Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
byudzhetten_tys korlar (2).docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
321.62 Кб
Скачать

1.3. Шетел тәжірибесіндегі бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету ерекшеліктері

Мемлекеттік бюджет – ұлттық табысты қайта бөлудің негізгі құралы. Осы элемент арқылы ұлттық табыстың 40 %-ға дейінгі бөлігі қайта бөлінеді. Саяси және әлеуметтік экономикалық қатынастардағы жалпы мемлекеттік шығындардың маңыздылары және ең ірі кірістері мемлекеттік бюджетті құрайды. Мемлекеттік бюджеттің негізгі кірістері салықтардан құралады (мемлекеттік кірістің 70-90%-ын салық құрайды). Франциядан басқа нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің (Францияның мемлекеттік бюджетінің негізгі құралу көзін ҚҚС құрайды) бюджетінің көп бөлігін тікелей салықтар құрайды. Ал дамушы елдерде ол орынды жанама салықтар алады. Оларға: ҚҚС, акциз, кедендік алымдар жатады. Жанама салықтар тұрақты түсімдер ретінде қарастырылады, себебі салықтық тәртіп орын алған жағдайда олардан бас тарту мүмкіндіктері болмайды. Сонымен қатар халық табысының төменділігі, кірістерге әсер ететін инструменттердің әртүрлілігі және кірістерді төмендету мүмкіндігінің бар болуы тікелей салықтарды мемлекеттік бюджеттің құралу көзі ретінде енгізуге жол берілмейді.

Шығыстар бөлігі мына мақсаттарға бағытталады:

әскери мақсаттарға;

мемлекеттің экономикаға араласуына;

мемлекеттік аппаратты материалды қамтамасыз етуге;

әлеуметтік шығындар;

дамушы елдерге субсидиялар мен несиелер.

Жергілікті қаржылар мемлекеттік құрылымға және әкімшілік бөлінуге байланысты құралады. Федералды мемлекеттердің жалпы мемлекеттік қаржы жүйесінде жергілікті бюджеттің үлесі 40-50%, ал унитарлы мемлекеттерде 30 %-ға жуығы. Мүліктік салықтар жергілікті бюджеттің негізгі құралу көзі болып табылады. Сонымен қатар жергілікті бюджетке қаржылық ресурстар, мемлекеттік бюджеттен және тең дәрежелі бюджеттерден келетін қаржылар құрайды. Жергілікті бюджеттердің шығындары көбінесе әлеуметтік экономикалық инфрақұрылымға бағытталады.

Арнайы бюджеттен тыс қорларға мемлекеттік бюджетке тәуелсіз зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру және басқа да мақсатты қорлар жатады. Дамыған елдерде ірі арнайы қорлар саны 30-дан 80-ге дейін.

Бағыттарына байланысты оларды келесі топтарға жіктейді:

әлеуметтік;

экономикалық;

ғылыми-зерттеушілік;

несиелік;

жеке және мүліктік сақтандыру қорлар;

әскери-саяси;

мемлекетаралық.

Шет елдердің қаржылық жүйесінде арнайы қорлар маңызды орын алады. Францияда арнайы қорлардың мөлшері мемлекеттік бюджет мөлшеріне шамалас, ал Жапонияда мемлекеттік шығындардың жартысынан көп бөлігі арнайы қорлардан қаржыландырылады.

Арнайы қорлар:

отандық кәсіпорындарды несиелендіру, субсидияландыру және қаржыландыру;

табиғат қорғау шараларын қаржыландыру (табиғат ластанғаны үшін айыппұлдардан және басқа да арнайы көздерден);

өтемақы, зейнетақы төлеу және жалпы әлеуметтік инфрақұрылымды субсидияландыру, несиелендіру;

несиелендіру, соның ішінде шетелдік мемлекеттерді қосқандағы шетелдік серіктестіктерді несиелендіру.

Қаржылық тұрақсыздық орын алған жағдайда үкімет осы қорларды пайдалануға тырысады. Бұл шара қаржы жүйесінің тұрақтандыруға жол береді. Қаржыландыру көздері тұрақты және уақытша болып жіктеледі. Қорлардың ең басты құралу көзі арнайы алымдар мен салықтар болып табылады. Арнайы қорлар мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден субсидиялар негізінде де қаржыландыру мүмкін.

Германияның бюджеттік жүйесі үш бөлімнен құралады: федералды бюджет; аймақтық бюджет (16); жер бюджеті (11 мыңнан астам қауым). Сонымен қатар, қаржылық жүйеге арнайы үкіметтік және бюджеттен тыс қорлар кіреді: темір жол Федералды қоры (Bundesbank) және Федералды пошта (Bundespost), мемлекеттік ұйымдар, әлеуметтік сақтандыру мекемелері, федералды жұмыспен қамту мекемесі.

Федералды бюджет федерацияның жоспарлы табыстардан және жоспарлы шығыстардан құралады. 1980 жылдардың басында федералды бюджет арқылы ЖІӨ-нің жартысына дейін қайта бөлінді.

Ұлыбританияның қаржы жүйесі 4 звенодан тұрады:мемлекеттік бюджет,жергілікті бюджет,арнайы бюджеттен тыс қорлар,мемлекеттік кәсіпорындардың қаржысы.Ұлыбритания – унитарлы мемлекет және оның бюджет жүйесі екі деңгейге ие.Елдің мемлекеттік бюджеті екі бөлімнен тұрады:ағымдағы түсімдер мен олардың шығыстарынан тұратын консолидацияланған қор;капитал қозғалысымен байланысты мемлекеттің кірістері мен шығыстарынан тұратын ұлттық қарыз қоры.