- •Мазмұны:
- •Жалпы зоогигиена
- •1 Сыртқы орта және жануарлар денсаулығы
- •2 Ауа гигиенасы
- •3 Топыраққа қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар және оны санитариялық тұрғыдан қорғау
- •4 Су және малды суару гигиенасы
- •5 Мал азығына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар және малды азықтандыру гигиенасы
- •6 Мал қораларына және мал шаруашылық кәсіпорындарына қойылатын санитариялық-гигиеналық негізгі талаптар
- •7 Мал шаруашылығы кәсіпорындарында жүргізілетін жалпы ветеринариялық-санитариялық шаралар
- •8 Малды күтіп-бағу гигиенасы және малды тасымалдауға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
- •Жеке жануарлар гигиенасы
- •9 Ірі қара мал гигиенасы
- •10 Шошқа гигиенасы
- •11 Қойлар гигиенасы
- •12 Жылқылар және түйелер гигиенасы
- •13 Ауылшаруашылық құстар гигиенасы
- •14 Қояндар және терісі бағалы аңдар гигиенасы
- •15 Тауарлы балықтар және бал араларының гигиенасы
- •Зертханалық сабақтар – 15 сабақ
- •Практикалық сабақтар – 15 сағат
- •Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •Қосымша:
- •Дәріс сабақтарының тақырыптары – 15 сағат
- •1. Кіріспе Сыртқы орта факторлары және олардың мал организміне әсері
- •2. Зертханалық сабақтар – 15 сабақ
- •3. Практикалық сабақтар – 15 сағат
- •5. Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыптары
- •6. Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Студентке арналған пәннің оқыту бағдарламасы (Sillabus)
- •Vg 3210- «Ветеринариялық гигиена» пәні бойынша
- •2013 -2014 Оқу жылындағы студентке арналған
- •Сабақ пен жұмыстың түріне байланысты балдың бөлінуі
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығы студенттеріне.
- •2013 - 2014 Оқу жылына «Ветеринариялық гигиена» пәнінің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •1 Дәрiстер - 15 сағ.
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне арналған
- •Дәріс тақырыбы: Кіріспе Сыртқы орта факторлары және олардың мал организміне әсері
- •Дәрістің тақырыбы: Ауа гигиенасы. Ауаның химиялық қасиеттері және олардың мал организміне әсері
- •4 Дәріс Ауа гигиенасы. Ауаның биологиялық қасиеттері және олардың мал организміне әсері
- •Тақырыбы: Топыраққа қойылатын санитариялық – гигиеналық талаптар және оны санитариялық тұрғыдан бағалау
- •Дәрістің тақырыбы: Ауылшаруашылық малын азықтандыру және азыққа қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар.
- •Тақырыбы: Мал шаруашылығында жүргізілетін дезинсекциялық, дезинвазиялық, дезодарациялық шаралар
- •Тақырыбы: Мал шаруашылығы нысандарда жүргізілетін дератизациялық шаралар
- •Дәрістің тақырыбы: Ауыл шаруашылық малдарын ұстау жүйелері мен күтіп-бағу гигиенасы.
- •Дәрістің тақырыбы: Ауылшаруашылық малдарынан өндірілетін ет және сүт гигиенасы
- •Ұсынылатын әдебиет:
- •Ветеринария факультеті
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне зертханалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •6. Мал қорадағы ауаға со2 мөлшеріне байланысты санитариялық баға беру
- •Газды анықтау
- •Сабақтың мазмұны
- •Топырақтың физикалық құрамын анықтау
- •Топырақтың химиялық құрамын анықтау
- •Топырақтың санитариялық күйінің көрсеткіштері ( сынама 0-20 см тереңдіктен алынған)
- •Өзіндік жұмысқа арналған практикалық тапсырмалар:
- •8. Судың санитарлық-гигиеналық тұрғыдан бағалау
- •2874-82 Мемлекеттік өлшем үлгісі бойынша шектеу мөлшері
- •2. Хлорланған судағы хлор қалдықтарын анықтау
- •Мал азығын санитариялық-гигиеналық бағалау
- •Сүрлемнің жалпы қышқылдылығын анықтау
- •Қант қызылшасындағы нитритті анықтау
- •Сүрлемдегі хлоридттерді және сульфаттарды анықтау
- •Картоптағы салонинді анықтау
- •Сабақтың мазмұны:
- •Ветеринария факультеті
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне тәжірбиелік сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •1 Тәжрибелік сабақ
- •Ауаның қысымын анықтау әдістері
- •2 Тәжрибелік сабақ Тақырыбы: Мал қорадағы табиғи және жасанды жарықтылықты анықтау
- •Сабақтың мазмұны
- •3 Тәжрибелік сабақ
- •4 Тәжрибелік сабақ Тақырыбы: Ауа алмасуын көмірқышқыл газы бойынша анықтау
- •3.1. Көмірқышқыл газ мөлшері бойынша қора-жайдағы ауаның алмасу деңгейін анықтау тәсілі
- •3.2. Малдан бөлініп шығатын жылудың,
- •5 Тәжрибелік сабақ Тақырыбы: Мал қораларында жылу балансын анықтау
- •6 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Мал қора жобаларына зоогигиеналық баға беру
- •7 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Мал қора-жайларының көлемді жоспарларын бағалау
- •8 Тәжірбиелік сабақ
- •9 Тәжірбиелік сабақ
- •10 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Қора-жай микроклиматтарын анықтау
- •11 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Мал қиын қорадан шығару және оны сақтаудағы гигиеналық және санитариялық талаптар
- •12 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Дезинфекция жүргізу әдістері
- •13 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Дератизация жүргізу әдістері
- •14 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Дезинсекция жүргізу әдістері
- •15 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Азықтың қауіпсіздігін анықтау
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне арналған курстық жұмысты орындауға арналған
- •Курстық жұмысты орындау методикасы
- •1 Курстық жұмыстың мазмұны
- •1.1 Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және оны орындауға қойылатын талаптар
- •1.1.1 Курстық жұмысты орындау бағыты
- •1.1.2 Курстық жұмысты көркемдеу
- •1.1.3 Курстық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар
- •1.2 Курстық жұмыстың мазмұнын орындауға қойылатын талаптар
- •1.3 Курстық жұмысты бағалау критериялары
- •Курстық жұмысты орындау кезінде көп кездесетін қателіктер
- •Курстық жұмыстың жоспары
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Қазақ ұлттық аграрлық университеті
- •Курстық жұмыс
- •Алматы 20 ___
- •Реферат
- •Тапсырмалар
- •Бағдарламасы
- •5В120200 – «Ветеринариялық cанитария» мамандығына арналған «Ветеринариялық гигиена» пәні бойынша бағдарлама
- •Студенттердің білім деңгейін бақылау мен бағалауға арналған материалдар
- •Сұрақтары
- •Сұрақтары
- •5В120100 - «Ветеринарлық санитария» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған «Зоогигиена ветеринариялық санитария негіздерімен» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Материалдар
- •Аудиториялар тізімі
- •Авторы: - в.Ғ.Д., профессор Мырзабеков ж.Б.
