Мазмұны, кіріспе, қорытынды
.docxҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономикалық факультет
Менеджмент кафедрасы
Курстық жұмыс
«Астық сақтау және қайта өңдеу кәсіпорындарындағы экономика, ұйымдастыру және менджмент» пәні бойынша
Элеватор қызметінің жұмысын ұйымдастыру және
оны жетілдіру
Орындаған: _______________________________ 3 курс, 16-21 топ
Мамандық: 5В072800 «Өңдеу өндірістерінің технологиясы»
Қабылдаған: Қарсыбаева Қарлығаш Алпысовна
(ғылыми дәрежесі, аты - жөні)
Курстық жұмыс қорғауға жіберілді а
(мерзімі және қолы)
Қорғау бағасы күні а ап
АСТАНА
Мазмұны
Кіріспе................................................................................................................3
-
Элеватор жұмысын ұйымдастыру мен жетілдіру.....................................4
-
Элеватордың астықты өңдеу және сақтау кезіндегі мәні..............5
-
Қазақстандағы элеватор қызметінің жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі.....................................................................................................5
-
Элеватор қызметін ұйымдастыру мен жетілдірудің шетелдік тәжірибесі......................................................................................................7
-
-
««Атамекен - Агро»» АҚ элеватор қызметін ұйымдастыру мен жетілдіруін талдау........................................................................................9
-
«Атамекен – Агро» АҚ өндірістік шаруашылығының экономикалық сипаттамасы........................................................................9
-
««Атамекен - Агро»» АҚ элеваторының ұйымдастыру мен жетілдіру жұмыстары және оның экономикалық мәні..........................10
-
Қайта өңдеу зауытының рентабельділігі.......................................12
-
-
Қазақстандағы элеватор қызметін жетілдіру тиімділігі..........................16
Қорытынды.......................................................................................................19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................20
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы жолдауында аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналу қажеттілігі жайында айтылады, көптеген позициялар бойынша әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің қатарынан табылу көзделген. Сонымен қатар, астық өнімдері бойынша Еуразиядағы «нан кәрзеңкесі» атануымыз қажеттілігі, шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығару басты назарда екендігін байқауға болады. Астық және оның өнімдері адамның тұтынуы үшін әлемдегі негізгі азық-түлік өнімдері болып табылады. Астық - адам өміріне қажетті белокты өндірудің тұрақты көзі. Нан-тоқаш, макарон өнімдері құрамы мен ауқымындылығы өте алуан, сондықтан олар азық-түлік ретінде тұтынылатын дәрумендер мен амин қышқылдарына бай. Ал, ұн ауылшаруашылық дақылдардан алынатын негізгі өнім, оның ассортиментін кеңейту экспорт көлемін арттыруға жол ашады.
Курстық жұмыстың мақсаты: элеватор жұмысын ұйымдастыру және оны жетілдіру.
Зерттеу жұмысының мақсатына жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
-
Жалпы элеватор жұмысын қарастыру;
-
Элеватор жұмысының жетілдіру тиімділігін қарастыру.
Элеватор-астықты қажетті жай-күйге дейін жеткізуге және оны көп мөлшерде сақтауға арналған құрылыстар кешені. Әрқайсысы белгілі бір технологиялық операцияларды орындауға арналған бөлімшелерден тұрады.
Элеватор келесі бөлімшелерден тұрады:
-
Әкімшілік және шаруашылық ғимараттар.
-
Қабылдау бөлімі. Астық межелі жерге жүк көлігінің көмегімен, теміржолмен немесе су кемелерімен жеткізілуі мүмкін. Бірінші кезекте ол көліктің нақты түрін түсіру үшін арнайы жабдықталған қабылдау бөлімшесіне түседі. Жүк көліктері жер асты үй-жайларына жіберіледі, ол жерден норийдің көмегімен тиелген астық жұмыс мұнарасына түседі. Бункерлерде темір жолмен келген жүктер де түсіріледі. Су кемелері үшін арнайы қондырғылар қолданылады.
-
Таразы бөлімшесі.
-
Жұмыс мұнарасы. Элеватордың жұмыс технологиясы астықты қоспалардан жақсы тазарту қажет. Бұл бірнеше кезеңде орын алады. Бұл рәсімді өткізу үшін жұмыс мұнарасы арналған.
-
Кептіру бөлімі.
-
Бұдан әрі элеватор жұмысының технологиялық процесі астықты сақтауға жіберуді қарастырады. Ол қажетті жағдайға дейін жеткізілді. Астықты сақтау тегіс түбі және конусты сүрлемдерде жүргізіледі.
Қорытынды
Курстық жұмысты жазу нәтижесі төмендегідей тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:
Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін жоғарылату өте күрделі процесс болып саналады. Курстық жұмысты жазу барысында мысалға алынған «Атамекен - Агро» АҚ қызметін талдау барысында оның қызмет ету тиімділігін жетілдіру жолдары ұсынылды.
Өндірістің экономикалық тиімділігі кәсіпорынның тұрақты экономикалық өсуі және дамуы, өндірістік өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты. Өндіріс аясында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі болғанда ғана емес, қызмет масштабы өзгермеген кезде де, өсу өз кезегінде дамуға кедергі келтірмейді.
Курстық жұмысты қорытындылай келе келесідей ұсыныстарды қорытындылауға болады:
«Атамекен - Агро» АҚ нан зауыты нан-тоқаш, макарон өнімдерінің және кондитерлік өнімдердің ассортиментін көбейту;
Қарабидай ұн түрлерін зерттеу барысында тағамдық құндылығы мен химиялық құрамы бойынша ерекшеліктерін ескере отырып, аталған ұн түрлерінің пайдаланудың тиімді бағыттарын тереңірек қарастырып, өндіруді қолға алу.
Сонымен қатар, қолданыстағы кәсіпорындар жыл сайын ішкі сұраныстағы 1,8 млн. Тоннаны құрайтын 5 млн. Тоннадан астам ұнды өндіре алады, яғни елдің экспорттық әлеуеті жылына 3,5 млн тоннадан асады. Астықтан кейінгі егінді қайта өңдеу және оны сақтау стандарттар талаптарына сай болса және осы процестер куәландырылса, нан қабылдау кәсіпорны өзінің қызметін сапалы орындауы мүмкін. Бұл орайда сертификаттау қызметі астық-кәсіпорындар, лицензиялау салыстырғанда, неғұрлым объективті, астық сапасын арттыру үшін тиімді және қажетті шара, сондықтан оның өнімдері болып көрінеді.Өндірістің рентабельділігінің және пайдалығының өсуіне басты жағдай болып өзіндік құнның төмендеуі табылуы керек.
Рентабельділік көрсеткіштеріне талдау жасай келе, келесі сәттерге аса назар аудару қажет:
- Рентабельділік ұйымның стратегиясынан тікелей тәуелді, белгілі бір деңгейдегі пайданы талап ететін, кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелділік деңгейі. Тәуекел қаншылық жоғары болса, кәсіпкерлік ұйым соғұрлым жоғары пайда табады.
- Рентабельділік көрсеткіші алымы мен бөлімін бағалау есепті кезеңдегі кәсіпорын қызметінің шынайы нәтижесінен көрінетін пайда мен бірнеше жылдар қатарынан құрылатын активтер құны есебінен айқындалады.