
- •Мазмұны:
- •Жалпы зоогигиена
- •1 Сыртқы орта және жануарлар денсаулығы
- •2 Ауа гигиенасы
- •3 Топыраққа қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар және оны санитариялық тұрғыдан қорғау
- •4 Су және малды суару гигиенасы
- •5 Мал азығына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар және малды азықтандыру гигиенасы
- •6 Мал қораларына және мал шаруашылық кәсіпорындарына қойылатын санитариялық-гигиеналық негізгі талаптар
- •7 Мал шаруашылығы кәсіпорындарында жүргізілетін жалпы ветеринариялық-санитариялық шаралар
- •8 Малды күтіп-бағу гигиенасы және малды тасымалдауға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
- •Жеке жануарлар гигиенасы
- •9 Ірі қара мал гигиенасы
- •10 Шошқа гигиенасы
- •11 Қойлар гигиенасы
- •12 Жылқылар және түйелер гигиенасы
- •13 Ауылшаруашылық құстар гигиенасы
- •14 Қояндар және терісі бағалы аңдар гигиенасы
- •15 Тауарлы балықтар және бал араларының гигиенасы
- •Зертханалық сабақтар – 15 сабақ
- •Практикалық сабақтар – 15 сағат
- •Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •Қосымша:
- •Дәріс сабақтарының тақырыптары – 15 сағат
- •1. Кіріспе Сыртқы орта факторлары және олардың мал организміне әсері
- •2. Зертханалық сабақтар – 15 сабақ
- •3. Практикалық сабақтар – 15 сағат
- •5. Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыптары
- •6. Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Студентке арналған пәннің оқыту бағдарламасы (Sillabus)
- •Vg 3210- «Ветеринариялық гигиена» пәні бойынша
- •2013 -2014 Оқу жылындағы студентке арналған
- •Сабақ пен жұмыстың түріне байланысты балдың бөлінуі
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығы студенттеріне.
- •2013 - 2014 Оқу жылына «Ветеринариялық гигиена» пәнінің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •1 Дәрiстер - 15 сағ.
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне арналған
- •Дәріс тақырыбы: Кіріспе Сыртқы орта факторлары және олардың мал организміне әсері
- •Дәрістің тақырыбы: Ауа гигиенасы. Ауаның химиялық қасиеттері және олардың мал организміне әсері
- •4 Дәріс Ауа гигиенасы. Ауаның биологиялық қасиеттері және олардың мал организміне әсері
- •Тақырыбы: Топыраққа қойылатын санитариялық – гигиеналық талаптар және оны санитариялық тұрғыдан бағалау
- •Дәрістің тақырыбы: Ауылшаруашылық малын азықтандыру және азыққа қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар.
- •Тақырыбы: Мал шаруашылығында жүргізілетін дезинсекциялық, дезинвазиялық, дезодарациялық шаралар
- •Тақырыбы: Мал шаруашылығы нысандарда жүргізілетін дератизациялық шаралар
- •Дәрістің тақырыбы: Ауыл шаруашылық малдарын ұстау жүйелері мен күтіп-бағу гигиенасы.
- •Дәрістің тақырыбы: Ауылшаруашылық малдарынан өндірілетін ет және сүт гигиенасы
- •Ұсынылатын әдебиет:
- •Ветеринария факультеті
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне зертханалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •6. Мал қорадағы ауаға со2 мөлшеріне байланысты санитариялық баға беру
- •Газды анықтау
- •Сабақтың мазмұны
- •Топырақтың физикалық құрамын анықтау
- •Топырақтың химиялық құрамын анықтау
- •Топырақтың санитариялық күйінің көрсеткіштері ( сынама 0-20 см тереңдіктен алынған)
- •Өзіндік жұмысқа арналған практикалық тапсырмалар:
- •8. Судың санитарлық-гигиеналық тұрғыдан бағалау
- •2874-82 Мемлекеттік өлшем үлгісі бойынша шектеу мөлшері
- •2. Хлорланған судағы хлор қалдықтарын анықтау
- •Мал азығын санитариялық-гигиеналық бағалау
- •Сүрлемнің жалпы қышқылдылығын анықтау
- •Қант қызылшасындағы нитритті анықтау
- •Сүрлемдегі хлоридттерді және сульфаттарды анықтау
- •Картоптағы салонинді анықтау
- •Сабақтың мазмұны:
- •Ветеринария факультеті
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне тәжірбиелік сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •1 Тәжрибелік сабақ
- •Ауаның қысымын анықтау әдістері
- •2 Тәжрибелік сабақ Тақырыбы: Мал қорадағы табиғи және жасанды жарықтылықты анықтау
- •Сабақтың мазмұны
- •3 Тәжрибелік сабақ
- •4 Тәжрибелік сабақ Тақырыбы: Ауа алмасуын көмірқышқыл газы бойынша анықтау
- •3.1. Көмірқышқыл газ мөлшері бойынша қора-жайдағы ауаның алмасу деңгейін анықтау тәсілі
- •3.2. Малдан бөлініп шығатын жылудың,
