Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_AZA_1178__1200_LTTY_1178_AGRARLY_1178_UNIV...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

Дәрістің тақырыбы: Ауыл шаруашылық малдарын ұстау жүйелері мен күтіп-бағу гигиенасы.

Дәрістің мақсаты: : Ауыл шаруашылық малдарын ұстау жүйелері мен күтіп-бағу гигиенасын меңгеру.

Қарастырылатын сұрақтар:

12.1. Малды ұстау жүйелері мен әдістері

12.2. Малды күту гигиенасы

12.3. Төсеніштерді пайдалану гигиенасы

12.1. Малды ұстау жүйелері мен әдістері

12.1.1. Ірі қара малын ұстау жүйелері мен әдістері

Ірі қараны ұстаудың қазіргі уақытта негізі 2 әдісі бар:

1) байлап ұстау ;

2) байлаусыз ұстау.

Байлаусыз ұстаудың өзінің екі түрі бар: байлаусыз қалың төсеніште ұстау және байлаусыз бокста ұстау.

Біздің елімізде ірі қараны ұстау әдісінің көп қолданылатыны байлаусыз ұстау. Қазіргі уақытта байлап ұсталған сиыр қораларын реконструкция жасалып, байлаусыз ұстауға ыңғайландырылып жатыр. Мұндай қораларда орталықтандырылған азық каналы болады, оның екі жағынан бокстар орналасады, сиыр қораның ортасында шығуға арналған қақпалар болады.

8.2. Малды күтіп-бағу ерекшеліктері

Жасыл шөппен азықтандыруға және жайылымда ұстауға біртіндеп үйрету керек. Себебі, жасыл шөпті көп және бірден жегеннен мал ауруға шалдығуы мүмкін – мес қарынның ісінуі. Алғашқы жылы күндері күніне 2 – 3 сағат жаяды, ал жайылымға шығарар алдында міндетті түрде пішен береді. Осылайша малды жаю 14 – 16 сағатқа дейін созылады. Сиырды күніне 3 рет сауады: азанда —сағат 5—6 да, күндіз —сағат 13— 14 де, кешке - 20—21 да. Сиырларды сауудан алдында желінді мұқият жуып, өңдеу керек. Жазда ыстық күндері сиырларды қасында су көздері бар, ыстық күннен сақтайтын загондарға айдайды.

Сондай – ақ, қысқы қорада ұстау жүйесіне де жайылымға үйреткендей біртіндеп ауыстырады. Сиыр қоралары алдын ала дайындалған болу керек: жуылған, тазаланған, қидан тазаланған, өкпек жел болмау үшін барлық жерлер қымталған, қажет болған жағдайда жөнде жұмыстары жүргізіледі. Күзде және қыста серуендеу алаңдарына сиырларды күніне 3 сағат шығарып отыру керек.

Жас төлді күту және өсіру гигиенасы

Бұзауларды ұстаудың мынадай әдістері бар: табиғи (шаруашылық), тұрақты емізіп асырау, қолдан сүт беріп асырау, басқа сиырға телу, аралас. Сондай – ақ, бұзауларды қоралар мен қоралар сыртындағы үйшіктерде “суық” тәсілмен асырау әдісі де қолданылады.

Бұзауларды үйшіктерде ұстау – бұл бұзауларды барынша табиғи және инфекцияға қарсы тұра алатын жағдайда ұстайтын прогрессивті тәсіл.

Бұзауларды үйшіктерде ұстаудың мынадай артықшылықтары бар:

Төлдердің өлім – жітімі азаяды;

Жануарлар тобында инфекцияның пайда болу мүмкіндігі кемиді;

Емдік шараларға шығын азаяды;

Дизентерия және өкпенің қабынуын адын алады;

Малдың физиологиялық терморегуляциясы дамиды;

Биологиялық қорғау қасиеттерін арттырады.

