Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сактандыру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
165.22 Кб
Скачать

1. Сақтандырудың қайнар көзі мен қажеттілігі. Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру  сферасы адам өмрінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты  себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауәп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық – заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады. Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады. Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру. Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі рыногын сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынадай міндеттерді шешу көзделінген:

- әлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтық қорғауды ұсынудың қағидаттарын нақтылау;

- сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;

- сақтық рыногының қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру және оның қатысушыларының – сақтық ұйымы, сақтық брокер, сақтық агент, сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы, өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;

- халықаралық стандарттарды ескере отырып, сақтық қадағалауын жүйесін ұйымдастыру;

- сақтық және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;

- осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;

- сақтандыру саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру.

Сақтандыруды дамыту, өз кезегінде, заңнамалық базаны, мемлекеттік салық-бюджет және ақша-кредит саясатын жетілдіруге, сақтық қызметін қадағалау сапасы мен сақтық ұйымдары жүмысының сенімділігіне байланысты болады.

2. Сақтандырудың негіздері. Сақтандыру дегеніміз –жеке тұлға немесе заңды тұлғаны білгілі бір зиян шегулерін көптеген тұлғалар арасында (сақтандыру жиынтығы) болу тәсілі арқылы зиянның орнын толтыру болып табылады. Зиянның орнын толтыру сақтандыру ұйымдарының (сақтандырушының) шелігіндегі сақтандыру қорының көзінен жүргізіледі.

Сақтандыруқоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмрінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық – заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады. Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады. Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен кутпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тулғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

3.ҚР-да сақтандыру пайда болуы. Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы сақтандыру компаниялары 1990 жылы пайда болды. Олардың ұйымдастыру құрылымдары кооперативтер пен серістестіктерден акционерлік қоғамдарға дейін дамыды. 1993 жылы, «Сақтандыру туралы» заңның қабылдануымен біздің мемлекетіміздің сақтандыру заңнамасының негіздері қаланды, сақтандыру ұйымдарының саны 900 жетті. Әрине, олардың көбінің сақтандыру ісімен тек атауы ғана сәйкес келетін. Заң талаптарын тек 13 сақтандырушы ғана орындай алды. Осы жылы 38 компанияның бастамасымен Қазақстан Сақтандырушылар Одағы құрылды.

ҚР президентінің 1994 жылдың 19 сәуіріндегі «Сақтандыру нарығын қалыптастыру мен дамыту бойынша ұйымдастыру – құқықтық шаралар туралы» жарлығы сақтандыру ісін мемлекеттік қадағалау жүйесін енгізу құқығын берді. Қаржы министрлігі құрамында Сақтандыруды қадағалау департаменті құрылды.

1994-1998 жылдары «Сақтандыру туралы» жаңа заң қабылданды және көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізілді. Республикадағы сақтандыру нарығын дамытудың алғашқы тұжырымдамасы жарық көрді.

1998 жылдан 2004 жылға дейін «Пруденциалды нормативтер мен орындалуы міндетті басқа норма мен лимиттер», «Сақтандыру туралы» тағы бір заң, және де 2002 жылға дейінгі Қазақстан сақтандыру нарығын дамытудың жаңа мемлекеттік тұжырымдамасы енгізілді.

2004 жылы 6 қаңтарда «ҚР Мемлекеттік басқару жүйесін әрі қарай жетілдіру туралы» Президенттің жарлығына сәйкес ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі (ҚҚА) құрылды. Агенттікке Сақтандыру нарығындағы әрекеттерді қадағалау мен реттеу тапсырылды.

Бүгінде республикамыздағы сақтандыру өрісін 44 ұйым құрайды, соның ішінде өмірді сақтандыру әрекетін жүзеге асыру лицензиясына тек 8 ұйым ғана ие. Сондай ақ сақтандыру қызметтері нарығында 12 сақтандыру брокері мен 56 актуарий өз әрекеттін жүзеге асырады.

2008 жылдың ішінде сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 20,2% артты, ол 2009 жылдың 1 қаңтарында 268,8 млрд. теңгені құрады.

Жиынтық меншікті капитал 31,4% артты және 165,9 млрд. теңгені құрады, сақтандыру резервтерінің сомасы 86,3 млрд. теңгеге жетті.

Тікелей сақтандыру келісімшарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйақыларының көлемі 2009 жылдың 1 қаңтарына сәйкес 133,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылғы ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 9,4% -ға кем.

2008 жылы «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру сыйақыларының көлемі 2007 жылғы ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 23,4%-ға артты және 01.01.2009 ж. 5,8 млрд. теңгеге жетті, ал жиынтық сақтандыру сыйақыларындағы өмірді сақтандырудың үлесі 4,3% (2008 жылдың 1 қаңтарында 3,2% құраған) құрады.

Сақтандыруға қатысты қырағылық факторы баяу тарауды: қазақстандықтардың бесеуінің біреуін де ғана сақтандыру полисі бар. Сақтандыру ұйымдары үшін бұл принципиалды мәселе.