Дәрістің тақырыбы: Ауылшаруашылық малын азықтандыру және азыққа қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар.
Дәрістің мақсаты: Мал азығының сапасын бағалау әдістерін меңгеру
Қарастырылатын сұрақтар:
7.1. Азықтарға қойылатын зоогигиеналық талаптар
7.2. Мал азығын зоогигиеналыќ зерттеудің негiзгi әдiстерi, олардың сапасын
бағалау
7.3. Малдың азықтан болатын ауруларының алдын алу
7.1. Азыққа қойылатын зоогигиеналық талаптар
Малды азықтандыру олардың денсаулығына, өнімділігі мен өнім сапасына тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторларының бірі. Қорек арқылы организм ассимиляция процессінде өліні тіріге, ал диссимиляция кезінде, керісінше, тіріні өліге айналдыра отырып, сыртқы орта заттарын қабылдайды. Азықтандырудың аталған принциптері бұзылған жағдайда мал арасында әртүрлі аурулары тууы мүмкін. Мұндай аурулар азықтық немесе алиментарлық деп аталады. Бұл аурулардың себептері биотикалық (тірі) және абиотикалық (өлі) патогендер болуы мүмкін.
Биотикалық патогендерге жататындар: бактериалдық сібір жарасы, сіреспе, сүзек және т.б. және вирустық аусыл, вирустық гепатиттер және т.б., жұқпалы аурулардың қоздырғыштары; инвазиялық аурулардың қоздырғыштары фасциолез, диктикаулез және т.б.; микоз ауруларын тудыратын қоздырғыштар аспергиллез, фузариоз және т.б.
Абиотикалық патогендер шығу тегіне қарай физикалық (азық температурасы және т.б.), механикалық (үшкір зат, азықтың ірі бөлшектері және т.б.), химиялық (зиянды және улы заттардың болуы, минералдық және органикалық заттардың, витаминдердің көп немесе аз болуы) және ұйымдастыру тәртібінің бұзылуы болып бөлінеді.
Азықтардың тепе-теңсіздігі, жеткіліксіздігі немесе шамадан көп берілуі, азықтандыру тәртібінің бұзылуы және азықтың сапасыздығы мал организімін стресстік жағдайға әкеп соқтырады. Стресс жағдайының азыққа байланысты себептері азықтық стресстер деп аталады.
Азықтық заттар екі топқа бөлінеді: табиғи және синтетикалық.
Табиғи азықтар шығу тегіне байланысты өсімдік тектес және жануар тектес болып бөлінеді, ал синтеикалық азықтар химиялық және микробиологиялық жолдармен синтезделіп алынған деп бөлінеді. Өзінің құрамы, қасиеті және физиологиялық әсері бойынша азықтар мал организімінің дамуына сай келуі керек.
7.2. Мал азығын зоогигиеналық зерттеудің негiзгi әдiстерi,олардың сапасын бағалау
Азықтың сапасын бағалау оның қоректілігін, зияндылығы, сапалылығы, биологиялық құндылығы сияқты көрсеткіштерді анықтау арқылы жүргізіледі.
Азықтың зияндылығы малда ауру тудыратын, оның ішінде организмде зат алмасудың бұзылуы, улануы, токсикоинфекциялардың туындауы, аллергияның пайда болуы, гармоналдық функцияның бұзылуы және т.б. зиянды заттардың болуымен сипатталады. Азықтың улылығы қоршаған ортадан түсетін улы химиялық заттардың болуына минералдық тыңайтқыштар, пестицидтер т.б. және азықтың өзінде пайда болатын улы өсімдіктер және т.б., сонымен қатар бактериялар, саңырауқұлақтар және басқа да организмдерден бөлінетін метаболикалық удың түзілуімен байланысты болуы мүмкін.
Ветеринариялық-биологиялық тәсілдерге мал мен лабораториялық жануарлардан микробиологиялық, санитариялық микологиялық, гельминтологиялық, паразитологиялық және алиментарлық үлгі алу жатады.
Азық сапасын зерттеудің осы айтылған жан-жақты кешенді зерттеу жиынтығы жемнің сапасына деген күдік туғызғанда, шығу тегі белгісіз болса, жаңадан азықтық заттар өндірілсе, түлік арасында этиологиясы анықталмаған ауру шықса не азықтың мал өнімділігіне, денсаулығына, сондай ақ мал өнімдерінің сапасына тигізетін әсерін анықтау үшін қажет.
Азықтарды қауіпсіздігі бойынша тексеруді мемлекеттік малдәрігерлік зертханалар, аккредитациядан өткен зертханалар, азық дайындайтын өндіріс орындары 3 айда 1 рет тексеріп отырады.
Қазақстан Республикасы аумағында асыл тұқымды мал өсіру кезінде құрамында өсуді қамтамасыз ететін гормональды препараттары, тиреостатиктерді және антибиотиктері бар азықтарды дайындауға және қолдануға болмайды.
Емдік рациондар. Мал организміне емдік және азықтан болатын аурудың алдын алу үшін малды диеталық азықтандыру тәртібі ұйымдастырылады. Бұл басқа да барлық емдеу мәселелеріне қолайлы жағдайды және бір органға ғана емес, бәрінен бұрын организмнің жалпы жағдайына, оның нейрогуморальды реттелуіне әсер етеді.
Бұл кезде мал ауруының себептері мен патогенезі, малдың жағдайы, тұқымы, жасы, жынысы, қоңдылығы мен өнімділігі ескерілуі тиіс.
Малды диеталық азықтандырудың жалпы ережелері.
Бұндай рационға малды көшіретін кезде оның организмінің физиологиясын, азықтандыру гигиенасының ерекшеліктері негізі ескеріледі. Мұндай жұмысты ұйымдастыру кезінде келесі жағдайларды ескеру керек: рационға малдың тәбетін ашатын түрлі, дәмдік сапасы да жоғары азық енгізіледі; рационға ауру мал организмі сіңіре алатын барлық қажетті қоректік заттар енгізілуі тиіс; диеталық азықтандыру мал түлігіне, жасына және физиологиялық ерекшеліктеріне сай келуі керек; әрбір жеке жағдайда диеталық емдеу белгілену кезінде азықтандыру, норма тәртібі, азық беру және суару мезгілі де белгіленіп қатаң сақталады.
