Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_AZA_1178__1200_LTTY_1178_AGRARLY_1178_UNIV...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

6. Мал қорадағы ауаға со2 мөлшеріне байланысты санитариялық баға беру

Студенттердiң өзiндiк жұмысы:

1). Студенттер күйдiргiш барий ертiндiсiмен кiшi флаконды толтырып, аузын жауып арасындағы тетiк арқылы шыны таяқшаны салады.

2). Таза бутыльды мал қорасына қойып резина түтiкшесiн салып ауа енгiзедi. Бутыльдың аузын тығынмен тығындайды.

3). Барометрдiң және термометрдiң көрсеткiшiн жазады.

4). Бутыльды жантайтып кiшi флаконның аузын ашып барит ертiндiсiн iшiне құяды.

5). Бутыльды 20 мин жақсылап шайқап араластырып ертiндiнi 1 сағатқа қояды.

6). Бутыльдың аузын кiшi флаконға төмен қаратып iшiндегi барит ертiндiсiн қайта құяды, флаконды 1-2 сағатқа қойып қояды.

7). Бутыльдағы ауа көлемiн 00 температурағы және 760 мм сынап бағанасына келтiредi.

8). Күйдiргiш барий ертiндiсiнiң титрiн анықтайды.

9). Бутыльдағы көмiрқышқылды сiңiргеннен кейiн тұндырылған күйдiргiш барий ертiндiсiнiң титрiн анықтайды.

10). Студенттер жасалған жұмыстарына қорытынды жасайды.

Зерттеу нәтижелерін талдау. Студент мал қора ауасының ылғалдылығын екі аспаппен анықтап болғаннан кейін төмендегі кестені толтыруы қажет.

Мал қора түрлері

Ауаның ылғалдылық көрсеткіштері, %

Бақылау сұрақтары:

1. Көмірқышқылының мал организміне әсері.

2. Қорадағы СО2 көбею себептері.

З.Ауадағы СО2 анықтаудың тәсілдері.

4. Мал қораларындағы ауада СО2 мөлшері.

4- тақырып. Әмбебап газоанализаторы (УГ-2) арқылы зиянды

Газды анықтау

Сабақтың мақсаты: 1.Ауадағы зиянды газдарды анықтауда қолданылатын ӘГ-2 құралымен танысу

Керектi құралдар мен жабдықтар: 1. Әмбебап газоанализатор (ӘГ-2). 2. Индикатор түтiкшелерi. 3. Термометр. 4. Штырь. 5. Аллюминий фольгасы. 6. Воронка. 7. Мақта. 8. Шкала.

Сабақтың мазмұны. Әмбебап /ӘГ-2/ газоанализаторы - көмірқышқыл газын, тотықты көміртегін, аммиакты, күкіртті сутегіні және басқа да газдарды анықтауға арналған құрал. Ауадағы аты аталған газдың шоғырлануын анықтау жолы мынаған негізделген: индикатор түтікшесіне толтырылған индикатор ұнтағынан ауаны өткізу кезінде оның түсі осы газдың ауадағы мөлшеріне қарай белгілі бір биіктікке түсі өзгереді. Индикатор ұнтағының түсінің өзгеру биіктігі мг/м3 бөліктері бөлінген тиісті шкала бойыша өлшенеді. Газоанализатор ауа тартқыш қондырғы мен индикатор ұнтағы бар қорабтан тұрады.

