Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_AZA_1178__1200_LTTY_1178_AGRARLY_1178_UNIV...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

Жеке жануарлар гигиенасы

9 Ірі қара мал гигиенасы

Ірі қара мал түлігін күтіп-бағудың жүйелері мен әдістері. Ірі қара малын күтіп-бағудың технологиялық жобалау нормасы мен зоогигиеналық талаптары. Ірі қара малын күтіп-бағуға арналған қораларға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар.Қора түрлері, сиымдылығы, құрамы және шаруашылықтарды орналастыру. Сиыр қоралары, бұзауханалары, сиыр туғызу бөлімшелері олардың ішкі жобасы мен жабдықтары.

10 Шошқа гигиенасы

Шошқа күтудің жүйесі мен әдістері. Шошқаны шаруашылықтарды бағып-күтудің технологиялық жобалау нормалары мен қойылатын зоогигиеналық талаптары. Шошқа қорларына қойылатын гигиеналық талаптар, оның сиымдылығы және құрамы. Шошқа қораларының типтері.

Қабан , буаз және суалмаған мегежіндерді азықтандыру және күту гигиенасы.

Шошқаны торайлату және жаңа туған торайларды күту гигиенасы. Енесін еметін торайлар мен енесінен ажыратылған торайларды азықтандыру және күту гигиенасы.

Бордақылаудың әр түріне арналған шошоқаларға қойылатын гигиеналық ереже.

11 Қойлар гигиенасы

Қойды қорада, қора-жайылымда, жайылым-қорада және жайылымда бағу гигиенасы. Қойды қыста бағып-күту гигиенасы.

Қой қораларында гигиеналық талаптар және олардың әр климат аймақтарына орай құрылыс ерекшеліктері. Қой қораларының типтері мен сиымдылықтары. Қой қораларының ішкі жабдықтарына қойылатын талаптар.

Қойларды бағуға және азықтандыруға қойылатын гигиеналық талаптар. Төл алудың гигиенасы мен төлді жылы қорада өсіру.

12 Жылқылар және түйелер гигиенасы

Жылқы бағудың жүйесі мен әдістері. Жылқы бағудың технологиялық жобалау норамалары мен зоогигиеналық талаптары. Жылқы қорасының құрамы, сиымдылығы мен типтері. Жылқы қорасына қойылатын гигиеналық талаптар.

Буаз бие мен айғыр күтудің және азықтандырудың санитариялық-гигиеналық тәртіптері. Жаңа туған құлындарды күту. Спорт жылқыларының гигиенасы.

Бордақыланатын және жайып семірілетін жылқының гигиеналық режимі.

Түйелерді бағу және азықтандыру гигиенасы. Боталарды өсіру гигиенасы. Түйелерді сауу гигиенасы. Түйелерді қырқу гигиенасы.

13 Ауылшаруашылық құстар гигиенасы

Ауылшаруашылық құстарын бағу жүйелері және оларды гигиеналық бағалау. Мамандандырылған шаруашылықта және құс фабрикаларында құс бағудың техноогиялық жобалау нормалары мен зоогигеналық талаптары.

Құс қораларына қойылатын гигиеналық талаптар және әр түрлі құстарға арналған құрылыс ерекшеліктері. Құс қораларының сиымдылығы мен құрамы.

Әр түрлі құстарды өндірістік технология жағдайында, қысқы және жазғы кезеңдерде азықтандыру, олардыкүту гигиенасының ерекшеліктері.

Инкубаторға арналған жұмыртқалар мен инкубациялау режиміне қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар.

Балапанды еденде және клеткада бағу гигиенасы. Әр түрлі құс балапандарын азықтандыру, бағу және күтудің гигиеналық талаптары. Етке арналған әр түрлі құс балапандарын бағу гигиенасы.

14 Қояндар және терісі бағалы аңдар гигиенасы

Қоян және терісі бағалы аңдарды күтудің жүйелері. Қоян және терісі бағалы аңдарды фермалар мен кешендерде бағудың технологиялық жобалау нормалары мен зоогигеналық талаптары.

Қоян және терісі бағалы аңдарға арналған құрылыстарға (қоян қоралары, шедтер т.б.) қойылатын гигиеналық талаптар.Клеткалармен торлы қоршаулар (вольер), олардың құрлысы, жабдықтары және орналасуы. Жас көжектермен мен аң күшіктері сандарын ұдайы толықтырып өсіру гигиенасы.

Қоян және бағалы терісі аңдар шаруашылықтарын ветеринариялық қорғау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]