Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

А1-БЗО скальператор

.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
342.63 Кб
Скачать

А1-БЗО скальператоры

А1-БЗО барабанды скальператоры қабылдап-бөлу қондырғыларының қоқыстануын болдырмау мақсатында үлкен қоспаларды бөліп алу үшін тағайындалған. Скальператор нан қабылдау кәсіпорындарда және элеватордың астық тазартқыш бөлімшелерінде орналастырылады.

А1-БЗО скальператоры сонымен қатар жеңіл қоспаларды (дәнді-дақыл қоспасы, органикалық және бейорганикалық шаң) және ішінара майда қоспаларды (арамшөптердің тұқымдары т.б.) да бөліп алуға негізделген.

Скальператордың жұмыс принципі астықты ірі қоспалардан, сабаннан және сабақтардан тазарту болып табылады.

Негізгі астық қоспасы қабылдаушы құбырдан тартпа арқылы електі цилиндрдің қабылдаушы бөлімінің ішіне бірқалыпты түседі. Саңылаудан өте келе, қоспадан тазартылған астық, төменгі көлбеу корпус қабырғаларынан құрылған – шығарушы құбыр арқылы скальператордан шығарылып, келесі өңдеуге жіберіледі.

Іріктелген қоспалар, бірте-бірте електі цилиндрдің ашық бөлігіне жылжу арқылы, онда тұрып қалған астықтардан босатады.

Техникалық сипаттамасы

Параметрлерінің атауы

А1-БЗО

1

10-15% ылғалықтағы және натурасы 770-850 кг/м3 бидайдағы техникалық өнімділігі, т/сағ

100

2

Астықты ірі қоспалардан тазарту тиімділігі, %

100

3

Електі цилиндрдің өлшемі, мм

Ұзындығы

1078

4

Електі цилиндрдің айналу жиілігі, айн/мин

21

5

Электрқозғалтқыштың қуаты, кВт

0,75

6

Аспирацияға қажет ауа шығыны, м3/мин

12

7

Сыртқы өлшемдері,мм

Ұзындығы

2150

8

Ені

1130

9

Биіктігі

1665

Массасы, кг

400

Скальператор құрылымы

Скальператор келесі негізгі түйіндерден тұрады: корпус 1, електі цилиндр 2, қабылдаушы қондырғы 3, тазартқыш щеткалар 4, мотор редуктор 7 және жиілік түрлендіргіш блогы 8.

Дәнекерленген құрылым корпусы болатты табақтан жасалған, електі цилиндрді орналастыру үшін жан жағы жұмыс камерасымен жабылған. Корпусқа үш баған дәнекерленген, олардың саңылаулы тірек пластиналары бар. Саңылаулы тірек пластиналары машинаны бекіту үшін болаттарды шұрыптауға арналған.

1 – сурет. А1-БЗО скальператорының көрінісі

А1-БЗО барабанды скальператоры

2 – сурет. А1-БЗО барабанды скальператоры:

1-корпус; 2-барабан; 3-қабылдаушы қондырғы; 4-щетка:

7-мотор-редуктор; 8-жиілік түрлендіргіш блогы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]