Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сактандыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
165.22 Кб
Скачать

38.Лицензиялауға жататын барлық қызмет түрлері

Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы ережемен белгіленген талаптарды сақтаса, Қазақстан Республикасының жеке жаңа заңды тұлғаларына лицензия алу құқығы беріледі.

Лицензия мынандай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:1.туроператорлық;2.турагенттік;3.экскурсиялық;4.туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі.

3аңды тұлға - өтінушінің филиалдары мен өкілдіктері құрамында лицензияланады. Филиал немесе өкілдік туралы ереже мен тіркеу құжаттары лицензиарға көрсетілуі тиіс. Заңды тұлға - өтінуші филиал немесе өкілдік ашқан жағдайда, 30 күн ішінде лицензиарды хабардар етеді.

Лицензия субьектіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде беріледі. Лицензия бір данада беріледі, лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың жазбаша өтініш бойынша төл құжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін алым төлейді. Тұлғаның аталуы Заңды, орналасқан жері өзгерген жағдайда, ол бір ай ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап лицензиар он күн ішінде лицензияны қайта рәсімдейді.

Негізінен туристік саладағы лицензия «Лицензия туралы» Заңмен белгіленген мерзімге беріледі. Лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті адам лицензияға қол қояды және лицензиардың мөрімен куәландырылады.

Туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығына лицензия өтінушіге заңнамада көрсетілген біліктілік талаптарына сай келген жағдайда беріледі.

Туроператорлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

1.белгіленген нысан бойынша өтініш;2.лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;3.жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;4.кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;5.меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;6.білімі және жұмыс өтілі туралы құжаттардың көшірмелерін қоса отырып, қызметкерлердің тізімі;7.туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;8.туристік жолдаманың және туристік жарнамасының көшірмесі;9.экскурсиялық қызметке лицензиясы бар туристік ұйыммен шарттың көшірмесі немесе оқу орнын бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар, экскурсия жүргізушілер тізімі;10.жарнамалық-ақпараттық материалдар ;11.туристік бағыттардың тізілімі;12.туристерге қызмет көрсету бағдарламасы;13.«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның 17-ші бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;

-туристерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат

39.ҚР-ғы міндетті сақтандыру қызметін құқықтық реттеудегі туроператорлар мен турагенттердің атқаратын міндеттері.

Тиісті лицензияға әрі «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасасылатын міндетті сақтандыру шартына орай туристік өнімді сатуға байланысты қызметтер көрсететін туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды құқықтық реттеу Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, «Сақтандыру қызметі туралы», «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің принциптері мен ережелеріне негізделеді. Демек, туроператор мен турагенттің өз жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаспай туристік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.

Сонымен қатар, сақтанушы: 1) тиісті лицензиясы бар сақтандырушымен туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу; 2) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне белгілі болған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осындай мән-жай жөнінде сақтандырушының хабардар ету; 3) туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген тәртіп пен мерзімде тиісті мөлшердегі сақтандыру сыйлықақысын төлеу; 4) сақтандыру жағдай басталғанда келтірілген зиянды өтеу міндетінің туындауына байланысты зиянның мөлшері және сипаты жөніндегі мән-жайды анықтауға қажетті қолда бар құжаттарды сақтандырушыға табыс ету; 5) сақтандыру жағдайынан салдарынан келтірілетін залалдарды азайту үшін шаралар қолдану; 6) сақтандыру жағдайы келтірген залалдарды дәлелдеуді өз мойына ала отырып, туристің зиянды өтеу туралы талаптарына байланысты мәселелерді реттеуге қатысу үшін сақтандырушыға мүмкіндік беру; 7) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығының сақтандырушыға өтуін қамтамасыз ету; 8) туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушыға туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартына енгізуге қажетті мәмілеттерді табыс ету сияқты міндеттерді атқаруға тиіс.