Бұған, әсіресе шошқа мен құс төзімсіз.Белоктың жетіспеуі белоктық алмасу ғана емес, сонымен қатар жалпы зат алмасудың бұзылуына да ұрындырады.
Белоктың жетіспеуін алдын алу үшін алмастырылмайтын синтетикалық амин қышқылдарын беру керек.
7.3. Малдың азықтан болатын ауруларын алдын алу (механикалық, химиялық және биологиялық ластануы, т.б.)
Сапасыз азық беру мал арасында көптеген аурудың, соның ішінде індетті және инвазиялық аурулардың таралуына себепші болады. Кейбір жағдайларда сапасыз азық малдың жарақаттануына да әкеліп соқтырады. өйткені, олардың ішіндегі өсімдіктің қатты өзектері, үшкір металл заттар, шыны болуы мүмкін, қатып қалған, ыстық азық асқазан ішек жолын ауруға шалдықтырады. Азықтан улануды минералды, синтетикалық, органикалық және өсімдік улары тудырады.
Азықтан жарақаттану деп азықпен бірге түскен бөгде заттардың малдың асқазан ішек жолын зақымдануын айтамыз. Ондай бөгде заттарға пішен және сабан байлайтын сым, шеге және тағы басқа металл заттар, шыны, құм, қиыршық тас жатады. Патологиялық процесс металлдың өздігінен өтуімен шектелуі мүмкін не бөгде зат жылжып шақпақ ет диагфрагма, жүректің үлпершегін перикард, жалбыршақ, тақия қарын және т.б. ішкі органдарды жарақаттануы мүмкін. Олар тереңге жаралап кіріп кетсе, соның салдарынан іріңдейді де көпке дейін жазылмай қояды. Сол бөгде заттармен бірге немесе жара арқылы ұлпаға актиномикоз қоздырғышының енуі де ғажап емес.
Профилактикалық шаралар.
Азықта түрлі механикалық қоспалар болмас үшін оны жинаған, тасыған және сақтаған кезде қадағалап отыру керек. Металл қалдықтарын, сымның үзіктерін азық сақтайтын орынға, өріс жайылымға, мал фермасының территориясына шашуға , тастауға, малды құрылыс, қойма, шеберхана маңайына жаюға, престеліп сыммен буылған пішен мен сабан бауларын балтамен шабуға болмайды. Ластанған пішенді малға берер алдында мұқият қағу керек. Ал жем, кебек, күнжара және т.б. елеуішпен елеген дұрыс.
Қазіргі нормаларға сай азықта минералды қоспалар мынандай мөлшерде болуы керек: дәнді жемде әрі кеткенде бір, шөп және қылқан жапырақ ұнында бірден артық емес, құрама жемде әрі кеткенде екі, пішеннің 1,2 және 3 класстарына сай әрі кеткенде тиісінше 0,3; 0,5 және 1%. Зоогигиеналық нормалар бойынша құрама жемде металл магниттік қоспалар мөлшері 0,5 мм-ге дейінгі бөлшектер 0,01 % артпауға тиіс.
Малды улы өсімдікпен улануының алдын алу шаралары.
Азықтың улылылығы құрамындағы улы және зиянды өсімдіктерге, сақтау кезінде улы заттардың болуына, микроорганизмдер, шыбын шіркей, т.б. зиянкестер тіршілігінің нәтижесінде токсиндердің жинақталуына, азықтың минералды, синтетикалық және басқа түрлі текті улармен ластануына бойланысты болады.
Уланудың алдын алу шараларының ең бастысы шалғындар мен жайылымдарда улы өсімдіктерді жою. Ол үшін жайылымдар құрғатылады, әктеледі, гипстеледі, жыртылады, суландырылады, тағы басқа агрохимиялық тәсілдер қолданылады. Бұл тәсілдердің барлығы өсімдік сипатын өзгертуге мүмкіндік береді. Шөп еге отырып, тиісті ауыспалы егіс жүйесін енгізу, топырақты қажетті өңдеуден өткізу және тұқымды мұқият тазарту секілді шараларды жасаудың да маңызы зор.
Көптеген улы өсімдіктер ерте көктемде шығатындықтан ондай жайылымға малды пайдалы өсімдіктер жеткілікті мөлшерде өскенге дейін шығаруға болмайды.
Малдың улы өсімдіктермен улануының алдын алуда азықтың сапасын, олардың дайындалуын, тасымалдануын, сақталуы мен пайдалануын бақылаудың маңызы зор.
Улы заттар түзетін азықтарды пайдалану гигиенасы.
Кейбір жағдайларда мал сапалы азықтың өзінен де улануы мүмкін. Бұл азықты дұрыс пайдаланбау, дұрыс сақтамау және т.б. кезінде усыз заттардан улы заттардың түзілуінен болады.
Азот сіңіруші өсімдіктер. Азықтық дақылдардың құрамындағы нитриттер қуаңшылық кезеңінде атмосфераның жағдайына байланысты (күннің ысуы, температураның төмендеуі) топырақта молибден, күкірт, калий жетіспегенде, топырақтың қышқылдылығы мен тұздылығы артқанда, органикалық тыңайтқыштарды көп пайдалағанда артады. Бұл кезде азоттық алмасу ферменттерінің нитритредуктаза мен нитратредуктазаладың белсенділігі белсенділігі күрт төмендейді. Азот тыңайтқыштарын көп мөлшерде енгізу салдарынан амин қышқылдары мен каротин синтезі төмендеп, өсімдіктің бөліктерінде белок емес азот, тератогендік, канцерогендік әсері бар улы нитрозаминдер жиналады.
Қоршаған ортаны минералды азоттық тыңайтқыштармен ластанудан қорғау жөніндегі бүкіл шараларды қатаң сақтау керек.
8 Дәріс
Тақырыбы: Мал қора-жайларына қойылатын санитариялық талаптар.
Дәрістің мақсаты: Қора-жайларды салу кезіндегі гигиеналық талаптармен танысу
Қарастырылатын сұрақтар:
8.1. Мал қораларын жобалаудың нормативтік негіздері
8.2. Ветеринариялық-санитариялық нысандарды орналасуына, салуға және пайдалануға қойылатын санитариялық гигиеналық талаптар
8.3. Құрылыс материалдарына қойылатын ветеринариялыќ-санитариялық талаптар
8.4. Қоралардың бөліктерін зоогигиеналық тұрғыдан бағалау
8.5. Мал қора-жайларындағы желдету жүйелері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар.