Жаңа туған бұзауларды әуелі жеке торларда ұстайды, онда 3 – 5 тәулік ұстап, содан соң жалпы клеткаға көшіріледі. Бокстарға жаңа туған бұзаулар 3 – 4 күннің ішінде кіргізіледі де, содан соң керекті бұзау санының жиналған – жиналмағанына қарамастан, тоқатылады. Соңғы бұзау қабылданған сәттен 10 күн өткенде барлығы бұзау қораның келесі секциясына көшіріледі. Солайша олар топтық клеткаларға орналастрылып, боксқа жаңа туған басқа бұзаулар қабылданады.

Бокстар – саңылаусыз, жылы құрғақ, жеке стерильденген бөлме. Олар 7-10 бұзауға есептелген.әрбір бокста бірнеше жеке және жалпы клетка болады. Бокстардың температурасы 15-20 °С, ылғалдылығы 50 – 70 пайыз болу керек. Әуелі бокс дезинфекцияланады, содансоң ғана бұзау жіберіледі.

  • Жылқы малын ұстау жүйелері мен әдістері

  • Жылқыны ұстаудың екі әдісі бар: қолда-жайылымда және табындық. Әр шаруашылық ұстау жүйесін өндірістік бағытына қарай таңдайды.

  • Қолда-жайылымда әдісі. Жылқы зауыттарының барлығы дерлік қолда-жайылымда әдісін қолданады. Өндірістік бағытына және жасына қарай жылқыларды топтап немесе жеке –жеке ұстайды. Арнайы денниктерде асыл тұқымды биелер мен құлындарын, өндірістік айғырларды, енесінен айыратын құлындарды және тренингтегі құлындарды жеке-жеке ұстайды. Ал жұмысшы аттарды және тұқымы жағынан аса бағалы емес аттарды 20-100 бас сыятындай етіп арнайы залдарда ұстайды.

  • Топтап ұстау ат қораларында биелер құлындайтын арнайы денниктер жасақталады. Жылқы зауыттарында және асыл тұқымды ат фермаларында жылқыларды серуендететін алаңдар бөледі.

  • Өндірістік айғырдың бір басына 600 м² жер, тренингтегі құлынға 400 м², ал басқа топтағы жылқылардың әр басына 200 м² жер қажет.

  • Жылқыларды ұстаудың табындық әдісі. Бұл әдіс бұрыннан қолданылып келе жатыр, қазіргі уақытқа дейін сақталған әдіс. Жылқыларды ұстаудың табындық әдісін екіге бөледі: дәстүрлік (сұрыпталған)-табындық және жақсартылған-табындық.

Дәстүрлік(сұрыпталған)-табындық әдіс ыңғайлы әрі тиімді әдіс. Жылқыларды жасы мен жынысына қарай бөліп жаяды. Жылдың суық мезгілінде өндірістік айғырларға, құлындайтын биелерге, тренингтегі құлындарға арнайы қоралар салады, ал жылқылардың топтарына жай ғана баспана жасайды

  • Қолда жайылымда жүйесі тауарлық шаруашылықтарда қолданылады. Ұстаудың бұл жүйесінде түйелер жыл бойы жайлымдарда ұсталады, ірі және концентрлі азықтармен азықтандырады. Жаңбыр және қар жауған кезде малды сақтау және боталау үшін арнайы қоралар және баспаналар салынады.

  • Қолда – жайылымда ұстау жүйесі сүт өндіру және асыл тұқымды шаруашылықтарда қолданылады. Қолда ұста укезеңі 120 күнге созылады (қаңтар-сәуір). Ұстаудың бұл жүйесінде келесі нысаналар қарастырылады:

  • - түйелер боталауға арналған әжірелер;

  • - өндіруші түйелерді ұстауға арналған қоралар;

  • - түйелерді боталарымен бірге ұстауға арналған қоралар, сауу залдары және шағылыстыру қоралары;

Жайылымда-қолда ұстау жүйесінде қойларды қыста қорада ұстап, жазда жайылымда бағады. Бұл әдісті көбінесе еліміздің орталық, солтүстік және шығыс бөлігіндегі шаруашылықтар қолданады.

