- •А5-АФК буып-түю
- •А5-АФК автоматының технологиялық сұлбасы: 1 – қағаз рулоны; 2 – мөр басу механизмі;
- •Қағаз беру агрегаты рулоннан 1 қағазды қап жасағыш агрегаттың оправасына жібереді. Қағаз механизммен
- •Жоғарғы өнімділікті жабдықтармен жабдықтарған ұн зауыттарында, өнімділігі 500 т∕сағ буып-тую бөлімінде А5-АФК мен
- •Назарларыңызға рахмет!
А5-АФК буып-түю
машинасы
А5-АФК автоматының технологиялық сұлбасы: 1 – қағаз рулоны; 2 – мөр басу механизмі; 3 – жапсырғыш валик; 4 – қағазды тесуге арналған механизм; 5 – қап жасағыз агрегат; 6 – бойлық жік жасауға арналған табан; 7 – қысқыш; 8, 9, 10 – пакеттер;
11, 12 – пакетті оправадан алып, оны ротордың ұясына жіберу
механизмі; 13 – конвейер шынжырының ұясына пакетті жіберетін
механизм; 14 – бірінші шнекті дозатор; 15, 19, 20, 21, 23 – нығыздағыш механизм; 16 – екінші шнекті дозатор; 17 – таразы; 18 – пакеттерді массасы бойынша брактау механизмі; 22 – қысу механизмі; 24 – көтеру механизмі; 25 – пакеттің жоғарғы жағын қалыптастыру механизмі; 26 – қию мен бастапқы жабу механимі;
27 – жабу механизмі; 28 – планкалар; 29 – жапсыру механизмі; 30 – тарақшаны қысу механизмі; 31 – итеру механизмі; 32 – жоғарғы
конвейер.
Қағаз беру агрегаты рулоннан 1 қағазды қап жасағыш агрегаттың оправасына жібереді. Қағаз механизммен 2 қозғалыс кезінде оған бір реңді мөр басылады, валиктің 3 көмегімен қағазға желім жағылады, ал механизм 4 қағазды тесіп отырады. Қап жасағыш агрегатта пакеттер жасалады, табандардың 6 арқасында пакетке бойлық жік қалыптасады, 113 кейін бойлық жікті қысу 7 арқылы жапсырады. Сосын ротордың бұрылу арқылы екі пакетті 8, 9 жасайды, сол кезде пакеттің түбін 10 қыздырып, жапсыру процесі өтеді. Механизімің 11 мен 12 көмегімен оправасының ішіне ауаны қысу көмегімен, пакет қапты беру агрегатының ұясына және механизіммен 13 буып-түю агрегатының конвейерінің ұясына жіберіледі. Шнекті дозатордың 14 конвейерінің мерзімді әрекетті қозғалысы кезінде пакет 1 кг ұнға толтырылады, ал механизм 15 ұнды нығыздайды. Екінші шнекті дозатор пакетті қосымша екінші килограмм ұнмен толтырады. Нығыздағаннан кейін ұны бар пакет таразыға 17 жіберіліп, пакеттегі ұнның массасы бақыланады. Сосын қажет болған жағдайда қапты тағы ұнмен толтырып жіберуге болады. Ал егер ұнның массасы қажетті 114 массадан ауытқыған болса, онда механизм 18 пакетті алады да, браковать етеді. Келесі процес пакетті формалау, пакеттегі ұнды нығыздау, оны соңғы буып-түю және қалған процестер тізбектей қажетті механизмдердің көмегімен жүргізіледі.
Жоғарғы өнімділікті жабдықтармен жабдықтарған ұн зауыттарында, өнімділігі 500 т∕сағ буып-тую бөлімінде А5-АФК мен А5- БУА автоматтары орналастырады. Бұл автоматтар ұн мен ұнтақ жармасын пакеттер мен пакеттерді топтастырып блоктарға буып-түюге арналған. А5-АФК буып- түю автоматы бір даналы пакеттер дайындайды, шнекті дозатордың көмегімен 2 кг ұн мөлшерлеп, пакеттерге толтырады. Кейін әрбір пакетті тексеру үшін өлшейді және пакеттің бетін жапсыру көмегімен жабады.