Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сактандыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
165.22 Кб
Скачать

24.Туристердің жекелей және мүліктік сақтандыруының ерекшеліктері

Сақтандырылған мүліктің түріне немесе тобына қарай сақтандырудың мынадай түрлерін ажыратады: ауыл шаруашылығы дақылдарын, малдарды, құрылыстарды, мемлекеттік, жеке меншік, кооперативтік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың мүлкін, көлік құралдарын, қаржылық тәуекелді (соның ішінде банк салымдары мен банк операцияларын, бағалы қағаздар нарығындағы операцияларды), жүктерді, мұнай операцияларын (мұнай шығару оны өңдеу және тасымалдау жөніндегі) т.т. сақтандыру. Мүліктік сақтандыруға міндетті нысанда көліктің барлық түрімен тасу жасалғанда тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық – құқықтық жауаптылығы мен автокөлік иелерінің азаматтық – құқықтық жауаптылығы сақтандырылады. 1996 жылдан бастап ауыл шаруашылығы өндірісін: көп жылдық екпелерді, ауыл шаруашылығы малдарын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді, ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауарларын қолайсыз табиғат – климат жағдайларынан, эпизоотиялардан және басқа дүлей апаттардан міндетті сақтандыру қайта қалпына келтірілді.

Өмірді сақтандыру – азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге де мудделерін заладан қорғаудың нысаны, ол жеке басты және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің көмегімен жүзеге асады.

Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтық төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Аннуитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек қабілетін (жасына, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең – кезеңімен сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Жеке басты сақтандырудың сан алуан түрлері бар: өмірді аралас сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші субъектілер есебінен олардың қызметкерлерін сақтандыру, әуе, темір жол, теңіз, ішкі су және облыс аралық, халықаралық автомобиль көлігінің жолаушыларын сақтандыру және т.с.с.

Жеке басты сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан басқасы ерікті нысанда жүргізіледі. Міндетті нысанда сондай – ақ көлік құралдары иелерінің азаматтық – құқықтық жауапталығы, әскери қызметшілердің жеке құрамы, ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, салық қызметі қызметкерлері сақтандырылады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру - азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына және (немесе) жұмысынан айырылуына, сондай – ақ асыраушысынан айырылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі.

25.Туристерді сақтандырудың спец түрі

Туристерді сақтандырудың спецификалық түрлеріне негізінен медициналық,қауіпсіздігін және мүлкін сақтандыру түрлерін жатқызамыз.

Медициналық сақтандыру — бүл жүмыс берушілердің, аза-маттардық сақтық жарналары мен бюджет қаражаттары есебінен сақтандырылған адамдарға зиянның орнын өтеу үшін және медицина мекемелерінің шығындарының өтемақысын төлеу үшін ауырган, жарақат алған жағдайда дснсаулықты қаржыландыру жөніндегі қатынастар. Ол әлеуметтік бағдарланған экономикасы бар елдердің сақтық қорғауы тұтас жүйесінің міндетті атрибут-тарының бірі болып табылады. Мысалы; АҚШ-та "Медикэр" жүйесі — егде адамдар үшін, "Медикэйд" жүйесі — кедейлер, жүмыссыздар мен мүгедектер үшін; ГФР-де — сырқатты сақтан-дыру- Медициналық сақтандырудың шетелдік жүйелері, әдеттсгідей, өзін-өзі сақтандыру қағидатында (жүмыс берушілердің, қызметкерлердің және мемлекеттің негізінен төменгі әкімшілік буынның қатысуы) жүмыс істейді және ны-сандары мен әдістерінің сан алуандығымен ерекшеленеді. Ме-дициналық сақтык қорғаудың ұжымдық (салалық), қоғамдық (мемлекеттік) және жеке (жекеше) жүйелері бар. Медициналық сақтандыру қорларына сақтық жарналарын төлеуде жұмыс берушілердің міндетті қатысуы заңнамада қарастырылған. Сақ-тық қорларын қалыптастыру, қызметтер көрсету сияқты, сақтау-шылардың табыстарына, қор мекемесінің мәртебесіне, кейде сақтандырылғандардың жасына қарай сараланған.Өмірді сақтандыру –азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге де мудделерін заладан қорғаудың нысаны, ол жеке басты және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің көмегімен жүзеге асады. Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтық төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.Саяхат кезінде туристердің қауіпсіздігін және мүлкін сақтандырамыз.Өзге мемлекет жерінде ешқандай зиян шекпеуі тиіс.