40.Сақтандыру нарығы дегеніміз –бұл ерекше әлеуметтік-экономикалық орта және де сату және сатып алу объектісі ретінде сақтандыру қорғаушысы жүретін экономикалық қатынастардың сферасы болып табылады. Сақтандыру нарығына төмендегілер тән:

  • Қоғамның сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ету үшін, сақтандыру қорларын бөлу және қалыптастыру бойынша қатынастардың ұйымдастыру формасы.

  • Сақтандыру процессін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымның (сақтандырушылардың) жиынтығы

Сақтандыру нарығының құрылымы.

Институцианалдық аспект:

  • Ол акционерлік қоғамдар;

  • Мемлекттік органдар;

  • Коорпаративтік қоғамдар;

  • Өзара сақтандыру қоғамдар.

Територриялық аспектіде:

  • Жергілікті (аймақтық) сақтандыру;

  • Ұлттық (ішкі нарық) сақтандыру;

әлемдік (сыртқы нарық) сақтандыру.

41.Сақтандыру объектісі және сомалары. Сақтандыру объектісі –мүліктік мүд-делер: адам-дардың өмірі мен денсаулы-ғы, еңбекке және сақтан-дырушы немесе сақтан-дырушы тұлға-ның зейнет-ақылықпен қамтамасыз етілумен байланысты. Мүлікті пайда-нумен,иелену-мен байланыс-ты (мүліктік сақтандыру). Сақтандырушыға келтірілген зиянды орнын толтыру немесе өтеп берумен байланысты, жеке тұлғаның мүлкін қайтарумен байланысты сондай-ақ заң- ды тұлғаға келтірілген зиянның оры-нын толтыру (сақтандыру жауап кершілігі)

Сақтандыру сомалары –сақтандыру келісім шарты-мен анықталған немесе заңмен белгіленген ақша сомалары, сомаларға сәйкес сақтандыру жарналары және бір реттік төлемдер (егерде заңмен көрсетілсе) мөлшері белгіленеді. Сатып алу сомасы сақтандыру келісім –шартын уақытынан бұрын тоқтатқан жағдайда сақтанушының алуға құқығы бар ақша сомасы. Сақтандыру сомасы сақтандыру обьектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталғанда Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі болатын қаражат сомасы.

42.Микро деңгейдегі сақтандыру функциялары. Сақтандыру функциялары микроэконмикалық және макроэкономикалық деңгейде бірін –бірі толықтырушы және жеке дара ерекше жағдайларда орындалады.

Тәуекелділік функциясы –сақтандырушы сақтандыру арқылы белгілі бір тәуекелдердің қаржылық салдарларын сақтандыру ұйымына жүктеу арқылы орындарды.

Сақтандырудың жинақтаушы –жинақтық функциясы –маңызды әлеуметтік рөлді атқарады, яғни еңбекке қабілеттікті жоғалтқан кезде қалыпты өмір деңгейін ұстап тұру үшін денсаулығын сақтау және белгілі бір қорды жинақтауды қамтамасыз етеді.

Қаржыландыруды жеңілдету функцисы –бірнеше аспектіден тұрады: 1) сақтандырушы сақтандыру жағдайы болған кезде, сақтандыру шартында көрсетілген, өзіне келтірілген зиянның орнын толтыратын белгілі бір қаржы қорын алады; 2) сақтандыру жарналарын кәсіпорын шығындар топтамасына қосуы мүмкін, яғни өздерінің тауарлаы мен қызметінің бағасына қосады; 3) сақтандыру мүліктері және жауапкершілігі несие алу үшін қажетті шарт болып табылады.

Алдын-ала ескерту функциясы –сақтандыру келісімшартын жасаған кезде сақтандыру ұйымының андеррайтері (тәуекелдерді бағалаушы) мүмкін болатын тәуекелдерді бағалауды жүргізеді және сақтандыру объектісінде тәуекелдер деңгейін бақылауға мүмкіндік беретін, ескеруші сипатындағы іс-шаралардың жүйесін жасап ұсынады.