- •5 Тәжрибелік сабақ Тақырыбы: Мал қораларында жылу балансын анықтау
- •6 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Мал қора жобаларына зоогигиеналық баға беру
- •7 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Мал қора-жайларының көлемді жоспарларын бағалау
- •8 Тәжірбиелік сабақ
- •9 Тәжірбиелік сабақ
- •10 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Қора-жай микроклиматтарын анықтау
- •11 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Мал қиын қорадан шығару және оны сақтаудағы гигиеналық және санитариялық талаптар
- •12 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Дезинфекция жүргізу әдістері
- •13 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Дератизация жүргізу әдістері
- •14 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Дезинсекция жүргізу әдістері
- •15 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Азықтың қауіпсіздігін анықтау
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне арналған курстық жұмысты орындауға арналған
- •Курстық жұмысты орындау методикасы
- •1 Курстық жұмыстың мазмұны
- •1.1 Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және оны орындауға қойылатын талаптар
- •1.1.1 Курстық жұмысты орындау бағыты
- •1.1.2 Курстық жұмысты көркемдеу
- •1.1.3 Курстық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар
- •1.2 Курстық жұмыстың мазмұнын орындауға қойылатын талаптар
- •1.3 Курстық жұмысты бағалау критериялары
- •Курстық жұмысты орындау кезінде көп кездесетін қателіктер
- •Курстық жұмыстың жоспары
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Қазақ ұлттық аграрлық университеті
- •Курстық жұмыс
- •Алматы 20 ___
- •Реферат
- •Тапсырмалар
- •Бағдарламасы
- •5В120200 – «Ветеринариялық cанитария» мамандығына арналған «Ветеринариялық гигиена» пәні бойынша бағдарлама
- •Студенттердің білім деңгейін бақылау мен бағалауға арналған материалдар
- •Сұрақтары
- •Сұрақтары
- •5В120100 - «Ветеринарлық санитария» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған «Зоогигиена ветеринариялық санитария негіздерімен» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Материалдар
- •Аудиториялар тізімі
- •Авторы: - в.Ғ.Д., профессор Мырзабеков ж.Б.
14 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Дезинсекция жүргізу әдістері
Сабақтың мақсаты: Инсектицидті ерітінділер мен шыбындарға арналған улы алдамыштарды дайындауды үйрену.
Қолданылатын құралдар мен материалдар: хлорофос, гидропульт, респираторлар, Петри аяқшалары, таразы, колбалар, сабын, резеңке қолғап.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов П. Ш. «Ветеринариялық гигиена», Алматы, 2005.
Поляков А.А. « Ветеринарная дезинфекция», Москва, 1986.
В.Н. Жуленко., М.И.Рабинович., Г.А.Таланов «Ветаринарная токсикология», Москва, 2004.
Сабақтың мазмұны және орындалу тәртібі:
Шыбындармен күресу шараларын инфекциялық ауруларды алдын алуға бағытталған кешенді жоспар бойынша жүргізіледі. Шыбындардың ішке енуін алдын алу үшін терезелер мен вентиляциялық қуыстарды тесігінің көлемі 2×1,2 металл торлармен жабады. Қанатталған шыбындарды жою үшін бөлмелерде өндірісте шығарылатын жабысқақ қағаздың беттерін қолданады немесе оларды Муксид, Фумитокс, Клеецид, т.б. желімдерден шаруашылықта дайындайды.
Қанатталған шыбындармен күресудің механикалық әдістеріне қағаздан басқа, шыбынұстағыштар мен шыбынөлтіргіштер қолданылады.
Шыбындарды жою үшін сонымен қатар алдамыштарды пайдалануға болады.
Алдамыштарды дайындау үшін 0,05%белсенді әсер етуші заты бар хлорофостың жұмысшы ерітіндісіне 2% қант қосып, 20мл Петри аяқшаларына құйып шығады. Бөлменің ішінде аяқшаларды 1 ыдысты 10-20 м2 еден ауданына есептеп қояды.
Алдамыштарды дайындап, бөлменің ішіне қойған кезде, сонымен қатар инсектицидтерді шашқан кезінде міндетті түрде респираторды киіп, терезелерді ашып, механикалық ауа алмасуды қосу керек. Дезинсекцияны аяқтағаннан кейін қолды жылы сумен жуу қажет.
Хлорофос мөлшерін есептеуді (Х) келесі формула бойынша жүргізеді:
Х= А×В/С
Мұндағы:
А- дайындалатын ерітінді мөлшері, мл;
В- жұмысшы ерітіндінің концентрациясы,%;
С- хлорофостағы белсенді әсер ететін заттың мөлшері,%
Мысалы: 40 мл 0,05% ерітінді дайындау үшін, 2% ерітіндіден:
Х= 40*0,05/2 = 1мл 2% хлорофос ерітіндісін және 39мл су алу қажет.
