Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_AZA_1178__1200_LTTY_1178_AGRARLY_1178_UNIV...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

12 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Дезинфекция жүргізу әдістері

Сабақтың мақсаты: 1.Дезинфекия жүргізу әдістерін үйрену. 2.Дезинфекция түрлерін анықтау. 3. Дезинфекциялық заттарға қойылатын талаптарды білу.

Керекті құралдар мен жабдықтар:

Сабақтың мазмұны: дезинфекция – сыртқы орта нысаналарындағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жиынтығы. Дезинфекция нысандары: мал шаруашылығы кешендері мен ферма территориялары, ондағы мал қоралары, көмекші және тұрмыстық бөлмелер, сою пунктілері, қи, азық, мал, мал өнімдерін және шикізаттарын тасымалдайтын көліктер, құрал-жабдықтар, қызметшілер аяқ-киімдері мен арнайы киімдері, қи. Дезинфекцияны жалпы принцип бойынша ауру қоздырғышының түрлеріне, дезинфекциялық заттарға төзімділігіне байланысты ұйымдастырып өткізеді.

Дезинфекция көрсеткішіне (түріне) қарай екіге бөлінеді:

1. Профилактикалық

2.Лажсыз.

Лажсыз дезинфекция (ағымдық және қорытынды) - жұқпалы ауру тараған шаруашылықтарда инфекция ошағын жою және патогенді микроорганизмдердің сыртқы ортада жиналуын тоқтату мақсатында жүргізіледі.

Дезинфекция келесі операциялардан тұрады:

1.Алдын ала дезинфекция (қажет болған жағдайда);

2.Механикалық тазалау;

3.Дезинфекция.

Мұқият механикалық тазалау – беткей сипаты және түсі көрінетін, көзбен қарағанда қи, азық және басқада заттардың қалдықтары көрінбейтін тазалаудың деңгейі. Ластану сипаты, деңгейі, түріне және дезинфекция мақсатына қарай беткейлерді алдын ала ылғалдандырмай-ақ жуғыш немесе дезинфекциялағыш заттар көмегімен механикалық тазалаудан өткізеді.

Дезинфекция алдында мал қорадан түгелдей немесе бөлшектеп малды шығарады. - Судың және дезинфекциялық ерітінділердің әсерінен тозатын қондырғыларды полиэтилен пленкасымен жабады, беткейлерді дезинфекциялық ерітінділермен ылғалдандырыды, артынан кырғыш немесе судың көмегімен қидың негізгі бөлігін, азық және басқада лас заттар қалдықтарын алып тастайды (алдын ала тазалау).

Алдын ала тазалаудан кейін қол қиын жететін жерлерді бір рет ыстық 2 % күйдіргіш натрий ерітіндісімен немесе екі рет арасына жарты сағат салып 5% кальций содасының ерітіндісімен өңдейді. Мал қораларын тазалап болғаннан кейін қондырғыларды және бөлмелерді жөндеу жұмыстарынан өткізеді.

Механикалық тазалап, жөндеу жұмыстарын жүргізген соң еденді қайталап жуып, астауларды азық пен судан тазартып, қораларды артық ылғалды жою үшін желдетеді.

Қораларды, қондырғылар мен құрал-жабдықтарды және басқа да нысаналарды дезинфекциялағанда химиялық ерітінділер біркелкі етіп шашылуын қадағалайды. Жабық қораларды аэрозольдер көмегімен де дезинфекциялауға болады. Дезинфекциялап болған соң қораны 3 сағатқа жауып тастайды. Егер мүмкін болса, экспозицияны 10-12 сағатқа созады. Экспозицияны таңдағанда мал қорадағы қондырғылардың дезинфекциялық ерітінділерге төзімділігін де ескеру қажет. Негізінде дезинфекцияның 2 әдісін (метод) қолданады: физикалық және химиялық. Яғни мал шаруашылығында дезинфекция мақсатында химиялық заттар және физикалық күштер қолданылады.

