Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_AZA_1178__1200_LTTY_1178_AGRARLY_1178_UNIV...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

10 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Қора-жай микроклиматтарын анықтау

Сабақтың мақсаты: мал қораларының микроклиматын бақылауды игеру.

Керекті құралдар мен жабдықтар: аспирациялық психрометр МВ-4м, шар тәрізді катотермометр, қанатшалы анемометр АСО-3, әмбебап газоанализатор (ӘГ-2), Люксметр Ю-15, микроорганизм аулағыш (УМ-1 ).

Сабақтың мазмұны: қора-жай микроклиматы дегеніміз - белгілі бір шектелген кеңістіктегі ауаның жағдайы (температурасы, ылғалдылығы, атмосфералық қысымы, газ құрамы, шу деңгейі, жарықтылығы, қысымы және микроорганизмдер жиынтығы).

Мал қорасының қолайсыз микроклиматының әсерінен малдың жалпы өнімділігі, көбею қабілеттілігі төмендейді, азық шығынына және жас төлдердің өліміне әкеп соғады. Малдардың функционалдық жұмысының ауытқуларының нәтежиесінде өкпе ауруларына, ас қорыту жүйесінің бұзылуына, кетоз, остеомаляция, рахит, агалактия т.б. сияқты ауруларына шалдығады.

Микроклиматтың жағымсыз әсеріне әсіресе өнімділігі жоғары малдар өте сезімтал екені анықталған. Сондықтан мал денсаулығын сақтау және өнімділігін жоғарлату үшін мал қораларда оптимальды микроклиматтың маңызы өте зор.

Мал қорасынының микроклимат көрсеткіштерінің гигиеналық-санитариялық талаптарға сай болуы, ауа райының жағдайымен қатар – мына мәселелердің ескерілуіне де байланысты: мал шаруашылығы нысандарын салатын кезде жер релефін, топырақ ерекшілігін, жер асты суларының тереңдігін және жел өтін есепке алу; мал ұстау технологиясына қарай тиімді жобалауды ұйымдастыру; сапалы құрылыс материалдарын пайдалану; мал қораларында жұмысты дұрыс жолға қою, яғни, қиды өз уақытында шығару, зоогигиеналық нормативтерге сәйкес мал басын дұрыс орналастыру; жыл мезгілдеріне қарай есік пен терезелерді және вентиляциялық құбырларды қымтау; ферманың айналасын жасылдандыру сияқты жұмыстардың дұрыс жолға қойылуына да байланысты.

Микроклимат параметрлерінің өлшеу ержелері. Қора-жай микроклиматының жағдайын бағалау сезім мүшелері және арнайы приборлардың көмегімен қатар жүргізіледі. Көзбен көру арқылы ауаның сапасына, яғни, ыстық не салқындығына, құрғақ не ылғалдылығына, газ құрамына және мал тұрақтарының ылғал не құрғақтылығына шамамен сезімдік сипаттама бере аламыз. Ал нақты көрсеткіштерді арнайы приборлардың көмегімен анықтаймыз.

Микроклиматты зоогигиеналық бағалау әр түрлі құралдардың көмегімен үнемі немесе белгілі бір мерзімде тексеріледі:

Үнемі тексеру- күнделікті бақылау жүргізіліп микроклимат реттеліп отырады (ауа алмасуды көбейтіп немесе азайтып, ылғалдылықты және зиянды газдарды әр түрлі тәсілдермен азайтуды қолданады).

Мерзімді бақылаудың мақсаты- белгілі бір климаттық жағдайда берілген мал қора жабық қорада ұстау мерзімінде зоогигиеналық нормалар қаншалықты қамтамасыз ете алатынын анықтау. Өндіріс жағдайында микроклиматты екі күн қатарынан жұмыс басталар алдында және жұмыс аяғында әр декадада (10 күнде) бір рет анықтаймыз. Егер микроклиматтың шамадан тыс бұзылғанын анықтайтын болсақ, онда тексеруді күніне 3 рет, үш күн қатарынан жүргіземіз.

