
- •Мазмұны:
- •Жалпы зоогигиена
- •1 Сыртқы орта және жануарлар денсаулығы
- •2 Ауа гигиенасы
- •3 Топыраққа қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар және оны санитариялық тұрғыдан қорғау
- •4 Су және малды суару гигиенасы
- •5 Мал азығына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар және малды азықтандыру гигиенасы
- •6 Мал қораларына және мал шаруашылық кәсіпорындарына қойылатын санитариялық-гигиеналық негізгі талаптар
- •7 Мал шаруашылығы кәсіпорындарында жүргізілетін жалпы ветеринариялық-санитариялық шаралар
- •8 Малды күтіп-бағу гигиенасы және малды тасымалдауға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
- •Жеке жануарлар гигиенасы
- •9 Ірі қара мал гигиенасы
- •10 Шошқа гигиенасы
- •11 Қойлар гигиенасы
- •12 Жылқылар және түйелер гигиенасы
- •13 Ауылшаруашылық құстар гигиенасы
- •14 Қояндар және терісі бағалы аңдар гигиенасы
- •15 Тауарлы балықтар және бал араларының гигиенасы
- •Зертханалық сабақтар – 15 сабақ
- •Практикалық сабақтар – 15 сағат
- •Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •Қосымша:
- •Дәріс сабақтарының тақырыптары – 15 сағат
- •1. Кіріспе Сыртқы орта факторлары және олардың мал организміне әсері
- •2. Зертханалық сабақтар – 15 сабақ
- •3. Практикалық сабақтар – 15 сағат
- •5. Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыптары
- •6. Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Студентке арналған пәннің оқыту бағдарламасы (Sillabus)
- •Vg 3210- «Ветеринариялық гигиена» пәні бойынша
- •2013 -2014 Оқу жылындағы студентке арналған
- •Сабақ пен жұмыстың түріне байланысты балдың бөлінуі
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығы студенттеріне.
- •2013 - 2014 Оқу жылына «Ветеринариялық гигиена» пәнінің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •1 Дәрiстер - 15 сағ.
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне арналған
- •Дәріс тақырыбы: Кіріспе Сыртқы орта факторлары және олардың мал организміне әсері
- •Дәрістің тақырыбы: Ауа гигиенасы. Ауаның химиялық қасиеттері және олардың мал организміне әсері
- •4 Дәріс Ауа гигиенасы. Ауаның биологиялық қасиеттері және олардың мал организміне әсері
- •Тақырыбы: Топыраққа қойылатын санитариялық – гигиеналық талаптар және оны санитариялық тұрғыдан бағалау
- •Дәрістің тақырыбы: Ауылшаруашылық малын азықтандыру және азыққа қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар.
- •Тақырыбы: Мал шаруашылығында жүргізілетін дезинсекциялық, дезинвазиялық, дезодарациялық шаралар
- •Тақырыбы: Мал шаруашылығы нысандарда жүргізілетін дератизациялық шаралар
- •Дәрістің тақырыбы: Ауыл шаруашылық малдарын ұстау жүйелері мен күтіп-бағу гигиенасы.
