Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сактандыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
165.22 Кб
Скачать

22. Сақтандыру алдында потенциалдық турист қандай құжаттар түрімен танысу керек

Сақтандыру келісімшартын жасаған кездегі клиенттердің мотивациясы.

Туризмдегі сақтандыру белгілі бір құқықтық нормативтік құжаттармен реттелінеді. Туризм сферасындағы сақтандыру түрлері туристі және оның мүлкін сақтандыру, соның ішінде өмірін және денсаулығын сақтандыру туристік фирмалардың тәуекелдерін сақтандыру және т.б. түрлерге бөлінеді. Сақтандырудың айрықша түрлері ретінде көлік құралдарының кешігуі, демалыста сақтандырылатын тұлғалардың жүрген жеріндегі ауа-райының нашарлауы және жолдамадан немесе ваучерде көрсетілген туристік қызметтерді пайдалану немесе толығымен пайдаланбау кезінде болатын жағдайларды сақтандырулар жатады. Көптеген елдердегі заңнама бойынша жүргізушілердің азаматтық жауапкершілігі және сонын ішінде автокөлік иесінің (автотурист) жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру қарастырылады, шекарадан өткен кезде жүргізуші немесе автотурист сақтандыру полисін алу қажет немесе рәсімдеуі қажет. Еуропа одағында автотуристер үшін мұндай сақтандыру түрін алуды «жасыл карта » дейді. Ол бойынша сақтандыру төлемінің мөлшері автомобильдің классына және жорықтың ұзақтығына байланысты белгіленеді

23. Сақтандыруға жатпайтын туристттермен болған келеңсіздік жағдайлар мен аурулар

Туризмнің дамуы белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада жүзеге асады, және де ол оның нәтижесінде шешуші бір әсер етеді. Бұл әсер әр уақытта жағымды немесе оң түрде болса бермейді. Сол себептен де туризм саласындағы орын алатын физикалық және әлеуметтік сипаттағы қауіп қатерлер туризм индустриясындағы субъектілердің назарында болуы керек және де есепке алынуы тиіс. Олар туристік қызметтегі қауіпсіздікке төнетін әр түрлі қауіп қатерлердің алдын алуын қажет, және де олардың мүмкіндігін неғұрлым төмендету керек.

Туроператорлар және турлар туристерге саяхат барысында мүмкін болатын қауіп қатерлер туралы толық ақпарат беруге тиісті. Сонымен қатар олар туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық мүмкін болатын шараларды жасауы қажет. Егерде туристер қауіпті инфекциялық аурулары бар және оның тәуекелі жоғары болатын елдерге саяхатқа шыққан кезде, олар халықаралық –медициналық талаптарға сәйкес алдын ала профилактикадан өтуі қажет. Осыған орай Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау ұйымы туристік ұйымдар мен туристердің өздері үшін басшылыққа алынатын «Шетелге жорыққа шығу кезінде салынатын прививкалар куәлігіне қойылатын талаптар» жасады. Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау ұйымы қатерлі инфекциялардың тарлу мүмкіндігін, сонын ішінде туризм арқылы таралу мүмкіндігін «эпидемиялогиялық жылнама» және ұсыныстар шығарып отырады.

Халықаралық деңгейдегі мәнге ие карантинді аурулардың түрі:

  1. Оба (чума)

  2. Оспа –қабыну, ісіну аурулары

  3. Холера

  4. Желтая лихорадка

  5. Вич –Спид

Саяхаттар кезінде қауіпті инфекциялық ауруларды болдырмас үшін белгілі бір медико-санитарлық ережелер бар. Осы ережелер жорық басталғанға дейін клиенттерге міндетті түрде туристік –экскурсиялық қызмет көрсету стандарты бойынша ақпараттық парақтар түрінде жеткізілуі қажет. Туристік жолдамалардың типтік формасында турист өзі баратын ел туралы және ондағы мінез-құлықтық, іс-әрекеттік ерекшеліктер жөнінде саяхаттың ақысын төлемей тұрып, толық танысуы қажет және сол туралы толық ақпарат алу керектігі жөнінде ескерту болады, турист оған өзі қол қою арқылы міндеттенеді. Өйткені шетелге шыққан кезде турист экстрималды жағдайда болады.