8.6. Қиды шығару және канализация жүйелері.
8.7. Қиды және саңғырықты сақтау технологияларын қойылатын ветеринариялық –санитариялық талаптар
8.1. Мал қораларын жобалағанда әрі салғанда жүргізілетінветеринариялық - санитариялық бақылау.
Сақтық ветеринариялық - санитариялық бақылау қораларын жобалау және салу барысында мына кезеңдер жүргізіледі:
Құрылысты техника – экономикалық тұрғыдан негіздегенде;
Құрылысқа жер таңдағанда
Жобаларға ветеринариялық - санитариялық тұрғыдан сараптағанда;
Құрылыс кезінде ветеринариялық - санитариялық нормалардың сақталуына бақылау жүргізгенде;
қораны пайдалануға қабылдағанда.
Ветеринариялық - санитариялық бақылау әртүрлі нормативтік құжаттарға негізделіп жүргізіледі (СНиП 2.10.03.–84“Животноводческие, птицеводческие и звероводческие здания и сооружения, НГП – Нормы технологического проектирования
Технологиялық жобалау нормалары, ТЖН және т.б)
ТЖН – да (НТП) барлық малға керекті зоогигиеналық талаптарының барлығы анықталған: малдың ұстау жүйелері, табының мөлшері мен құрылымы қора қопсы номенклатурасы және т.б.
Қазіргі уақытта Ресейде мал обьектілеріне арналған 14 негізгі НТИ – АПК 1.10.01.001-00 "Нормы технологического проектирования форм крупного рогатого скота крестьянских хозяйств" и др
Құрылыс саласындағы мемлекеттік стандарттар (МЕМСТ) – негізгі және ұсынылатын ережелерді белгілейді, олар ғимарат пен құрылыстардың жеке бөліктерінің, құрылыс материалдарының нақты параметрлері мен сипаттамасын белгілеп, бұл өнімді құрастыру, өткізу және қолдану кезіндегі техникалық бірлігін қамтамасыз етеді.
Жобалау мен құрылыс бойынша ережелер жиынтығы – құрылыс нормалары, ережелері және жалпытехникалық стандарттардың қажетті талаптарын қамтамасыз ететін ережелерді белгілейді.
Территориалды құрылыс нормалары – облыстар мен аудандардың экономикалық мүмкіндіктерін, ұлттық салт дәстүрлерін, социалды және табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескеретін ұсынылатын ережелер мен тиісті территорияның шекарасында қолданылуы тиісті нормаларды белгілейді.
Қораны жобалау негізінде жобалық тапсырмадан басталады.
Мал қора салынатын жерге қойылатын талаптар: құрғақ , сәл биіктікте, су баспайтын болуы тиіс. Айналасныда жасыл желек болуы тиіс. Жер қыртысының құрамы ау және су өткізгіш, түйіршік топырақты, сүзгіштік қабілеті төмендеу, дымқыл кемінде 5 м тереңдікте болғаны жөн.
Мал шаруашылығының технологиялық жобалау нормаларын (ТЖН) салалық жобалау мен ғылыми-зерттеу институттары жануарлардың жеке түрлеріне, ірі нысандар мен жеке фермерлік шаруашылықтар үшін жасайды.
Нормалар:
Зоогигиеналық талаптарға сәйкес келетін мал шаруашылығын жобалау талаптары малды өсіру ерекшеліктерін, технологиялық элементтерді, ғимараттардың құрылымын анықтап;
Құрылымдық элементтерге, қондырғыларға, қажетті микроклимат параметрлерін қамтамасыз ететін жүйелерге және жануарлардың басқа да тіршілігіне қажетті жүйелер мен қоралардың номенклатурасын анықтап, белгілейді.
Санитариялық қорғау аймағы – мал қораларының қабырғасы мен немесе олардың шарбағымен елді мекен арасындағы территорияны қамтиды. Бұл территорияның негізгі міндеті – ферманы елді мекенде болатынжұқпалы аурулардан сақтау әрі мал фермасындағы кейбір зиянды факторлардан сақтау болып табылады.
Зооветеринариялық арақашықтық – ол әр түрлі мал шаруашылығы кәсіпорындарының өзара ең аз ара қашықтығы. Оның негізгі мақсаты – әр кәсіпорындарда байқалатын жарамсыз зиянды әсерлерін бір – біріне таратпау (шаң – тозаңды, микробтарды, газдарды және т.б.).
мал шаруашылығы кәсіпорындарының және басқа да объектілердің өзара зооветеринариялық арақашықтығы шамамен 50-3000 м арасында уытқып отырады.
Құрылысқа араналған жер таңдау.
8.2. Ветеринариялық-санитариялық нысандарды орналасуына, салуға және пайдалануға қойылатын санитариялық гигиеналық талаптар
Мал шаруашылығы нысандатын тұрғызуға арналған жерді таңдау кезінде комиссия құрады, оның құрамына: жобаға тапсырыс беруші өкілдері, жобалау ұйымының, территориалдық және жергілікті мемлекеттік мүшелер өкілдері, сонымен қатар, зооветеринариялық және санитариялы-эпидемиологиялық қызметкерлер кіреді.
Таңдап алынған жер құрғақ, сәл биіктікте, тасқын не нөсерлі жаңбырдан соң су батпайтынболуы тиіс. Жер қыртысының құрамы ауа және су өткізгіш, түйіршік топырақты, сүзгіштік қабілеті төмендеу, көк-желек отырғызуға жарамды болуы тиіс.
Жер асты сулары 0,5м тереңдікте, су қабаттары 5м артық тереңдікте орналаксуы тиіс.
Жерге қойылатын басты талап оның топырақтық инфекциялардан таза болуы.
8.3. Құрылыс материалдарына қойылатын ветеринариялық – санитариялық талаптар.
Мал шаруашылығы нысандарын тұрғызу үшін сан түрлі құрылыс материалдары пайдаланылады. Құрылыс материалдарын келесі топтарға бөледі:
табиғи тасты материалдар.
керамикалық бұйымдар.
бейорганикалық байланыстырғыш (минералды) заттар: бетон, железобетон, т.б.
ағаштан жасалған материалдар.
жылуды изоляциялайтын материалдар.
битумды материалдар.
гидроизоляциялаушы материалдар.
пластмасс, полимер және олардың бұйымдары.
металдар.
әйнек.
Лак, бояу материалдары.
