- •Isbn 978-601-217-221-8
- •Isbn 978-601-217-221-8
- •-Тарау. Нан дайындаудың технологиялық сызбасы
- •Нан пісіру кезіндегі технологиялық операциялардың орындалу реті мен мақсаты
- •1.2. Нан өндірісінің аппаратуралық-технологиялық сызбасы
- •. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар
- •2.1.1. Дәнді дақылдардың түрлері
- •Дәннің химиялық құрамы және құрылымы
- •2.1.3. Наубайханалық ұнның сұрыбы мен түрлері
- •2.1.4. Бидай және қара бидай ұнының химиялық құрамы
- •2.1.5. Бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.5.1. Бидай ұнының газ түзілу қабілеті
- •2.1.5.2. Бидай ұнының күші
- •2.1.5.3. Ұнның түсі және оның нан пісіргенде күңгірттену қабілеті
- •2.1.5.4. Бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Сынақ нан пісіру
- •2.1.6. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиеті
- •2.1.6.1. Қара бидай ұнының көмірсу-амилаза кешені
- •2.1.6.2. Қара бидай ұнының ақуыз-протеиназа кешені
- •2.1.6.3. Қара бидай ұнының түсі және оның нан дайындау процесі кезіндегі күңірттену қабілеті
- •2.1.6.4. Қара бидай ұнының ірілігі
- •2.1.5.5. Қара бидай ұнының наубайханалық қасиетін анықтау әдістері
- •27495-87 Мемст бойынша қара бидай ұнының автолитикалық белсенділігін анықтау.
- •35ОС температурадағы автолизден кейін қара бидай ұны қамырының консистенциясын анықтау.
- •2.1.5.6. Қара бидай ұнынан сынақ нан пісіру
- •2.1.7. Тритикале ұны
- •2.1.7. Наубайханалық ашытқылар
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар
- •2.2.1. Қант және құрамында қанты бар өнімдер, қант алмастырғыштар, тәттілендіргіштер
- •2.2.2. Сүт және сүт өнімдері
- •2.2.3. Май өнімдер
- •2.2.4. Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері
- •2.2.7. Дәмдеуіштер
- •2.2.8. Тағамдық қоспалар
- •2.2.9. Тағамдық хош иісті эссенциялар және химиялық қопсытқыштар
- •2.2.10. Шикізаттың дәстүрлі емес түрлері
- •3.1. Жуатын және залалсыздандыратын құралдар
- •3.2. Буып-түйетін материалдар
- •4.1. Ұнды сақтау кезіндегі жүретін процестер
- •4.1.1. Бидай ұнының жетілуі
- •4.1.2. Қара бидай ұнының жетілуі
- •4.2. Сақтау кезінде ұнның бұзылуын болдырмау
- •4.3. Наубайхана өндірістерінде ұнды қабылдау және сақтау
- •4.3.1. Ұнды қаппен сақтау
- •4.3.2. Ұнды қапсыз (ыдыссыз) сақтау
- •4.4. Ұнды өндіріске дайындау
- •4.5. Ашытқы, тұз және қосымша шикізаттарды сақтау және өндіріске дайындау
- •5.1. Рецептура және бидай қамырын дайындаудың негізгі әдістері
- •5.2. Шикізаттарды мөлшерлеу
- •5.3. Қамыр мен ашытпаны илеу және оның түзілуі
- •5.4. Қамырдың ашуы
- •5.4.1. Қамырдың ашуы кезінде жүретін процестер
- •5.4.2. Қамыр дайындау процесін қарқындату және тездету мақсатында қамырды жетілдіруді тездету (форсирование)
- •5.5. Қамырды доғалау
- •5.6. Қамырдың дайын болғандығын анықтау
- •5.7. Шикізаттардың қамыр илегенде атқаратын рөлі және олардың қатынасы
- •5.7.2. Қамыр илеуге керекті ашытқы және оның рөлі
- •5.7.3. Қамыр илеуге керекті тұз және оның рөлі
- •5.7.4. Май және оның атқаратын рөлі
- •5.7.5. Қант және оның атқаратын рөлі
- •5.8. Қамырдың температурасы
