықталады.
