Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_AZA_1178__1200_LTTY_1178_AGRARLY_1178_UNIV...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

Тақырыбы: Мал шаруашылығы нысандарда жүргізілетін дератизациялық шаралар

Дәрістің мақсаты: Шаруашылықтағы дератизациялық шараларды іске асыру жолдарын меңгеру

Қарастырылатын сұрақтар:

11.1 Дератизация оның түрлері мен санитариялық-эпидемиологиялық маңызы

11.2 Дератизациялық әдістер мен тәсілдері

11.3. Родентицидтер

11.4 Мал қораларында дератизация жүргізу ерекшеліктері

11.1. Дератизация оның түрлері мен санитариялық-эпидемиологиялық маңызы

Дератизация - әртүрлі ауруларды тасымалдаушы болып табылатын және шаруашылықтарға үлкен зиян тигізетін кеміргіштермен күресу шараларының жиынтығы.

Кеміргіштер 200-ден аса адамдар мен жануарлардың жұқпалы және паразитарлық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушы болып табылады (бруцеллез, туляремия, Ауески, Сібір жарасы, листериоз, токсоплазмоз, және т.б.). Кеміргіштердің адаммен және малмен тығыз байланыста болуы, олардың арасында барлығына ортақ қауіпті аурулардың таралу қаупі жоғары (оба, күйдіргі, және т.б.). Жалпы алғанда олар адамға 50 ден астам ауру түрлерін таратады.

1996 ж ғана әлемде обамен ауырған 1300 адам тіркелген. Бруцеллезге сау емес шаруашылықтарда кеміргіштердің зақымдануы 60% құрады, олар негізінен бактерия тасымалдаушылар. Кеміргіштер листериоздың және лептоспироздың негізгі таратушы көзі.

10-40% жағдайда олар тасымалдаушылар, ал эпизоотиялық ошақтарда олардың зақымдануы 85% жетеді.

Дератизация профилактикалық және жою шаралары болып бөлінеді.

Профилактикалық шараларға:

- Санитариялық-техникалық шаралар жүргізу:

құрылыс-техникалық нормаларының сақталып, кеміргіштердің ғимаратқа енуіне және індерін салуға кедергі жасау. Құрылыс жүргізгенде еден астында, төбе жабынында бос кеңістік қалдырмау;

- кеміргіштерді азықтан, судан айыру арқылы олардың көбеюіне кедергі жасау;

- азық пен суды кеміргіштерден қорғау.

- Санитариялық шаралар жүргізу (қораларды, территорияны ластамау және б.), тәртіп пен тазалықты сақтау, әсіресе ет сақтайтын және ет соятын жерлерде. Санитариялық шаралардың ең маңыздысы қалдықтарды дұрыс өңдеу (өртеу, компостау, өңдеу).

- Агротехникалық шаралар – кеміргіштердің өмірі мен көбеюіне кедергі жасайды (арамшөптерді жою, жерді дұрыс жоспарлау, уақытында егінді жинау).

11.2 Дератизациялық әдістер мен тәсілдері

Физикалық әдіс (кеміргіштерді жалпы жоймайды).

Кеміргіштерді әртүрлі алдап ұстауға негізделген механикалық құралдар - қақпандар, буындырғыштар (кеміргіштер аз болғанда ыңғайлы), т.б. қолданылады. Бұл тәсіл қорада да әрі басқа территорияларда да жүргізіледі. Сонымен қатар механикалық әдіске кеміргіштердің інін сумен толтыру (сарышұнақтарға қарсы), жабысқақ композицияларды (конифоль және костов майы, литографиялық лак, қою сірне) және электрлік қондырғыштарды (“электродератизаторлар”) қолдану жатады. Бұл әдісті: территорияларда, қораларда кеміргіштердің бар-жоғын және дератизация шараларының тиімділігін анықтау үшінде қолданады.

Физикалық әдіс әртүрлі стационарлы және тасымалданатын ультрадыбыстық қондырғыларды немесе қорғаныс дератизациялық жүйелерді пайдаланады (алайда тиімділігі өте төмен). Үркіткіштер кеміргіштерді қорқытатын ультрадыбысты шығарады, ал дератизациялық қорғаныс жүйелері кеміргіштер жақындаған кезінде импульсті тоқпен ұрады.

Физикалық әдіс химиялық немесе биологиялық әдістермен қосылып пайдаланса оның тиімділігі жоғары.

