Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОЖ 13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
86.95 Кб
Скачать

Халықаралық маркетинг

Жоспар

Кіріспе.......................................................................................................................3

1. Халықаралық маркетинг ұғымы, ролі және мағынасы........................4

2. Халықаралық маркетинг ортасы.............................................................6

3. Халықаралық маркетинг стратегиясын әзірлеу...................................7

4. Халықаралық маркетингтегі баға стратегиялары................................8

Қорытынды .............................................................................................................9

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................10

Кіріспе

Қазақстан Республикасында ашық экономиканы құруға арналған бағыт құқықтары мен міндеттемелері Азаматтық кодексте сипатталған, барлық мүдделі кәсіпорындардың сыртқы рынокқа шығуын болжайды. Шетелдік рыноктарда халықаралық қызмет ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіне отырып, отандық кәсіпкерлер үшін «ҚР-дағы сыртқы экономикалық қызметтің негізгі принциптері туралы» Заң қабылданған.

Кез келген фирма, шетелдегі рынокқа шығып, халықаралық маркетингті пайдаланады.

Халықаралық маркетинг – бұл ұйым орналасқан елдің шекарасынан тыс тауарлар мен қызметтердің маркетингі.

Халықаралық маркетинг – бұл жеке алынған компаниялардың тауарлары мен қызметтері рыногын бірден көп елдің сатып алушылары мен тұтынушыларына бағыттайтын, іскерлік белсенділіктің айқындалуы және алуан түрлілігі. Және де, егер бұл пайда алу мақсатында жүзеге асырылса, онда сөз – коммерциялық маркетинг, кері жағдайда – коммерциялық емес маркетинг жайында болып отыр.

90-шы жылдардың басына қарай ЕО үлесіне 1/3 ЖҰӨ және 1/2 артық өнеркәсіптік дамыған елдердің экспорты келді. ЕО ең алдымен сауда тосқауылдарын және олармен жанасқан орын ауыстыруы бойынша кедергілерді жоюғаарналған. Сонымен, Шенген визасының бар болуы ЕО елдері бойынша кедендік қадағалаусыз жүргуге мүмкіндік береді, тұтынушылық тауарларды шығарған кезде сатудан салық қайтаруды қамтамасыз етеді. 1999 ж. бастап бұл Одақ «евро» аймақтық валютасын енгізген. Тауарда Еуропа елдерінің саны көрсетілген және «ЕО-да жасалған» лейблі бар этикеткаларды кездестіруге болады. ЕО елдерінде өндірістік стандарттар бірыңғайланады, бухгалтерлік есептің бірыңғай жүйесі енгізіледі.

  1. Халықаралық маркетинг ұғымы, ролі және мағынасы

Халықаралық маркетинг — маркетингтің «жоғарғы мектебі». Былайша айтқанда, фирманыңжəне кəсіпорынның əлемдік нарыққа шығып, орнығуына қажетті іс-шаралар жиынтығы. Оның негізінде тұжырымдамалық база, ішкі нарықта қолданылатын əдістер мен құралдар бар.

Халықаралық маркетинг фирманың шетелдегі қызметінің ауқымдылығын көрсетеді жəне өз еліндегі нарықты игеріп, өзге мемлекеттіңнарығынашыққанкəсіпорынныңекіжақтықызметімен сипатталады. Ол тауарларды тұтынушыларға жылжытудың түрлі сатыларындағы халықаралық нарықтың жүйелі, жоспарлы жəне белсенді өңделуін білдіреді.

Халықаралық маркетингтің ерекшелігі мынада: оның ұйымдастырылуымен қолданылу əдістерімемлекеттің тəуелсіздігі, ұлттық валюта жүйесі, ұлттық заңнамасы, мемлекеттің экономикалық саясаты, тілдік, мəдени, діни, тұрмыстық ерекшеліктері, салтдəстүрі секілді факторларды ескеруге тиісті. Осыған орай, халықаралық маркетинг ұлттық дəрежеден ауқымды, бірақ көптеген факторларды қамтиды.

Халықаралық маркетингке өтудің мəні жəне кезеңдері:

— экспорттаушы сатып алушының алдында сатуға жəне жеткізуге дейін жауапкершілік көтеретін жағдайда, тауарды ары қарай алып барусыз шетелге сату;

— экспорттаушы шетел нарығын жүйелі түрде өңдейді жəне өз өндірісін оның талаптарына бейімдейді, осы нарықты ұдайы зерттейді жəне тауардың барлық жолын соңғы тұтынушыға дейін бақылайды;

— халықаралық маркетинг нарықты терең зерттеуді жəне оны өңдеу үшін, маркетингтік қызметтің барлық құралдарын қолдануды, сонымен қатар сыртқы экономикалық байланыстың түрлі формаларын — ғылыми-техникалық айырбасты, келісімдік өңдірістер, бірлескен кəсіпорындар, еншілес кəсіпорындар құруды, лицензияланған қызметтерді ұйымдастыруды талап етеді;

