- •Isbn 978-601-217-221-8
- •Isbn 978-601-217-221-8
- •-Тарау. Нан дайындаудың технологиялық сызбасы
- •Нан пісіру кезіндегі технологиялық операциялардың орындалу реті мен мақсаты
- •1.2. Нан өндірісінің аппаратуралық-технологиялық сызбасы
- •. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар
- •2.1.1. Дәнді дақылдардың түрлері
- •Дәннің химиялық құрамы және құрылымы
- •2.1.3. Наубайханалық ұнның сұрыбы мен түрлері
- •2.1.4. Бидай және қара бидай ұнының химиялық құрамы
- •2.1.5. Бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.5.1. Бидай ұнының газ түзілу қабілеті
- •2.1.5.2. Бидай ұнының күші
- •2.1.5.3. Ұнның түсі және оның нан пісіргенде күңгірттену қабілеті
- •2.1.5.4. Бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Сынақ нан пісіру
- •2.1.6. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.6.1. Қара бидай ұнының көмірсу-амилаза кешені
- •2.1.6.2. Қара бидай ұнының ақуыз-протеиназа кешені
- •2.1.6.3. Қара бидай ұнының түсі және оның нан дайындау процесі кезіндегі күңірттену қабілеті
- •2.1.6.4. Қара бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиетін анықтау әдістері
- •27495-87 Мемст бойынша қара бидай ұнының автолитикалық белсенділігін анықтау.
- •35ОС температурадағы автолизден кейін қара бидай ұны қамырының консистенциясын анықтау.
- •2.1.5.6. Қара бидай ұнынан сынақ нан пісіру
- •2.1.7. Тритикале ұны
- •2.1.7. Наубайханалық ашытқылар
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар
- •2.2.1. Қант және құрамында қанты бар өнімдер, қант алмастырғыштар, тәттілендіргіштер
- •2.2.2. Сүт және сүт өнімдері
- •2.2.3. Май өнімдер
- •2.2.4. Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері
- •2.2.7. Дәмдеуіштер
- •2.2.8. Тағамдық қоспалар
- •2.2.9. Тағамдық хош иісті эссенциялар және химиялық қопсытқыштар
- •2.2.10. Шикізаттың дәстүрлі емес түрлері
- •3.1. Жуатын және залалсыздандыратын құралдар
- •3.2. Буып-түйетін материалдар
- •4.1. Ұнды сақтау кезіндегі жүретін процестер
- •4.1.1. Бидай ұнының жетілуі
- •4.1.2. Қара бидай ұнының жетілуі
- •4.2. Сақтау кезінде ұнның бұзылуын болдырмау
- •4.3. Наубайхана өндірістерінде ұнды қабылдау және сақтау
- •4.3.1. Ұнды қаппен сақтау
- •4.3.2. Ұнды қапсыз (ыдыссыз) сақтау
- •4.4. Ұнды өндіріске дайындау
- •4.5. Ашытқы, тұз және қосымша шикізаттарды сақтау және өндіріске дайындау
- •5.1. Рецептура және бидай қамырын дайындаудың негізгі әдістері
- •5.2. Шикізаттарды мөлшерлеу
- •5.3. Қамыр мен ашытпаны илеу және оның түзілуі
- •5.4. Қамырдың ашуы
- •5.4.1. Қамырдың ашуы кезінде жүретін процестер
- •5.4.2. Қамыр дайындау процесін қарқындату және тездету мақсатында қамырды жетілдіруді тездету (форсирование)
- •5.5. Қамырды доғалау
- •5.6. Қамырдың дайын болғандығын анықтау
- •5.7. Шикізаттардың қамыр илегенде атқаратын рөлі және олардың қатынасы
- •5.7.2. Қамыр илеуге керекті ашытқы және оның рөлі
- •5.7.3. Қамыр илеуге керекті тұз және оның рөлі
- •5.7.4. Май және оның атқаратын рөлі
- •5.7.5. Қант және оның атқаратын рөлі
- •5.8. Қамырдың температурасы
- •5.9. Бидай қамырын дайындау әдістері
- •5.9.1. Қамырды қою ашытпада дайындау
- •5.9.2. Қамырды өте қою ашытпада дайындау