- •Дәрістің тақырыбы: Ауылшаруашылық малдарынан өндірілетін ет және сүт гигиенасы
- •Ұсынылатын әдебиет:
- •Ветеринария факультеті
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне зертханалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •6. Мал қорадағы ауаға со2 мөлшеріне байланысты санитариялық баға беру
- •Газды анықтау
- •Сабақтың мазмұны
- •Топырақтың физикалық құрамын анықтау
- •Топырақтың химиялық құрамын анықтау
- •Топырақтың санитариялық күйінің көрсеткіштері ( сынама 0-20 см тереңдіктен алынған)
- •Өзіндік жұмысқа арналған практикалық тапсырмалар:
- •8. Судың санитарлық-гигиеналық тұрғыдан бағалау
- •2874-82 Мемлекеттік өлшем үлгісі бойынша шектеу мөлшері
- •2. Хлорланған судағы хлор қалдықтарын анықтау
- •Мал азығын санитариялық-гигиеналық бағалау
- •Сүрлемнің жалпы қышқылдылығын анықтау
- •Қант қызылшасындағы нитритті анықтау
- •Сүрлемдегі хлоридттерді және сульфаттарды анықтау
- •Картоптағы салонинді анықтау
- •Сабақтың мазмұны:
- •Ветеринария факультеті
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне тәжірбиелік сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •1 Тәжрибелік сабақ
- •Ауаның қысымын анықтау әдістері
- •2 Тәжрибелік сабақ Тақырыбы: Мал қорадағы табиғи және жасанды жарықтылықты анықтау
- •Сабақтың мазмұны
- •3 Тәжрибелік сабақ
- •4 Тәжрибелік сабақ Тақырыбы: Ауа алмасуын көмірқышқыл газы бойынша анықтау
- •3.1. Көмірқышқыл газ мөлшері бойынша қора-жайдағы ауаның алмасу деңгейін анықтау тәсілі
- •3.2. Малдан бөлініп шығатын жылудың,
- •5 Тәжрибелік сабақ Тақырыбы: Мал қораларында жылу балансын анықтау
- •6 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Мал қора жобаларына зоогигиеналық баға беру
- •7 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Мал қора-жайларының көлемді жоспарларын бағалау
- •8 Тәжірбиелік сабақ
- •9 Тәжірбиелік сабақ
- •10 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Қора-жай микроклиматтарын анықтау
- •11 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Мал қиын қорадан шығару және оны сақтаудағы гигиеналық және санитариялық талаптар
- •12 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Дезинфекция жүргізу әдістері
- •13 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Дератизация жүргізу әдістері
- •14 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Дезинсекция жүргізу әдістері
- •15 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Азықтың қауіпсіздігін анықтау
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне арналған курстық жұмысты орындауға арналған
- •Курстық жұмысты орындау методикасы
- •1 Курстық жұмыстың мазмұны
- •1.1 Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және оны орындауға қойылатын талаптар
- •1.1.1 Курстық жұмысты орындау бағыты
- •1.1.2 Курстық жұмысты көркемдеу
- •1.1.3 Курстық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар
- •1.2 Курстық жұмыстың мазмұнын орындауға қойылатын талаптар
- •1.3 Курстық жұмысты бағалау критериялары
- •Курстық жұмысты орындау кезінде көп кездесетін қателіктер
- •Курстық жұмыстың жоспары
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Қазақ ұлттық аграрлық университеті
- •Курстық жұмыс
- •Алматы 20 ___
- •Реферат
- •Тапсырмалар
- •Бағдарламасы
- •5В120200 – «Ветеринариялық cанитария» мамандығына арналған «Ветеринариялық гигиена» пәні бойынша бағдарлама
- •Студенттердің білім деңгейін бақылау мен бағалауға арналған материалдар
- •Сұрақтары
- •Сұрақтары
- •5В120100 - «Ветеринарлық санитария» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған «Зоогигиена ветеринариялық санитария негіздерімен» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Материалдар
- •Аудиториялар тізімі
- •Авторы: - в.Ғ.Д., профессор Мырзабеков ж.Б.
13 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Дератизация жүргізу әдістері
Сабақтың мақсаты: Кеміргіштерге арналған улы алдамыштарды дайындау және қою әдістерін игеру.
Қолданылатын құралдар мен материалдар: Уланудан сақтайтын жеке қауіпсіздігіне арналған киімдер: респираторлар немесе дәкеді таңғыштар, резеңке қолғаптар, сабын, орамал, жылы су. Улы алдамыштарды дайындауға арналған заттар: эмаль кюветалар, Петри аяқшалары, қалақшалар, қағаз, таразы, улар, дәндә дақылдар, өсімдік майы, қант.