- •5.9. Бидай қамырын дайындау әдістері
- •5.9.1. Қамырды қою ашытпада дайындау
- •5.9.2. Қамырды өте қою ашытпада дайындау
- •5.9.3. Қамырды сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.4. Қамырды өте сұйық ашытпада дайындау
- •5.9.5. Сұйық ашытпадан қамыр илеудің аппаратуралық сызбасы
- •5.9.6. Ашымал мен сұйық ашытқы дайындау және оның қолданылуы
- •5.9.6.1. Сұйық ашытқы дайындаудың тиімді (рационалды) сызбасы
- •5.9.6.2. Ленинградтық-4 сұйық бидай ашымалын дайындаудың сызбасы
- •5.9.6.3. Сұйық бидай ашымалын дайындаудың Жамбылдық сызбасы
- •5.9.7. Бидай қамырын сұйық ашытқы мен сұйық бидай ашымалында дайындау
- •5.9.8. Қамырды концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •5.9.9. Қамырды мезофильді ашымалда дайындау
- •Қамырды дисперцияланған фазада дайындау
- •5.9.11. Ашытпасыз қамыр илеу әдісі
- •5.9.12. Тездетілген әдіспен қамыр илеу әдісі
- •5.9.13. Қамырды қарқынды (суық) технологиямен дайындау
- •5.9.14. Нан өнімдерін мұздатылған жартылай фабрикатпен дайындау
- •5.9.15. Қамырды қопсыту әдістері
- •5.9.16. Престелген ашытқыны алдын ала белсендендіру
- •5.9.17. Қайнатпа және оларды бидай қамырын дайындауда қолдану
- •Қара бидай қамыры қасиетінің және дайындалуының ерекшеліктері
- •6.2. Қара бидай ашымалының және қамырының микроорганизмдері
- •6.3. Қара бидай қамырын дайындау әдістері
- •6.3.1. Қамырды қою ашымалда дайындау
- •6.3.2. Қамырды қою емес ашымалда дайындау
- •6.3.3. Қамырды сұйық ашымалда дайындау
- •6.3.4. Ленинградтық ашытқы микрофлора штамында сұйық ашымал дайындау
- •6.3.5. Қамырды сұйық концентрленген сүтқышқылды ашымалда дайындау
- •6.3.6. Қара бидай қамырын бір фазалы технологияда дайындау
- •7.1. Қамырды бөлшектерге бөлу
- •7.2. Қамыр бөлшектерін домалақтау
- •7.3. Қамыр дайындамаларын алғашқы жетілдіру
- •7.4. Қамыр бөлшектеріне керекті пішін беру
- •7.5. Қамыр дайындамаларын соңғы жетілдіру
- •7.6. Қамырды бөлшектеп-өңдеудің аппаратуралық сызбасы
- •8.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін процестер
- •8.1.1. Пісіру кезіндегі қамыр дайындамасында жүретін жылуфизикалық процестер
- •8.1.2. Пісіру процесіндегі пқд-ның пісіру камерасының булы-ауа ортасымен ылғал алмасуы және ондағы ылғалдың ішкі қозғалысы
- •8.1.3.Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін микробиологиялық процестер
- •8.1.4. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін биохимиялық процестер
- •8.1.5. Пісірілетін қамыр дайындамасында жүретін коллоидтық процестер
- •8.1.6. Пісірілетін қамыр дайындамасы көлемінің өзгеруі
- •8.2. Нан салмағының кемуі
- •8.3. Пісіру параметрлері
- •8.3.2. Пісіру температурасы
- •8.3.4. Нанның дайын болғандығын анықтау
- •8.4. Өнімдердің түрлеріне қарай пісіру ерекшеліктері
- •9.1. Нанның сууы мен кебуі
- •9.1.1. Нанның кебуіне әсер ететін факторлар
- •9.2. Нан өнімдерін сақтау, қаптау, тасымалдау және сапасын бағалау
- •9.3. Сақтау кезіндегі нан сапасының өзгеруі
- •9.3.1. Нанның ескіруі
- •Нанның және нан жұмсағының текстурасы және оның реологиялық қасиеттерін анықтауға негізделген әдістер.