- •5.9.3. Қамырды сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.4. Қамырды өте сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.5. Сұйық ашытпадан қамыр илеудің аппаратуралық сызбасы
- •5.9.6. Ашымал мен сұйық ашытқы дайындау және оның қолданылуы
- •5.9.6.1. Сұйық ашытқы дайындаудың тиімді (рационалды) сызбасы
- •5.9.6.2. Ленинградтық-4 сұйық бидай ашымалын дайындаудың сызбасы
- •5.9.6.3. Сұйық бидай ашымалын дайындаудың Жамбылдық сызбасы
- •5.9.7. Бидай қамырын сұйық ашытқы мен сұйық бидай ашымалында дайындау
- •5.9.8. Қамырды концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •5.9.9. Қамырды мезофильді ашымалда дайындау
- •Қамырды дисперцияланған фазада дайындау
- •5.9.11. Ашытпасыз қамыр илеу әдісі
- •5.9.12. Тездетілген әдіспен қамыр илеу әдісі
- •5.9.13. Қамырды қарқынды (суық) технологиямен дайындау
- •5.9.14. Нан өнімдерін мұздатылған жартылай фабрикатпен дайындау
- •5.9.15. Қамырды қопсыту әдістері
- •5.9.16. Престелген ашытқыны алдын ала белсендендіру
- •5.9.17. Қайнатпа және оларды бидай қамырын дайындауда қолдану
- •Қара бидай қамыры қасиетінің және дайындалуының ерекшеліктері
- •6.2. Қара бидай ашымалының және қамырының микроорганизмдері
- •6.3. Қара бидай қамырын дайындау әдістері
- •6.3.1. Қамырды қою ашымалда дайындау
- •6.3.2. Қамырды қою емес ашымалда дайындау
- •6.3.3. Қамырды сұйық ашымалда дайындау
- •6.3.4. Ленинградтық ашытқы микрофлора штамында сұйық ашымал дайындау
- •6.3.5. Қамырды сұйық концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •6.3.6. Қара бидай қамырын бір фазалы технологияда дайындау
- •7.1. Қамырды бөлшектерге бөлу
- •7.2. Қамыр бөлшектерін домалақтау
- •7.3. Қамыр дайындамаларын алғашқы жетілдіру
- •7.4. Қамыр бөлшектеріне керекті пішін беру
- •7.5. Қамыр дайындамаларын соңғы жетілдіру
- •7.6. Қамырды бөлшектеп-өңдеудің аппаратуралық сызбасы
- •8.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін процестер
- •8.1.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін жылуфизикалық процестер
- •8.1.2. Пісіру процесіндегі пқд-ның пісіру камерасының булы-ауа ортасымен ылғал алмасуы және ондағы ылғалдың ішкі қозғалысы
- •8.1.3.Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін микробиологиялық процестер
- •8.1.4. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін биохимиялық процестер
- •8.1.5. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін коллоидтық процестер
- •8.1.6. Пісірілетін қамыр дайындамасы көлемінің өзгеруі
- •8.2. Нан салмағының кемуі
- •8.3. Пісіру параметрлері
- •8.3.2. Пісіру температурасы
- •8.3.4. Нанның дайын болғандығын анықтау
- •8.4. Өнімдердің түрлеріне қарай пісіру ерекшеліктері
- •9.1. Нанның сууы мен кебуі
- •9.1.1. Нанның кебуіне әсер ететін факторлар
- •9.2. Нан өнімдерін сақтау, қаптау, тасымалдау және сапасын бағалау
- •9.3. Сақтау кезіндегі нан сапасының өзгеруі
- •9.3.1. Нанның ескіруі
- •Нанның және нан жұмсағының текстурасы және оның реологиялық қасиеттерін анықтауға негізделген әдістер.
- •2. Нан жұмсағының гидрофильдігін анықтауға негізделген әдістер.
- •7. Нанның балғындығын органолептикалық және дегустациялық бағалау.