Сақтандырылмайтын тәуекелдерге басты назарды шоғырлау мүмкіндігі функциясы –сақтандыру келісімшартын жасаған кезде кәсіпкер өзін көптеген мазалаушы жағдайлардан өзін арылтады және толығымен нарықтық конъюктураның тәуекелділіктерін талдауға жүгінеді және өзінің кәсіпорынның стратегиялық менеджмент мәселелерін қарастырушымен орындалады.

43.Макроэкономикалық деңгейдегі сақтандыру функциялары.

Қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету функциясы дегеніміз –сақтандыру жағдайының нәтижесінде зардап шеккен кәсіпорынның іс-әрекеттерін қайта жандандыру және оның орнын жылдам қалпына келтіру үшін қаржылық жағдайды жасайды. Сол үшінде қоғамда сақтандыру қорлары құрылады.

Мемлекеттік қосымша шығындардан арылту функциясы –бірден-бір сақтандыру қорларының болуымен қамтамасыз етеді. Өйткені, оларсыз стихиялық жағдайлардың, авариялардың салдарларын жою мемлекеттің мойында болар еді. Ал мемлекеттің иелігінде мемлекеттік бюджет және бюджеттік емес қорлардың шектеулі ғана қоры бар.

Ғылыми-техникалық прогресивті ынталандыру функциясы – 2 жолмен жүреді.1)сақтандыруұйымдастыру өздерінің коорпоративті клиенттерінің назарын технология және өнімдердің қауіпті элементтеріне бағдарлайды. 2)сақтандыру ұйымдары өз күштерімен және алдын-ала ескерту іс-шараларының қолары арқылы технологиялармен өнімдерді жетілдіруге бағытталған белгілі бір туындыларды қаржыландыруға күш-жігерін жұмсайды.

Азаматтық жауапкершілік қарым қатынастар жүйесіндегі зардап шегуші тұлғалардың мүддесін қорғау функциясы –жеке және заңды тұлғалардың оларға үшінші бір тұлғаның келтірілген зияны үшін азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру арқылы жүргізеді.

Инвестициялық ресурстарды шоғырландыру, ұлттық шаруашылық үшін экономикалық өсуді ынталандыру функциясы –сақтандыруда олардың құрған сақтандыру резерв қорлары мемлекеттік бағалы қағаздарға, кәсіпорынның акциясына, банкеттерге және жылжымайтын мүлікке инвестицияланады

44.Сақтандырудағы тәуекелдер.

сақтандырудағы «тәуекел» сөзі бірнеше ұғымды білдіреді. Ең алдымен, бұл ұғымның астарында кездейсоқтық – орын алуы міндетті емес, бірақ бақылаудан тыс туындауы мүмкін оқиға түсініледі. Тәуекел сөзінің ұғымында сондай-ақ сақтандырушының жауапкершілігі түсініледі: сақтандыру нысаны тәуекелде, яғни оның жауапкершілігінде тұрады. Одан кейін «тәуекелді» сақтандыру нысаны, мысалы, кеме білдіруі мүмкін. Соңында, «тәуекел» түбінде сақтандырушы жауапкершілігінің белгілі бір түрі ұғынылуы мүмкін.

Тәуекелдің бәрісақтандыру ережелерімен көзделген тәуекелдің барлығы сақтандырушымен жабылатын сақтандыру шарты. Алайда, бұл шарт сақтандырудың әрбір және кез келген шығынды жабуы тиіс деп түсінілмеуі тиіс, бұл ретте нақты тәуекел жабылады. Сақтандыру тәуекелі

сақтандырылуы жүргізілетін жағдайдың туындауы болжанатын қауіпті оқиға. Сақтандырумен жабылатын тәуекел шеңбері сақтандыру шартының талаптарында қатаң түрде талқылануы тиіс.

