Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сактандыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
165.22 Кб
Скачать

8.Сақтандырудағы спецификалық тәуекелдер.

Жалпы тәуекел кез-келген алдағы бір күтілетін құбылыстардың кері әсері болуының қауіп қатерін білдіреді. Кез-келген нақты бір тәуекелдер (мысалы; стихиялы жайыптар. өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) өз кезегінде белгілі бір жайыптардың (мысалы; сақтандыратын объектілрдің күйіп кетуі) болуын білдіреді. Арнайы тәуекелділік түсігінің дамуында 3 деңгейді ажыратады.

Тәуекелділік ке-келген субъекті шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелері ықтималды болу ретінде анықталады.

Тәуекелділік нақтылы нәтижелердің жоспарлы күтімдерден ауытқуы.

Тәуекелділік жағымсыз нәтижелердің ықтималдылығын бөлу ретінде анықталады.

Тәуекелдерді бағалау әдістері төмендегідей:

Жеке дара бағалау әдісі –сақтандырушы өзінің кәсіби тәжірибесіне және субъективті көзқарасына сүйене отырып ерікті түрде бағалайды.

Орташа мөлшерлер әдісі –тәуекелділік топтарын жекелеген кіші топтарға бөлу арқылы бағалау, яғнитәуекелділіктің мөлшерін анықтау үшін оның белгілері бойынша жасалынатын аналитикалық негіз (мысалы; сақтандыру объектінің баланстық құны, өндірістік қуаттардың сомасы және өндірістік циклдарының түрлері).

Пайыздық әдіс –орташа тәуекелділік типінің мүмкін болатын оң және кері ауытқуларына байланысты болатын аналитикалық негізге жасалынатын жеңілдіктер және қосымша сомалардың жиынтығы көрсетіледі.

9. Сақтандырудың алғышарттары және принциптері.

Сақтандырудағы ең басты алғышарты төмендегідей:

  1. Тәуекелділік бірлестіктердің болуы –бұл белгілі бір тәуекелге ұшырылған тұлғалардың немесе шаруашылық бірліктерінің саны.

  2. Сақтандыру төлемдерін -белгілі бір сақтандыру жайыттары болған кезде ғана жүргізу.

  3. Келтірілген зиян –ақшалай бағалауда жататын тәуекелдерді ғана сақтандыру.

Сақтандырудың мынадай принциптері болады:

  1. Эквиваленттілік –сақтандыру ұйымының табыстары мен шығыстары арасындағы тепе-теңділік.

  2. Кездейсоқтық –яғни, ықтималдылық және болуы кездейсоқ белгіде болатын жайттар сақтандырылады

.

Міндетті сақтандырудың алғышарттары мен негізгі принциптері:

  • Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты өздерінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде өмірі мен денсаулығына зиян келген жұмысшылардың мүліктік мүдделерін қорғауды сақтандыру төлемдерін төлеу арқылы қамтамасыз ету.

  • Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың негізгі принциптері мыналар: - жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың келісім-шартына сәйкес тараптардың өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету; - жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігін арттыруға деген экономикалық мүдделілігі.

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі принциптері: 1) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың және орындаудың жалпылығы; 2) әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет кепілдік берген шаралар; 3) әлеуметтік сақтандыру жүйесіне міндетті қатысу; 4) әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлемдер төлеу үшін әлеуметтік аударымдарды пайдалану; 5) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлем төлеу міндеттілігі; 6) міндетті әлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар қызметінің жариялылығы.