Ең тиімді әдіс ол химиялық әдіс болып табылады. Ол улы заттарды қолдануға негізделген. Улар организмге ену жолдары арқылы өкпелік, ішектік (алдамыштық және алдамыштық емес) болып бөлінеді.

Родентицидтер негізгі екі топқа бөлінеді: жіті және созылмалы. Жіті әсер ететін улар, организмге бір рет енгеннен кейін, қысқа мерзім ішінде өлім тудырады (0,5-24 сағат), (неорганикалық: натрий кремнефтор, көмірқышқыл барий, сары фосфор, цинк фосфиді; органикалық синтетикалық: крысид, барий фторацетаты, монофторин және б.). Созылмалы әсер ететін улар (Кумарин тобынан: зоокумарин, кумахлор, дикумарол, және б.; индадион тобынан: дифенацин, ратиндан және б.) улы алдамышта жегеннен кейін бірнеше тәуліктен кейін уландырғыш әсер етеді. Препараттардың бұл жиынтығы бүкіл әлемде шектеулі, әрі бірдей.

Родентицидтер әртүрлі түрде қолданады: ұнтақ, сұйық және суспензия, паста, шаң, газ, көпіршік және т.б.

Дератизациялық тәсілдер

Алдамыш тәсілі – уланған алдамыштарды қолдануға негізделген;

Тозаңдау тәсілі – кеміргіш індерін умен тозаңдаумен іске асырылады;

Улы көпіршік тәсілі – ылғалды қора жайларда жүргізіледі;

Жабысқақ заттар тәсілі – жабысқақ желім сияқты заттарды қолдану арқылы іске асады;

Газдау тәсілі – кеміргіштерді жою үшін улы газдар қолданылады.

Биологиялық әдіс кеміргіштердің табиғи жауларын (ит, мысық) және адамға қауіпіз бактериалды культураларды қолдануға негізделген.

Бактериалды культуралар ретінде көбінесе сальмонеллалар қолданылады. Оларды ет пептон сорпасында, сүт немесе ашытқы сұйық ортасында, құрғақ және жартылай құрғақ сүйек үгінділері орталарында өсіреді. Бактерия өсінділерін азық алдамыштары ретінде қолданады.

11.3 Родентицидтер

Родентицидтер – (лат. rodentis –кеміргіш, caedo-өлтіремін) кеміргіштерді жоюға арналған улы препараттар.

Барлық улар шығу тегіне қарай өсімдік тектес және синтетикалық болып бөлінеді.

Барлық синтетикалық родентицидтер үлкен екі топқа бөлінеді: жіті және созылмалы (антикоагулянттар) әсер ететін препараттар.

Жіті әсер ететін препараттардан жасалған алдамыштарды бір рет жегеннен кейін кеміргіштердің өлімі туындайды. Оларға: күкіртқышқылды барий, мырыш фосфиді, сары фосфор, мышьяк қосылыстары, т.б. бейорганикалық қосылыстар жатады.

Сонымен қатар өсімдік тектес органикалық заттар: сциллирозид, крысид, тиосемикарбазид, промурит, барий және натрий фторацетаты, т.б.жатады.

Созылмалы (кумулятивті) әсер ететін препараттардың әсері ұзақ, латентті кезеңмен сипатталады. Бұл препараттар жануардың организмінде біртіндеп жиналып, уақыт өте келе организмде биохимиялық және патологоанатомиялық өзгерістерге, нәтижесінде өлімге әкеледі. Оларға: зоокумарин, кумахлор, дикумарол, дифенацин, фентолацин, т.б. препараттар жатады.

Біртіндеп әсер еткен жағдайда кеміргіштердің сақтанушылығын туғызбайды. Кеміргіштер желінген алдамышты улы жем мен ауру шығу аралығын аңдымай қалады да, жемді жей береді. Сол себепті антикоагулянттар жоғары нәтижелі болады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТІРКЕЛГЕН ДЕРАТИЗАЦИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР

Ракумин- көгілдір түсті ұнтақ. Әсер ететін заты: куматетраил -0,75%. Улылығы 3 класс. Шығару түрі ұнтақ.

Гельцин – сарғаш түсті гель тәрізді масса. Әсер ететін заты: техникалық трифенацин (0,2% мөлшерінде). Улылығы 3 класс. Шығару түрі : гель.