Қолда – жайылымға шығарып бағу республикамыздың жазғы және қысқы жайылымдары бар барлық аймақтары қолданады. Бұл жүйеде шаруашылықтар саулықтар төлдейтін кезде беретін немесе қыс пен ерте көктемде қойды азықтандыратын қажетті жем-шөп қоры болады.

Қолда – жайылымға жүйесінде қой жазда да, қыста да жайылымдық жерде бағылады. Қыста қойларға суықтан, бораннан қорғайтын баспана, қоралар салынады. Қойларды ұстаудың мұндай әдісі көбінесе жылы жерлерде, оңтүстікте қолданылады.

Малды күту гигиенасы

  • Жасыл шөппен азықтандыруға және жайылымда ұстауға біртіндеп үйрету керек. Себебі, жасыл шөпті көп және бірден жегеннен мал ауруға шалдығуы мүмкін – мес қарынның ісінуі. Алғашқы жылы күндері күніне 2 – 3 сағат жаяды, ал жайылымға шығарар алдында міндетті түрде пішен береді. Осылайша малды жаю 14 – 16 сағатқа дейін созылады. Сиырды күніне 3 рет сауады: азанда —сағат 5—6 да, күндіз —сағат 13— 14 де, кешке - 20—21 да. Сиырларды сауудан алдында желінді мұқият жуып, өңдеу керек. Жазда ыстық күндері сиырларды қасында су көздері бар, ыстық күннен сақтайтын загондарға айдайды.

  • Сондай – ақ, қысқы қорада ұстау жүйесіне де жайылымға үйреткендей біртіндеп ауыстырады. Сиыр қоралары алдын ала дайындалған болу керек: жуылған, тазаланған, қидан тазаланған, өкпек жел болмау үшін барлық жерлер қымталған, қажет болған жағдайда жөнде жұмыстары жүргізіледі.

  • Күзде және қыста серуендеу алаңдарына сиырларды күніне 3 сағат шығарып отыру керек.

  • Сиырларды суалту кезеңі 45—60 күнге созылады. Жануарларды жақсы құнарлы азықтандырады, жағдайын бақылап отырады. Егер сауылатын сүттің мөлшері —2 л аз болса, саууды бірден тоқтатады, ал егер одан да көп болса, онда біртіндеп саууды тоқтатады (алғашында күніне 2 рет, ал күніне 1 рет сауады), сүт өнімділігі 1 – 1,5 л болғанда саууды мүлдем тоқтатады. Жануарларды норма бойынша азықтандыра бастайды. Суалту кезінде азық нормасын қысқартады, концентрлі азықтардың көлемін 2 кг дейін азайтады (егер сиырды жазда суалтса, онда жайылым ұзақтығын 5—1 сағатқа дейін азайтып, көк шөпті пішенге ауыстырады).

Жаңа туған бұзауды өңдегеннен кейін қалың төсеніштің үстіне өткізеді. Бұзау ұсталатын торды сиыр қораның ішіне (егер ішінде құрғақ болса) сиырдың қасында орнатуға болады. Қора темепратурасы 12 °С төмен болмау керек және өкпек жел болмау керек. Бұзауға барынша жаңа сауылған сүтті беру керек. Туудан кейін алғашқы күндері сиырда сүттің орнына уыз пайда болады. Уызда қарапайым сүтке қарағанда құрғақ қалдық мөлшері 2 есе, белоктың мөлшері 4 есе, минералды заттар 1,5 есе көбірек болады. Уызда инфекциялық аурулардан қорғайтын ерекше антиденелер, барлық витаминдер болады. Оның қышқылдығы 30 °Т (сүттікі 20 °Т).

Жылқының терісін күнделікті күту үшін қырғыштар, тарақтар, щеткалар, құйрығы мен жалына арналған щеткалар, шаңын сүрту үшін жұмсақ тығыз материалдан жасалған мата қажет. Сонымен қатар, тұяқтарын тазалуға арнлаған ілмек керек.

