Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bilim-Baiysbaeva-Nan-onimderi.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать

5.9.12. Тездетілген әдіспен қамыр илеу әдісі

Қамыр дайындаудың өндірістік циклін қысқарту үшін қамырды жетілдіру кезінде жүретін микробиологиялық, коллоидтық және биохимиялық процестерді қарқындататын бір қатар тездетілген әдістер шығарыла бастады.

Өндірісте тездетілген әдістерді қолдану, ұн массасына 3-4% мөлшерде көбейтілген престелген ашытқы қосу, технологиялық ұсыныстарға сай қышқылдандырғыштар және көп компонентті наубайханалық ашытқыларды қолдану, қамыр илеуді қарқындату әдісін қолданумен негізделген. Тездетілген әдіспен дайындалған қамырдың ашу ұзақтығы 15-20 мин құрайды. Қамырды алғашқы жетілдіру қажет етілетін өнімдерде қамыр дайындамалары ашытылмай бірден алғашқы жетілдіруге 15-20 мин, сосын соңғы жетілдіруге 60-90 мин қойылады. Тездетілген әдіспен қамыр дайындаудың артықшылығы қамыр ашытылатын ыдыстың аз уақыт қолданылатындығынан жабдықтар және өндірістік ауданның қажеттілігі азаяды. Сондықтан қамыр дайындаудың тездетілген әдісі шағын наубайханаларда ашытпалы және ашытпасыз әдістерге қарағанда, кеңінен қолданылады.

Қышқылдандырғыш қоспа ретінде ашыған дайын қамырдың қалдығы (алдыңғы иленген қамырдың үлесі), ірімшік және сүзбе сүт сарысуы, кешенді жақсартқыштар қолданылады. Ашыған дайын қамырдың қалдығын қамыр үлесіне ұн массасына шаққанда 5-7% мөлшерде қамыр илеу кезінде дежаға салады. Сүт сарысуын қамыр үлесіне есептелген суды 15-25% ауыстыру арқылы қосады. Әртүрлі қышқылдандырғыш қоспаны қолданып тездетілген әдіспен тілінген батонның қамырын дайындаудың 100 кг есептелген рецептурасы және режимі 30-кестеде келтірілген.

30-кесте. Тездетілген әдіспен тілінген батонның қамырын дайындаудың рецептурасы және режимі

Шикізат, жартылай фабрикат және процесс көрсеткіштері

Шикізат шығыны (кг), процесс параметрлері

Сүт сарысуымен

Жетілген қамырдың қалдығымен

1

2

3

1

2

3

Жоғарғы сұрыпты бидай ұны

100

100

Престелген наубайханалық ашытқы*

2-3

2-3

Ас тұзы

1,5

15

Қант-құмшекер

4,0

4,0

82% майлылықтағы асханалық маргарин

3,5

3,5

Сүт сарысуы**

10-15

-

Жетілген қамырдың қалдығы

-

6-9

Су

Есеп бойынша

Есеп бойынша

Қамыр ылғалдылығы,%

40,5

40,5

Илеу ұзақтығы, мин

5-15

5-15

Қамырдың бастапқы температурасы, оС

30-34

30-34

Ашу ұзақтығы, мин

40-90

40-90

Соңғы қышқылдылық, град, көп емес

Кнан+1,5

Кнан+0,5

* Престелген ашытқының мөлшері оның қасиетіне қарай өзгертілуі мүмкін.

**Сүт сарысуының мөлшері оның қышқылдығына қарай өзгеруі мүмкін. Қышқылдығы 75 оТ жоғары емес сүт сарысуын қолдану жіберіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]