Беріктік – қоршаған орта әсерінен бұзылу мен деформациялауға қарсы тұру қасиеті.
Тұрақтылығы – үлгіден салмақты алып тастағаннан кейін деформацияның қалпына келуі.
Иілгіштігі – салмақты алғаннан кейін материалдың пішіні мен көлемін өзгертіп, қалпына келмеуі.
Қаттылық – бөгде қатты заттың енуіне материалдық қарсы тұру қасиеті.
Тығыздығы – материал массасының оның алатын көлеміне қатынасы.
Қуыстылығы – Материал көлемінің қуыстармен толтырылу дәрежесі.
Гигроскопиялық – материалдың ылғалды ауадан су буын сіңіре алу қабілеті.
Ылғалдылық – Материалдағы судың мөлшері.
Су өткізгіштік – қысымның әсерінен материалдың суды өткізу қабілеті.
Жылу өткізгіштік – беткейлердегі температуралардың айырмашылықтарына байланысты бір беткейден екінші беткейге өзінің қалыңдығы арқылы материалдың жылуды өткізе алу қабілеті.
8.4. Қоралардың бөліктерін зоогигиеналық тұрғыдан бағалау.
Мал, құс және аң шаруашылықтары үшін көп жағдайда бір қабатты қора-жайлар салынады. Олар тік бұрышты, түзу болып келеді және бір-біріне өзара байланысты жекелей құрылымдықық элементтерден тұрады.
Олар тіректі және қорғаушы болып бөлінеді. Қораның негізгі тіректі элементтеріне ғимараттың ірге тасы, қабырғалары, едені мен төбелері жатады. Оларға ауырлық, температуралық, көлденең және тік салмақтар түседі.
Ғимараттарды құрылымдық типтері бойынша каркасты және каркассыз деп бөлеміз.
Қорғаушы құрылымдық элементтер сыртқы және ішкі қабырғалар, төбесі, едені, қоршаулары, терезе мен есік саңылауларын толтыратын материалдар, т.б. көмегімен қоралар сыртқы атмосфералық әсерлерден қорғалып, ғимараттың іші қажетті температуралық - ылғалдылық және акустикалық жағдайлар сақталады.
Қора қабырғасы. Қора қабырғасының жылу және дымқыл өткізбеуі мақсатында қабырғаның қалыңдығы мен ол жасалатын материал ескеріледі. Жылуға берік жәнеауаны орташа деңгейде өткізіп тұратын болғаны жөн.
Төбе жапқыштар. Барынша жеңіл, берік, жылуды аз жіберетін, құрғақ, теп – тегіс, су өткізбейтін, қатты, ұзаққа шыдайтын болуы тиіс.
Қора төбесі. Қора ғимаратты не басқа құрылыстарды сыртқы табиғи әсерлерден қорғайтын конструкция. Ол тіректі бөлімдерден және сыртқы жапқыштардан тұрады. Төбені шатырлы және шатырсыз етіп алады.
Қақпа, есік, тамбуралар. Бұлардың бәрі ғимарат пен оларды қорғайтын, қоршаған орта мен жылу алмасып тұратын бөліктері. Қақпа арқылы жылу алмасады, сондықтан оны тығыз, суық күндері қайтпайтындай етіп жасау керек. Қақпаның бетін ағаштан, ал ішін жылу өткізбейтін заттар салынған тақтайдан жасайды.
Терезелер мен жарықтандыру. Терезелредің саны мен мөлшері ғимаратқа сай және сәулеттік шешімге сай болуы керек. Терезе қимасы қораптардан, жақтаулардан, алдына төселген тақтайшалардан, сыртқы су аққыштардан тұрады. Терезелер бітеу, ашылмалы – жаппалы, бір немесе екі қабат әйнектелген болып жасалуы мүмкін.
Ағаш жақьаулы бір қабат терезелердің жылу өткізгіштік коэффициенті 5,8 Вт/(м² х С), ал қос қабат терезенікі 2,67 Вт/(м² х С).
8.5. Мал қора жайларындағы желдету жүйелері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар .
Қораларда қажетті микроклиматты сақтап тұру үшін дұрыс ауа алмасуды қамтамасыз етудің, яғни таза ауаның біркелкі таралып, ластанған ауаны алмастырудың маңызы үлкен. Ауа алмасу дұрыс жүрмейтін қораларда желдетілмейтін қора бөліктері байқалып, онда ылғал мен зиянды газдардың мөлшері артады немесе керісінше, ауа қозғалысы жоғарылап жануарларға теріс әсер ететін жел өті пайда болады. Жалюзді ауа алмасу жүйесі
8.6. Қиды шығару және канализация жүйелері.
Мал қоралары ішіндегі канализация қоймалжың қиды, қораның ішін тазалағаннан кейінгі су қалдықтарын, малдарды санитариялық тазалықтан өткізгеннен кейін шайынды суларды шығару үшін керек. Канализация құрамына кіретін жабдықтар: қоймалжың қи ағатын науа, (тік бұрышты, ені 30 см, тереңдігі 20 см), ал оны қи қабылдаушы траптарға қарай орналасу еңкіштігі кемдегенде 1 пайыз, қи қабылдайтын және қи ағатын құбырларға қосатын траптар, қи ағатын құбырлар, гидравликалық қақпа, бақылау құдықтары, қидың сұйық бөлігі жиналатын жинағыш.
Қорадан қиды шығарудың бірнеше тәсілдері бар: механикалық әдіс, гидравликалық әдіс.
Қазіргі уақытта Европа мен Солтүстік Америка мемлекеттерінде бетон ванналарын пайдалана отырып, қиды өздігінен ағып кету жүйесі кеңінен қолданылады.
Малды байлаусыз ұстауда қолданылатын скреперлі қи алғыштар : а – тербелетін скрепер; б – енін бақылап отыратын скрепер; в - дельта-скрепер (жиналатын); г - кешенді скрепер; д –қи жинайтын робот.
8.7. Қиды және саңғырықты сақтау технологияларына қойылатын ветернариялық – санитариялық талаптар.
Көңді өңдеу, сақтау және пайдалану қоршаған ортаны ластанудан қорғау және адам мен мал денсаулығына қауіпсіз ету мақсатында жүргізіледі.
Қою және сұйық көңді дала аймағына тасу техникалық немесе санитариялық жағынан шектелсе, онда оларды арнайы көң сақтағышқа сақтайды.
Көң сақтағыш конструкциясы, оның сиымдылығы және орналасу орны көңді шығару технологиясына, гидрогеологиялық көрсеткіштерге, малды ұстау әдістерге және т.б. байланысты.
