Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_AZA_1178__1200_LTTY_1178_AGRARLY_1178_UNIV...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

2 Тәжрибелік сабақ Тақырыбы: Мал қорадағы табиғи және жасанды жарықтылықты анықтау

Сабақтың мақсаты: 1. Студенттердi мал және құс қораларындағы жарықтылықтың маңызымен таныстыру

2. Жарықтылықты анықтау әдiстерiн игеру

Бақылау сұрақтары: I. Жарықтылықтың түрлері және олардың сипаттамасы.

2. Жарықтылықтың бірлік өлшемі.

3 Жарықтылықты анықтайтын құралдар.

4. Табиғи жарықтылықты айқындау тәртібі.

5 Жасанды жарықтылықты айқындау әдістері.

Әдебиеттер: 1. Ж.Б.Мырзабеков “Жануарлар гигиенасы”, Алматы, 2005

2. Храбустовский И.Ф., Демчук М.В., Онегов А.П. “Практикум по зоогигиене”, М., “Колос”, 1984

Сабақтың мазмұны

Мал мен құсқа арқалған қораларды жарык көздері табиғи және жасанды болып бөлінеді.

Табиғи жарықтылықты анықтау. Малға арналған қоралардың табиғи жарықтылығы екі тәсілмен өлшенеді: геометриялық және жарықтық-техникалық. Табиғи жарықтылық немесе жарық коэффиценті (ЖК) тиісті жарықтылықты анықтайтын геометриялық әдіс. Бұл коэффициент қораның барлық терезелері мен еденнің аудандарының қатынасы болып табылады.

Мысалы: еден ауданы 600м2, барлық терезелердiң (шамаланған бөлiгi) ауданы 50м2. Бұл жағдайда жарық коэффициентi 1:12 (600:50) болады. Табиғи жарықтылық талапқа сай болу үшiн жарықтың техникалық әдiсi қолданылып, табиғи жарықтылықтың коэффициентi анықталады (ТЖК).

ТЖК – ол бiр мезгiлде бiрдей горизонталь нүктеде болатын қораның iшкi және сыртқы жарықтылықтарының қатынасы болып табылады да пайызбен есептеледi.

ТЖК = Еiшкi х 100

Есыртқы

Мұндағы: Еiшкi - қора iшiндегi нүктенiң жарықтылығы (люкс, сек);

Есыртқы – ашық аспан астындағы жарықтылығы (люкс);

100 - есептеу пайызы (%).

Мысалы. Егер iшкi жарықтылық (Еi) 60 лк, ал сыртқы жарықтылық (Ес) – 6000 лк болса, онда ТЖК – 1 пайызға тең болады. (60 х 100) : 6000 = 1%

Сыртқы жарықтықты қорадан ең кемi 10 м қашықтықта өлшейдi. ТЖК шамасын жылдың маусымына қарай кейде бiр рет тал түсте айқындайды. ТЖК шамасы әр бiр мал тұрған қатарға арналып та және де бүкiл қорада орта есеппен анықталуы да мүмкiн. Люкс (лк) – жарық өлшемi, ол жарықталған беттiң әрбiр шаршы метрiне түсетiн жарық тасқынын бiр люменге тең боларлықтай бөлiнгенiн көрсетедi. ТЖК – мынаны көрсетедi: ашық аспан астындағы бiр мезгiлдегi горизонтальды жарықтылық әрбiр үлесi көк күмбездiң диффузиялық жарығында қораның iшiндегi сол нүктенiң жарықтылығын құрайды.

Мысалы: ақпан айында сыртқы жарықтылық 5000 лк-ке ТЖК – 0,8 пайызға тең болды делiк, онда ол сыртқы жарықтылықтың 0,008

бөлшегiн құрайды. Iзделiп отырған жарықтылық 5000 х 0,008 = 40 лк. Қораның жекеленген бөлiктерiнiң табиғи жарықтылығын бақылау құлама және саңлау бұрыштарын анықтаумен жүргiзiледi.

Бұрыннан келе жатқан зоогигиеналық талап бойынша құлама бұрыш ең кемi 270, ал саңлау бұрышы 50-тан жоғары болуы тиiс.

