Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_AZA_1178__1200_LTTY_1178_AGRARLY_1178_UNIV...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

6 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Мал қора жобаларына зоогигиеналық баға беру

Жұмыстың мақсаты: Жобалау - сметалық құжаттардың мазмұнын оқып-білу

Бақылау сұрақтары:

Жоба дегеніміз не?

Жобаның қандай түрлерін білесіз?

Жобаның құрамы қандай?

Жобаның әрбір бөлімі қандай мәлімет бередi?

Қораның бас планы нені көрсетеді?

Қораның жоспары және кесіндісі дегеніміз не?

Сабақтың мазмұны

Жоба дегеніміз - құрылыста тиімді іс жүргізудің әдісі мен обьектіні дұрыс пайдаланудың жолдарын көрсететін құжаттар жиынтығы болып табылады. Жобаның үш түрі болады: типтік -жалпылама пайдалануға арналған; жекеленген белгілі ауданға және құрылыстық белгілі бірінші обьектісіне арналғанэ эксперименттік құрылысты экспримент түрінде жүргізуге арналған. Мысалы технологиялық және құрылыстық шешімдерді жүзеге асыру кезіндегі жұмыс жобасы есептеу - анықтау жазбасынан және графикалық бөлімнен тұрады. Есептеу - аяқтама жазбасында төмендегідей мәліметтер көрсетіледі.

-жазбаның қай ауданға арналғаны;

-технологиялық шешімдер;

-архитектуралық-құрылыстық және конструктивтік шешімдер

-өндірісті механизациялау;

-сметалар. т.с.с,

Графикалық бөлімге кіретіндер:

құрылыстың бас планы;

мал қораларының планы және кесінділері;

қораның жеке элементтерін тұрғызу, салу жұмыс сызбалары (іргетас, негізгі қаңқасы жабу және т.б.).

Студент жобаны алып, оны оқып танысады және жобалау сметалық документацияларының мағмұнын жазады.

Жұмыс дәптеріне негізгі қораның кесіндісінің және планының схемасын түсіреді.

Керектi құралдар мен жабдықтар: плакаттар, оқулықтар, лабораториялық жаттығу сабағына арналған жұмыс дәптері, жобалар.

Студенттердiң өзiндiк жұмысы:

Есептеу анықтау жобаларының түп нұсқаларын оқып білу және конспект жазу.

Дәптерге жоспардың схемасын және қосымшасын сызу.

Бақылау сұрақтарына жауап беру.

7 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Мал қора-жайларының көлемді жоспарларын бағалау

Жұмыстың мақсаты: Мал қораларының көлемді жоспарларының шешімдерін бағалап, оны есептеп шығару.

Бақылау сүрақтары: 1. Көлем - жоспар шешімі дегеніміз не?

  1. Үйлестіру - габариттік үлгісі дегеніміз не?

  2. Мал қораның көлемдері неге байланысты?

4. Мал қораның ұзындығы мен ені қалай есептелінеді?

5.Қораның биіктігі неге байланысты?

Әдебиеттер: I. Б.Э.Степанов Агроөнеркәсіпті бірлестіктерін жобалау негіздері. 2.Г.П.Волков және т.б. Мал қораларына арналған зоогигиеналық нормативтер анықтамасы, М 1986

3. Б.В.Ходанович. Құрылыс ісі М., 1986.

Сабақтың мазмұны

Мал қораларының көлемді жоспарлар шешімдері әртүрлі жеке қора жайлардан тұрады. Осы жеке қоралар бірігіп, біртұтас жоспарлау композициялық бірлестігіне айналады және мал қораларының көлемін табады.

Құрастыру өзгешеліктеріне қарай өндірістік қоралар әртүрлі жоспарлы жүйеге бөлінеді "Залдарға, секциялық-коридорлы секцияларға т.б бөлінеді".

