Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОЖ 10.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
53.54 Кб
Скачать

Маркетингтегі баға саясаты

Жоспар

Кіріспе...................................................................................................................3

  1. Бағаның атқаратын қызметтерi ................................................................4

  2. Бағаға әсер ететiн факторлар ...................................................................4

  3. Бағаны белгiлеу процесi............................................................................5

Қорытынды...........................................................................................................8

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................9

Кіріспе

Бағаның атқаратын 5 қызметі бар:

1) Есеп жүргізу қызметі белгілі қажеттіліктітауардың қанағаттандыруы қанша шығынды керек екендігін көрсетеді. 

2) Ынталандыру қызметінің мәні, әр түрлі тауарларды өндеуге және тұтынуға бағаның тигізетін әсерімен анықталады. Өндірушінің табысқа жету әрекеті баға арқылы ынталандырылады. Бағаның осы қызметі шығынды кемітіп пайданы көбейту үшін, ресурстарды тиімді үнемдеуге, өнімнің сапасын жақсартуға ынталандырылады. 

3) Бөлу қызметін баға тауардың құнынан төмен немесе жоғары ауытқуынан орындайды. Мұнда баға арқылы ұлттық табыс экономика салалары арасында, мемлекет аймақтары арасында, қорлану және тұтыну қорлары арасында, тұрғындардың әр түрлі әлеуметтік топтары арасында бөлінеді. 

4) Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік қызметінде тұтну және өндіру, ұсыныс пен сұраныс арасындағы ара қатынасына бағаның ықпалы. Өндіріс және айырбас салаларында нақты қалыптасқан баға өз белгісін беріп және оларды сәйкестендіру қажеттілігіне итермелейді. 

5) Өндірісті ұтымды орналастыру қызметінде баға механизмі ретінде экономиканың салалар арасындағы капитал ағымы жүргізіледі. 

  1. Бағаның атқаратын қызметтерi

Маркетинг кешенiн құрайтын бiр тәсiл бола тұра баға өте маңызды қызметтер атқарады. Коммерциялық фирма әрекетiнiң түпкi нәтижесi бағаға байланысты болады. Бағаға тұтынушылар, тауар құны, сұраныс, ұсыныс зор әсерлерiн тигiзедi.

Бағаның атқаратын қызметтерi оның iшкi мәнiн сипаттайды. Бағаның атқаратын бес қызметi бар. Олар:

1. Есеп жүргiзу қызметi белгiлi қажеттiлiктi тауардың қанағатандыруы қоғамға қанша шығынды керек ететiнiн көрсетедi. Тауарды өндiру үшiн қанша еңбек, шикiзат, материалдар, басқа да өндiрiс құрал-жабдықтары жұмсалғанын баға арқылы анықталады.

2. Ынталандыру қызметiнiң мәнi әр түрлi тауарларды өндiруге және тұтынуға бағаның тигiзетiн әсерiмен анықталады. өндiрушiнiң табысқа жету әрекетi баға арқылы ынталандырылады. Бағаның осы қызметi шығынды кемiтiп, пайданы көбейту үшiн ғылыми-техникалық прогрестi дамытуға, ресурстарды тиiмдi үнемдеуге, өнiмнiң сапасын жақсартуға ынталандырады. Сапалы және жаңа тауар жоғары бағамен сатылса, пайда көбейедi.

3. Бөлу қызметiн баға тауардың құнынан төмен, немесе жоғары ауытқуы арқылы орындайды. Бұнда арқылы ұлттық табыс экономика салалары арасында, мемлекет аймақтары арасында, қорлану және тұтыну қорлары арасында, тұрғындардың әр түрлi әлеуметтiк топтары арасында бөлiнедi және қайта бөлiнедi.

4. Сұраныс пен ұсынысты тепе-теңдiк қызметiнде тұтыну және өндiру, ұсыныс пен сұраныс араларындағы ара қатынасына баға күштi ықпал тигiзедi. Баға сұраныс пен ұсыныстың сәйкестiгiн орнатуда икемдi құрал болып табылады.

5.Өндiрiстi ұтымды орналастыру қызметiнде баға механизиi арқылы экономиканың салалар арасындағы капиталдың құйылуы жүргiзiледi.

  1. Бағаға әсер ететiн факторлар

Фирма баға стратегиясын таңдау үшiн оған қандай факторлар әсер ететiнiн бiле отырып, оларды талдауы қажет. Ол көбiнесе сыртқы себептерден болады. Бағаға әсер ететiн негiзгi факторлар: шығындар, тұтынушылар, тауар қозғалысына қатысушылар, бәсекелестер, мемлекет. Осы факторларға қысқаша тоқталайық.

  1. Шығындар түпкi бағаға аса қатты әсер етедi. Шығындар көлемi шикiзат сатып алуға, жұмысшылардың жалақысын төлеуге, транспортқа, қоршаған ортаны қорғауға кеткен қаражатқа байланысты. Бұл шығындар бағаны белгiлеу кезеңiнде есепке алынып, бағадағы пайданың үлесiне қарай баға деңгейi белгiленедi. Баға деңгейi тұрақты болғанда, iс жзiндегi шығындар көлемiнiң өзгерiсi пайданың әрқалай көлемде түсуiн бейнелейдi.

  2. Тұтынушылар. Баға және сату көлемiнiң өзара тәуелдiлiгiн екi себеппен түсiндiруге болады. Бiрiншiсi, сұраныс пен ұсыныс заңының әрекетi және баға икемдiлiгi; екiншiсi әртүрлi нарық сегменттерi тұтынушыларының бағаға деген жауап әрекетi.

Бағаны қабылдау және тауарды сатып алу бағытына қарай тұтынушыларды төрт топқа бөлуге болады:

    • үнемдеп сатып алушылар тобы-бұл топтағы тұтынушылар тауар бағасына, сапасына, түр-түрiне, ассортиментiне көп көңiл бөледi және осы тұтынушыларға жарнама қатты әсер етедi;

    • дербестендiрiлген сатып алушылар- бұлар тауар бейнесiне, сатушылардың қызмет көрсету деңгейiне көңiл бөледi;

    • этикалық сатып алушылар- өздерiнiң сатып алуымен кiшiгiрiм фирмаларды қолдауға әзiр және олардың тауарларына қымбат баға төлеуге дайын;

    • көңiлсiз сатып алушылар- тауарды пайдалану ыңғайлылығын және қолайлылығын жоғары бағалайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]