Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
byudzhetten_tys korlar (2).docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
321.62 Кб
Скачать

Мазмұны:

Кіріспе

3

1Бюджеттен тыс қорлардың теориялық негіздері

1.1. Бюджеттен тыс қорлардың пайда болу жағдайы

5

1.2. Бюджеттен тыс қорлардың экономикалық мәні мен мазмұны

6

1.3. Шетел тәжірибесіндегі бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету ерекшеліктері

9

2Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету жағдайлары

    1. Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу негіздері

12

    1. Экономикалық бағыттағы бюджеттен тыс қорлардың ел экономикасына әсері

15

    1. Әлеуметтік бюджеттен тыс қорлардың қазіргі жағдайы

26

  1. Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың экономикаға тигізетін әсері және оларды жетілдіру жолдары

29

Қорытынды

31

Қолданылған әдебиеттер тізімі

32

Кіріспе

Мемлекеттік бюджет қаржы жүйесінің басты бөлігі болып табылады. Мемлекеттік бюджеттің көлемі бойынша елдің экономикалық дамуының деңгейі, экономикалық құрылым мінездемесі, тұрғындардың негізгі бөлігінің материалдық жағдайы туралы қортынды жасауға болады. Мемлекеттік бюджеттің негізгі көзіне салықтар (90%) жатады, ал қалған бөлігі мемлекеттік қарыз, ресми трансферттер, ақша эмиссиясы т.с.с. жолдарымен толтырылады. Мемлекеттік несие – бұл мемлекет бюджетіне ақша қаражаттарын толтырудың әдісі болып табылады.

Жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын  мемлекеттің шаруашылық жүргізуші  субъектілермен және халықпен қалыптасатын каржылық қатынастары құрады. Бұл  қатынастарға олардың мемлекет бірден бір қатысушысы болып табылатын бөлгіштік үдерісте пайда болатыны және қоғамдық қажеттіліктерді канағаттандыруға арналған ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты екені жалпы тиісті (тән) болып келеді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрады. Бюджет мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қаражаттарының қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару орғандарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты болады. Мемлекеттік бюджеттің болуы мүлдем адамдардың субъективті қалауының (еркінің) нәтижесі емес, ұлғаймалы ұдайы өндірістің мұқтаждарымен, мемлекеттің табиғаты мен және функцияларымен шарттасылған объективті қажеттігі. 

Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқындары мен үйлесімдерін қамтамасыз етуге,оның салалық және аумақтық құрылымдарын жетілдіруге жетуге, экономика салаларын дамытудың бірінші кезектегі бағдарламалары үшін қажетті мөлшерлерде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгертулер жүргізуге жағдай жасайды. Қаржыны орталықтандырудың аркасында ақшалай қаражаттар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайлар жасай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады. 

Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны, мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарғапайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.

Жалпы мемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржылық ресурстарды ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады. Бірақ рыноктық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджеттік қаражаттар жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджеттік қормен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады. Бюджеттен тыс қорлар мемлекет қаржысы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің катаң белгілі бір максаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақшалай ресурстардың жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекеттарапынан қаржылық ресурстарды қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады. 1991 жылдан бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржылық ресурстардың бір бөлігін окшауландыру, мемлекеттік бюджеттерді оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде Бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық орғандарына аударуды қажет етті; бұл максатқа Экономиканытұрактандыру қоры (кейін Экономиканы жаңғырту қоры) сай болды. Басқа жағдайларда, рынокқа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді жәнетиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мүктаждарга жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сактандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың - Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі арналымның инновациялық қорларының және басқаларының өте-мөте тар максатты арналымы болды.