Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сактандыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
165.22 Кб
Скачать

26. Туристік жорықта ең қажетті сақтандыру түрлері

Туризмнің дамуы белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада жүзеге асады, және де ол оның нәтижесінде шешуші бір әсер етеді. Бұл әсер әр уақытта жағымды немесе оң түрде болса бермейді. Сол себептен де туризм саласындағы орын алатын физикалық және әлеуметтік сипаттағы қауіп қатерлер туризм индустриясындағы субъектілердің назарында болуы керек және де есепке алынуы тиіс. Олар туристік қызметтегі қауіпсіздікке төнетін әр түрлі қауіп қатерлердің алдын алуын қажет, және де олардың мүмкіндігін неғұрлым төмендету керек.

Туристік жорықтардағы қауіпсіздік туристердің жеке қауіпсіздігін, олардың мүліктерінің сақталуын сондай-ақ саяхат барысында қоршаған ортаға зиян келтірмеуді қарастырады.

Туроператорлар және турлар туристерге саяхат барысында мүмкін болатын қауіп қатерлер туралы толық ақпарат беруге тиісті. Сонымен қатар олар туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық мүмкін болатын шараларды жасауы қажет. Егерде туристер қауіпті инфекциялық аурулары бар және оның тәуекелі жоғары болатын елдерге саяхатқа шыққан кезде, олар халықаралық –медициналық талаптарға сәйкес алдын ала профилактикадан өтуі қажет. Осыған орай Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау ұйымы туристік ұйымдар мен туристердің өздері үшін басшылыққа алынатын «Шетелге жорыққа шығу кезінде салынатын прививкалар куәлігіне қойылатын талаптар» жасады. Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау ұйымы қатерлі инфекциялардың тарлу мүмкіндігін, сонын ішінде туризм арқылы таралу мүмкіндігін «эпидемиялогиялық жылнама» және ұсыныстар шығарып отырады.

Халықаралық деңгейдегі мәнге ие карантинді аурулардың түрі:

- оба (чума);

- оспа –қабыну, ісіну аурулары;

- індет (Холера);

- сары ауру (Желтая лихорадка);

- ЖҚТБ (Вич–Спид).

Қорыта келе,туристік жорықтарда ең міндетті сақтандыру түрлері болып медициналық,туристердің жеке қауіпсіздігін жіне мүлкін сақтандыруымыз қажет.

27. Туризмдегі сақтандыру.

Сақтандыру дегеніміз –жеке тұлға немесе заңды тұлғаны білгілі бір зиян шегулерін көптеген тұлғалар арасында (сақтандыру жиынтығы) болу тәсілі арқылы зиянның орнын толтыру болып табылады. Зиянның орнын толтыру сақтандыру ұйымдарының (сақтандырушының) шелігіндегі сақтандыру қорының көзінен жүргізіледі.

Туризмдегі сақтандыру -әлеуметтік сақтандыру түріне жатады. Әлеуметтік сақтандыруға 4 сала кіреді:

  1. Медицина сақтандыру (міндетті және еріктік)

  2. Зейнетақылы сақтандыру

  3. Белгісіз, аяғасынан болатынан сақтандыру

  4. Жұмыссыздық сақтандыру

Туризм саласына қатысты сақтандыру дегеніміз –белгілі бір жағдайлар (сақтандыру тәуекелдері немесе жағдайлар) орын алған кезде сақтандырудың орнын толтыратын төлемдер арқыыл сақтандыру жарнамаларынан құрылатын ақша қорлары (сақтандыру қорлары) есебінен заңды немесе жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау бойынша экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз. Туризмдегі сақтандыру өзінің алдына турстік іс-әрекеттің тәжірибесінде мүмкін болатын, бірақ міндетті емес алдын ала қарастырылған жағдайлардың жағымсыз әсерлерінен болатын зияндардың орнын толтыруды мақсат етіп қояды.

Туризмдегі сақтандыру белгілі бір құқықтық нормативтік құжаттармен реттелінеді. Туризм сферасындағы сақтандыру түрлері туристі және оның мүлкін сақтандыру, соның ішінде өмірін және денсаулығын сақтандыру туристік фирмалардың тәуекелдерін сақтандыру және т.б. түрлерге бөлінеді. Сақтандырудың айрықша түрлері ретінде көлік құралдарының кешігуі, демалыста сақтандырылатын тұлғалардың жүрген жеріндегі ауа-райының нашарлауы және жолдамадан немесе ваучерде көрсетілген туристік қызметтерді пайдалану немесе толығымен пайдаланбау кезінде болатын жағдайларды сақтандырулар жатады. Көптеген елдердегі заңнама бойынша жүргізушілердің азаматтық жауапкершілігі және сонын ішінде автокөлік иесінің (автотурист) жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру қарастырылады, шекарадан өткен кезде жүргізуші немесе автотурист сақтандыру полисін алу қажет немесе рәсімдеуі қажет. Еуропа одағында автотуристер үшін мұндай сақтандыру түрін алуды «жасыл карта » дейді. Ол бойынша сақтандыру төлемінің мөлшері автомобильдің классына және жорықтың ұзақтығына байланысты белгіленеді.