- •2. Нан жұмсағының гидрофильдігін анықтауға негізделген әдістер.
- •7. Нанның балғындығын органолептикалық және дегустациялық бағалау.
- •9.3.2. Нанның ескіруіне әсер ететін факторлар
- •9.3.3. Ескірген нанның жаңалануы
- •10. 2. Нанның шығымын негіздейтін факторлар
- •10.3. Технологиялық шығындар және жоғалтулар
- •11.1. Ұнның наубайханалық қасиетін жақсарту жолдары
- •11.2.1. Нан өнімдерінің сапасын жақсартудың технологиялық шаралары
- •11.2.2. Нанның сапасын жақсартқыштар-қоспалар
- •12.1. Нан ақаулары
- •12.1.1. Ұнның сапасына байланысты болатын ақаулар
- •12.1.1.1. Қандала-тасбақамен зақымдалған дәннен алынған ұн
- •12.1.1.2. Өнген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.3. Үсіген дәннен тартылған ұн
- •12.1.1.4. Басқа себептер бойынша ақаулы немесе толыққұнды емес ұн
- •12.1.2. Өндірістегі технологиялық процестердің бұзылуынан болатын ақаулар
- •12.1.2.1. Қамыр дайындау технологиясы бұзылуынан пайда болған ақаулар
- •Қамырды бөлшектеп-өңдеудің бұзылу салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.3. Пісіру дұрыс жүргізілмегенде туындаған нан ақаулары
- •12.1.2.4. Пісіруден кейінгі нанды дұрыс сақтамау және дұрыс тасымалдамау салдарынан туындаған нан ақаулары
- •12.1.3. Нан сапасы ақауларының себебін анықтау
- •12.2. Нан аурулары
- •12.2.1. Нанның картоп ауруы
- •12.2.2. Нанның көгеруі (зең)
- •12.2.3. Нанның басқа да аурулары
- •14.1. Нанның тағамдық құндылығы
- •14.1.1. Нанның энергетикалық құндылығы
- •14.1.2. Нанның биологиялық құндылығы
- •14.1.3. Нанның биологиялық тиімділігі
- •14.1.4. Нан көмірсулары және олардың қажеттілікті өтеуі
- •14.1.5. Нанның витаминдік құндылығы
- •14.1.6. Нанның минералдық құндылығы
- •14.2. Нанның тағамдық құндылығын жоғарылату
- •14.2.1. Нан өнімдерінің биологиялық құндылығын жоғарылату
- •14.2.2. Нан өнімдерінің витамин және минерал құндылығын жоғарылату
- •14.3. Нан сапасының оның тағамдық құндылығына әсер ететін органолептикалық көрсеткіштері
- •14.3.1. Дегустаторлардың сенсорлық сезімталдығын тексеру әдістері
- •14.4. Нанның дәмі мен иісі
- •2.1. Наубайхана өндірісіндегі негізгі шикізаттар..............................................16
- •2.2. Наубайхана өндірісінде қолданылатын қосымша шикізаттар...............70
Дәннің химиялық құрамы және құрылымы
Бидай және қара бидай дәнінің мынадай химиялық құрамы мен құрылысы болады: бидай, қара бидай дәні және басқа да дәнді дақылдар қабықтан, алейрон қабатынан, эндоспермнен, ұрықтық бөліктен тұрады (7-сурет).
Дәннің жеке бөлiктерiнің құрылысы, химиялық құрамы және тағамдық құндылығы әртүрлі болып келеді.
Қабық астықта зиянды механикалық әсерлерден және улы заттардың дәннiң iшiне енуінен қорғайтын функцияны атқарады. Қабық зақымдалғанда микроорганизмдер дәннің ішіне еніп, оның бүлінуіне әкеп соқтырады.