Жасанды жарықтылықты анықтау. Бұл мақсат үшiн қорадағы электр лампалараның санын анықтап, олардың барлық қуатын ваттпен есептеп шығарады. Бұдан соң, шыққан шаманы қораның ауданына бөледi. Сөйтiп, еденнiң әр 1 м2 келетiн лампаларының үлес қуатын (вт) шығарады. Ватты люкске аудару үшiн үлес қуатын тиiстi коэффициентке көбейтедi. Бұл коэффициент 1 вт/м2 еденге келетiн үлес қуатына тең люкстер санын көрсетедi. Ватты люкске аударудың коэффициенттiк өлшемi төмендегi кестеде көрсетiлген.

10 кесте. “е” коэффициентiнiң мәнi

Лампаның қуаты (вт)

Желiдегi қуат күшi (в)

110,120,127

220

110-ға дейiн

24

2,0

110 және одан жоғары

3,2

2,5

Фотометрия

Фотометрия - жарық күшін, табиғи және жасанды жарықты және айқын жарықтықты өлшейтін оптика бөлімі. Осы мақсатқа қолданылатын құралдар фотометр немесе люксметр деп аталады.

Қазіргі кезаде жарықтылықты өлшеу үшін 10 - 16, 10 - 116 жобасындағы обьективті люксметрлер қалданылады. 10 - 16 люксметр Ф-І02 типті селенді фотоэлемент пен өзара майысқақ сыммен жалғасқан гальванометр сияқты жарық қабылдағыштан тұрады.

Люксметрдің қызмет принципі фотоэлектрлі тиiмдiлiк әрекетіне негізделген. Фотоэлементтiң селенді қабатына жарық ықпал еткенде /фотоэффект құбылысы/ түйық тізбекте фототок пайда болып, гальванометр тілін ауытқыта алатын электрондар тасқыны пайда болады. Тілдің ауытқуының бұрыштық шамасы фотоэлементтің интенсивті жарықталуымен пропорционалды бслып келеді.

Гальванометрдің 50 бөлікке бөлінген айналы шкаласы және жарықты өлшеуге арналған үш диапазоны бар /лк/: 0 , 25^0 700 және 0 500

Қораның ішіндегі жарықты өлшеуді құралдың 0……….500 лк диапазонында басталып, жарық қабылдағыштың селенді қабаты жоғары көлденең түрде орналасуы қажет. Шкалалардың диапазондарын іске қосатын тетік бар. Егер жарық өте жоғары болса /500-ден жоғары лк/ фотоэлементтің корпусына күңгірт жарық жұтқышты кигізеді, ол жарық шамасын 100 есе ұлғайтуға, яғни 50000 лк дейін жарықталуды өлшеуге мүмкіндік береді.

Жарық жұтқышты пайдаланғанда міндетті түрде көрсетілген люкстің шамасын ІОО-ге кебейту керек, өлшеуіш шкаладағы әрбір диапазонды бөлу құны шкала бөлігінің санға бөлінген өлшеу шегіне тең /бірінші диапазонда бөлу құны 0,5 лк-ке, екіншісінде -2лк-ке және үшіншісінде - 10 лк-ке тең/. Жарықтылық дәрежесі далада және қорада бір мезгілде тәулігіне 3 рет /10.00,13.00,16.00/ анықталады, Өлшеуді айына ең кемі үш рет немесе әр маусымда аспан біркелкі жарықталғанда жүргізу қажет.

Керектi құралдар мен жабдықтар: люксметрлер, кестелер, схемалар

Студенттердiң өзiндiк жұмысы: 1. Студенттер зерттелетiн қорада люксметрдi горизонтальды жағдайда ұстап, стрелкасын арретирдiң көмегiмен 0-ге қояды.

2. Кнопкасын басып фотоэлементтi гальванометрдiң бағанына қосады

3.Жарықтылықты өлшеп, қорытынды жасайды

3. Жұмыс соңында студент фотоэлементтi гальвонометрден босатып, құралды жинайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]