- •БВ біліктістаноктары
- •БВ білікті станогы. Станиның тұтас құрылымы – екі шойын бүйір жақтары, өзара станокты
- •БВ білікті станогы: а – жалпы
- •Біліктер арасындағы саңылауды ретттеуге арналған механизм: 1, 6, 8, 17 – сомын; 2
- •Пневмоқабылдағыш – майдаланған өнімдерді станоктан пневмотасымалдау жүйесіне шығаруға арналған. Ұнтақталған өнім бункерге 19
- •Назарларыңызға рахмет
БВ біліктістаноктары
БВ білікті станогы. Станиның тұтас құрылымы – екі шойын бүйір жақтары, өзара станокты екі оқшауланған бөліктерге ажыратып тұратын байланыспен (бойлық аралық) қосылған. Станинаның қақпағында 7 қабылдау құбырын 10 орнатуға арналған раструб құбыры бар. Бақылауға, станокта жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін, станинада жоғарғы 4 және төменгі 1 есіктер қарастырылған. Стноктың әр секциясы келесі бөлшектермен жабдықталған: қоректендіру механизмі, екі ұнтақтау біліктері – жоғарғы жылдам айналатын 14 және төменгі баяу айналатын 15, біліктің бетін тазартуға арналған щеткалар 16, эксцентрикті сұққысы бар привал-отвал білік 13, шарнирлі байланыс мехнизмімен және 73 біліктердің параллельдігін реттеуге арналған механизм, станоктан ұнтақталған өнімді шығаруға арналған құбыр жолы, тұтқалар жүйесімен және қалқыма 9 тәжімен байланысқан механикалық автомат, білікаралық тісті беріліс. Жылдам айналатын біліктерге беріліс –
электрқозғалтқыштан сына-белдікті беріліс арқылы жүзеге асырылады.
БВ білікті станогы: а – жалпы
көрініс; 1, 4 – есіктер; 2, 3 – қоректендіру білікшесі; 5 – секторлық жапқыш; 6 – бұранда; 7 – қақпақ; 8 – раструб; 9 – қалқыма; 10 – ұабылдау құбыры; 11 – біліктер арасындағы саңылауды реттеу механизимі; 12 – тұтқа; 19 – привал-отвал білігі; 14, 15 – біліктер; 16 – щетка; 17 – саңылау; 19 – бункер; 20 – құұбыр; 21 – тостаған;б – беріліс механизмі; 1 – электрқозғалтқыш; 2 – сына- белдікті беріліс; 3 – тісті беріліс; 4 – біліктердің параллельдігін реттеу механизмі; 5 – механикалық автомат; 6 – цилиндр
Біліктер арасындағы саңылауды ретттеуге арналған механизм: 1, 6, 8, 17 – сомын; 2 – стакан; 3 – серіппе; 4
– бастиек; 5, 13 – тұтқалар; 7, 10 – тәжілер; 9 – тіреуіш механизм; 11 – эксцентрикті сұққы; 12 – аялдау- қайыру білігі; 14 – штурвал; 15 – бұрандалы механизм; 16 – құлақты бұранда; 18, 19 – біліктер; 20 – аспа өсі
Пневмоқабылдағыш – майдаланған өнімдерді станоктан пневмотасымалдау жүйесіне шығаруға арналған. Ұнтақталған өнім бункерге 19 келіп түседі де тостағанда 21 жинақталады, одан кейін құбырлар 20 арқылы ауа ағынымен түсіру механизміне тасымалданады. Станокқа ауа жоғарғы есік пен станина арасындағы саңылау арқылы кіріп, ұнтақтау аумағында өнімді салқындатады да, оны одан ары қарай тасымалдайды. Құбырларда 20 тесіктер жасалған. Қалыпты жұмыс істеп тұрған кезде олар шеңбер құрсаумен 18 жабық тұрады. Пневмоқабылдағыш бітеліп қалған жағдайда құрсауды тесіктері құбыр тесіктеріне сәйкес келгенше бұрайды. Бұл кезде ауа ағыны бункерде тұнып қалған өнімді өнім тасымалдау құбырына алып кетеді. Бункерде 19 көп мөлшерде өнім жиналып қалған жағдайда алдымен жоғарғы құрсау тесіктерін, содан кейін төменгі тесіктерін ашады. Егер уақытында тазалауды жүзеге асырмаса, өнім бункерге көп мөлшерде жиналады да біліктерге тие бастайды, мұндай кезде өнім тұтануы мүмкін. Апатты жағдайдың алдын алу үшін бункерде 19 өнімнің қысымы микро ауыстырып-қосқышқа әсер етеді де, электр жүйесін ажыратады және біліктерді қозғалысқа келтіретін электрқозғалтқышты сөндіреді.