Қабық екi бөліктен тұрады: жемісті және тұқымды.
|
7-сурет. Бидай дәнінің ұзындығы бойынша кесіндісі: 1 - қабық; 2 - алейрон қабаты; 3 - эндосперм; 4 - ұрық. |
Қабық клетчатка, минералды заттар және пигменттерден тұрады. Ұн неғұрлым көбірек кебектен тұрса, соғұрлым онда минералды заттардың мөлшері көп, яғни, оның күлділігі де жоғары болады.
Дәннің алейрон қабаты эндоспермге жалғанған, бір қатар орналасқан клеткалардан /жасушадан/ тұрады. Алейрон қабатында клетчатка, минерал заттар, май және ақуыз көп мөлшерде болады.
Эндосперм (ұнды ядро) негізінен крахмал және ақуыздан құралған. Онда май, минералды заттар және клетчаткалар астықтың басқа бөлiктеріне қарағанда едәуiр аз. Эндосперм – дәннің өте бағалы бөлiгi, сондықтан да сұрыпты ұндарды тек қана эндоспермнен алады.
Ұрықтық бөлік көп мөлшерде ақуыздар, май, фермент және қанттардан тұрады. Қолайлы жағдайларда ұрық (оттектiң болуы, белгілі температура мен ылғалдылықтағы топырақта) өсе бастайды.
Ұрықтың майы ұнға түскен жағдайда тез қышқылданып оның сапасын нашарлатады.
Дән бөліктері қатынасының үлкен мәні бар. Қабық және алейрон қабаты ұнның түстерiн нашарлатады және оның энергетикалық құндылығын төмендетедi.
Қабықты, алейрон қабатын және ұрықтық бөлікті сұрыпты ұн алу кезiнде алып тастайды.
Қара бидай және бидай дәнінің жеке бөліктерінің қатынасы дәннің негізгі бөлігі эндоспермнен тұратынын көрсетеді (1-кесте). Оның мөлшері сұрыбына және өсімдіктің өскен жағдайына байланысты.
1-кесте. Бидай және қара бидай дәнінің жеке бөліктерінің қатынасы,%
Дән бөлігі |
Бидай |
Қара бидай |
Қабығы |
5,5-8 |
6,5-12,2 |
Алейрон қабаты |
6,8-8,8 |
8,4-12 |
Эндосперм |
77-82 |
72,8-78 |
Тұқым бөлігі |
1,5-3 |
2,5-5,6 |
Дәннің құрылымында эндосперм бидай дәнінің шынылығын сипатталады. Дәнді шыны, жартылай шыны және ұнды деп ажыратады. Осы көрсеткiшке бидай ұнның наубайханалық қасиеттерi тәуелдi болады.
Бидай, қара бидай дәнiнің химиялық құрамы күрделi. Барлық өнiмдер органикалық және бейорганикалық деп бөлінетін ылғалдан, құрғақ заттан тұрады.
Органикалық заттарға ақуыздар, көмiрсулар, нуклеин қышқылы, ферменттер, витаминдер, пигменттер, липидтер және т.б. жатады.
Бейорганикалық заттарға минералды заттар және су кіреді.
Ақуыздар көмiртек, сутегi, оттек және азоттардан тұрады. Олар амин қышқылдарынан құрастырылған. Табиғи ақуыздардың құрамына әр түрлi 20 аминқышқылдары кiредi. Ақуыздар, адам ағзасында синтезделмейтін, бірақ оның өмір сүруі үшін өте маңызды, тағамның толық құндылығын анықтайтын ауыспайтын аминқышқылынан тұрады. Сондықтан олар тағам өнімдерінің құрамына кіруі тиіс.
Дән ақуызы толыққұнды емес, себебі, онда ауыспайтын аминқышқылдарының, әсіресе, лизин, триптофан және метиониннің мөлшері жеткіліксіз.
Ақуыздар күрделі (протиендер) және қарапайым (протеидтер) болып бөлінеді.
Көмiрсулар – көмiртек, оттек және сутектен тұратын органикалық заттар. Олар адам ағзасы үшiн энергияның ең маңызды қайнар көзi болып саналады.
