- •Ұнды буып-түюге арналған А5-КОМ жабдықтар кешені келесі бөліктерден тұрады, дозатордың қабылдау бункеріне өнімді
- •А5-КОМ жабдықтар кешенінің функционалдық сұлбасы: 1 – пакетті ашу (оператор); 2 – өнімді
- •Өнім қоректендіргіштің бункерінен шнекпен дозатордың 2 қабылдау бункеріне жіберіледі, оператор тұрған пакеттердің бірін
- •ТЕХНИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
- •Назарларыңызға рахмет!
А5-КОМ ҚАП ТІГУ
МАШИНАСЫ
Ұнды буып-түюге арналған А5-КОМ жабдықтар кешені келесі бөліктерден тұрады, дозатордың қабылдау бункеріне өнімді жіберуге арналған қоректендіргіш 1, шнекті дозатор 2, нығыздау қондырғысы 3, жапсыру қондырғысы 4, электрожабдық 5. Түйіндерді өшіру батырмалардың 6 көмегімен жүргізіледі. Қоректендіргіш бірнеше бөліктерген құралған конструкция болып табылады, ол қабылдау бункерінен, дозатор мен қоректендіргішті байланыстыратын құбырлардан тұрады, ал құбырлар шнектен, шнектің жетегінен және тіректен тұрады. Бірақ мұндай түйіндер көптеген кәсіпорындарға қажет емес, себебі дозатордың үстіне орналастырылған бункер көмегімен ұнды беру анағұрлым ыңғайлы және кең қолданысқа ие болып табылады, мұндай тәсіл жарманы буып-түюде де қолданылады
А5-КОМ жабдықтар кешенінің функционалдық сұлбасы: 1 – пакетті ашу (оператор); 2 – өнімді дозаторға беру; 3 –
пакетті дозатордың астына орнату; 4 – пакетті нығыздау механизміне жіберу; 5 – пакеттің жоғарғы жағын жабу; 6 – пакеттің жоғарғы жағын прокаттау; 7 – пакеттің жоғарғы жағын кесу; 8 – биговка жасау; 9 – пакеттің ауыз жағын майыстыру; 10 – пакеттің ауыз жағын прокаттау; 11 – клейді жағу; 12 – клейді электрліқыздыру; 13 – пакеттің ауыз жағын қысу; 14 – пакетті аузын клеймен жабу; 15 – қабылдау үстеліне пакеттің жіберілуі.
Өнім қоректендіргіштің бункерінен шнекпен дозатордың 2 қабылдау бункеріне жіберіледі, оператор тұрған пакеттердің бірін ашып, үстелге 3 қойып, шнекті дозатордың қылтасына орнатады. Кейін педальді басу арқылы пакетке өнімді мөлшерлеу процесі жүреді. Пакетті өніммен толтырғаннан кейін оператор оны нығыздау құрылғысына жібереді 4. Нығыздау құрылғысында тұрған оператор пакеттің үстіңгі жағына майыстырып, тасымалдағыштың көмегімен пакетті жапсырып клеймен жабу машинасына жібереді. Пакеттің қозғалысы кезінде оның үстіңгі жағын прокаттау 6 процесі жүреді, ол пакетті жақсылап жабуына көмектеседі, жапқаннан кейін артық жағын кесіп тастайды 7, биговка жасалады 8, пакеттің ауыз жағын майыстыру 9, ауыз жағын прокаттау 10 және оған клейді жағу 11, клейді электроқыздыру 12, қысу 13 және пакеттің ауыз жағын жапсырып жабу 14, кейін пакетті қабылдау үстеліне 15 жіберу сияқты процестері жүргізіледі. Кешенге екі оператор қызмет көрсетеді.
ТЕХНИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
№ |
Көрсеткіштер |
А5-КОМ |
1 |
Өнімділігі, пакет∕мин |
15 дейін |
|
(дозалар мен |
|
|
операторлардың |
|
|
дағдыларына |
|
|
байланысты) |
|
2 |
Буып-түюге арналған |
Көлемдік массасы 520… |
|
өнімдер |
600 кг∕м3 болатын бірінші |
|
|
және жоғарғы сұрыпты ұн |
3 |
Дозаның номиналды |
2 |
|
массасы, кг |
|
4 |
Дозаның номиналды |
+1 |
|
массасынан болатын |
|
|
ауыстқу мөлшері, % |
|
5 |
Пакеттер типі |
Дара түбі тік жалпақ |
|
|
бүктеулі және алдын ала |
|
|
жазулары мен суреті |
|
|
дайындалған пакеттер |