Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сактандыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
165.22 Кб
Скачать

30. Сақтандыру келісім шарты.

Кәсіпкерлікпен айналысатын кез- келген адам келісім шартты құра білуі, оның құрылымы мен шарттарын білуі қажет. Кәсіпкерлердің іскерлік байланыстары екі негізгі бағыт бойынша дамиды:

А) өндіріс процесін дұрыс ұйымдастыру үшін жабдықтаушылармен қапым – қатынасы;

Б) кәсіпкер шығаратын өнімді тұтынушылармен қарым – қатынас;

Кәсіпкер іскерлік байланыстарды орнату кезінде орындалатын негізгі құқықтары мен міндеттерін келісім шартта бекітіледі және екі жақты қол қойылады.

Келісім шарт – іскерлік байланыстарды бекіту формасы (жазбаша, құжат түрінде). Кәсіпкерлікте құрылтайшы келісім шарты, кәсіпкерлік және шаруашылық келісім – шарттарын ажырата білу керек.

Құрылтайшы келісім шарты –нақты бір кәсіпкерлік идеяны жүзеге асыру мақсатында жеке немесе заңды тұлғалардың жаңа ұйымдық – құқықтық формадағы кәсіпорынды құруын куәландыратын жазбаша құжат. Онда кәсіпорының атауы, мекен жайы және фирманың іс әрекеті жазылады. Сонымен қатар жарғыда негізгі капиталдың көлемі, жарғыға қол қойған әріптестің үлесі, кірісті бөлу тәртібі көрсетіледі. Фирманың жарғысына қол қойған тұлғалар құрылтайшылар деп аталады. Барлық құрылтайшылар қол қойған жарғы нотариалды бекітіледі және мемлекеттік тіркеледі. Бұл тіркеу фирма заңды тұлға статусына ие болады.

Кәсіпкерлік келісім шарт – кәсіпкерлік процесті іске асыратын құжат. Келісім шарт – мәміленің негізінде жатқан міндеттемелерді әрбір жақтың орындалуын қадағалайтын құжат. Келісім шартқа бірнеше талаптар қойылады. Ең алдымен ол құжаттың құрылымына қатысты. Кез – келген келісім шарт үш бөліктен тұрады: преамбуладан, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.

31.Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру

Тиісті лицензияға әрі «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасасылатын міндетті сақтандыру шартына орай туристік өнімді сатуға байланысты қызметтер көрсететін туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды құқықтық реттеу Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, «Сақтандыру қызметі туралы», «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің принциптері мен ережелеріне негізделеді.

Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жаупкершілігі тиісті туроператордың және турагенттің туристік қызметтер көрсетуі кезінде нақтылы туристерге (туристер тобына) келтірілген зиянды өтеу жөніндегі олардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген міндеті ретінде көрініс табады. Өздеріне осындай, негізінен алғанда, материалдық сипатты міндет жүктелген туроператор -өзінің туристік өнімін қалыптастыру, алға бастыру және турагенттер мен туристерге сату жөніндегі қызметпен айналысу құқығына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлға, ал турагент лицензия негізінде туристік өнімді алға бастыру және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға болып табылады.

Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілгін міндетті сақтандырудың мақсаты өздерінің туристік қызметтер көрсетуді кезінде туристердің мүліктік және өзге де мүдделерін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жолымен қорғауды қамтамасыз етуге бағытталатындықтан, туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі осы туроператордың немесе турагенттің туристік өнімді сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруы кезінде туристің мүліктік немесе өзге де мүдделеріне келтірілген зиянды олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесін нысаналайды. Туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың негізгі принциптеріне: туристің мүліктік немесе өзге де мүдделерін қорғауды заңда белгіленген көлемде және тәртіппен қамтамасыз ету; туроператордың және турагенттің өз қызметін туроператордың және турагенттің өз қызметін туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты болғанда ғана жүзеге асыруы; туроператордың және турагенттің туристік қызметтер көрсету қауіпсіздігін арттыруға орай экономикалық мүдделілігі жатады. Сонымен, өркениетті туристік қызметтер көрсету жөніндегі лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асыратын туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру заң жүзінде белгіенген осындай және т.б. мән-жайларды қамтиды.