Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сож 11-15.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
32.46 Кб
Скачать

Қорытынды

Ликер-арақ өнімдерін ректификат спиртін жартылай фабрикаттармен (спирттелген шырындар, спирттелген морстар, спирттелген тұндырмалар, мен ароматты спирттер) және қосымша материалдармен (тағамдық бояғыштар, ароматты заттар, қант сиропы, сірне т.б.) араластыру (купаждау) арқылы алады. Ликер арақ өнімдері спиртті сусындардан ерекше дәм мен иіспен ерекшеленеді.

Ликер арақ өнімдері спирт пен қант мөлшеріне қарай тұндырма, құймалар, ликерлар, пунштар, дессертті сусындар және аперитивтер болып бөленеді.

Тұндырмалардың ащы және бальзам, тәтті және жартылай тәтті түрлері шығарады. 

Ащы тұндырмалар мен бальзамдар күшті алкогольді сусындар болып табылады. (36-60% спирт) Оларды спиртті тұндырмаларға және ароматты спирттерге бояғыш заттар мен эфир майларын, ал дәмін жұмсарту үшін 1% ке дейін қант қосу арқылы алады. Оларға Рижский бальзам, Зубровка, Зверобойный жатады. 

Ащы төмен градусты тұндырмалар өзіндік өткір дәмімен ерекшеленеді, олардың күштілігі 25-28%. Оларға Полевая, Украинская, Степная, Имбирная жатады. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Жақсыбергенов, А.Г. «Ашыту және шарап жасау технологиясы». - Алматы, 2000

  2. Байгазиева, Г.И. «Спирт технологиясы» Алматы : 2015 .

  3. Усукеева, А. Д. «Ашыту және шарап өндіру биотехнологиясы» Алматы : 2016.

Жоспар

Кіріспе....................................................................................................................3

  1. Органолептикалық көрсеткіштері.............................................................4

  2. Физико-химиялық көрсеткіштері..............................................................6

Қорытынды............................................................................................................8

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................9

Кіріспе

Сыра — уыт, су және құлмақ араластырып ашыту арқылы дайындалатын күші аз ішімдік. Сыра – бұл шөлді қандыратын,  құлмақтың  хош иісі мен жағымды ашқылтым дәмі бар сусын. Сыра тек шөлді ғана басып  қоймайды, сонымен қатар  адам ағзасының  зат алмасуын жақсартады. Сыра ағзадан канцерогенді заттарды шығарады.

Сыраны дайындау үшін шикізаттың төрт түрі керек: уыт, құлмақ, су және ашытқылар. Бұл шикізаттың  сапасы өндірілетін өнімнің сапасына үлкен әсер етеді.

Шикізат қасиеттерін, оның дайындау тәсіліне және соңғы өнімге әсерін білу, шикізатты дайындаудың және өңдеудің негізі болып табылады. Шикізаттың қасиеттерін білудің арқасында технологиялық үрдісін басқаруға болады.

Уыт. Сыраны өндіруге негізгі шикізат – арпа. Сыра пісіру үшін арпаны қолданар алдында, оны уытқа өңдеу керек. Сыраны өндіруге уытты негізінен арпадан алады. Оны қолдану, оның құрамында көп мөлшерде крахмалдың болуына негізделген. Уытты арпадан ғана емес, сонымен қатар дақылдардың басқада  түрлерінен алуға болады, дегенмен тарихи түрде бірқатар себептерге байланысты сыраны өндіру үшін мақсатқа ең сәйкес арпа уытын қолдану болып отыр.

Су. Судың сапасы, оның иондық құрамы сыраның органолептикалық көрсеткіштерінің қалыптасуына әсер етеді. Технологиялық су ауыз суына қойылатын барлық талаптарға жауап беруі қажет. Ол мөлдір, түссіз, дәмі татымды, иіссіз, кермектілігі 2-4 мг-экв/л және рН 6,8…7,3.

Егер де судың жалпы сілтілігі (сілтілік көрсеткіші) кальций иондарының концентрациясына арақатынасы 1 кем болмаса, онда су сыра өндіру үшін қолайлы деп есептелінеді.

Судың кермектілігін және оның тұздық құрамын суды дайындаудың әртүрлі тәсілдерін (реагентті, ион алмасу, кері осмос принцпіне негізделген электродиализді және мембранды) қолдана отырып, реттейді.

Құлмақ. Құлмақ – сыра қайнатудың дәстүрлі және ең қымбат шикізаты. Ол сыраға ерекше ашқылтым және хош иіс береді, сусладан кейбір ақуыздарды жоюға септігін тигізеді және сыраның көбік тұрақтылығын көтереді. Құлмақтың екі түрін ажыратады: ашқылтым және хош иісті. Сыра қайнатуда хош иісті құлмақтың гүлшоғырларын – құлмақ түйіндерін қолданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]