Анықтау жолы. Индикатор түтікшесін ұнтақпен толтырады. Ол үшін бір ұшына гигроскопиялық мақтаны /қалыңдығы 0,5 мм/ тығындап қояды, одан сәл төменірек металл бекіткіш қолданылады. Дәл сол сияқты екінші бір ұшына индикатор ұнтағын толтырады да мақта қабатын төсеп, тығынмен жабады. Индикатор ұнтағы бар ампула ондағы ұнтақты салған сайын әр кез тығыз жабылуы тиіс. Дайындалған түтікшілерді саңлау қалдырмай /герметизациялау/ бітеу керек. Ол үшін индикатор түтікшелерінің екі ұшын фольга қағазымен орайды, бұдан кейін балқытылған сургучке 10-11 мм тереңдікке батырады, сургуч индикатор түтікшелерінің ұштарын, фольганың жоғарғы жиектерін жабуы тиіс. Мал қораларында сынама алынатын жерде газоанализатордың қақпағын ашып, стопорды босатып, втулканың тесігіне штокты орнатады, ол сорылатын ауа көлемінің көрсетілуіне қарай штоктың жоғарғы бетіндегі тереңдікте жылжып тұруы тиіс.

Штокты қолмен басып, стопордың ұшы шток науасыңдағы жоғарғы ойыққа дәл түскенше сильфонды қысады.

Индикатор түтікшесін сургуч пен фольгадан босатып, прибордың резиналы түтігіне жалғайды. Бір қолмен штоктың төбесінен басып тұрып екіншісімен стопорды шығара бастайды. Шток жылжи бастағанда стопорды босатады. Бұл уақытта ауа индикатор түтікшесі арқылы сорылады. Индикатор трубасының ұшы ауа сору сәтінде ауа сынамасын алу деңгейінде тұруы тиіс. Стопр шток науасының төменгі ойығына енгенде сырт еткен дыбыс естіледі. Сырт еткеннен кейін шток қозғалысы тоқтап, ол ауаны соруын біткенше күту керек.

19-сурет. (УГ-2) Әмбебап газ анализаторы 1-калибрленген шток; 2-резина

түтікше; 3-сыртқы қорабы;

4-фиксатор; 5-индикаторлы шыны

түтікше.

Газдың шоғырлануын анықтау үшін әр газға арналған құралға бөліктері бар шкала қойылады. Шкалада өткізілген ауаның қаншалықты көлемінде сол немесе басқа шкаланы пайдалану қажеттігін көрсететін белгілер бар.

Мысалы, көмірқышқыл газының шоғырлануын анықтау үшін 100 немесе 400 мл зерттелетін ауа мөлшерін; аммиакты анықтау үшін 30 немесе 250 мл;, күкіртті сутегі үшін - 30 немесе 300 мл; көмірқышқыл тотығы үшін 60 немесе 220 мл ауа мөлшерін өткізу керек.

Индикатор түтікшесіне орналастырған индикатор ұнтағы бағанасынан зерттелетін ауаны өткізгеннен кейін, өлшеуіш шкалаға қойып, ұнтақ түрінің өзгеруі шкаланың қандай бөлігінде аяқталатын анықтайды. Индикатор ұнтағының түрін өзгерту шегімен мен сәйкес келетін цифр зерттелетін газдың шоғырлануын көрсетеді, ол мг/л немесе мг/мэ деп белгіленеді.

Студенттердiң өзiндiк жұмысы:

1. Студенттер алдын ала индикатор түтікшесін ұнтақпен толтырады. Дайындалған түтікшілерді саңлау қалдырмай /герметизациялау/ бітейдi.

2.Мал қораларында сынама алынатын жерде газоанализатордың қақпағын ашып, стопорды шығарады, втулканың тесігіне штокты орнатады.

3. Штокты қолмен басып, стопордың ұшы шток науасындағы жоғарғы ойыққа дәл түскенше сифонды қысады.

4. Индикатор трубасын сургуч пен фольгадан босатып, прибордың резиналы түтігіне жалғап, бір қолмен штоктың төбесінен басып тұрып екіншісімен стопорды шығара бастайды. Стопр шток науасының төменгі ойығына енгенде, сырт еткен дыбыс естілгеннен кейiн шток қозғалысы тоқтап, ол ауаны соруын біткенше күтедi

5. Зерттелетiн ауадағы зиянды газдарды анықтағаннан кейiн студенттер мал қорасына санитариялық-гигиеналық тұрғыдан баға бередi.