Сонымен бірге малдарды күтіп бағатын жұмысшылардың биіктігін есепке ала отырып еденнен 1,5-1,6 м биікте анықтау арқылы ағымды бақылау жасап отыру керек.

Микроклимат көрсеткіштерін екі жолмен анықтаймыз: тігінен және көлденіңінен.

Тігінен анықтау кезінде малдың тұрған кездегі және жатқан кездегі тыныс алу деңгейін есепке ала отырып, ірі қара малда еденнен - 0,5-1,2 м, бұзауханада - 0,3-1,0 м, шошқа қорасында - 0,3-0,7 м, құс қорасында еденде ұстап баққанда еденнен 0,2 м биіктікте, торда ұстап бағылатын құс қораларында әр ярус деңгейінде және батареялар аралығында жүргізіледі.

Көлденеңінен үш нүктеде жүргізіледі (қораның ортасымен екі бұрышы, қабырғалардан 0,8 - 1,5 м қашықтықта өлшейді)

Желдету жүйесін бағалаған кезде төбеден 0,6 метр қашықтықта тексереді. Қора жайдың микроклиматы туралы объективтік деректер алу үшін үш нүктеден (қора диоганалы бойынша) 2 деңгейде және күніне үш рет өлшейді

Микроклиматты анықтау барысында приборларды 15 минуттан – 1 сағатқа дейінгі уақытқа тексеру нүктелерін алдын-ала қоямыз. Өлшеуіш приборларды күн сәулесі түспейтін және желдеткіш құбырларынан, қабырғадан, терезден және жылу көздерінен алшақ жерге қоямыз. Көрсеткіштерді жазып алатын кезде приборлардың жұмыс тетіктерін немесе орнынан қозғауға және жанында тыныс алуға болмайды.

Микроклиматты бақылауды жетілдіру үшін зоогигиена кафедрасында (Алматы зооветеринарлық институты ) ПЛМ -1 жылжымалы зертхана жасалған. Бұл зертхана құрамына қора микроклиматын бақылайтын мына приборлар кіреді: аспирациялық психрометр МВ-4м, шар тәрізді катотермометр, қанатшалы анемометр (АСО-3), әмбебап газоанализатор (УГ-2), Люксметр Ю-15, микроорганизм ұстағыш (УМ-1 ).

Сонымен қатар бұл зертхана дистилденген суға арналған флаконды стакан, өлшегіш рулетка, фонарь және құралдарды орналастыруға арналған ілгішектермен жабдықталған.

Студенттердің өзіндік жүмысы: Студенттер методикалық құралдарды пайдалана отырып қора-жай микроклиматының негізгі көрсеткіштерін анықтау өндіріс жағдайында меңгеруді іске асыру мақсатында мына жұмыстарды орындаулары керек:

1. Қора ауасының физикалық көрсеткіштерін (температура, ылғалдылық және т.б) анықтауда пайдаланатын құрал-жабдықтардың жұмыс істеу тәртібін меңгеру және аталған көрсеткіштерді анықтау;

2. Қора ауасының химиялық көрсеткіштерін (CO2 және NH3 т.б) анықтауда қолданатын әдістерді меңгеру;

3. Қора ауасының механикалық және биологиялық көрсеткіштерін анықтау әдістерін меңгеру;

4. ПЛМ-1 жылжымалы лабораторияны қолдануды меңгеру;

5. Микроклимат параметрлерін өлшеу ережелерін үйрену.

Бақылау сұрақтары:

1. Ауа температурасын анықтайтын құралдарды атаңыз және олардың жұмыс істеу принциптері;

2. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын қандай құралдармен анықтайды;

3. Ауа қозғалысын анықтау ережелері;

4. УГ-2 құралының жұмыс істеу тәртібі;

5. Ауаның механикалық заттармен ластану деңгейін бақылау әдістерін атаңыз;

6. ПЛМ-1 жылжымалы зертхананың құрамына қандай құралдар кіреді;

7. Сиыр қорасының микраклиматын бақылау тәртібі;

8. Ауыл шаруашылық малдарына арналған микроклимат нормативтерін атаңыз (сиыр, бұзау, шошқа, құс және т.б.);

9. Қора жай микроклиматын оптималдау жолдары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]