15 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Азықтың қауіпсіздігін анықтау
Сабақтың мақсаты: Мал азықтарының санитариялық жағдайы және зерттеу әдістерін игеру
Бақылау сұрақтары:
Азыққа қойылатын талаптар?
Қандай азық түрлерін білесіз?
Азықты зерттеу әдістері?
Сабақтың мазмұны
Азықтың сапасын бағалау оның қоректілігін, зияндылығы, сапалылығы, биологиялық құндылығы сияқты көрсеткіштерді анықтау арқылы жүргізіледі. Азықтың зияндылығы малда ауру тудыратын, оның ішінде организмде зат алмасудың бұзылуы, улануы, токсикоинфекциялардың туындауы, аллергияның пайда болуы, гармоналдық функцияның бұзылуы және т.б. зиянды заттардың болуымен сипатталады. Азықтың улылығы қоршаған ортадан түсетін улы химиялық заттардың болуына минералдық тыңайтқыштар, пестицидтер т.б. және азықтың өзінде пайда болатын улы өсімдіктер және т.б., сонымен қатар бактериялар, саңырауқұлақтар және басқа да организмдерден бөлінетін метаболикалық удың түзілуімен байланысты болуы мүмкін.Азық құрамында болатын кейбір заттар ұрықтандырылған эмбрионға теріс әсерін тигізіп, эмбриотоксиндік не тератогендік кемістікті тударады. Канцерогенді және онкогенді қасиеті бар заттардың көп мөлшері ісіктің пайда болуына әкеп соқтырады. Химиялық канцерогендерге азот қосылыстарын нитриттер, нитрозаминдер және т.б., кейбір саңырауқұлақтың метоболиттері (афлотоксин, стеригматоцистин), формальдегид және т.б. жатады.
Азықтың сапалылығын анықтау үшін МЕМСТ та көрсетілген әртүрлі азықтық заттарға қойылған талаптарды пайдалынады. Азық сапасын зерттеу тәсілдерін шартты түрде органолептикалық, физико-механикалық, химиялық және ветеринариялық биологиялық деп бөлуге болады.
Органолептикалық әдіске азықтық заттардың сыртқы көрінісі, иісін, түсін, бүтіндігін, түрлік құрамын және т.б. көрсеткіштерін анықтау жатады. Бұл әдістің кемшілігі азықты болжамдап бағалау, ал артықшылығы олардың сапасын анықтаудың қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы.
Физико-механикалық әдістер азықтың ылғалдылығын, ондағы бөгде заттардың болуын топырақ, металл және т.б. азықтық көрсеткіштерін бағалайды.
Химиялық әдістер азықтың құнарлылық бағасын, былайша айтқанда, әр түрлі минералдық және органикалық заттардың, витаминдердің болуын зерттейді. Атап айтқанда, азықта мына көрсеткіштер анықталады: рН, қышқылдылық, сілтілік және т.б. Осы зерттеулердің нәтижесінде азықпен уланудың немесе зат алмасудың бұзылу себептерін анықтайды.
Ветеринариялық-биологиялық тәсілдерге мал мен лабораториялық жануарлардан микробиологиялық, санитариялық микологиялық, гельминтологиялық, паразитологиялық және алиментарлық үлгі алу жатады. Азық сапасын зерттеудің осы айтылған жан-жақты кешенді зерттеу жиынтығы жемнің сапасына деген күдік туғызғанда, шығу тегі белгісіз болса, жаңадан азықтық заттар өндірілсе, түлік арасында этиологиясы анықталмаған ауру шықса не азықтың мал өнімділігіне, денсаулығына, сондай ақ мал өнімдерінің сапасына тигізетін әсерін анықтау үшін қажет. Азықтарды қауіпсіздігі бойынша тексеруді мемлекеттік малдәрігерлік зертханалар, аккредитациядан өткен зертханалар, азық дайындайтын өндіріс орындары 3 айда 1 рет тексеріп отырады. Қазақстан Республикасы аумағында асыл тұқымды мал өсіру кезінде құрамында өсуді қамтамасыз ететін гормональды препараттары, тиреостатиктерді және антибиотиктері бар азықтарды дайындауға және қолдануға болмайды. Малды азықтандыру олардың денсаулығына, өнімділігі мен өнім сапасына тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторларының бірі. Қорек арқылы организм ассимиляция процессінде өліні тіріге, ал диссимиляция кезінде, керісінше, тіріні өліге айналдыра отырып, сыртқы орта заттарын қабылдайды. Азықтандырудың аталған принциптері бұзылған жағдайда мал арасында әртүрлі аурулары тууы мүмкін. Мұндай аурулар азықтық немесе алиментарлық деп аталады. Бұл аурулардың себептері биотикалық (тірі) және абиотикалық (өлі) патогендер болуы мүмкін.