Жалпы тәуекел кез-келген алдағы бір күтілетін құбылыстардың кері әсері болуының қауіп қатерін білдіреді. Кез-келген нақты бір тәуекелдер (мысалы; стихиялы жайыптар. өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) өз кезегінде белгілі бір жайыптардың (мысалы; сақтандыратын объектілрдің күйіп кетуі) болуын білдіреді. Тәуекелділік түсігінің дамуында 3 деңгейді ажыратады.

  1. Тәуекелділік ке-келген субъекті шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелері ықтималды болу ретінде анықталады.

  2. Тәуекелділік нақтылы нәтижелердің жоспарлы күтімдерден ауытқуы.

  3. Тәуекелділік жағымсыз нәтижелердің ықтималдылығын бөлу ретінде анықталады.

Тәуекелдерді бағалау әдістері төмендегідей:

  1. Жеке дара бағалау әдісі –сақтандырушы өзінің кәсіби тәжірибесіне және субъективті көзқарасына сүйене отырып ерікті түрде бағалайды.

  2. Орташа мөлшерлер әдісі –тәуекелділік топтарын жекелеген кіші топтарға бөлу арқылы бағалау, яғнитәуекелділіктің мөлшерін анықтау үшін оның белгілері бойынша жасалынатын аналитикалық негіз (мысалы; сақтандыру объектінің баланстық құны, өндірістік қуаттардың сомасы және өндірістік циклдарының түрлері).

  3. Пайыздық әдіс –орташа тәуекелділік типінің мүмкін болатын оң және кері ауытқуларына байланысты болатын аналитикалық негізге жасалынатын жеңілдіктер және қосымша сомалардың жиынтығы көрсетіледі.

45.Қауіп қатердің көздері.

Табиғаттың стихиялық күштерінің көрінуі

-Жер сілкінісі

-Су тасқыны

-Цунами, сель

-Құйын және

Адамның мақсатты іс-әрекеттері

-ұрлық

-улану

-вандализм

-Тағы басқа адамның іс-әрекеті

Сақтандыру тәуекелді-ліктер

-Жеке дара-өнер туын-дыларының шедеврла-ры экспози-цияларына қатысты вандализм

-Әмбебап-Мүліктерді тону

-Ерекше -Катастро-фалық-Анамалия-лық

-Шаруашылық іс-әрекеті

-Жеке және заңды кәсіпкерлердің тұлғалары

-Ақпараттың жетіспеуі

-Экология-лық

-Көлік-тік

-Саясаттық репрессивті

-Азаматтық және кәсіби жауапкершілік тәуекелдері

- Әскери

-Технологиялық

1.Машиналар құрал-жабдықтар авариялары

2.Өндіріс технологиясындағы ақаулықтар

-Арнайы

1.Бағалы металдардың және тастардың тасмалы

2.Қолма-қол ақшалардың тасмалы

46.Жол жүру кезіндегі сақтандырулар. Туризмнің дамуы белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада жүзеге асады, және де ол оның нәтижесінде шешуші бір әсер етеді. Бұл әсер әр уақытта жағымды немесе оң түрде болса бермейді. Сол себептен де туризм саласындағы орын алатын физикалық және әлеуметтік сипаттағы қауіп қатерлер туризм индустриясындағы субъектілердің назарында болуы керек және де есепке алынуы тиіс. Олар туристік қызметтегі қауіпсіздікке төнетін әр түрлі қауіп қатерлердің алдын алуын қажет, және де олардың мүмкіндігін неғұрлым төмендету керек.

Туристік жорықтардағы қауіпсіздік туристердің жеке қауіпсіздігін, олардың мүліктерінің сақталуын сондай-ақ саяхат барысында қоршаған ортаға зиян келтірмеуді қарастырады.

