Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОЖ 10.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
53.54 Кб
Скачать

Қорытынды

Тауардың нақта бағасын жоғарыда айтылған сұранысты, шығындарды, нарықтағы бәсекелестердiң жағдайын анықтап белгiлеуге болады. Осы факторларды есепке ала отырып маркетинг тәжiрибесiнде баламалы баға құру әдiстерi қалыптасқан.

"Орта шығындарға пайданы қосу" әдiсi- бұл қолдануға ең оңай және кең тараған әдiс. Бұл әдiсте тауардың өзiндiк құнына орта пайданы қосып баға деңгейi белгiленедi. Шығынға қосылатын орта пайда әр тауар түрiне стандартты (бiрдей үлесте) болуы мүмкiн. Сонымекн қатар, шығынға қосылатын пайда мөлшерi тауар түрiне, оның бiрлiгiнiң құнына, сату көлемiне байланысты дифференциалдануы мүмкiн. Бұл әдiсте тұтынушы сұранысы мен бәсекелестердiң ерекшелiктерi есепке алынбайды. Себебi, бұл қателiктерге апаруы мүмкiн. Бұл әдiс мына жағдайларға қолайлы болуы мүмкiн. Бiрiншiден, өндiрушiлер өздерiнiң шығындарын бiле отырып, бағасын белгiлесе, ысырапсыз саудаға қолы жетуi мүмкiн. Екiншiден, сатушы мен сатып алушы арасындағы қатынасты дұрыс орнату үшiн қажеттi әдiс. Үшiншiден, егер барлық фирмалар осы әдiстi қолданса, баға бәсекесi төмендейдi.

Нысаналы табысқа жетуге бағытталған әдiс. Бұл жағдайда фирма көздеген табыс көлемiне қарй бiрден баға орнатады. Бiрақ шығындардың орнын толтыру үшiн бұл бағамен өнiмнiң белгiлi бөлiгiн өткiзу қажет. Мұнда бағаның сұранысқа икемдiлiгi маңызды болып табылады. Сондықтан әдiстi қолданған кезде жалпы шығындардың орнын толтырып, көзделген табысқа жеткiзетiн бағаның деңгейiн дәл есептеп табу қажет.

Тауардың "құндылығын сезiну" негiзiнде бағаны есептеу әдiсi. Бұл әдiсте шығындар екiншi қатарға, ал тұтынушы мен олардың тауарды қабылдауы бiрiншi орынға қойылады. Сатушы тауардың құндылығын алушыға көрсету үшiн бағадан тыс әсер ету шараларын кеңiнен қолданады: сервис қызметi, ерекше кепiлдеме беру т.б. жеңiлдiктер мен ынталандыру әдiстерi.

Кәдiмгi баға әдiсi бiркелкi тауарлар сатылатын нарықтарда қолданылады. Бәсеке деңгейi жоғары нарықта фирманың бағаға әсер ету мүмкiндiктерi шектелген. Бұндай нарықта баға саясаты тұтынушылар мен өндiрушiлердiң бiртұтас әрекеттерiнiң қортындысына қарай қалыптасады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Панкрухин А.П. Маркетинг: Учебник.-М.: ИМПИЭ им А.С.Грибоедова, 1999

  2. Березин И. Маркетинг сегодня. -М.:Менеджмент, 1996

  3. Все о маркетинге.-М.:Азимут-центнер, 1992

  4. 2-х т.: Нер с англ. 11-го изд. Т.1.-М.: Республика, 1992.-339с.

  5. Эванс Дж., Берман Б. Маркетинг: Сокр.пер. с англ. –М.: Экономика, 1993.- 335с.

9

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]