4. Сақтандыру кезеңдері және олардың ерекшеліктері.

I кезең – сақтандырушылармен сақтандыру жарналарын құру және сақтандыру өнімін сату нәтижесінде сақтандыру төлемдерін өндіру үшін олардан сақтандыру қорын құру.

II кезең – сақтандыру топтары, сыныптары, түрлері және басқа бағыттары бойынша сақтандыру қорларын құру және тарату.

III кезең – сақтандыру шарттары бойынша (сақтандыру қорларын бағыты бойынша жұмсау) сақтанушыларға сақтандыру төлемдерін өтеу.

IV кезең – сақтанушылардың өтелінген сақтандыру төлемдерін жоғалтқан немесе бүлінген нысандарын қайта қалпына келтіру үшін қолдануы.

Сақтандыру қызметінің бірінші кезеңі азаматтардың, кәсіпорындардың, мемлекеттік институттардың ерікті және міндетті сақтандыру тізбесі бойынша сақтандыру қорғанысы қызметін сатып ала отырып, нетто-табыстан сақтандырушыларға тӛлейтін сақтандыру сыйлықақыларының есебінен, сақтандыру қорларын құру арқылы сақтандыру қорғанысын қамтамасыз етеді. Бұл сақтандыру қызметін сатып алу- сату сатысы.

Сақтандыру қызметінің екінші кезеңі – сақтандыру қорларын құру және тарату. Бұл сатыда сақтандырушылар біруақытта сақтандыру қорларын құра отырып, оларды сақтандыру тарифтерінде, бизнес-жоспарда көрсетілген бағыттар бойынша, мемлекеттік нормативтерге (мысалы, сақтандыру қорларын құру және орналастыру ережесіне сәйкес) сай таратады.

Сақтандыру қызметінің үшінші кезеңі – сақтандыру тӛлемдерін жүзеге асыру жолымен, нақты зардап шеккен сақтанушыларға жоғалтуларын өтеп беру үшін сақтандыру қорын пайдалану арқылы сақтандыру қорғанысының жекелей жүзеге асуымен байланысты.

Сақтандыру қызметінің төртінші кезеңі – сақтандыру төлемдерінің сақтанушылардың ие болу, басқару, қолдануымен байланысты мүліктік қызығушылығын, олардың үшінші тұлға алдындағы жауапкершілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етуімен байланысты.

5. Сақтандырудағы қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер.

Сақтандыру – сақтанушылардың сақтандыру жағдайлары салдарынан шеккен залалдарын өтеу үшін сақтандырылушылардың жарналары есебінен сақтандыру қорының құрылуына байланысты осы қорға қатысушылардың арасында туындайтын қайта бөлу қатынастарының жүйесі. Мүлікті сақтандыру, жеке басты сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру , кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру , әлеуметтік сақтандыру түрлеріне бөлінеді және міндетті, ерікті сақтандыру нысандарында жүзеге асырылады. Сақтандыру агенті – берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және соның тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

Сақтандыру компаниясы – азаматтарға, кәсіпорындарға олардың қызметі мен өмірінде сақтандыру жағдайлары басталғанда зиянның орнын толтыру және көмек көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға.

Сақтандыру куәлігі – сақтандыру компаниясы сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру полисі берілгенге дейін беретін сақтандыру құжаты. Кейде ол сақтандыру полисін толық алмастырады.

Сақтандыру қызметі – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасумен және орындаумен байланысты қызметі; ел заңнамасының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылады.

Сақтандыру өтемі – сақтандырушы сақтандыру жағдайының басталуы себепті сақтанушыға төлейтін ақшалай өтем.

Сақтандыру полисі – сақтандыру қоғамы сақтандырылған адамға немесе мекемеге беретін, сақтандыру туралы жасасылған шарттың талаптары баяндалған куәлік.

Сақтандыру тәуекелдігі – ықтимал қауіп-қатер мен кездейсоқтық; олардың ықтимал басталуы себепті сақтандырушының сақтанушыға келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі міндеттемені мойнына алуы.

Сақтандыру ұйымы – ел заңнамасының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

Сақтандыру шарты – сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы олардың өзара міндеттемелерін тәптіштейтін келісім. Тек жазбаша түрде ғана жасасылады, жеке немесе ұжымдық С.ш. болуы мүмкін.

Сақтандырушы – сақтандыруды жүзеге асыратын, сақтанушыға шартта уағдаласылған сақтандыру жағдайы басталғанда келтірілген зиянды өтеуге немесе сақтандыру сомасын төлеуге міндеттенген мамандандырылған ұйым (мемлекеттік, акционерлік, кооперативтік, аралас ұйым).

Сақтанушы, сақтандырылушы - сақтандыру жарналарын төлейтін және сақтандырушымен (сақтандыру компаниясымен) нақты сақтандыру қатынастарына түсетін заңды менесе жеке тұлға. Ол үшінші тараптың мүдделері үшін немесе соның атынан сақтандыру шартын жасасуға құқылы. Халықаралық сақтандыру практикасында оны полис ұстаушы деп атайды.