 Жылқыны әжіреде емес, далада немесе аралық өту жолында тазалау қажет. Жылқыны әрқашанда сол жағынан және бас жағынан бастайды. Соңынан мойнын, төсін, арқасын, қарнын, екі сол жақтағы аяқтарын тазалайды. Кейін солретпен оң жағын да тазалайды. Жалы мен құйрығын алдымен қолмен қоқыстардан тазалап алып, артынан тарақпен тазалайды. Сонымен қатар, сыртқы жыныс мүшелерін, биелердің желінін жуады. Айғырларда препуцияны жуып тазалайды.

Түйелерді жылына 1 рет қырқады. Егер көктемде қырықпаса жануар жүні түсіп қалады да ол жазда жүнсіз қалады.

Түйелерді қырқу тұрақты жылы кезде басталады. Қырқу үшін арнайы қора – жай жабдықталған алаң болу керек. Қырықтық жақындағанда оларды жүні артық былғабас үшін 10-15 сағатқа дейін азықтандырмайды. Түйелерді қолмен (қайшы немесе машинамен (қой қырқуға арналған электр аппараты) қырқады. Қолмен қырқу үшін 5-6 түйені ашық таза алаңға жайғастырады. Машинамен қырыққан кезде ұзындығы 20 м, ені 70 см болатын арнайы өткелекке малды байлайды, мұндай жағдайда малды тұрғызып жүнін қырқуға болады.

Толық құрамды азықтандыру – жақсы қоңдылықта ұстаудың, қойдың төлдегіштігі мен сүттілігін, жүнділігін арттырудың биологиялық негізі болып табылады. қойға берілетін азықтың бәрі сапалы әрі дұрыс өңделуі тиіс. Сапасы төмен азықтан қой әр түрлі ауруларға шалдығады. Қылқанды дабыл топанын пайдалану асқазан – ішек жолдарының қабынуына әкеліп соқтырады. Шағын шаруашылықтарда ағаш немесе металл астаулар қолданылады. Іш тастау немесе асқазан – ішек ауруларын болдырмау үшін буаз саулықтарды көп жатып көгерген, сапасы өмен азықпен азықтандыруға болмайды.

Қойларды сумен жеткілікті қамтамасыз етілуі тиіс. Жазында қойды екі рет – ертеңгілік өрістен кейін және кешке өріске шығар алдында, ал қысында бір мәрте – мал қораға тынығуға қайтқан кезде суару керек.

Жылына кем дегенде үш рет тұяқтарының сыртын тазалау қажет, әсіресе едені қатты қорада ұсталған жағдайда. Өйткені тұяқ өте тез өседі. Буаз саулықтарды серуендете жаю кезінде қарлы немесе сыз жерге жатып қалуына жол бермеу қажет. Су ішетін және азықтанатын астаулардың төңірегіндегі қатып қалған мұзды ерітіп кетіреді, айналасына құм шашқан жөн. Биязы және жартылай биязы жүнді қойлардың көздерінің төңірегінде жүнді қырқып тастайды.

Қой шаруашылығында елтірілік қойларды сауу кеңінен тараған. Қаракөл саулықтарынан сауылатын мерзім ішінде 100 кг дейін сүт алынады.

Сауылатын саулықтарды көкке бай, жұғымды және құрама жеммен байытылған күшті рационға қояды. Саулықтар үшін сүт сауу пунктінен 2-3 км арақашықтықта жайылымдар бөледі. Қозысын емізіп жүрген саулықтар тәулігіне бір мәрте, ал емізбейтін саулықтарды екі рет сауады

12.3. Төсеніштерді пайдалану гигиенасы

Қойларды жылына 2 рет ауыстырылатын терең төсеніште немесе торлы еденде ұстайды. Сабан төсеніштің бір басқа шаққандағы тәуліктік нормасы (кг): жылы қорада — 0,3…0,5; ересек және төл қораларда — 0,2…0,3.

13 дәріс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]