Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОЖ 13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
86.95 Кб
Скачать
  1. Халықаралық маркетингтегі баға стратегиялары

Халықаралық маркетингте пайдаланылатын, негізгі баға стратегияларының ерекшеліктерін қарастырамыз.

«Қаймағын алу» стратегиясы өндіріс бағасынан басқа, барлық шығындарды, орташа және монополиялық пайданы қосатын, жоғары бағалар   бойынша бастапқы сатуды көздейді.

Берілген стратегия жаңа тауарларға тән. Әсіресе «қаймағын алу» стратегиясы, сұраныстан ұсыныстан жоғары болғанда және фирма берілген  тауарды өндіру мен өткізуде монополиялық орынды ала алғанда, ТӨЦ ендіру сатысында белсенді қолданылады.

Төмен бағалар стратегиясы немесе «олқылық» стратегиясы бәсекелесуші тауарларды ығыстырып шығару сұранысын ынталандыру және жаппай рынокты жаулап алу мақсатында тауарларды бастапқыда төмен бағалармен сатуды көздейді. Бұл стратегия сұранысының икемділігі төмен тауарлар үшін қолайлы.

Бұдан басқа, сараланған бағалар стратегиясы, бірыңғай бағалар стратегиясы, бағалық көшбасшы стратегиясы қолданылады.

Қорытынды

Халықаралық маркетинг — маркетингтің «жоғарғы мектебі». Былайша айтқанда, фирманың жəне кəсіпорынның əлемдік нарыққа шығып, орнығуына қажетті іс-шаралар жиынтығы. Оның негізінде тұжырымдамалық база, ішкі нарықта қолданылатын əдістер мен құралдар бар.

Халықаралық маркетинг фирманың шетелдегі қызметінің ауқымдылығын көрсетеді жəне өз еліндегі нарықты игеріп, өзге мемлекеттің нарығына шыққан кəсіпорынның екіжақты қызметімен сипатталады. Ол тауарларды тұтынушыларға жылжытудың түрлі сатыларындағы халықаралық нарықтың жүйелі, жоспарлы жəне белсенді өңделуін білдіреді.

Халықаралық маркетингтің ерекшелігі мынада: оның ұйымдастырылуы мен қолданылу əдістері мемлекеттің тəуелсіздігі, ұлттық валюта жүйесі, ұлттық заңнамасы, мемлекеттің экономикалық саясаты, тілдік, мəдени, діни, тұрмыстық ерекшеліктері, салт-дəстүрі секілді факторларды ескеруге тиісті. Осыған орай, халықаралық маркетинг ұлттық дəрежеден ауқымды, бірақ көптеген факторларды қамтиды. Халықаралық маркетингке өтудің мəні жəне кезеңдері:

  1. экспорттаушы сатып алушының алдында сатуға жəне жеткізуге дейін жауапкершілік көтеретін жағдайда, тауарды ары қарай алып барусыз шетелге сату;

  2. экспорттаушы шетел нарығын жүйелі түрде өңдейді жəне өз өндірісін оның талаптарына бейімдейді, осы нарықты ұдайы зерттейді жəне тауардың барлық жолын соңғы тұтынушыға дейін бақылайды;

  3. халықаралық маркетинг нарықты терең зерттеуді жəне оны өңдеу үшін, маркетингтік қызметтің барлық құралдарын қолдануды, сонымен қатар сыртқы экономикалық байланыстың түрлі формаларын — ғылыми-техникалық айырбасты, келісімдік өңдірістер, бірлескен кəсіпорындар, еншілес кəсіпорындар құруды, лицензияланған қызметтерді ұйымдастыруды талап етеді;

  4. халықаралық маркетинг тауарларды шетелге өткізу мəселесін ғана қамтымайды, сонымен қатар іс жүзінде шетелдегі кəсіпорынның нарыққа бейімделген басқарылуын жасайды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. А. Б. Рахимбаев, “Маркетинг теориясы жəне практикасы”, Алматы, 2009

  2. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2

  3. А. Б. Рахимбаев, “Маркетинг теориясы жəне практикасы”, Алматы, 2009

10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]