Сабақтың мазмұны және орындалу тәртібі:
Улы алдамыштарды дайындау арнайы осы мақсатқа жабдықталған лабораторияларда дайындалуы тиіс. Азықтық негізінің құрамын әртүрлі кеміргіштер түрлерінің азықтану ерекшеліктеріне және нақты нысандардағы азықтық базаның ерекшелігіне байланысты таңдаймыз. Тышқандарға арналған алдамыштарға дәнді дақылдардың майдаланған түрін пайдаланады.
Алдамыштарды кеміргіштердің тіршілігінің іздері байқалған орындарға орналастырады: індерінің айналасына, жүру жолдарына, қабырғаларды бойлай, т.б. Егеуқұйрықтар бар жерлерде олардың санына байланысты алдамыштарды бір-бірінен 3-10 м жерге қойып, әр орынға 100-150 гр алдамыш салады. Үй тышқандары бар жерлерде алдамыштарды бір-бірінен 2-5м сайын қойып, бір орынға 10-20 гр алдамыш салады. Кеміргіштер алдамыштарды жеген сайын, оны соңғы кеміргіштер өліп болғанша, толтыра береді. Алдамыштар желінбеген орындардан оны басқа орынға ауыстырады. Алдамыштарды қалақтармен, қалақшалармен, қасықтармен (бір ас қасығы – 18-20 г. ) салып, қолдарын тигізуге болмайды. Алдамыштармен жұмыс істегенде арнайы киімдер мен қолды қорғау үшін резеңке қолғап кию қажет.
Улы алдамыштарды дайындау:
1,5% зоокумариннің натрий тұзы.Улы алдамышты 1,5% зоокумарин мен сапалы өнімдерді араластыра отырып дайындайды. Мысалы, 0,1% алдамыш дайындау үшін, 1 кг азықтық қоспаға 1,5% зоокумариннен 66,66 гр қосу қажет. Алынған алдамышқа қажетті мөлшерде тағамдық бояуды қосып, мұқият араластырады. Алдамышты егеуқұйрықтарға 50-100гр, тышқандарға 10-25 гр салады. Әсер ету уақыты 7-17 күн.
Дератизациялық шараларды жүргізу барысында кеміргіштердің биологиялық ерекшеліктері есепке алынады. Қазақстанда кеміргіштердің кеңінен тарағаны ол егеуқұйрық екені бәрімізге белгілі. Ал, олардан келіп жатқан қауіпті жағдайлар орасан зор.
Егеуқұйрықтардың негізгі биологиялық ерекшелігі – тез дамып, өсіп-өніп, аз уақыттың ішінде-ақ көбейіп, жан-жақты жайлап ететіндігі.
Сондықтан егеуқұйрықтарға қарсы күрес тиімді тәсілдермен жоспарлы түрде толассыз жүргізіліп отырылуы қажет.
Тиімділігі жағынан кеміргіштерді жою үшін химиялық улы заттар қолдануға негізделген. Химиялық улы заттарды қолданудың да бірнеше тәсілдері бар: жемтіктерді уландыру, сұйықтарды уландыру және кеміргіштердің індерін, жүретін жерлерін тозаңдату. Бұл тәсілдердің әрқайсысы жеке-жеке де, кешенді түрде де қолданылады.
Егеуқұйрықтардың ескерілетін екінші бір биологиялық ерекшелігі – олар сусыз екі-үш тәуліктен артық өмір сүре алмайды. Сондықтан да олар құрғақ азық-түлік сақталған сусыз қоймаларда уландырылған сұйықтарды (су, сүт, сорпа) өте жақсы ішеді.
Егеуқұйрықтардың тағы да бір көңіл аударатын биологиялық ерекшелігі – жағымсыз тамақты қайта құса алмайтындықтан, қоректенуге өте талғампаздығы. Олар бір жерден ешқашанда тоя қоректенбейді. Сондықтан оларға кумулятивтік қасиеті жәй әсер ететін родентицидтерді қолданған жөн.