- •9.3.2. Нанның ескіруіне әсер ететін факторлар
- •9.3.3. Ескірген нанның жаңалануы
- •10. 2. Нанның шығымын негіздейтін факторлар
- •10.3. Технологиялық шығындар және жоғалтулар
- •11.1. Ұнның наубайханалық қасиетін жақсарту жолдары
- •11.2.1. Нан өнімдерінің сапасын жақсартудың технологиялық шаралары
- •11.2.2. Нанның сапасын жақсартқыштар-қоспалар
- •12.1. Нан ақаулары
- •12.1.1. Ұнның сапасына байланысты болатын ақаулар
- •12.1.1.1. Қандала-тасбақамен зақымдалған дәннен алынған ұн
- •12.1.1.2. Өнген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.3. Үсіген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.4. Басқа себептер бойынша ақаулы немесе толыққұнды емес ұн
- •12.1.2. Өндірістегі технологиялық процестердің бұзылуынан болатын ақаулар
- •12.1.2.1. Қамыр дайындау технологиясы бұзылуынан пайда болған ақаулар
- •Қамырды бөлшектеп-өңдеудің бұзылу салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.3. Пісіру дұрыс жүргізілмегенде туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.4. Пісіруден кейінгі нанды дұрыс сақтамау және дұрыс тасымалдамау салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.3. Нан сапасы ақауларының себебін анықтау
- •12.2. Нан аурулары
- •12.2.1. Нанның картоп ауруы
- •12.2.2. Нанның көгеруі (зең)
- •12.2.3. Нанның басқа да аурулары
- •14.1. Нанның тағамдық құндылығы
- •14.1.1. Нанның энергетикалық құндылығы
- •14.1.2. Нанның биологиялық құндылығы
- •14.1.3. Нанның биологиялық тиімділігі
- •14.1.4. Нан көмірсулары және олардың қажеттілікті өтеуі
- •14.1.5. Нанның витаминдік құндылығы
- •14.1.6. Нанның минералдық құндылығы
- •14.2. Нанның тағамдық құндылығын жоғарылату
- •14.2.1. Нан өнімдерінің биологиялық құндылығын жоғарылату
- •14.2.2. Нан өнімдерінің витамин және минерал құндылығын жоғарылату
- •14.3. Нан сапасының оның тағамдық құндылығына әсер ететін органолептикалық көрсеткіштері
- •14.3.1. Дегустаторлардың сенсорлық сезімталдығын тексеру әдістері
- •14.4. Нанның дәмі мен иісі
- •2.1. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар..............................................16
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар...............70
5.9.6. Ашымал мен сұйық ашытқы дайындау және оның қолданылуы
Ашымал деп – әртүрлі бактериялар мен ашытқылардың қоректік ортада (қантталған ашымал, сулы-ұн қоспасы) ашытудан алынған наубайхана өндірісіндегі жартылай фабрикатты айтады. Ашымалды технологиялық процесті қарқындату, қамырды қопсыту, нанның сапасын жақсарту және нанның картоп ауруын болдырмау үшін пайдаланады.
Наубайханаларда бидай қамырын дайындау үшін престелген ашытқымен бірге немесе оның орнына өндірісте, яғни наубайхананың өзінде дайындалатын сұйық ашытқы немесе сұйық бидай ашымалы қолданылады.
«Сұйық ашытқы» деп, А. И. Островский ұсынған рационалдық сызба бойынша дайындалатын жартылай фабрикатты түсінуге болады. Бұл сызбаның бірінші сатысында 48–54оС сулы-ұн қайнатпасының термофильді сүтқышқылды бактериясымен ашуы қарастырылады. Екінші сатысында 28–30оС дейін суытылған құрамында көп мөлшердегі сүтқышқылы бар қайнатпа, басқа ыдыста ашытқылардың көбеюі үшін қоректік орта ретінде қолданылады.
28-30оС қоректік ортада (қантталған қайнатпа немесе сулы-ұн қоспасы) дайындалған, құрамында термофильді емес сүтқышқылды бактериялар мен ашытқы бір мезетте көбейетін жартылай фабрикаттарды сұйық ашымал деп атайды (қысқартылғанда СБА).
Өндіріс циклінде дайын сұйық ашытқы немесе сұйық бидай ашымалының бір бөлігі қамыр дайындау үшін бөлініп алынады да, содан соң дәл сондай мөлшерде қайтадан қоректік орта қосылады. Белгілі кезең өткен соң сұйық ашытқының немесе сұйық бидай ашымалының дайын болу жағдайына қарай қамыр дайындау үшін тағы бөліп алады да, керекті мөлшерде қоректік орта қосады.
Сұйық ашытқы дайындау циклінің басында қайнатпаның үлесіне алдын ала көбейтілген термофильді сүтқышқылды бактерияның көбейтінділері, сосын 28-30оС дейін салқындатылған ашыған қайнатпаға алдын ала көбейтілген ашытқы өнімдері қосылады.
Сұйық бидай ашымалын дайындау кезінде циклдің басында қоректік ортаның үлесіне термофильді емес сүтқышқылды бактериялар мен ашытқылардың алдын ала көбейтілген өнімдері бір уақытта қосылады.
5.9.6.1. Сұйық ашытқы дайындаудың тиімді (рационалды) сызбасы
Ашытылып жатқан ашымалда қышқыл жинақталу үшін - қоректік ортаның ашытқысы көбейе түсу үшін және қамырдың қышқылдығын реттеу мақсатында, осы ашытқыдан дайындалған Дельбрюктің термофильді сүтқышқылды бактерияларын қолдану ұсынылды.
Бұл бактериялар – нағыз термофильді сүтқышқылды бактериялар. Қышқыл түзудің температуралық оптимумы бұл бактериялар үшін 48-54оС шамасында болады.
