Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции 30 по УИРС (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.26 Mб
Скачать

7.3 Қоймалық бөлмелердің есебі

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнындағы қоймалық бөлмелерді жобалау кезінде сақтау мерзімін ескере отырып, шикізат санын анықтайды (кесте 17). Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнындағы әр түрлі өнімдердің сақталу мерзімі К қосымшасында берілген. Сақталу шарттары– оқулықта [1, б. 107-111].

Кесте 17– Сақтауға арналған шикізаттың есеп – қисабы

Өнімнің аталуы

Шикізаттың тәуліктік шығыны, кг

Шикізатты сақтау мерзімі, күн

Сақтауға арналған шикізат саны, кг

Сақтауға арналған шикізаттың мөлшеріне сәйкес, ыдыстар саны мен жеке қоймалық бөлмелер үшін қажетті механикалық емес құрылғыларды есептейді. Есептеу нәтижесінде мұздатылған камералар мен қоймалар жабдықтарының алатын пайдалы ауданын анықтайды.

Жеке қоймалық бөлмелердің пайдалы ауданын есептеу әдісінде ерекшеліктер бар. Олар өнімдердің сақталу спецификасымен анықталған: ілмелі жолдарда, контейнерлерде, стеллаждарда және тауар қоятын орында. Ауданды есептеу [1, б. 65-71] –де толық айтылған. Ыдыс сипаттамасы [1, б. 209] келтірілген.

Функционалды ыдыстарда кулинарлы өнімдерді тасымалдау үшін арналған контейнерлер мен стеллаждардың сипаттамасы [1, б. 68 - 69] келтірілген.

Сусымалы өнімдер, көкөністер, картопты ыдыссыз сақтау мен тасымалдау үшін арнайы контейнерлер, ыдыс – жабдықтарды (18 кесте) қолдану ұсынылады.

Кесте 18 – Қойма жабдығының ыдыс – жабдық сипаттамасы

Ыдыс түрі

Тағайындалуы

Сыртқы өлшемдер, мм

Сыйымдылық

кг

дм3

Қойманың көкөніс контейнері КУС-01/2

Басты пиязға, сәбізге, қызылшаға арналған

878х878х400

65,0

210

Қойманың көкөніс контейнері КМ-450

Картопқа және көкөніске арналған

1240х835х920

390,0

680

Контейнер

Сусымалы өнімдерге арналған: ұн, жарма, қант

900х630х925

190,0

420

Әр өнім үшін қажетті қоймалық ауданның бағыттамалық есебі рұқсат етілген жүктеме бойынша жеке өткізіледі. Еденнің 1 м2 ауданына жүктеме нормасы [1, б.66] оқу құралында келтіріледі.

Жеке қоймалық бөлмелердің жалпы ауданы ауданның қолдану коэффициентін ескере отырып анықталады. (кесте 19).

Кесте 19 – Жеке қоймалық бөлмелерің жалпы ауданының есебі

Камераның, қойманың аталуы

Пайдалы ауданы, м2

Қолдану коэффициенті

Жалпы ауданы, м2

Ет – балық камерасы

0,3-0,45

Сүт – май камерасы

0,4-0,45

Жартылай өңделген өнім камерасы

0.4-0.55

Жеміс, көк және сусын камерасы

0,4-0,45

Көкөніс қоймасы

0,4-0,50

Құрғақ өнімдер қоймасы

0,35-0,45

Арақ – шарап өнімдерінің қоймасы

0,35-0,45

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]