Туроператорлар және турлар туристерге саяхат барысында мүмкін болатын қауіп қатерлер туралы толық ақпарат беруге тиісті. Сонымен қатар олар туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық мүмкін болатын шараларды жасауы қажет. Егерде туристер қауіпті инфекциялық аурулары бар және оның тәуекелі жоғары болатын елдерге саяхатқа шыққан кезде, олар халықаралық –медициналық талаптарға сәйкес алдын ала профилактикадан өтуі қажет. Осыған орай Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау ұйымы туристік ұйымдар мен туристердің өздері үшін басшылыққа алынатын «Шетелге жорыққа шығу кезінде салынатын прививкалар куәлігіне қойылатын талаптар» жасады. Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау ұйымы қатерлі инфекциялардың тарлу мүмкіндігін, сонын ішінде туризм арқылы таралу мүмкіндігін «эпидемиялогиялық жылнама» және ұсыныстар шығарып отырады.

47.Туристік қызметті жобалау. .       жобалау (жабдық әзiрлеу үшiн қажеттi техникалық-экономикалық негiздеменi, есептердi, сызбаларды, макеттердi, сметаларды, түсiндiрме жазбаларды қамтитын кешендi техникалық, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзiрлеу);

Өзіне таныс емес қоршаған орта, басқа климат тамақтанудың басқа режимі, судың химиялық құрамының өзгеруі және әр түрлі аяқ асты жағдайлар және күтпеген оқиғалар туристердің денсаулығы үшін белгілі бір қауіп тудыруы мүмкін. Осыған орай туристерді сақтандыру бағдарламасы шетелге шығатын туристерді жоғарыда аталғандай тәуекелдерді ескерту және олардың салдарымен күресу жөнінде белгілі бір мақсаттарды қояды. Туризм саласына қатысты сақтандыру дегеніміз –белгілі бір жағдайлар (сақтандыру тәуекелдері немесе жағдайлар) орын алған кезде сақтандырудың орнын толтыратын төлемдер арқыыл сақтандыру жарнамаларынан құрылатын ақша қорлары (сақтандыру қорлары) есебінен заңды немесе жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау бойынша экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз. Туризмдегі сақтандыру өзінің алдына турстік іс-әрекеттің тәжірибесінде мүмкін болатын, бірақ міндетті емес алдын ала қарастырылған жағдайлардың жағымсыз әсерлерінен болатын зияндардың орнын толтыруды мақсат етіп қояды.

Туризмдегі сақтандыру белгілі бір құқықтық нормативтік құжаттармен реттелінеді. Туризм сферасындағы сақтандыру түрлері туристі және оның мүлкін сақтандыру, соның ішінде өмірін және денсаулығын сақтандыру туристік фирмалардың тәуекелдерін сақтандыру және т.б. түрлерге бөлінеді. Сақтандырудың айрықша түрлері ретінде көлік құралдарының кешігуі, демалыста сақтандырылатын тұлғалардың жүрген жеріндегі ауа-райының нашарлауы және жолдамадан немесе ваучерде көрсетілген туристік қызметтерді пайдалану немесе толығымен пайдаланбау кезінде болатын жағдайларды сақтандырулар жатады. Көптеген елдердегі заңнама бойынша жүргізушілердің азаматтық жауапкершілігі және сонын ішінде автокөлік иесінің (автотурист) жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру қарастырылады, шекарадан өткен кезде жүргізуші немесе автотурист сақтандыру полисін алу қажет немесе рәсімдеуі қажет. Еуропа одағында автотуристер үшін мұндай сақтандыру түрін алуды «жасыл карта » дейді. Ол бойынша сақтандыру төлемінің мөлшері автомобильдің классына және жорықтың ұзақтығына байланысты белгіленеді.