Индан-Флюид – жабысқық майлы сұйық концентрат. Әсер ететін заты: изоиндан -0,25% немесе хлорфацион – 0,25. Улылығы 3 класс. Шығару түрі : сұйық концентрат.

Клерат – қызғылт түсті гранулалардан тұрады. Әсер ететін заты: бродифакум - 0,005%. Улылығы 4 класс. Шығару түрі : гранула.

Протект Б. (Роденокс Б) – қызғылт түсті қолдануға дайын алдамыш. Әсер ететін заты: бромалидон - 0,005%. Улылығы 4 класс. Шығару түрі : гранула.

Протект ББ (Роденокс ББ) - қызғылт түсті қолдануға дайын алдамыш. Әсер ететін заты: бромалидон - 0,005%. Улылығы 4 класс. Шығару түрі : парафинді блок.

Бараки - қызғылт түсті қолдануға дайын алдамыш. Әсер ететін заты: дифетилон - 0,0025%. Улылығы 4 класс. Шығару түрі : парафинді блок.

Ларинат - 0,25% бромадилонның қара-қызыл түсті ерітіндісі. Әсер ететін заты: бромадилон - 0,25%. Улылығы 2 класс. Шығару түрі : сұйық концентрат.

Цинк фосфиді - өте улы қара сұр түсті ұнтақ. Әсер ететін заты цинк фосфиді 80%. Улылығы: 2 класс. Шығарылу түрі: ұнтақ.

11.4. Мал қораларында дератизация жүргізу ерекшеліктері

Мал шаруашылығы нысандарын өңдегенде басты мәселе үй жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жәшік конструкциялары, орналастыру әдісі және орны олардың уланған алдамыштарды үй жануарларының жеуіне жол бермеуі керек.

Шошқа шаруашылығындағы дератизация барлық ауыл шаруашылығы қораларының ішінде шошқа қораларында кеміргіштер ең көп кездеседі. Сондықтан ең алдымен осы қораларда дератизация мұқият жүргізілуі тиіс. Ауыл шаруашылығы жануарларының ішінде шошқалар антикоагулянттарға сезімтал келеді, сондықтан зоокумариннің орнына дифенацин, этилфенацин, изоинданды пайдаланған жөн. Дератизациядан кейін қорада санитариялық жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Дератизация дұрыс жүргізілген жағдайда кез-келген шошқа қорасындағы кеміргіштерден 3-4 апта ішінде құтылуға болады.

Құс шаруашылығындағы дератизация. Құс қоралары да кеміргіштердің көптеп кездесетін орындарының бірі. Тауықтардың антикоагулянттарға кеміргіштерге қарағанда сезімталдығы аз. Биологиялық олар кеміргіштерге қарағанда бұл уларға он есе тұрақты. Бірақ антибиотиктер мен кокцидиостатиктерді пайдаланғанда құстардың организмінде К витаминінің синтезі төмендеп, олардың антикоагулянттарға сезімталдылығы артады.Сондықтан алдамыштардың азыққа қосылып кетпеуін қадағалау қажет. Құстарды еденде өсіру жүйесінде алдамыштарды арнайы жәшіктерге салып, олардың жанын диаметрі 6-8 см тесіктер жасап қояды. Алдамыштан басқа жәшіктің түбіне антикоагулянттардың дустарымен сеуіп қояды.

Сиыр, бұзау, қой, жылқы қораларында жүргізілетін дератизацияда да улы алдамыштар пайдаланады. Алдамыштарды жануарлар тиіспейтін орындарға қояды. ІҚМ мен қойлар антикоагулянттарға тұрақты. 100-200 мг мөлшерінде бірнеше рет қабылданған у оларға әсер етпейді.

Қоралардың айналасындағы территорияда дератизация жүргізу үшін онда ең алдымен тиісті санитариялық тазалықты сақтау қажет. Алдамыштарды жабайы құстар мен аңдар жеп қоймау үшін арнайы ағаш жәшіктерге салады. Жәшіктерді әрбір 50м сайын, қоршауды бойлай, автокөліктердің дезбарьерлерінің қасында, қалдық жиналатын алаңдарда, оңаша жерлердің бәріне қойып шығады. Дератизациялық алдамыштардан басқа жолдарды тозаңдау, індеріне улы көбіктер шашу, жабысқақ массаларды пайдалану да қолданады.

12 дәріс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]