Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОЖ 13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
86.95 Кб
Скачать
  1. Халықаралық маркетинг ортасы

Шетелде қызмет етуді көздеген фирма, ұйымдастыруда да, халықаралық сауда жүйесіне тән мүмкіндіктерде де түсіне білуі керек – ең көп таралған шектеу кеден тарифі болып табылады, ол шетел үкіметі оның еліне әкелетін кейбір тауарларға салатын салықты білдіреді. Кеден бюджетке түсімдерді ұлғайту (қазыналық тариф), немесе отандық фирмалардың мүдделерін қорғау (протекционистік тариф) мақсаттарын көздеуі мүмкін. Бұдан басқа, экспортшы квотамен, яғни елге әкелуге рұқсат етілген, белгілі категориялы тауарлардың сандық шегімен соқтығысуы мүмкін. Квотаның мақсаттары: шетел валютасын сақтау, жергілікті өнеркәсіпті қорғау және жұмыс бастылықты қорғау. Шекті квота ретінде эмбарго болады, ол кезде  импорттың жеке түрлеріне толығымен тыйым салынған  болып шығады.

Сыртқы рыноктарға шығып, халықаралық маркетинг қайраткері  әрбір елдің  экономикалық, саяси және мәдени ортасын зерделеуі керек.

Елдің экономикалық ортасы тауарлар мен қызметтерді тұтынудың қазіргі және потенциалдық мүмкіндіктерін көрсетеді. Экономиканың жұмыс істеу индикаторларына өмір сүру деңгейі, жалпы ұлттық өнім, экономиканың даму және валютаның тұрақтылығы деңгейі.

Өмір сүру деңгейі елде тұтынылатын  тауарлар мен қызметтердің  орташа саны мен сапасын  сипаттайды. Оны өлшеу жолдарының бірі – елде тамақ өнімдері,  киім сияқты әр түрлі тауарларға еңбекақы табу үшін, бір жұмыс  істеуші адамға қажетті уақыттың ұзақтығын анықтау.

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) елде бір жыл ішінде құрылған тауарлар мен қызметтердің жалпы құнын білдіреді. ЖҰӨ жалпы және жанға шаққандағы өлшемі – ел игілігінің аса жиі пайдаланылатын индикаторлары, өйткені олар үнемі жарияланады, есептеу үшін қарапайым және басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстырылады. Алайда халықтың бір жанына алған ЖҰӨ өлшемі туралы деректер алдамшы болуы мүмкін. Біріншіден, бұл цифрлар табысты үлестіруді емес,  орташа мәндерді көрсетеді. Тіпті халықтың  үлкен бөлігінің табыстары төмен болса да, бірнеше бай адам бұл көрсеткіштің мәнін жоғарылата алады. Екіншіден, бірдей табыс әрбір елде өмір сүрудің әр түрлі деңгейін қамтамасыз етеді; 20 мың  АҚШ долларын құрайтын табыс, басқа елде 10 мың долларды құрайтын табысты білдіруі мүмкін.

Халықаралық маркетинг бойынша мамандар әрбір рыноктың мәдени ортасы туралы  хабардар болу керек. Мәдениет ұрпақтан ұрпаққа беріледі, елдер мен континенттер бойынша ерекшеленеді, және оны  өзгерту оңай емес. Таныс емес немесе оған сезімтал емес ұлттық фирма, қолайсыз немесе  берілген мәдениет дұрыс түсінбейтін, тауарлар мен қызметтерді өткізуге тырысуы мүмкін.

  1. Халықаралық маркетинг стратегиясын әзірлеу

Қазіргі жағдайларда  шетелдік компаниялардың маңызды стратегиялық объектілерін беруге даму бағыты күшейді.

Фирманың алдына қойылған перспективалы мақсаттарды іске асыру үшін маркетингтік стратегия – фирманың нақты нарықтық жағдайларда әрекет етуінің негізі.

Маркетинг кешенін барлық құраушылардың мақсатты өзгерістерін анықтайтын, фирмалар қызметінің рыноктық стратегиялары аса жалпылаушы  және кешенді сипатты иеленеді.

Қойылған мақсаттарға және оларға қол жеткізу құралдарына байланысты рыноктық стратегияның бірнеше түрі ерекшеленеді, олар халықаралық фирмалардың және олардың дербес өндірістік бөлімшелерінің қызметінде қолданылады: рыноктың үлесін тартып алу стратегиясы; инновация стратегиясы; өнімді саралау стратегиясы; күту стратегиясы; өндіріс шығындарын төмендету стратегиясы; тұтынушыны жекешелендіру стратегиясы.

Рыноктық стратегияның кейбір түрлерін қарастырамыз.

Рыноктың үлесін тартып алу стратегиясы

Халықаралық маркетинг кешенінің ерекшеліктері  келесіден тұрады:

Рыноктың үлесін тартып алу немесе оны белгілі көрсеткіштерге дейін кеңейту стратегиясы жаңа өнімді шығару және рынокқа ендіру, тұтынушыларда жаңа сұраныстарды қалыптастыру, өнімді қолдануды жаңа сфераларға ендіру жолыменжүзеге асырылады. Оған  бәсекелік күрестің тура да, жасырын да әдістерін қолдана отырып, модельдерді жаңарту және жаңа модельдерді  рынокқа ендіру жолымен қол жеткізіледі.

Инновация стратегиясы рынокта аналогтары жоқ бұйымдарды жасауды болжайды. Мұндай бұйымдарға ең алдымен жаңа сұраныстарға   бағдарланған, принциптік жаңа өнімдер жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]