Көмiрсулар молекуланың құрылысына байланысты қарапайым (моносахаридтер) – глюкоза, фруктоза және күрделi (полисахаридтер) – сахароза, мальтоза, лактоза, сонымен бiрге крахмал, целлюлоза, шырыштарға бөлінеді.
Қарапайым қанттар – глюкоза және фруктоза – қамырдың ашуында маңызды рөл атқарады.
Мальтоза – нан қамырының негiзгi қанты, ол ұн крахмалының мальтоза ферментіне қанттану кезінде түзіледі және спиртті ашуда қатысады.
Лактоза крахмалдың гидролиздену кезінде түзіледі.
Дәннің негiзгi бөлiгi (80% шамасында) эндосперм клеткасында болатын крахмалдан тұрады. Ұнның сұрыбы жоғары болған сайын, оның құрамында соғұрлым крахмал мөлшері жоғары.
Целлюлоза (клетчатка) дәннің қабығында және кебегінде болады. Ол нанның тағамдық құндылығын жоғарылатып, энергетикалық құндылығын төмендетедi.
Шырыштар (пентозандар) – тұтқыр ерітіндінің еруі кезіндегі түзілетін коллоидты полисахаридтер. Олар суды 8 есеге дейін сіңіруге қабiлеттi. Қара бидай дәнінде кездеседі.
Нуклеин қышқылдары тұқымқуалаушылық белгілерді тасымалдайтын, ағзаның өмірсүргіш процесінде үлкен рөл атқарады.
Ферменттер – ағзадағы зат алмасуды тездететін, биохимиялық процестерді реттейтін ерекше ақуыздар.
Астықта әр түрлi көптеген ферментер бар. Нан өндiрiсiнде амилолиткалық және протеолитикалық ферменттердің (протеиназа) технологиялық мәні зор.
Ферменттер дәннің жетілуі және сақталуы кезінде ортаның температурасына және қышқылдығына әсер етуімен сезімталдыққа ие.
Витаминдер тірі ағзаның зат алмасу процестерiн реттейдi. Олар ферменттердің құрамына кіреді немесе зат алмасуда тікелей қатысады. Адам ағзасы витаминдерді синтездей алмайды, сондықтан да олар ағзаға тағаммен түсуі керек.
Дәнде: тиамин (В1), рибофлавин (В2), никотин қышқылы (РР), аздаған мөлшерде – В3, В6, В12, Е және тағы басқа витаминдер болады.
Дәннің витаминдері оның қабығы және ұрықтық бөлігінде көптеп кездеседі.
Пигменттер – бұл азық-түлiк өнiмдерiнiң түсін негіздейтін бояғыш заттар. Олар дәннің қабығында орналасқан.
Каротиноидтар – дәннің эндоспермінде болатын қызғылт сары және сары пигменттер. Олардың мөлшеріне ұнның түсi тәуелдi болады.
Липидтер – бұл энергияның маңызды көзі болып табылатын, майлар және май тәрiздi заттар. Майлар глицериннің әртүрлi май қышқылдарымен (олеин, линол және т.б.) байланысқан күйінде кездеседі.
Майлардың көп мөлшері дәннің ұрықтық бөлігінде орналасқан.
Минералды заттар макроэлементтер (натрий, калий, кальций, фосфор, магний және т.б.) және микроэлементтерге (мыс, кобальт, марганец, йод, фтор және т.б.) бөлінеді. Олар адам ағзасында көптеген физиологиялық процестерді реттейді. Дәнде минерал заттар қабықта және ұрықтық бөлікте кездеседі.
Су дән құрамының бөлiгi болып табылады. Астықтың ылғалдығы 14,5-15,5% болуы керек. 14,5% ылғалдылық базистi яғни, негізгі деп аталады.
Жоғары ылғалдылыққа ие дән сақтау кезінде, демалу процесінің күшейіп, ферменттері белсенді күйге көшіп, микроорганизмдерінің дамуынан тез бүлiнедi. Дәннің ылғалдығы сақтау жағдайына қарай жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін.