Физикалық дезинфекция – заттар мен объектілерді жоғары температурамен (қайнаған су, су буы, ыстық бу, отпен күйдіру) және әртүрлі сәулелермен өңдеу.

Химиялық әдіс әртүрлі химиялық заттарды қолдану арқылы іске асырылады. Дезинфекцияның химиялық әдісі химиялық заттардың қолдану түрлеріне байланысты бірнеше тәсілдерге бөлінеді: ылғалды, аэрозольді, газды және көпіршікті.

Ылғалды (немесе құрғақ) тәсіл-химиялық заттардың ерітінділерін немесе олардың ұнтақтарын пайдалану арқылы жүзеге асады. Бұл тәсіл ең кең тараған қарапайым тәсіл, алайда тиімділігі төмен.

Аэрозольді тәсіл - биологиялық әсері күшті әрі ең тиімді болып табылады. Бұл тәсілді қолдану үшін арнайы жағдайларды сақтау қажет, ал ең бастысы аэрозоль алатын генераторлар (аппараттар) қажет етеді. Кейде генераторсыз да аэрозоль алуға болады. Сондықтан аэрозольды алудың екі жолы бар: аппаратты және аппаратсыз.

Аппаратсыз аэрозоль алу үшін құрамында хлоры немесе йоды бар химиялық заттар қолданады (метод возгонки). Аппаратсыз аэрозоль үшін бірхлорлы йод, йодты алюминий, хлорлы аммоний, хлорскипидар, хлорлы аллюминий және т.б. Аталған заттар микробтарды жою үшін олардың концентрациялары жеткілікті болу керек. Аппаратсыз аэрозоль алу үшін мырышталған темір стакан (сыйымдылығы 250-500мл қора үшін) қолданады. Осындай бір орыннан 500м3 көлемге дейін аэрозоль алуға болады (стаканды еденнен 1,5-2м биіктікке іліп қояды).

Аппараттың көмегімен аэрозоль алудың 2 жолы бар: диспергациялық және конденсациялық. Диспергациялық аэрозоль ерітіндіні механикалық жолмен шашып ауада оны қалқып жүретін жағдайына ауыстыру, ал конденсациялық аэрозоль дезинфекциялық заттардың буы конденсацияланғанда пайда болады. Сонымен қатар аралас (термомеханикалық) аэрозольда болады (мұнда диспергациялық аэрозольда, әрі конденсациялық аэрозольда кездеседі).

Дезинфекциялық заттарға қойылатын талаптар:

- улылығы төмен болу керек;

- суда жақсы еру керек;

- төмен концентрациядағы белсенділігі жоғары болу керек;

әсер ету жылдамдығы жоғары;

  • өңделетін нысаналарға теріс әсері болмау керек;

  • сақтағанда тұрақты болу керек;

  • тасымалдағанда ыңғайлы болу керек;

  • экономикалық жағынан тиімді болу керек.

Дезинфекциялық заттарды ұнтақ, ерітінді күйде жиірек, ал газ түрінде сирегірек пайдаланады.

Дезинфекциялық заттар химиялық құрылысы мен қасиеттеріне байланысты екіге бөлінеді:

1) Жай минералды заттар және жеке элементтер.

2) Күрделі органикалық қосылыстар және қоспалары.

Ең көп тараған химиялық топтарға (барлығы 15 топтан жоғары) жататындар:

- Тотықтырғыштар (пероксидтер; сутегінің асқын тотығы, калий перманганаты, жоғары қышқылдар);

- Галоидтар (негізі хлор мен йод) және олардың қосылыстары (хлораминдер, гипохлоридтер, дихлораминдер, Дезмол, Дезам, Дезхлоржәне б.);

- Галоидаралық қосылыстар (құрамында активті хлор мен йод бар заттар, бір хлорлы йод, йодоформ, йод повидон, дайазан және басқада йодофорлар);

- Минералды және органикалық қышқылдар (тұз қышқылы, күкірт қышқылы, сірке суы, қымыздық қышқылы және т.б.);

