Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сактандыру.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
165 Кб
Скачать
☆

6.Сақтандырудағы тәуекелдер.

Жалпы тәуекел кез-келген алдағы бір күтілетін құбылыстардың кері әсері болуының қауіп қатерін білдіреді. Кез-келген нақты бір тәуекелдер (мысалы; стихиялы жайыптар. өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) өз кезегінде белгілі бір жайыптардың (мысалы; сақтандыратын объектілрдің күйіп кетуі) болуын білдіреді. Тәуекелділік түсігінің дамуында 3 деңгейді ажыратады.

Тәуекелділік ке-келген субъекті шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелері ықтималды болу ретінде анықталады.

Тәуекелділік нақтылы нәтижелердің жоспарлы күтімдерден ауытқуы.

Тәуекелділік жағымсыз нәтижелердің ықтималдылығын бөлу ретінде анықталады.

Тәуекелдерді бағалау әдістері төмендегідей:

Жеке дара бағалау әдісі –сақтандырушы өзінің кәсіби тәжірибесіне және субъективті көзқарасына сүйене отырып ерікті түрде бағалайды.

Орташа мөлшерлер әдісі –тәуекелділік топтарын жекелеген кіші топтарға бөлу арқылы бағалау, яғнитәуекелділіктің мөлшерін анықтау үшін оның белгілері бойынша жасалынатын аналитикалық негіз (мысалы; сақтандыру объектінің баланстық құны, өндірістік қуаттардың сомасы және өндірістік циклдарының түрлері).

Пайыздық әдіс –орташа тәуекелділік типінің мүмкін болатын оң және кері ауытқуларына байланысты болатын аналитикалық негізге жасалынатын жеңілдіктер және қосымша сомалардың жиынтығы көрсетіледі.

7. Халықаралық сақтандыруда қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер.

Аддендум –  Сақтандыру және қайта сақтандыру шартына қосымша келісім. Онда шарттардың бұрын қабылданған талаптарына тараптардың өзара келісімі бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар берілген.

Актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) компаниясының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің эконо­микалық-математикалық есептеулерін жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

Андеррайтер -  сақтандыру (қайта сақтандыру) компаниясы немесе Lloyds синдикаты тәуекелдерді сақтандыруға (қайта сақтандыруға) уәкілеттік берген тұлға. Сақтандырушының немесе қайта сақтандырушының сақтандыру (қайта сақтандыру портфелінің қалыптасуына жауапты болады. Оның тәуекелдің тиісті дәрежесін, сақтандыру тарифтері мен сақтандыру талаптарын белгілеу үшін қажетті білімі мен тәжірибесі болуы керек.

Андеррайтерлік тәжірибе – сақтандыру компаниясының белгілі тәуекелдерді сақтандыруға қабылдау (қабылдаудан толығымен бас тарту, белгілі лимитпен немесе шектеулі талаптармен қабылдау) жөнінде  жүргізген саясаты.

Аннуитеттік сақтандыру –  сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айрылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Аннуитет шарты - сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм iшiнде Пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты. Аннуитет шарты жинақтық сақтандыру шартына жатады.

Пруденциалдық нормативтер – уәкілетті органдар белгілеген және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтауға міндетті нормативтер.

Ретроцессия – қайта сақтандырушының факультативті немесе қайта сақтандыру шарты бойынша қабылдаған тәуекелдерді басқа қайта сақтандырушыларға беруі

Суброгация – Сақтанушының (Сақтандырылушының) сақтандыру нәтижесінде өтелген шығындар үшін жауапты тұлғаға талап қою құқығы. Сақтандырушыға ауысқан талап қою құқығы сақтанушы (сақтандырылушы) мен шығындар үші жауапты адамның арасындағы қатынастарды реттейтін ережелерді сақтай отырып жүзеге асырылады.

Сюрвейер – Сақтанушының немесе сақтандырушының өтініші бойынша  сақтандырылған немесе сақтандырылуға тиесілі кемелер мен жүктерді тексеруді жүзеге асыратын сарапшы.

Франшиза (franchise) – сақтандырушыны сақтандыру талаптарында көзделген, белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату. Франшиза шартты (шегерілмейтін) және шартсыз (шегерілетін) болады және сақтандыру сомасына қатысты пайыз бойынша не абсолютті мөлшерде белгіленеді. Шартты франшиза кезінде сақтандырушы франшизаның белгіленген мөлшерінен аспайтын залалды өтеуден босатылады, бірақ егер оның мөлшері осы сомадан көп болса, залалды толық өтеуге тиіс.Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайларда белгіленген сома шегеріле отырып өтеледі.