Құс шаруашылығының қасында ашық далада 50 мың тоннаға дейін құстың саңғырығы жиналған. Жауын-шашынмен араласқан саңғырық жер асты сулары арқылы үлкен алқаптарға таралып, экологиялық қауіп төндіруде.
Көңсақтағыштарда қи органикалық тыңайтқыштар жжасау үшін сақталады. Оның бірнеше түрлері болады: жер үстінде, сәл тереңдетілген, терең апандардағы, сонымен қатар ашық және жабық түрлері болады.
Жабық көңсақтағыш міндетті түрде желдетілу жүйесімен қаматамасыз етілуі тиіс. Сұйық қи үшін тереңдігі 2-5 м, ал қою ки үшін 1,5-2 м болу керек. Жер бетіндегі көңсақтағыш жан жағы 1,6 м бетондалып қоршалған алаңқай.
Қою көңді сақтаудың екі әдісі бар: анаэробтық әдіс – анаэробты микроорганизмдердің қатысуымен ашу проценсі жүріп, температура 25- 30 градусқа дейцін көтеріледі. Ал, аэробты – ааэробты әдісте аэробты микроорганизмдердің қатысуымен ашу процесі жүріп, ондағы температура 65-70 градусқа дейін жетеді.
9 дәріс
Дәрістің тақырыбы: Мал шаруашылығы кәсіпорындарында жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық шаралар
Дәрістің мақсаты: Шаруашылықтағы санитариялық шараларды жүргізу тәртібімен танысу
Қарастырылатын сұрақтар:
9.1. Мал шаруашылығындағы жалпы ветеринариялық-санитариялық шаралар.
9.2. Мал кәсіпорындарындағы ветеринариялық және ветеринариялық- санитариялық нысандарға қойылатын гигиеналық талаптар
9.3 Дезинфекция, олардың түрлері мен әдістері
9.4 Дезинфекциялық препараттар
9.5. Дезинфекцияда қолданатын аппратура және қондырғылар
9.1. Мал шаруашылығындағы жалпы ветеринариялық – санитариялық шаралар.
Қазіргі таңдағы фермалар мен мал шаруашылығы кешендерге қойылған талаптар, берілген ұсыныстар мен зоогигиеналық ветеринариялық – санитариялық ережелер малдың жұқпалы аурулардан сау және өнімділігі жоғары болуын қамтамасыз ете алады. Зоогигиеналық және ветеринариялық – санитариялық шаралар:
- Фермалар мен кешендерді биік қоршаумен қоршау, территориясына жасыл желек егу, қызметкерлер үшін санөткелдер, ал көліктер үшін дезөткелдер жасау;
- фермалар мен кешендерге жұқпалы аурулардан сау шаруашылықтардан мал алу;
- жаңа әкелінген малды қораға кіргізбес бұрын қораны тазалап, дезинфекциялап, 5 күн бойы бос қалдыру керек;
- мал қорада бір мал басына келетін орын көлемін қатаң сақтау керек;
- станоктан станокқа инфекция таратпау үшін қиды және сұйытылған қиды арнайы қи каналдары немесе траншея арқылы шығару керек;
- стресс-реакцияларды барынша азайту, яғни қажетсіз малды бір орыннан екінші орныға ауыстырмау;
- қорада оптимальды микроклимат ұйымдастыру, толық құнды азықтандыру;
- қора ауасын, қондырғылар мен құрал – жабдықтарды аэрозольды дезинфекциядан өткізіп отыру;
- қорада инфекциялық ауру пайда болса, әр түрлі сүзгілер көмегімен лас ауаны сүзгіден өткізіп отыру;
- үнемі инфекциялық ауруларға қарсы арнайы профилактикалық шараларды орындап отыру.
9.2. Мал кәсіпорындарындағы ветеринариялық және ветеринариялық – санитариялық нысандарға қойылатын гигиеналық талаптар.
Ветеринариялық нысандарға мыналар жатады: ветеринариялық пункт, ветеринариялық емхана, ветеринариялық лаборатория, изолятор. Ал, ветеринариялық-санитариялық нысандарға мыналар жатады: санитариялық өткізгіш, карантиндік орын, дезөткел, дезтөсеніш, санитариялық-сою пункті.
Ветеринариялық пункт (ветпункт) – жануарларды амбулаториялық және стационарлық емдеу үшін салынады. Ветпункттің құрамына амбулатория, стационар, қабылдау-манеж, дәріхана, тоңазытқышы бар биопрепараттарды сақтауға арналған қойма, құрал – жабдықтарды сақтауға арналған қойма. Ауру жануарларды ұстайтын бөлмелерде денниктер мен станоктар болуы керек. Стационардағы орын саны кешендегі жалпы мал басы санының 3-5 % құрайды. Мал басының саны 1000 –нан асатын мал шаруашылығы кешендерінде ветеринариялық пункттен басқа ветеринариялық лаборатория да болуы керек. Ветеринариялық лабораторияда лабораториялық бөлім, виварий және дезинфекциялық заттарды сақтайтын қойма болуы керек.
Изолятор - ауру малды немесе жұқпалы ауруға күдікті малдарды ұстауға арналған. Изолятор бокстардан, құрал-жабдықтар сақталатын және емдік шараларды жүргізетін бөлмелерден тұрады. Ветеринариялық емхана – ауру малға амбулаториялық және тұрақты емдеу көмегін көрсетеді, диагностикалық зерттеу, сондай-ақ, шаруашылықтарда профилактикалық, ветеринариялық – санитариялық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Ветеринариялық лаборатория – ірі мал және құс шаруашылықтарында орналастырылады, онда лабораториялық-диагностикалық зерттеулер, азықтың сапасын зерттеу, профилактикалық, емдік және ветеринариялық-санитариялық шаралар жұмысын жүргізеді.
Санитариялық өткізгіш – санблоктан және дезблоктан тұрады, 400 бас ірі қара малдан көп кешендерде салынады. Санитраиялық өткізгіш кешен кіреберісінде әкімшілік ғимаратта немесе бөлек ғимаратта орнатылады. Санитариялық блокта қызметшілерді және келушілерді санитариялық өңдейді, қызметшілердің арнайы киімдерін дезинфекциялайды, кептіреді. Дезинфекциялық блокта көліктерді дезинфекциялайды. Дезблокта дезинфекциялық қондырғы және көліктің дөңгелектерін дезинфекциялайтын дезванна болады. Ваннаның ұзындығы 9 метрден, ені 3-4 метр, ал дезинфекциялық ерітіндінің тереңдігі 0,25 метрден кем болмау керек.
