Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_AZA_1178__1200_LTTY_1178_AGRARLY_1178_UNIV...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

4 Тәжрибелік сабақ Тақырыбы: Ауа алмасуын көмірқышқыл газы бойынша анықтау

Жабық мал қораларының ауасында, улы да әрі жағымсыз иісті газдар көптеп шоғырланады: метан, аммиак, күкіртті сутегі және т.б., қорының температурасы көтеріліп, ылғалдылығы артады.

Мұндый ауа дененің жылу алмасуына кері ықпал етіп,зат алмасуды,атап айтқанда,азотты заттың алмасуын төмендетеді. Бұл малдың денсаулығына ,оның өнімділігінің төмендеуіне (сүттілігі, малдың салмағы, құстың жұмыртқалағыш қабілеті) әрі сүттің және жүннің сапасының нашарлауына әкеп соғады. Мал қораларында қажетті ауа режімін қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі,дұрыс есеппен тиімді ауа алмасу жолдарын табу.

Ауа алмасу жүйесінің басты қызметі-қорада қалыпты температураны сақтау,ондағы артық ығалды, зиянды да исі жағымсыз газ қоспаларынан арылту, ылгылдың қабырғаға немесе төбеге жинақтылуына жол бермеу.

Қораны желдетудің екі түрі болады: табиғи түрі – қоршау жақтауларынан, конструкцияларындағы саңылаулар арқылы және арнаулы ауа алмастыру жолдарымен; жасанды түрі-арнаулы қондырғылар жүйесімен қорадағы лас ауа сыртқа шығарылып, ал сырттағы таза ауа мал қорасына енгізіліп отырады.

Іс жүзінде мал қораларын салу кезінде көбіне желдетудің табиғи түрі жиі қолданылады. Желдеткіш жүйесі қораға таза ауаны енгізетін және қорадан лас ауаны шығаратын әр түрлі құбырлардан тұрады.

Мал қораларындағы ауа алмасу ауқымының шамасын есептеу екі тәсілмен жүргізіледі: қора ауасындағы СО2 немесе ондағы ылғалдың жиналу мөлшерімен.

3.1. Көмірқышқыл газ мөлшері бойынша қора-жайдағы ауаның алмасу деңгейін анықтау тәсілі

Сабақтың мақсаты: Мал қораларының ауа алмасу жүйелерімен танысу және оларды есептеу әдістерін меңгеру (СО2 бойынша).

Керекті құралдар мен жабдықтар. Малдан бөлініп шығатын жылудың, ылғалдың және көмірқышқыл газының мөлшерін анықтауға арналған кесте, ауа алмасуды есептеуге керекті мәліметтер. Температура мен абсолюттік ылғалдылықтың орта есеппен шығарылған көрсеткіштері берілген кесте, бір малдың басына керекті таза ауа мен ауаны сыртқа шығаратын құбырлардың көлденең ауданы көрсетліген кесте, қорадағы алмасудың бір басқа берілген сағаттық нормасы берілген кесте.

Сабақтың мазмұны. Ең алдымен арнайы берліген мәліметтер бойынша (Мысалы: төрт қатарлы 200 сиырға арналған қора: ұзындығы- 72м,ені-20,5 және биіктігі -4,25. Оның ішінлде әрқайсысы 10кг сүт беретін орташа салмағы 500кг-нан 170 сауын сиыр және орташа салмағы 600кг-нан 30 суалған сиыр орналасқын. Ауаның температурасы 100С, ылғалдылығы 80 пайыз. Қаңтарда сырттағы ауаның орташа есептегі температурасы 200С, абсолюттік ылғалдылығы 2,9г/м3 ) қораның көлемін, сонан кейін барлық малдың 1сағаттың ішінде бөлетін СО2 мөлшерін анықтаймыз. Ол үшін малдың тірідей салмағы мен өнімділігінің мәліметі пайдаланылады (2.2.1.кесте). Есептеу барысында бір сағат ішінде алмасуға қажетті ауаның көлемі негізгі шама болып табылады. Бұл шама осындағы мал басына қарай оларға қажетті ауа режімі талабына сай қаншалықты таза ауа керектігін айқындайды.

Көмірқышқыл газының мөлшері бойынша бір сағат ішінде алмасуға қажетті ауаның көлемі мына формуламен анықталады:

L

мұндағы: L - СО2 мөлшері талапқа сай болу үшін әр сағат сайын қорадан

шығатын ауаның көлемі (м3);

- қорадағы барлық малдың бір сағат ішінде бөліп шығаратын

СО2 (л) мөлшері;

- қораның 1м3 ауасындағы тиісті СО2 мөлшері (л);

- сыртқы ауаның 1м3-дегі мөлшері (л).

шамасы - тұрақты, олай дейтініміз сыртқы атмосфералық ауада СО2 мөлшері 0,03%-ға (б.а. 0,03л СО100л ауадағы мөлшері) тең болады, ал 1000 литрде немесе 1м3 ауада СО2 мөлшері 0,3л болады;

шамасы С2 сияқты есептеледі, басқаша айтқанда, қорадағы СО2 тиісті мөлшері 0,25%-дан жоғары болмау керек немесе 100л ауада 0,25л СО2 болса, ал оның 1м3 ауадағы мөлшері 2,5л болады.

Ауаның бір сағаттың ішінде қанша рет алмасуын (К) табу үшін бір сағат ішінде алмасуға қажетті ауаның мөлшерін (L) қораның көлеміне ( ) бөледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]