Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Негізгі бөлім.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
64.63 Кб
Скачать

2.3. Қайта өңдеу зауытының рентабельділігі

Кәсіпорын шаруашылық қызметінің тиімділігімен қызмет атқаруға экономикалық бағытталуы тікелей оның рентабельділігімен байланысты.

Рентабельділік – бұл кәсіпорынның табыстылық деңгейінің қатынастық көрсеткіші, ол қызметтердің түрлі бағыттарының (өндірістік, коммерциялық, инвестициялық және т.б.) табыстылығын, толықтай алғанда кәсіпорын жұмысының тиімділігін сипаттайды.

Рентабелділіктің пайдадан айырмашылығы шаруашылық етудің нақты нәтижелерінен көрінеді, яғни тұтынылған ресурстардың тиімділік қатынасын көрсетеді. Пайданың абсолютті соммасының көрсеткіші кәсіпорынның жақсы немесе нашар жұмыс атқарды ма, яғни орындалған жұмыстардың көлемі белгісіз болып қалады.

Пайданың орындалған жұмыстар көлеміне қатынасы тек есепті кезеңдегі нәтижелерді салыстыра отырып, есепті жылдағы кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметін бағалауға, рентабелділік деңгейін сипаттайды сонымен қатар басқа салалар кәсіпорынның ішінен талдау жасалынып жатқан кәсіпорын орынын анықтайды. Рентабельділік көрсеткішін кәсіпорын қызметін бағалау және инвестициялық саясаттағы жәнебаға белгілеудегі құрал ретінде пайдаланады.

Толықтай, рентабельділік – бұл ресурстарды пайдалану дәрежесі мен шығындар деңгейін сипаттайтын өндіріс тиімділігінің қатынастық көрсеткіші.

Кәсіпорынның рентабельділігін бағалау келесі көрсеткіштер арқылы жүргізіледі:

1. Өнімнің рентабельділігі (Рө) – бұл рентабельділік көрсеткіштері тиімсіз бұйымдарды өндірістен алып тастау мен өнімнің жаңа түрлерін шығару мен енгізу, әр түрлі бұйымдардың пайдалығына бақылау кезінде, ішкі шаруашылық талдаулық есеп айырысулар кезінде рациоеналды түрде қолданылады. Өнімнің рентабельділігі келесі формула бойынша есептеледі:

 

Рө = (Пө/Өө) * 100 %

 

Мұндағы Пө - өнімді, қызметті, жұмысты сатудан түскен пайда, тг.

Өө - өткізілген өнімнің толықтай өзіндік құны, тг.

 

2. Рентабельділік көрсеткішінің келесі түрі – сату рентабельділігі келесі формуламен есептеледі:

 

Рс = По / Т * 100 %

 

Мұндағы, Т - өнімді, қызметті, жұмысты сатудан түскен түсім.

Берілген коэффициент өткізілген өнімнің бірлігіне қанша пайдадан келетіні көрсетеді. Көрсеткіш өсімі болып өндіріс өнімінің тұрақты шығындары кезіндегі өнімге бағаның өсуі немесе тұрақты баға кезінде өндірістегі шығынды төмендету табылады.

Өнімнің рентабельділігі мен сату рентабельділігі көрсеткіштері өзара байланысты және барлық өнімдерге және әр түрлерінің өндіруге кеткен ағымды шығындардың өзгеруін сипаттайды.

3. Капитал рентабельділігі көрсеткіштері:

А) меншік капиталының рентабельділігі (Рмк)

 

Рмк = (Пт/Км)

 

Мұндағы, Пт – таза пайда

Км – меншік капиталдың орташа көлемі

 

Бұл көрсеткіш кәсіпорынның меншік капиталы бірлігіне қанша пайда келетінін, меншік капиталдың пайдалану тиімділігін сипаттайды.

Меншік капитал рентабельділігі көрсеткішінің өзгеруі мысалы, биржадағы кәсіпорын акцияларының бағасы төмендеуінен немесе өсуінен болуы мүмкін.

Б) Инвестициялық капитал рентабельділігі – Ри

 

Ри = Пт/Кик * 100 %

 

Мұндағы, Кик – инвестициялық капиталдың орташа көлемі

Көрсеткіш ұзақ мерзімге салынған капиталды пайдалану тиімділігін сипаттайды.

 

В) Кәсіпорынның барлық капиталының рентабельділігі - Рнк

 

Рнк = Пк / Б орт * 100 %

 

Мұндағы, Пк – кәсіпорын пайдасы

Б орт – барлық кезеңдегі баланстық орташасы

Берілген коэффициент кәсіпорынның барлық капиталын пайдалану тиімділігін көрсетеді, яғни кәсіпорын мүлігін пайдалану тиімділігінің жоғарылауы туралы коэффициенттінің мәнінің өсуін куәландырады.

