
- •4. Сақтандыру кезеңдері және олардың ерекшеліктері.
- •5. Сақтандырудағы қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер.
- •6.Сақтандырудағы тәуекелдер.
- •7. Халықаралық сақтандыруда қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер.
- •8.Сақтандырудағы спецификалық тәуекелдер.
- •9. Сақтандырудың алғышарттары және принциптері.
- •10. Сақтандырудағы тәуекелдер.
- •11. Жекелей сақтандыру формалары
- •12. Міндетті және ерікті сақтандыру программаларының ерекшеліктері
- •13. Саяхат кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •14. Жасыл карта жүйесі
- •15. Туристерді сақтандыру кезінде жүргізетін негізгі сақтандыру шараларының түрлері
- •16. Қазіргі кезде туристерді сақтандырудың схемалары
- •17. Сақтандыру компанияларының негізгі функциялары
- •18. Туристерге көрсетілетін сақтандыру қызметтері
- •19. Сақтандыру полисында қандай дәрігерлік шығындар қарастырылмайды
- •20. Шетелге баратын туристерге раналған сақтандыру
- •21. Турист және туртоптың жетекшісі сақтандыру қаупі төнген жағдайда қолданылатын шаралар
- •22. Сақтандыру алдында потенциалдық турист қандай құжаттар түрімен танысу керек
- •23. Сақтандыруға жатпайтын туристттермен болған келеңсіздік жағдайлар мен аурулар
- •24.Туристердің жекелей және мүліктік сақтандыруының ерекшеліктері
- •25.Туристерді сақтандырудың спец түрі
- •26. Туристік жорықта ең қажетті сақтандыру түрлері
- •27. Туризмдегі сақтандыру.
- •28. Сақтандыру нарығы.
- •29. Туристік ұйымдардың жауапкершілігін сақтандыру.
- •30. Сақтандыру келісім шарты.
- •31.Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру
- •32.Туристердің жеке басын сақтандырудағы тарифтер
- •33.Туристердің мүліктерін сақтандыру
- •34.Туристік қызметті сақтандырудағы жарнама
- •35.Шетелге шығатын азаматтарды сақтандыру
- •36.Шетелге шығатын азаматтарға көрсетілетін сақтандыру қызметтері
- •37.Лицензиялау түсінігі
- •38.Лицензиялауға жататын барлық қызмет түрлері
- •50.Туризмдегі сақтандыру жарнамасын дайындау кезіндегі негізгі сәттер.
- •51. Туризмдегі сақтандырудың ерекшеліктері
- •52. Туризмдегі сақтандыру жарнамасының ерекшеліктері
- •53. Туристік бизнестегі сақтандыру қызметін жылжытатын маркетингтік каналдар
- •54. Шетелге шығатындар үшін сақтандыру қызметтері
- •55. Туристер мен экскурсанттарды қауіпсіздікпен қамтамасыз етудегі қойылатын талаптар
- •56.Туристік қызметті жобалау
- •57. Лицензия беру кезіндегі реттілік пен қажеттілік
- •58. Лицензиялауға жататын барлық қызмет түрлері
- •Автокөлікті сақтандыру
- •60. Сақтандыру кезеңі және сақтандыру сомасы
- •63 Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың шарты және оны жасасу тәртiбi
- •65. Сақтандырудағы қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер.
- •66.Сақтандырудағы тәуекелдер.
- •67 Сақтандырушы, тұлғаның құқықтары, міндеттері
- •68.Сақтандырудағы спецификалық тәуекелдер.
- •69. Сақтандырудың алғышарттары және принциптері.
- •70.Зиян келтірілген тұлғаның қайта талап ету құқығы
- •72)Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi
- •73)Сақтандыру жағдайын және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау
- •74)Жасыл карта жүйесі
- •75)Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың талаптары және тәртiбi
- •76)Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
- •79)Ерікті медициналық сақтандыру туралы.
- •80)Шетелге шығатындар үшін сақтандыру қызметтері.
