Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сактандыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
165.22 Кб
Скачать

10. Сақтандырудағы тәуекелдер.

Жалпы тәуекел кез-келген алдағы бір күтілетін құбылыстардың кері әсері болуының қауіп қатерін білдіреді. Кез-келген нақты бір тәуекелдер (мысалы; стихиялы жайыптар. өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) өз кезегінде белгілі бір жайыптардың (мысалы; сақтандыратын объектілрдің күйіп кетуі) болуын білдіреді. Тәуекелділік түсігінің дамуында 3 деңгейді ажыратады.

  1. Тәуекелділік ке-келген субъекті шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелері ықтималды болу ретінде анықталады.

  2. Тәуекелділік нақтылы нәтижелердің жоспарлы күтімдерден ауытқуы.

  3. Тәуекелділік жағымсыз нәтижелердің ықтималдылығын бөлу ретінде анықталады.

Тәуекелдерді бағалау әдістері төмендегідей:

  1. Жеке дара бағалау әдісі –сақтандырушы өзінің кәсіби тәжірибесіне және субъективті көзқарасына сүйене отырып ерікті түрде бағалайды.

  2. Орташа мөлшерлер әдісі –тәуекелділік топтарын жекелеген кіші топтарға бөлу арқылы бағалау, яғнитәуекелділіктің мөлшерін анықтау үшін оның белгілері бойынша жасалынатын аналитикалық негіз (мысалы; сақтандыру объектінің баланстық құны, өндірістік қуаттардың сомасы және өндірістік циклдарының түрлері).

3.Пайыздық әдіс –орташа тәуекелділік типінің мүмкін болатын оң және кері ауытқуларына байланысты болатын аналитикалық негізге жасалынатын жеңілдіктер және қосымша сомалардың жиынтығы көрсетіледі

11. Жекелей сақтандыру формалары

Жекелей сақтандыру формалары: Өмірді сақтандыру – азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге де мудделерін заладан қорғаудың нысаны, ол жеке басты және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің көмегімен жүзеге асады.

Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтық төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Аннуитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек қабілетін (жасына, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең – кезеңімен сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Жеке басты сақтандырудың сан алуан түрлері бар: өмірді аралас сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші субъектілер есебінен олардың қызметкерлерін сақтандыру, әуе, темір жол, теңіз, ішкі су және облыс аралық, халықаралық автомобиль көлігінің жолаушыларын сақтандыру және т.с.с.

Жеке басты сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан басқасы ерікті нысанда жүргізіледі. Міндетті нысанда сондай – ақ көлік құралдары иелерінің азаматтық – құқықтық жауапталығы, әскери қызметшілердің жеке құрамы, ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, салық қызметі қызметкерлері сақтандырылады.