Кеміргіштер, әсіресе егеуқұйрықтар өздері мекен еткен жердегі мал азығын ешқандай алаңсыз да қауіпсіз жей береді.
Сол себепті алдартқыш жасағанда сол жердегі азықтың сапасы жақсыларынан ғана жасауға болады. Бидай, арпа, сұлы, жүгері, ұн, әр түрлі құрама жемдер, нан қоқымы, тартылған ет және балық, быламықтар, т. б. Алдартқыштар жасау әдістерінің қай түрін пайдалану қандай у қолдану қажеттілігіне байланысты.
Сусымалы жемдер (құрама жем, ұн, т. б.) умен механикалық жолмен араластырылады. Оларды бөліп-бөліп жекелей араластырады.
Ең алдымен қажетті жемді өлшеп алып, сосын уды өлшеп сіңіп кеткенше араластырып, еліктіргіш заттар (өсімдік майы, қант, т. б.) қосылады.
Уларды механикалық әдіспен араластыруға мына азық – түлік түрлері пайдаланылады. Мысалы, нан қоқымы, әр түрлі ұнтақталған ет, быламықтар, пісірілген жеміс – жидектер, иленген нан т. б. Ең бастысы у мен жем араласқан соң бірегей қалыпта болуы қажет.
Суда ерімейтін уларды астық жемдермен араластырып қолдануға болады. Удың тең араласуы үшін: ең бірінші астыққа өсімдік майын немесе крахмал қосады. Оның мөлшері 1кг астыққа 20г өсімдік майы немесе 2,5г крахмал. Астық түйіршіктері май мен крахмалға толықтай араласқаннан кейін, еліктіргіштерді қосуға болады.
Ал, егер де қолданылатын улар суда жақсы еритін болса, онда астықты жақсылап суға шылап немесе у қосылған суға қайнату керек. Бұл мақсатта жүгері, бидай, пісте дәндерін қолдануға болады. Дайындау үшін, дәндерді 24-36 сағат у қосылған ерітіндіде ұстап, 2 сағаттан аспас уақыт қайнату керек. Пісте дәнінің сыртқы қабығын жаншып бұзған жөн. өйткені, ерітінді дәнге дұрыс сіңбеуі мүмкін.
Удан жасалған ерітіндіге нан қоқымында қосуға болады. Ол үшін жаңа пісірілген нанды ұсақтап кесіп (1см3-ге дейін мөлшерде), арнайы тор жасап, ерітіндіге 2-3 минутқа малып алады да, артық ерітінді аққанға дейін сорғытып, одан кейін барып дератизацияға қолданады.
Сұйық алдартқыштарды қолданудың алдында ғана жасайды, себебі у сұйықтықтың түбіне тұнба ретінде түсіп қалуы мүмкін. Бұл мақсатта сүт, сорпа сияқты сұйықтықтарды қолдануға болады. Ол үшін бұл сұйықтықтарды орнықты, қабырғасы аласа ыдысқа құйып, үстіне уды сеуіп қояды. Судың мөлшері дератизация нәтижесіне әсер етпейді.
Дератизациялық жұмыстарды дайындау барысында сақталуы тиіс ережелер:
Алдартқыш жемді жақсы желдету мүмкіндігі бар арнайы жерде, тіпті өте жақсы желдеткіш жүйелері болатын бөлмелерде жасалғаны дұрыс.
Алдартқыш жем дайындау үшін арнайы ыдыс-аяқ, құрал-сайман пайдаланып, оны соңынан жуып-шайып, белгілі бір жерде бөлек сақтайды.
Жем дайындаушылардың арнайы демалғыш, көзге көзілдірік, қолға қолғап киюлері керек.
Алдамыштарға уларды қосқанда нұсқауларда көрсетілген мөлшерді қатаң сақтау керек.
Дератизация жасағанда алдартқыштар жаңа жасалған және ашымаған болуы қажет.