- Металдар және олардың қосылыстары;

- Сілтілер (күйдіргіш натрий, калий, сөндірілген және жаңадан сөндірілген әк, сақар, сода кальцийленген сода, «Каспос»препараты, «Демп» препараты , «Компоцид» препараты және т.б.);

- Спирттер;

- Альдегидтер;

- Фенолдар;

- Нитрофурандар;

- Хиноксаминдер;

- Беткейлік белсенді заттар (ПАВ) және т.б;

Дезинфекциялық заттардың әсер ету механизмі деп- микробпен дезинфекциялық заттың арасындағы процесті айтамыз.

Дезинфекциялық процестің жүру негізі:

- Ең алдымен микробпен дезинфекциялық зат өзара, әрі қоршаған ортамен (органикалық және неорганикалық заттар) әсерлеседі;

- Дезинфекциялық заттың микробқа оның сыртқы қабатынан өтуі;

- Дезинфекциялық затпен клетканың негізгі құрылымдар арасындағы реакциясы (ең алдымен белоктармен).

Химиялық дезинфекциялық заттардың микроб клеткасына жылдам әсері (оның жылдамдығы) олардың диссоциялану қасиетіне байланысты: тез диссоцияланса соғұрлым тез цитоплазмаға кіреді, жояды.

• Әр топтағы дезинфекциялық заттар микроб клеткасында әртүрлі морфологиялық өзгерістер тудырады:

- Құрамында хлоры бар заттар және тотықтырғыштар клетканың ішіне өтіп, клетка протейнімен әсерлесіп тотығу реакциясын туғызады;

- Минералды сілтілер және қышқылдар, әсіресе ОН-ионды сілтілер, микроб клеткасында және оның мембранасында қабылданып, клетканың қабырғасы қатты жарақаттанады (гидроксильді және сутегі иондарының көмегімен), әрі клеткада гидролиз тудырады.

Қазіргі уақытта кеңінен қолданылып жүрген дезинфекциялық заттарға жататындар:

- Қазақстанда өндірілген – Дезагид, Экодез (КазНАУ), Катафор, Этафор (КазНИВИ), Полистирол (г. Павлодар).

- Ресейде өндірілген – нейтральды кальций гипохлориді дезанол, аналит (Ас тұзын электрохимия әдісімен өңдеу арқылы алынады), сульфохлоронтин, полисепт, пемос-1, аламинол, йодез, дезэфект, глутарлы альдегид, бриллиант, вироцид, фоспренил (аэрозольды түрде пайдаланады), пербоксан (ет өңдеу құралдарына арналған), Дезамин, дезан, йодты алюминий, бактерицид, пенохлор, гармамид, хлораминдер, озон, ионизаторлар, теотропин, делеголь (8 активных компанентов предохраняют животных от всех вирусов, бактерий и грибов), Экобиоцид.

- Шет елде өндірілген – виркан, перформ, терралин, асептол, глютекс, септадор, септабик, бромосепт.

- Қазіргі уақытта кәдімгі қарапайым заттарға қарағанда бірнеше активті заттардан (2-3 оданда көп) тұратын композициялық құрамдарды қолдану тиімді.

Студенттердің өзіндік жұмысы:

    1. Қора-жайды дезинфекция жүргізуге дайындау;

    2. Дезинфекция жүргізуге арналған қондырғылардың жұмыс істеу принциптерімен танысу;

    3. Физикалық дезинфекция жүргізу ерекшеліктерін білу

    4. Химиялық дезинфекция жүргізуді меңгеру;

    5. Дезинфекциялық заттарды білу.

Бақылау сұрақтары:

    1. Қора-жайды дезинфекциялауға дайындау реті

    2. Дезинфекция түрлері

    3. Дезинфекцияның әдістері

    4. Дезинфекцияның химиялық тәсілдері

    5. Дезинфекция жүргізуге арналған қондырғыларды атаңыз

    6. Дезинфекцияға қолданылатын препараттар

    7. Дезинфекциялық препараттарды атаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]