Бақылау сұрақтары:

1. ӘГ - 2 құралының құрылысы мен жұмыс істеу жолы.

2. Индикатор түтікшесін ұнтақпен толтыру тәртібі мен техникасы.

3. Қорадағы ауада зиянды газдың болу мөлшері.

5-тақырып. Ауаның микробпен ластануын анықтау әдісі

Сабақтың мақсаты: 1. Кротов құралымен жұмыс iстеу тәртiбiн игеру

2. Ауаның микробпен ластануын анықтау әдiстерiн игеру

Керектi құралдар мен жабдықтар: Петри аяқшасы, термостат, колонияларды санауға арналған құрал, АФА-БА-3, АФА-В-18 фильтрлерi, физиологиялық ертiндi, 1 немесе 2 мл стерильдi пипеткалар.

Сабақтың мазмұны. Гигиеналық тұрғыдан ауаның бактериялық ластануын бағалау үшін 1м3 ауадағы жалпы бактериялар санын, сондай-ақ санитариялық-керсеткіш микроорганизм мөлшері мен микроб түрлерін аныңтайды. Ауадағы бактериялардың жалпы санын анықтау үшін тұндыру тәсілі көмегімен ауадағы микробтарды Петри шыны табақшасына қондырып және Кротов құралымен сүзгіштер немесе сұйықтар арқылы микробтарды өсіріп анықтауға болады.

1. Тұндыру тәсілімен микроорганизмді анықтау. Осы тәсілмен анықтау үшін Петри шыны табақшасына ерекше стерилді таза жағдайыңда 15 мл шамасында ет пептонды агар мен желатин құяды. Бұдан соң шыны табақшаны зерттейтін орында 5 минут ашып ұстап микробтарды қондырғаннан кейін, 48 сағатқа 370С температурадағы термостатқа орналастырады. Соңынан Петри шыны табақшасында барлық өскен микробтар санын есептейді.

Есептеу.3 ауаның құрамындағы микроорганизмдерді анықтау үшін 100см2 Петри шыны табақшасыңда 5 минуттың ішінде 10 л ауадан қонатын микробтар санын ескеру арқылы анықтайды.

Мысалы. Көлемі 100 см2 Петри шыны табақшасында 5 минуттың ішінде 10 л көлемдегі ауадан 80 микроорганизм өсті делік. Яғни 1 м3 зерттеу ауасында:

X - /1000:80/: 10 = 8000 микроорганизмдер бар.

2.Ю.К.Кротов құралы арқылы микроорганизмдерді анықтау.Осы құралдың көмегімен ауадағы микробтардың жалпы санын ғана емес сондай-ақ ауру тудыратын және санитариялық- көрсеткіштік микробтардың мөлшерін анықтауға болады.

Кротовтың құралы сыртқы қорабтан, оның табаны мен негізінен және қақпақтан тұрады. Қақпаққа зерттелетін ауаны сорып алу үшін саңылауы бар плексигластан жасалған диск салынған.

Құрал арқылы өткен ауаның мөлшерін есептеп отыру үшін қорабқа вентілі бар ротаметр бекітілген. Құралдың негізіне электрлік мотор орнатылған, ал оның білігіне /ось/ сыртқа тепкіш желдеткіш бекітілген. Желдеткіштің ішіне сегіз қалақты қанаттар орналастырған, ол минутына 60 айналым жасап Петри шыны табақшасының бетін сына сияқты саңлаудан ауа сорады. Қоректі заты бар Петри шыны табақшасын қораптың жоғары бөлігіне орналастырылған айналмалы дискіге бекітеді. Сына сияқты саңлаудан келіп тұрған ауа Петри шыны табақшасындағы қоректік заттың бетіне соқтығып, оған микробтар жабысып қонады.