4. Айналым активтерінің рентабельділігі – Р айн

 

Р айн = (Пк / АА орт) * 100%

 

Мұндағы, АА орт – айналым активтивтерінің орташа көлемі

Капитал мен активтердің орташа көлемі бухгалтерлік баланстың берілгендері бойынша анықталады.

5. Негізгі құралдардың және басқа да айналымды емес активтердің рентабельділігі

 

Р айнемес = Пк / Аайнемес орт

 Мұндағы Аайнемес орт – негізгі құралдардың және басқа да айналымды емес активтердің кезеңге көлемінің орташасы

Мысал ретінде кәсіпорындағы өнім рентабельдігін есептеуге тоқталып өтейік.

2 кесте. Жалпы салымдар құны

Салымдар

Жиыны, теңге

Құрал-жабдық

14444520

Ғимараттыжалғаалу

1605600

Айналымқұралы

1039500

Барлығы

4089620

Кәсіпорындағы өнім рентабельдігін жалпы салымдар құны 4089620 теңгені құрайды.

3 кесте. Құрал-жабдықтарға салынған салым құны

Құрал-жабдықтар

Құны, теңге

Ұнелегіш

42210

Қамырбұлғауыш

107870

Жетілдіргіш шкаф

844200

Кептіру шкафы

145390

Ораумашинасы

304850

Жиыны

1444520

3 кестеде құрал – жабдықтар қорының құндық жиыны көрсетілген. Көп салынған салым құны жетілдіргіш шкаф жабдығына.

Ғимаратты жалға алу. Өндірістік цех алаңына қойылатын талап – ол технологиялық  тізбекті орнату және ұн мен дайын өнімді тиісті жағдайда сақтау үшін кішігірім қойманы орналастыруға жеткілікті болуы тиіс. Қойма ғимараттары үшін 150 шаршы метрден кем емес алаң бөлу ұсынылады.

4 кесте. «Атамекен-Агро» АҚ табыстар мен шығындар динамикасы

Мақала атаулары

Жылынабарлығы, теңге

Түсім

10444183

Өндірістікшығындар-шикізатжәнематериалдар

4158000

Жалпыпайда

6286183

Барлығыоперациялықшығындар

3549400

Еңбекақы

1200000

Мекеменіңжалақысы

1605600

Еңбекақықорынанбөлінулер

142896

Коммуналдыққызмет

312000

НҚ амортизациясы

288904

Операциялықкіріс

2736783

Корпоративтітабыс   салығы

3133325

Таза пайда

2423458

Жоғарыдағы кестеден көргеніміздей, кәсіпорынның түсім мен таза пайда құны шығарылды.

5 кесте. Қызмет көрсетуден табыстар

Қара нан, тенге/кг

100

Өндіріс көлемі, кг

79200

Түсім, тенге

10444183

5 кестеде қара нанның 550гр-дық сауда бағасы 100 теңге. Өндірілген қара нанның сатылуы 100 % болған жағдайда, 1 жылдағы жалпы түсім: 6600 кг/айына*100тенге*12 ай = 10,4 млн.тенгені құрайды.

Шикізат пен материалдар. Қара нан өнімдерін өндіру үшін негізгі ингредиенттер ретінде ұн мен су қолданылады. Айына 6600 кг қара нан өндіру үшін 6930 кг ұн қажет. 1 кг ұнның бағасы 50 тенге болса, жылдық шығын сомасы 4158000 тенге болады.

6 кесте. 2016-2017жылдардағы амортизациялық аударымдар көлемі

Негізгіқұрал

2016-2017жж баланстыққұны

2016-2017жж

амортизация мөлшері, %

2016-2017жж амортизациялықаударымдар

Құрал-жабдық: оның ішінде

1444520

10

144452

Ұнелегіш

42210

10

4221

Қамырбұлғауыш

107870

10

10787

Жетілдіргіш шкаф

844200

10

84420

Кептіру шкафы

145390

10

14539

Ораумашинасы

304850

10

30485

6 кестеден байқағанымыздай, 2016-2017жж. амортизациялық аударымдар көлемі 10% мөлшермен жоғарыдағыдай амортизациялық аударымдар мөлшерін көрсетті.

Қорытындылай келе қазіргі жағдайда рентабельділік өсімінің маңызды факторы болып кәсіпорынның ресурсты қорландыру (жинау) жөніндегі жұмыстары табылады, олар өзіндік құнның төмендеуі мен пайданың өсуіне әкеледі. Қазіргі кезеңде ресурстарды үнемдеу өте тиімді әрі арзанға түседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]