Саяхаттар негізіндегі тәуекелдерді азайту және туристердің қауіпсіздігі кең көлемдегі проблемалармен байланысты болып келеді. Соның ішінде белгілі бір елдің тұрақты тұрғындарын және сол елге келуші туристердің қауіпсіздігін қорғау мақсаттарда арнайы полициялық қызметтер құрылады, сол елдегі туристік мекемелердің қауіпсіздігін және оларда лицензия мен сертификаттың болуын тексеру, жедел жәрдем байланыстарының жұмысын ұйымдастыру, туристерден түсетін шағымдарды қабылдау, сол елдегі ескерткіштерді қорғау, қоршаған ортаны аялау, нашақорлықпен және жезөкшелікпен күресу. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларларын жасау бойынша жарнама тәжірибедер ЮНВТО-мен зерттелініп және қорытынды жасалынып отырады. Негізінен саяхаттардың қауіпсіздігі туристердің кодексінде (БТҰ бас ассамблеясының VI сессиясында 1985 жылы қабылданған), туристер бойынша Гаагалық парламенттік конференцияда 1989 жылы декларацияланған. 1994 жылы БТҰ-ң атқарушы кеңесінде саяхаттың қауіпсіздігіне жауап беретін туристік қызмет көрсету сапасы жөніндегі комитет құрылған. Сол жылы БТҰ әлемнің 73 елін зерттеген . Оның ішінде Ресей де бар. Саяхатшылардың, туристердің, туристік объектілердің қауіпсіздігі және оларды қорғау. БТҰ-ң инициативасы бойынша 1995 жылы эстерундта Швецияда туризмнің қауіпсіздігі және саяхаттар кезіндегі тәуекелдікті азайту жөнінде І-ші халықаралық конференция өткізілген еді. Осы конференцияда жасалған қорытынды бойынша әлем елінің 71%-да орналасқан туристік обьектілер мен көрнекті орындар арнайы туристік полиция немесе қауіпсіздік қызметі тарапынан қорғалатындығын көрсетті. Елдердің жартылай көбінде бұл қызмет мемлекеттік немесе муниципалдық полицияның бір бөлігі болып табылады. Жалпы елінің 21% арнайы туристік полиция қызметі бар екені және сол елінің жартылай қызмет туристерге олардың проблемасын шешуге көмектесетін, ал елінің 40%-да полиция сәйкесінше өкілдіктердің (консульство) қызметі туристік ақпарат беріп, туристерге кеңес береді. Сонымен туристік полиция қызметіне мәдениет ескерткіштерін, қоршаған ортаны қорғау, нашақорлықпен күрес туристерге ақпарат беру және жергілікті этникалық топтарды қорғау кіреді. Әйтсе де туризмге бейімделген 9 елде ғана арнайы заңдар қабылдаған және соның негізінде туристік полиция құрылған.

Туристік полиция қызметкерлері шет ел тілдерін үйренеді -әлем елінің 41%-да, ал 26%-да арнайы туристік пәндер бойынша дайындықтан ведомстволармен, фирмаламрмен және кәдімгі полиция қызметкерлерімен әрдайым байланыс ұстап отырады. ТМД елінің ішінде Ресей Федерациясында, яғни Мәскеу үкіметінде муниципалды туристік полиция қызметін құру жөнінде шаралар қолданған. Ресейге қатысты бүгінгі күнде сақтандыру компаниясына жүргізілген сауалнамалар нәтижесінде Ресей туристері үшін әр түрлі типтегі жағымсыз жағдайлар бойынша І-ші орында Турция тұрғаны анықталады. Мұндағы көп кездесетін жағымсыз жағдайлар: тамақтан улану, суық тию және әртүрлі жарақаттар алу болып табылады. ІІ-ші орында осы көрсеткіштер бойынша Болгария тұр, онда балалар лагеріннде әртүрлі инфекциялық аурулардың ошағы болып табылады. ІІІ-ші орында Испания және Кипр. Басқа да елдер медициналық тұрғыдан ыстық климаттық жағдайға байланысты қауіпті жағдайлар туғызу мүмкін, мысалы, ол Египет және БӘИ, ал туристер үшін ең жағымды оңтайлы жайыттар басты Европа елдерінде, ең алдымен ол Австрия және Швеция.

48.Халықаралық деңгейдегі мәнге ие карантинді аурулардың түрі. Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау ұйымы қатерлі инфекциялардың тарлу мүмкіндігін, сонын ішінде туризм арқылы таралу мүмкіндігін «эпидемиялогиялық жылнама» және ұсыныстар шығарып отырады.