Бір қабатты өндірістік қоралар пайдалы көлеміне қарай бір, екі және үш деңгейлі болып бөлінуі мүмкін.

Мал қораларының көлемді жоба жоспарлық шешімдерін шешуде күрделі комплекстік мәселелер қаралады. Мысалы: технологиялы және инженерлік жабдықтарды мүмкіншігіне қолайлы тығыз орналастыру. Мұндай жағдайда технологиялық, экономикалық санитариялық зооветеринарлық шараларды дұрыс ескеру керек.

Технологияльқ жобалаудың шешімдерінде төмендегідей мәлеметтер көрсетіледі:

Жем тарту және кең шығару жолдарының, жұмысшылар жолдарының ені;

Малды сыртқа шығару, технологиялық жабдықтардың өлшемі (мал орыңдарының, секциялардың, қи таситын жолдардың т.б.) және басқа деректер. Бұл аты аталған өлшемдер малды дұрыс пайдалануға және мал қораларында ойдағыдай /оптимальды/ микроклиматтың болуына бағыттайды.

Бұл жерде жабдықтарды дұрыс орналастырудың маңызы көп және оны қолайлы микроклиматта ұстау көлемді жоспарлық шешiмдердi дұрыс есептеудің нәтижесінде болады.

Көлемді жоспарлық және конструкциялық; шешімдерді бағалау үшін, көлемді конструкциялық және көлемді жоспарлы өлшемдерін ескере отырып үйлестіріп, оған дұрыс шешім қабылдау керек.

Көлемді жоспарлық шешімдерді бірнеше бағалау жолы бар, солардың біреуін қарастырайық. Мәселен: ірі қараны бордақылау үшін қораны жобалады дейік; жоба бойынша технологиялық берілгені: тесік еденді секцияларда бос ұстау, стационарлық азық таратқыш жабдығы, конвейр - жем салғыш, жалпы ірі қараның орны берілген. Қораның тиімді ауданын анықтау талап етіледі.

Технологиялық кесінді мынандай формуламен есептелінеді.

B=Всn+Вкс n/2+Вэпр(n/2+2);

Мұндағы: В - қораның ені, м;

Вс - бір баста арналған секцияның ені, м;

п - бордақылау қорасыңдағы секциялардың қатарлы саны.

Вкс -екі жақтама азщы таратқыштың ені м;

Вэпр

эвакуациялық шығу жолының ені, м

Бұл үшін: Ғс - бір басқа арналған секциялық ауданы, м2

Ф - бір басты азықтандыруға арналған орын. Секция қатарының санына қарап /п = 2,4,6,8/, қораның есептеу ені анықталынады. Сол вариантты үйлестіру мөлшерімен салыстырып, ауытқу шешімдері нөлге тең болу керек.

Азыққа арналған қораның ұзындығы мына формуламен анықталады:

i = m

α = Q x l ф/п +  bi;

l = 1

Мұндағы: α- азыққа арналған қораның ұзындығы, м;

Q - азыққа арналған қораның сыйымдылығы;

іn - көлденең жолдарының саны;

bi - көлденең жолдарының ені, м

Бұл жерде бір қатар шектелу сақталуы керек, яғни стационарлық азық таратқышпен малдың қиын шығаратын транспортердің ұзындықтары бірдей болуы керек, т.б.

Басқа мал қоралар үшін технологиялық жабдықтары мен қоса жекеленген өлшемдер ескеріледі.

Керектi құралдар мен жабдықтар: плакаттар, оқулықтар, лабораториялық; жаттығу сабақтарының жұмыс дәптерлері, жобалар.

Студенттердiң өзiндiк жұмысы: 1. Мал қораларының негізгі көлемі мен жоба-жоспарларының шешімдерін теориялық тұрғыда түсініп, оқып-білу.

Мал қораларының көлемді жоба жоспарларының шешімдерін бағалау, оның есептеу жұмысын орындау.

3. Бақылау сұрақтарына жауап беру

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]