Қамырды қарапайым, яғни 28-30оС температурада ашыту кезінде бұл бактериялармен қышқыл түзу мүлдем тоқтайды. Тағы бір маңызды нәрсе, Дельбрюк бактериялары арқылы пайда болатын сүт қышқылы ашытылатын қайнатпадағы қажетсіз қышқыл түзгіш микрофлоралардың барлығын басып тастайды. Осыдан сұйық ашытқы дайындау кезінде қоректік субстрат ретінде, Дельбрюктің термофильді бактериялары көмегімен алдын ала ашытылған ұн қайнатпасын қолдану қажет деп ұсынылады.
Осыған байланысты оны екі фазада бөлек дайындау ұсынылды: 1) 48-54оС кезінде термофильді сүтқышқылды бактериялармен ашытылған қайнатпа және 2) ашытқылардың көбеюі жүретін 28-30оС суытылған ашытылған ашымал - сұйық ашытқы.
А.И.Островский ұсынған рационалды сызба бойынша сұйық ашытқыны дайындау процесі екі циклде – өсіру (разводочный) және өндірістік - жүргізіледі. Өсіру циклі – ол микроорганизмдерді көбейту арқылы жаңа сұйық ашытқы алып, қамыр немесе ашытпа дайындауға алынған сұйық ашытқы бөлігін қоректік ортамен үздікті түрде толықтырып отыратын өндірістік циклге дейін сұйық ашытқыны жеткізу.
Өсіру циклі – қамыр илеуге қажетті мөлшерде сұйық ортада және ұнды қантты қайнатпада термофильді сүтқышқылды бактериялардың және ашытқының таза көбейтінділерінің біртіндеп көбеюі жүретін сұйық ашытқы дайындаудың бастапқы процесі.
Өсіру циклі 32-суретте келтірілген сызба бойынша іске асырылады.
10мл 100 мл 10мл 100 мл
≈ 0,1 мл ≈ 0,1 мл
1л 1л
≈ 1 кг ≈ 1 кг
9 кг 9 кг
≈ 10 кг
≈ 10 кг ≈ 10 кг
90 кг 20 кг
20 кг
32-сурет. Сұйық ашытқы дайындаудың (өсіру циклі) сызбасы
Тиімді сызбамен сұйық ашымал дайындау былай жүргізіледі: ашытылған ашымал алу үшін, алдын-ала 52-54оС суытылған қантталған қайнатпа қолданылады. Осы қайнатпаға алдын ала көбейтілген Дельбрюктің термофильді сүтқышқылды бактерияларының таза көбейтіндісі қосылады.
12-14 сағ бойы 48-54оС шамасында ашытылып жатқан ашымалда Дельбрюктің бактерияларының көбеюі жүреді және сонымен қатар жеткілікті мөлшерде сүт қышқылы жинақталады. Оның қышқылдығы 10 град шамасына жетеді. Осы кезде ашытылған қайнатпа қоректік орта дайындау үшін дайын болады. Ол үшін оның бөлігі салқын сумен араластыру арқылы 28-30оС салқындатылып, ашытқы күбісіне аударылады, онда оған көбейтілген таза ашытқы көбейтіндісі қосылады. Ал ашытылған қайнатпа керекті мөлшерде ашытылмаған қайнатпамен толықтырылады. Кезеңімен ашытылған қайнатпамен толықтырылып отырған, ашыту ыдысында 8 сағат бойы ашытылу барысында жеткілікті мөлшерде ашуға белсенді ашытқы клеткалары жинақталып, сұйық ашытқы қолдануға дайын болады. Содан соң дайын сұйық ашытқының белгілі бөлігі (мысалы, 25%) қамыр немесе ашытпа дайындауға алынады. Сосын ашытқы күбісіне 28-30оС дейін салқындатылған ашыған қайнатпаның керекті мөлшері жіберіледі.
Осыдан кейін ашыту ыдысына 52-54оС суытылған қайнатпаның белгілі бір бөлігі жіберіледі. 2 сағаттан соң 25% дайын сұйық ашытқының кезекті бөлігі тағы да алынады, керекті мөлшерде салқындатылған ашыған қайнатпамен толықтырылады.
Дайын сұйық ашытқылардың ылғалдылығы 86-88%, титрленген қышқылдығы 10-12 град және көтерілу күші 15-25 мин аралығында болады. Сонымен қатар оларда 0,6% шамасында сүтқышқылы болады.
Сондықтан сұйық ашытқылардың бактериялық флорасы тек қана Дельбрюктің термофильді бактерияларымен келтірілген.
Бұл сұйық ашытқыдағы сүт қышқылының қамырдың реологиялық қасиеттерін және нанның дәмдік сапасын жақсартуына қолайлы жағдай туғызады, сонымен қатар сұйық ашымалда дайындалатын әдеттегі қамырдың қышқылдығын өсірмейді.