Халықаралық деңгейдегі мәнге ие карантинді аурулардың түрі:

  1. Оба (чума)

  2. Оспа –қабыну, ісіну аурулары

  3. Холера

  4. Желтая лихорадка

  5. Вич –Спид

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы ЮНВТО-мен белгілі бір жұмыс келісімін

жасаған, оған сәйкес санитарлық бақылаудан өтумен байланысты барлық рәсімделу туралы ақпаратын «Шетелдік туризм –шекаралық рәсімдеулер» баспа жинағында шығып тұрады. Негізінен онда белгіленген халықаралық үлгідей сертификаттармен бекітілген прививкаларды жасау қажет елдердің тізімі көрсетіледі.

Саяхаттар кезінде қауіпті инфекциялық ауруларды болдырмас үшін белгілі бір медико-санитарлық ережелер бар. Осы ережелер жорық басталғанға дейін клиенттерге міндетті түрде туристік –экскурсиялық қызмет көрсету стандарты бойынша ақпараттық парақтар түрінде жеткізілуі қажет. Туристік жолдамалардың типтік формасында турист өзі баратын ел туралы және ондағы мінез-құлықтық, іс-әрекеттік ерекшеліктер жөнінде саяхаттың ақысын төлемей тұрып, толық танысуы қажет және сол туралы толық ақпарат алу керектігі жөнінде ескерту болады, турист оған өзі қол қою арқылы міндеттенеді. Өйткені шетелге шыққан кезде турист экстрималды жағдайда болады.

49.Жасыл карта жүйесіне кіретін елдер. «Жасыл карта» бұл халықаралық келісім-шарттардың жүйесінің атауы және де автокөлік құралдарының иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін міндетті түрде сақтандыру туралы сақтандыру куәлігі болп табылады. Бұл жауапкершілік үшінші бір тұлғаға жеке тұлғасына және мүлкіне келтірген зияндар нәтижесінде туындау мүмкін (жая жүргіншіні қағып кету, басып кеті; көлік құралдардың өзара соғылуы; көліктердің ғимаратқа және т.б соғылуы). Сақтандырудың бұл түрі мына елдерде міндетті болып табылады: Австрия, Албания, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Голландия, Греция, Дания, Израиль, Иран, Исландия, Испания, Италия, Люксенбург, Мальта, Марокко, Норвегия, Польша, Португалия, Румынья, Словакия, Словения, Тунис, Туркия, Финляндия, Франция, Хорвакия, Чехия, Швеция, Швецария, Эстония, Югославия. Осы аталған елдердегі сақтандырудың бұл түріне қатысты автокөлік жүргізушілерінің азаматтық жауапкершіліктерін сақтандырудың құжаттық түрдегі дәлелдемесі, оларға «жасыл карта» және «көк карта» полистерін беру болып табылады. «Көк карта» полисі тек қана Болгарияда, Венгрияда, Польша және Румынияда ғана қолданылады. Автокөлік жүргізушілерінде сақтандыру полистерінің болуын кедендік органдары мен жол полициясы қызметкерлері бақылайды. «Жасыл карта» деген атау сақтандыру полисінің түріне және формасына байланысты және де сақтандыру бойынша құқықтық қатынастар жағынан осы атауы ие болған. 1949 ж 13 елдің қатысуымен «жасыл карта» жөніндегі келісімшартқа қол қойылды. Бүгінгі күні келісімшарттың аясы бір шама кеңейген. Онда 30 қатысушы ел бар. «жасыл карта» негізінен осы келісімге қатысушы барлық екендігін көрсететін негізгі құжат болып табылады. Сол арқылы автокөлік иелері атаулы елдердің кез-келгеніне, сол елдердің шекарасында қосымша сақтандыруды алмай-ақ еркін кіріп-шығып жүре беруге құқық алады. «Жасыл картаны» алушы сақтандырылушының өтініші керек және жүргізуші куәлігі, көлік құралдарының құжаттары керек.