Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Негізгі бөлім.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
64.63 Кб
Скачать

2.2. «Атамекен-Агро»аҚқара бидай дақылының өнімділігін талдау

«Атамекен-Агро» рейтингінің жағымды деңгейге көтерілуіне әсер еткен оң факторларға негізінен компанияның активтері мен өзіндік капиталының өсімін (2008 жылдың соңынан 2011 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі аралықта активтер 46,3 пайызға, өзіндік капитал - 38,6 пайызға өсті)  атауға болады. Бұл ретте агенттік компанияның қазақстандық нарықтағы орнықты ұстанымға ие екендігін атап өтеді. Атап айтқанда, «Атамекен-Агро» елдегі ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші компаниялардың қатарында тұр.  Өнімді ішкі нарықта өткізу арналары да бар, сондай-ақ өз өнімдерін Еуропалық Одақ елдеріне экспорттайды. (2010-2011 жылғы компанияның табыстарынан Бельгия, Германия, Англия елдеріне рапс пен зығыр экспортының үлесі 44,1 пайызды құрады). «Компания майлы дақылдарды (зығыр мен рапс)  егу алаңын кеңейту арқылы өз бизнесін әртараптандырып отыр және басқа өндірушілерден астық сатып алып, оны қайта сату арқылы да табысын еселеуде. Бизнесін одан сайын әртараптандыру «Атамекен-Агроның» қаржылық орнықтылығын одан сайын нығайта түсуге септігін тигізбек», - деп санайды «Эксперт Қазақстан РА» рейтинг агенттігінің корпоративтік басқару жөніндегі сарапшысы Анна Акопьянц. Ал рейтингті шектеп тұрған факторларға негізінен борыштық ауыртпашылықтың жоғары деңгейі, 2010 жылғы компанияның залалдылығы, іскерлік белсенділіктің төменгі көрсеткіштері және акционерлердің бытыраңқы құрылымы аталып өтіледі. Жалпы алғанда «АТАМЕКЕН-АГРО» АҚ-ның негізгі қызметі астықты сатып алу, ішкі және сыртқы нарықтарға сату болып табылады. Компанияның 2011 жылдың 3 тоқсанындағы кірісі 5,9 млрд теңгені құрады, ондағы таза табыс  - 292,21 млн. теңге.

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС ангус және герефорд тұқымы баспақтарын арнайы бордақылаумен айналысады. Шаруашылықта, малды ұстап азықтандыруға барлық қажетті жағдай жасалған. Басқа шаруашылықтардан әкелінетін жануарлар 4-5 ай аралығында бордақыланады. Ай сайынғы бақылау өлшемі бойынша, бордақыланып жатқан баспақтардың орташа күнделікті салмағы тәулігіне 1500 ден 2300 г дейін өсіп отыр. Осы шаруашылықта сойылатын сиыр етінің дәмі ерекше, мәрмәрлігі анық белгіленген

1 - кесте. «Атамекен-Агро» жалпы қаржылық көрсеткіші 2017ж

Қаржылық көрсеткіштері

Көрсеткіші

01.10.17 жылға,

мың теңге

01.07.17 жылға,

мың теңге

Жарғылық капиталы

14 218 783,00

14 218 783,00

Меншікті капиталы

11 708 206,00

3 716 976,00

Жиынтық активтері

83 981 472,00

68 326 591,00

Сатылым көлемі

6 588 513,00

5 379 077,00

Жалпы табыс

5 331 690,00

-3 574 155,00

Таза пайда

3 829 520,00

-4 671 915,00

Жай акцияның теңгерімдік құны

-140,30

-673,92

ROA

4,56%

6,84%

ROE

-

-

ROS

58,12%

-86,85%

Жоғары кестеде байқағанымыздай, 01.10.17жылға қарағанда 01.07.17жылдың қаржылық көрсеткіші жоғары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]