Санитариялық – сою пункті сою бөлімінен ( сою бөлмесі, салқындату камерасы, ұшаларды уақытша салқындату камерасы, тері шикізаттарын уақытоша сақтау бөлмелері) және өтелдеу бөлімінен ( өлекселерді соятын және өтелдейтін ) тұрады. Санитариялық –сою пункті мал басы 800-ден асатын кешендерде салынады.
Жануарларды ветеринариялық өңдеуге арналған пункт профилактикалық және ветеринариялық-сангитариялық шараларды жүргізуге арналған. Бұл бөлме көлемі бір өндірістік топтағы сиыр санына байланысты болады. Бір мал басына 1,8 шаршы метрден келеді.
Карантиндік бөлімде – кешенге келіп түсетін жануарларды қабылдап, ветеринариялық – санитариялық өңдейді, диагностикалық шаралар жүргізеді. Каранитндік бөлменің көлемі ол жерде малды 30 күн ұсталатыны ескеріле отырып кешенге келіп түсетін мал басы санына байланысты алынады. Карантин ғимараты басқа мал шаруашылығы нысандарынан кем дегенде 100 м қашықтықта орналасуы кереек. Карантиндік ғимараттар қабырғамен қоршалады, кіргізу және шығару дезөткелдері болуы керек.
Дезөткел – фермаға кіріп-шығатын көліктің дөңгелектерін дезинфекциялау үшін қажет. Дезөткелді шаруашылық кіреберісіне орналастырады.
Дезтөсеніш – мұны қора алдына қызметшілер аяқ-киімін дезинфекциялау үшін төсеп қояды, әрбір қора алдында орналастырылады.
9.3. Дезинфекция, оның түрлері мен әдістері.
Дезинфекция – сыртқы орта нысаналарындағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жиынтығы.
Дезинфекция нысандары: мал шаруашылығы кешендері мен ферма территориялары, ондағы мал қоралары, көмекші және тұрмыстық бөлмелер, сою пунктілері, қи, азық, мал, мал өнімдерін және шикізаттарын тасымалдайтын көліктер, құрал-жабдықтар, қызметшілер аяқ-киімдері мен арнайы киімдері, қи.
Дезинфекцияны жалпы принцип бойынша ауру қоздырғышының түрлеріне, дезинфекциялық заттарға төзімділігіне байланысты ұйымдастырып өткізеді.
Дезинфекция көрсеткішіне (түріне) қарай екіге бөлінеді: профилактикалық және лажсыз. Профилактикалық дезинфекцияны аурудың алдын алу және патогенді микроорганизмдердің таралуын алдын алу мақсатында жүргізеді. Лажсыз дезинфекция (ағымдық және қорытынды) жұқпалы ауру тараған шаруашылықтарда инфекция ошағын жою және патогенді микроорганизмдердің сыртқы ортада жиналуын тоқтату мақсатында жүргізіледі.
Дезинфекция келесі операциялардан тұрады: алдын ала дезинфекция (қажет болған жағдайда), механикалық тазалау және дезинфекция.
- Мұқият механикалық тазалау – беткей сипаты және түсі көрінетін, көзбен қарағанда қи, азық және басқада заттардың қалдықтары көрінбейтін тазалаудың деңгейі. Ластану сипаты, деңгейі, түріне және дезинфекция мақсатына қарай беткейлерді алдын ала ылғалдандырмай-ақ жуғыш немесе дезинфекциялағыш заттар көмегімен механикалық тазалаудан өткізеді.
- Дезинфекция алдында мал қорадан түгелдей немесе бөлшектеп малды шығарады. - Судың және дезинфекциялық ерітінділердің әсерінен тозатын қондырғыларды полиэтилен пленкасымен жабады, беткейлерді дезинфекциялық ерітінділермен ылғалдандырыды, артынан кырғыш немесе судың көмегімен қидың негізгі бөлігін, азық және басқада лас заттар қалдықтарын алып тастайды (алдын ала тазалау).
Дезинфекцияның 2 әдісі (метод) бар: физикалық және химиялық.
Мал шаруашылығында дезинфекция мақсатында химиялық заттар және физикалық күштер қолданылады.
Физикалық дезинфекция – заттар мен объектілерді жоғары температурамен (қайнаған су, су буы, ыстық бу, отпен күйдіру) және әртүрлі сәулелермен өңдеу.
Химиялық әдіс әртүрлі химиялық заттарды қолдану арқылы іске асырылады.
Дезинфекцияның химиялық әдісі химиялық заттардың қолдану түрлеріне байланысты бірнеше тәсілдерге бөлінеді: ылғалды, аэрозольді, газды және көпіршікті.
Ылғалды (немесе құрғақ) тәсіл химиялық заттардың ерітінділерін немесе олардың ұнтақтарын пайдалану арқылы жүзеге асады. Бұл тәсіл ең кең тараған қарапайым тәсіл, алайда тиімділігі төмен.
Аэрозольді тәсіл биологиялық әсері күшті әрі ең тиімді болып табылады. Бұл тәсілді қолдану үшін арнайы жағдайларды сақтау қажет, ал ең бастысы аэрозоль алатын генераторлар (аппараттар) қажет етеді. Кейде генераторсыз да аэрозоль алуға болады. Сондықтан аэрозольды алудың екі жолы бар: аппаратты және аппаратсыз.
Аппаратсыз аэрозоль алу үшін құрамында хлоры немесе йоды бар химиялық заттар қолданады (метод возгонки). Аппаратсыз аэрозоль үшін бірхлорлы йод, йодты алюминий, хлорлы аммоний, хлорскипидар, хлорлы аллюминий және т.б. Аталған заттар микробтарды жою үшін олардың концентрациялары жеткілікті болу керек. Аппаратсыз аэрозоль алу үшін мырышталған темір стакан (сыйымдылығы 250-500мл қора үшін) қолданады. Осындай бір орыннан 500м3 көлемге дейін аэрозоль алуға болады (стаканды еденнен 1,5-2м биіктікке іліп қояды).
Аппараттың көмегімен аэрозоль алудың 2 жолы бар: диспергациялық және конденсациялық. Диспергациялық аэрозоль ерітіндіні механикалық жолмен шашып ауада оны қалқып жүретін жағдайына ауыстыру, ал конденсациялық аэрозоль дезинфекциялық заттардың буы конденсацияланғанда пайда болады. Сонымен қатар аралас (термомеханикалық) аэрозольда болады (мұнда диспергациялық аэрозольда, әрі конденсациялық аэрозольда кездеседі).