А Б

13-сурет. Кротов құралы А-сыртқы көрінісі: 1-ротаметр вентилі; 2-ротаметр;

3-бекіткіш алқа; 4-айналмалы диск; 5-қақпақша; 6-диск;

7-үшкірленген қуыстық; 8-қорабы; 9-табан.

Б-Ішкі көрінісі: 1-цилиндр; 2-электр моторы;

3-қанатша; 4-серпін; 5-ауыстырмалы қақпақша; 6-диск;

7-үшкір қуыс; 8-Петри табақшасы; 9-диск; 10-ортадан

тебу желдеткіші; 11-құрал табаны; 12-штуцер

иафрагмасымен.

Ауадағы микроорганизмдердің жалпы санын анықтау кезінде аппараттан 2-3 минуттың ішінде 50 л ауа өткізеді. Ауа қатты ластанған болса ұстау мерзімі бір минутқа дейін азаяды.

Мысалы. Тексерілген ауаның мөлшерін үш минут шамасында алып, сору жылдамдығын 25 л /мин/ болды делік. Термостатта Петри шыны табақшасында 440 колоний өсті делік. Яғни I м3 ауада: X = /440. 1000/: 75 = 5867 микроорганизмдер болады.

3. Сүзгі және сұйық арқылы ауадағы бактерияларды қондыру. Зерттеу нүктелерінде аспиратордың көмегімен шыны түтікшеге бекітілген (сүзгідегі микробтарды физиологиялық стерилді ертіндімен шаяды) сүзгіш немесе тазаланған физиологиялық стерилді ерітіндіден 50-100 л ауа өткізеді. Петри шыны табақшасына агармен бірге I мл физиологиялық ерітінді құйып, оларды температурасы 370 С термостатқа үш күнге қояды.

Бұдан соң өскен колонийді санап есептеп, содан кейін микробтың барлық санын табады.

14-сурет. Ауа жұту аспаптары а-Полижаев аспабы; б-Зайцев аспабы;

в-ауа сүзгіштігі. (мм өлшемдері мен )

Мысалы. 25 мл физиологиялық ерітіндіден немесе сүзгіштен 100 л ауа өткізілді делік (сүзгіштегі микробтарды шайып кетіру үшін 25 мл физиологиялық ерітінді қолданылған). Петри шыны табақшасында 120 колоний өскен. Яғни 1мл физиологиялық ерітіндіде 120, ал 25 мл - 3000 микроорганизм болады екен.

Ендеше 1м3 ауада қанша?

100 л – 3000

1000 л – X;

микроорганизм.

15-сурет. Бактерия колонияларын санауға арналған ПСБ аспабы

Студенттердiң өзiндiк жұмысы: 1. Студенттер тексеретiн аймақта аспиратордың көмегiмен ауа (50-100 л) фильтр немесе стерильдi физертiндi арқылы өткiзедi

2. Петри аяқшасына 1 мл физиологиялық ертiндiнi тамызып термостатқа 3 тәулiкке 370С қояды.

3. Өскен колониялар санын есептеп қорытынды жасайды

Бақылау сұрақтары:

1. Ауаның микробтармен ластануының қандай гигиеналык мәні бар?

2.Ауадағы микробтардың санын анықтауда тұндыру (седиментациялық) тәсілі дегеніміз не?

3) Кротов құралының құрылысы қаңдай және онымен жұмыс істеу ережесі.

4) Арнаулы құралдың көмегімен Петри шыны табақшасындағы микроорганизм колонияларын есептеу тәсілі.

5) Ауаның микробтық ластануын төмендету үшін қандай санитариялық және гигиеналық шаралар қолданылады?

6-тақырып. Топырақты санитариялық–гигиеналық тұрғыдан бағалау

Сабақтың мақсаты: Топырақты лабораториялық зерттеу арқылы физикалық, химиялық, бактериологиялық және гельминтологиялық тұрғыдан баға беру.

Керектi құралдар мен жабдықтар: Таразы, цилиндр, колба, пробиркалар, колориметриялық кестелер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]