- •81. Турист және туртоптың жетекшісі сақтандыру қаупі төнген жағдайда қолданылатын шаралар
- •82. Сақтандыру алдында потенциалдық турист қандай құжаттар түрімен танысу керек
- •83. Сақтандыруға жатпайтын туристттермен болған келеңсіздік жағдайлар мен аурулар
- •84.Туристерді жекелей и мүліктік сақтандырудың ерекшеліктері
- •86.Туристік жорықта ең қажетті сақтандыру түрлері
- •87. Туризмдегі сақтандыру.
- •88. Сақтандыру нарығы.
- •89. Турфирма жауапкершілігін сақтандыру.
- •90. Сақтандыру келісім шарты.
88. Сақтандыру нарығы.
Сақтандыру нарығы дегеніміз ақшалай қатынастардың сферасы, онда сатып алу-сату обьектісі «ерекше тауар» - сақтық қызметі болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады.
Сақтандыру нарығының ішкі ережелері:
1. сақтандыру нарығы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін айқындауға тиіс;
2. ішкі аудит қызметінің және басқа тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелерінің санын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін айқындауға тиіс;
3. сақтандыру нарығының техникалық, инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа тәуекелдерді басқару жүйесін айқындауға тиіс;
4. құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін айқындауға тиіс;
5. сақтандыру нарығының лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері оның атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде солардың өкілеттіктерін айқындауға тиіс;
Сақтандыру нарығындағы функциялар: бөлу, бақылау, реттеуші, коммерциялық, бағалық, сенімділік.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының бөлу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.
Реттеуші функция дегеніміз мемлекеттің тарапынан сақтандыру нарығын реттеуді қарастыруға негізделген. Сонымен қатар сақтандыру нарығындағы операциялардың жүргізілуін ретке келтіріп, кемшіліктерін жояды.
Коммерциялық функция сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан түсетін табыстарды мейілінше жоғары деңгейге көтеру.
Бағалық функция компанияның сақтандыру қызметінің бағасын қалыптастыруда көмек көрсетеді. Және ол тұтынушылардың сұранысына байланысты қалыптасады.
Сенімділік функциясы сақтандыру операциялары қолайсыз немесе басқа жағдайлар туындағанда сенімділікті қамтамасыз етеді, яғни тұтынушылардың барлық шығындарын өзі өтейді.
89. Турфирма жауапкершілігін сақтандыру.
Тиісті лицензияға әрі «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасасылатын міндетті сақтандыру шартына орай туристік өнімді сатуға байланысты қызметтер көрсететін туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды құқықтық реттеу Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, «Сақтандыру қызметі туралы», «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің принциптері мен ережелеріне негізделеді. Демек, туроператор мен турагенттің өз жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаспай туристік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді. Туроператор мен турагенттің кәсіби қызметін жүзеге асыруға байланысты өз жауапкершілігін ерікті сақтандыру шартын жасасуы да оларды туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттен босатпайды. Туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты туристік қызметтер көрсету кезінде мүліктік немесе өзге де мүдделеріне зиян келтірілуі мүмкін пайда алушының пайдасына сақтандырушы мен сақтанушының арасында «Туроператордың және турагенттің азаматтіқ-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасасылған келісімді білдіреді. Осы орайда туроператордың және турагенттің жауапкешілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының (туроператордың немесе турагенттің) Республикасының сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген сақтандыру полисін беру жолымен жазбаша нысанда жасасылады.
Туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын бірден төленген, ал оны бөліп-бөліп төлейтін болса, бірінші жарнасын төленген кезден бастап күшіне енеді және он екі ай ішінде қолданыста болады. Аталған тұлғалардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын уақтылы төлуге, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайды басталған кезде тиісті заңның талаптарын есепке ала отырып жасасылған шарттың негізінде, туристің моральдық зиянның және алынбаған пайданың өтеміне байланысты талаптарын қоспағанда, пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемін жүзеге асыруға, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын төлеуге міндеттенеді. Туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу аумағы туристік маршруттар (турлар) өтетін аумақтарды қамтиды. Сақатндыру қорғауын қолдану кезеңі туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданыста болуы мерзімімен сәйкес келеді.