Аэрозольдарды алу үшін әртүрлі генераторлар қолданады: пневматикалық (ПВАН, ТАН, САГ-10, РУЖ), сыртқа тепкіш (центробежный) немесе дискалық (МАГ-3, ЦАГ), термомеханикалық (ААП, ГА-2, “Аист-2”, “Каскад-М”).
9.4 Дезинфекциялық препараттар
Дезинфекциялық препараттар. Дезинфекциялық заттар – жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жоюға арналған емдік концентрациядан жоғары концентрациядағы химиялық қосылыстар. Дезинфекциялық заттарға қойылатын талаптар: - улылығы төмен болу керек; - суда жақсы еру керек; - төмен концентрациядағы белсенділігі жоғары болу керек; әсер ету жылдамдығы жоғары; - өңделетін нысаналарға теріс әсері болмау керек; - сақтағанда тұрақты болу керек; - тасымалдағанда ыңғайлы болу керек; - экономикалық жағынан тиімді болу керек. Дезинфекциялық заттарды ұнтақ, ерітінді күйде жиірек, ал газ түрінде сирегірек пайдаланады/
Дезинфекциялық заттар химиялық құрылысы мен қасиеттеріне байланысты екіге бөлінеді:
1) Жай минералды заттар және жеке элементтер.
2) Күрделі органикалық қосылыстар және қоспалары.
• Ең көп тараған химиялық топтарға (барлығы 15 топтан жоғары) жататындар:
- Тотықтырғыштар (пероксидтер; сутегінің асқын тотығы, калий перманганаты, жоғары қышқылдар);
- Галоидтар (негізі хлор мен йод) және олардың қосылыстары (хлораминдер, гипохлоридтер, дихлораминдер, Дезмол, Дезам, Дезхлоржәне б.);
- Галоидаралық қосылыстар (құрамында активті хлор мен йод бар заттар, бір хлорлы йод, йодоформ, йод повидон, дайазан және басқада йодофорлар);
Минералды және органикалық қышқылдар (тұз қышқылы, күкірт қышқылы, сірке суы, қымыздық қышқылы және т.б.);
- Металдар және олардың қосылыстары;
- Сілтілер (күйдіргіш натрий, калий, сөндірілген және жаңадан сөндірілген әк, сақар, сода кальцийленген сода, «Каспос» препараты, «Демп» препараты , «Компоцид» препараты және т.б.);
- Спирттер;
- Альдегидтер;
- Фенолдар;
- Нитрофурандар;
- Хиноксаминдер;
- Беткейлік белсенді заттар (ПАВ) және т.б;
Дезинфекциялық заттардың әсер ету механизмі.
• Әсер ету механизмі деп, микробпен дезинфекциялық заттың арасындағы процесті айтамыз.
• Дезинфекциялық процестің жүру негізі:
- Ең алдымен микробпен дезинфекциялық зат өзара, әрі қоршаған ортамен (органикалық және неорганикалық заттар) әсерлеседі;
- Дезинфекциялық заттың микробқа оның сыртқы қабатынан өтуі;
- Дезинфекциялық затпен клетканың негізгі құрылымдар арасындағы реакциясы (ең алдымен белоктармен).
• Химиялық дезинфекциялық заттардың микроб клеткасына жылдам әсері (оның жылдамдығы) олардың диссоциялану қасиетіне байланысты: тез диссоцияланса соғұрлым тез цитоплазмаға кіреді, жояды.
• Әр топтағы дезинфекциялық заттар микроб клеткасында әртүрлі морфологиялық өзгерістер тудырады:
- Құрамында хлоры бар заттар және тотықтырғыштар клетканың ішіне өтіп, клетка протейнімен әсерлесіп тотығу реакциясын туғызады;
- Минералды сілтілер және қышқылдар, әсіресе ОН-ионды сілтілер, микроб клеткасында және оның мембранасында қабылданып, клетканың қабырғасы қатты жарақаттанады (гидроксильді және сутегі иондарының көмегімен), әрі клеткада гидролиз тудырады.
Қазіргі уақытта кеңінен қолданылып жүрген дезинфекциялық заттарға жататындар:
• Қазақстанда өндірілген – Дезагид, Экодез (КазНАУ), Катафор, Этафор (КазНИВИ), Полистирол (г. Павлодар).
• Ресейде өндірілген – нейтральды кальций гипохлориді дезанол, аналит (Ас тұзын электрохимия әдісімен өңдеу арқылы алынады), сульфохлоронтин, полисепт, пемос-1, аламинол, йодез, дезэфект, глутарлы альдегид, бриллиант, вироцид, фоспренил (аэрозольды түрде пайдаланады), пербоксан (ет өңдеу құралдарына арналған), Дезамин, дезан, йодты алюминий, бактерицид, пенохлор, гармамид, хлораминдер, озон, ионизаторлар, теотропин, делеголь (8 активных компанентов предохраняют животных от всех вирусов, бактерий и грибов), Экобиоцид.
• Шет елде өндірілген – виркан, перформ, терралин, асептол, глютекс, септадор, септабик, бромосепт.
• Қазіргі уақытта кәдімгі қарапайым заттарға қарағанда бірнеше активті заттардан (2-3 оданда көп) тұратын композициялық құрамдарды қолдану тиімді.
9.5. Дезинфекцияда қолданатын аппаратура және қондырғылар
Қазіргі кезде мал шаруашылығында мынадай дезинфекциялық қондырғылар қолданылып жүр: ДУК-1, ДУК-2, СТЭЛ, АИСТ-8, АИСТ-2М, термогазогенераторлы ТГУ-500, « АИСТ-2У» және т.б.
• Әртүрлі пайдалануға ыңғайлы спрейерлер (ірі дисперсті шаңдату), аэрозольдық шашыратқыштарды қолдануға болады (қауырт жағдайларда) – Gloria (Германия) және Birchmeier (Швецария), бұлар Ресейде кеңінен қолданады.
• Жуғыш – дезинфекциялық қондырғылар: ОМ-22613, ОМ – 22614 (Россия), Reno (Дания), комплект PHV (Франция).
ДУК-1, ДУК-2 дезинфекциялық қондырғысы.
Бұл қондырғы мал қораларын, малдарды және т.б. нысандарды дезинфекциялауға арналған. Қондырғы ГАЗ автокөлігінен, суды немесе жұмысшы ерітінділерді тасымалдайтын цистернадан, дезинфекциялық ерітінділерге арналған 4 бактан, қосалқы заттарға арналған 2 жәшік, қабылдап – жіберетін құбырдан және вакуум құбырынан тұрады.
10 дәріс.
