- •ДРК-1 автоматты мөлшерлегіштері
- •• ДРК-1 автоматты мөлшерлегіштері жарманы 0,5…1,0 кг автоматты мөлшерлеп (өнімділігі 0,9…1,8 т∕сағ) өлшеуге
- •• 1 – шанақ; 2 – шестерня; 3 – заслонка; 4, 6 –
- •• Мөлшерлегіш дозатордың негізгі құрылымдық элементтері болып келесілер кіреді: қоректендіргіш 7, алдын ала
- ••1-корпус: 2-қысқа бағана; 3-тіреу; 4- қорап; 5-тиегіш құйғышы
- •Назарларыңызға рахмет!
ДРК-1 автоматты мөлшерлегіштері
• ДРК-1 автоматты мөлшерлегіштері жарманы 0,5…1,0 кг автоматты мөлшерлеп (өнімділігі 0,9…1,8 т∕сағ) өлшеуге арналған және екі кезеңнен тұрады: біріншісі салмағы сай емес алдын ала (көлемді мөлшерлеу) мөлшерлеу және тең иінді таразыда салмағы нақты. Көлемді мөлшерлеу және
жарманы нақты мөлшерлеу процестерді бір уақытта жүреді, соның арқасында дозатордың өнімділігі артады
• 1 – шанақ; 2 – шестерня; 3 – заслонка; 4, 6 – шөміш; 5 – дәлдік реттегіш;
7 – қоректендіргіш; 8, 9 – құбырлар;
10 – қаптама; 11 – кірұстағыш; 12, 15 – басқару панельі; 13 – сына-белдікті беріліс; 14 – электроқозғалтқыш;
16 – редуктор; 17 – 112 қысқа бағана; 18 – үстел; 19 – басты басқару панельі; 20 – тіреу; 21 – төменгі панель; 22 – қорап.
• Мөлшерлегіш дозатордың негізгі құрылымдық элементтері болып келесілер кіреді: қоректендіргіш 7, алдын ала өлшеу механизмі, соңғы
өлшеу мен электожабдық. Таразы қысқа бағананың 17 ішінде орналасқан, және де қаптамамен 10 қапталған. Қысқа бағанада түбі торлы болып келетін үстел 18 орналасқан, мұның үстіне жарманы толтыратын пакеттерді орналастырады. Пакеттерге жарма шанақ 1 арқылы түседі. Үстелдің астына қозғалматы қорап 22 орналасқан, мұның ішіне төгіліп қалған өнім түседі. Дозаторды біркелкі деңгейде орнату үшін қысқа бағанада төрт реттелетін тіреулері 20 бар. Аяқ астындағы педаль процесті шұғыл тоқтатуға және қажетті жағдайда өлшенген порцияларды шығаруға арналған. Басты панель 19 мен электржабдықтар екі панельде12, 15 орнатылған. Бір панельде 15 екі шам орналасқан, олар таразының қосылуымен, тоқтан ажыратылуы мен өнімнің дозаторда жоқ 7 болуы жайлы дабыл береді. Панельде 12 таразының электроқозғалтқышын «ҚОСУ» мен «ӨШІРУ» батырмалары мен бір айналымды муфтаның механизмін өшіруге арналған тумблер-өшіргіші бар. Басты панельде магнитті іске қосқыш, сақтандырғыш, трасформатор мен дроссель орналастырылған. Дозатордың жетегі буынтықты төмендеткіш 16, сына-белдікті беріліс пен реттегіш-басқару білігіндегі қос цилиндрлі тісті дөңгелек арқылы электроқозғалтқыштан 14 іске қосылады.