— халықаралық маркетинг тауарларды шетелге өткізу мəселесін ғана қамтымайды, сонымен қатар іс жүзінде шетелдегі кəсіпорынның нарыққа бейімделген басқарылуын жасайды. Жеткен мақсаттарына байланысты бизнес-маркетинг жəне нонбизнес-маркетинг болып бөлінеді. Коммерциялық маркетинг немесе бизнес-маркетинг экономика саласында, əлеуметтік жəне рухани салаларда, шоу-бизнес пен саясатта қолданылады жəне табыс пен пайданың басқа да формаларын алуға бағытталған. Ұлттық рынокты интернационалдандыру ТМД елдерінің рыноктарында орын алады. Сонымен, дамудың бұл бағытына 1995 ж. құрылған,  Ресейдің, Беларусь, Қазақстан мен Қырғызстанның Кедендік одағын жатқызуға болады.

1 - сурет -  Халықаралық маркетингті дамыту себептері

 

Олар бойынша фирмалар халықаралық маркетингпен айналысуға мәжбүр болатын себептер (1-сурет)

1. Бәсекелік артықшылық. Салыстырмалы артықшылықтар теориясына сәйкес (Д. Рикардо) елдер салыстырмалы төмен шығындарда өндіре алатын тауарлардың өндірісіне мамандандырылады. Осы теория негізінде бәсекелік артықшылық тұжырымдамасы әзірленген, оған сәйкес елдердің еңбек өнімділігі деңгейінде және сәйкесінше пайдаланылатын ресурстарда, мамандандыруда, механикаландыруда, климаттық жағдайларда пайдаланылатын артықшылық-тарға байланысты жеке тауарларды өндіру тиімділігінде сәйкес кейбір  айырма-шылықтары бар. Қазіргі әлемдік рынокта басты бәсекелік артықышылқатр тауардың жоғары сапасы және технологиялық инновациялардың жоғары деңгейі болып табылады.

2. Экономикалық және демографиялық жағдайлар. Әр түрлі елдерде экономикалық және  демографиялық даму бағыттары әр түрлі. Ішкі жағдайлары қолайсыз (жоғары инфляция немесе жұмыссыздық сияқты) елдің фирмасы  тауарларын аса тартымды рыноктарда  өткізуді ұлғайтуға  ұмтылатын болады.

3. Ішкі рыноктағы  бәсекелестік немесе ұлттық рыноктың қаныққандығы, бұл шетелдер рыноктарына  экспансияны  басымырақ етеді.

4. Адамзат факторы. Әр түрлі елдерде адамзат ресурстары құны бойынша да, кәсіпшілік деңгейі бойынша да ерекшеленеді. Осы ресурстар мен  айырмашылықтарды пайдалану өндірістік шығындарда үнемдеуге мүмкіндік береді, мысалы «сары түспен жинау» – автобустарды Түркияда шығару және т.б.

5. Түсімді тұрақтандыру. Халықаралық рынокқа шығу түсімді тұрақтандыра алады. Егер өнім маусымдық сипатта болса, онда оны  экспортқа шығару жұмыс бастылық саудасын және қолмақол ақша ағымын ынталандыру тәсілі болады.

6. Өндірістік қуаттардың шектен артқандығы. Ішкі рыноктағы сұраныс кәсіпорынның өндірістік қуаттарынан кем болғанда, өндірістік қуаттардың шектен артқандығы болады. Бұл жағдайда экспорт пайданы ұлғайту және кәсіпорынның шектен шығатын қуаттарын пайдалану механизмі  бола алады.

7. Тәуекелді әртараптандыру. Тәуекелді әртараптандыру фирманың бір-неше рыноктарда бар болуын және жалғыз елдік рынокта жаппай тәуелділікті болдырмауды білдіреді. Егер шетелдік рыноктар ішкі рынокқа қарағанда, дамудың аса ерте сатысында болса, бұл әсіресе маңызды.

8. Тауарлар мен қызметтер экспорты есебінен ТӨЦ өсу сатысын ұлғайтуға болады. Әр елдердегі өмірдің әр түрлі деңгейі өнімді әр түрлі сатуға мүмкіндік береді. Халықаралық маркетинг бағасы арзандатылған, ішкі рынокта ұсынуға мүмкін емес (Жапонияның, ГФР-дың ұсталған автомобильдері, second hand), пайдаланылған және жөндеуде болған тауарларды өткізуді жүзеге асыра алады. Алайда бұл деген, осы тауарларды  өткізу тұтынушыларға  медициналық және экологиялық  себептер бойынша  зиян  келтіре алады.

9. Салық стимулдары. Сондай-ақ әр түрлі елдерде салықтық артықшылықтар бар. ҚР-да Президент Жарлығына сәйкес мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сфера объектілері және көліктік инфрақұрылым, сондай-ақ қайта өңдеу өнеркәсібі және құрылыс басым болып саналады.

Сөйтіп, мүмкіндіктердің кез келгені фирманың экономикалық өсуін кеңейтуге базаланады. Халықаралық рыноктағы экспансия маркетингті қолданудың көмегімен сату, пайда және тұрақтылық көлемін өсірудің көзі  болады.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]