
- •Мазмұны:
- •Жалпы зоогигиена
- •1 Сыртқы орта және жануарлар денсаулығы
- •2 Ауа гигиенасы
- •3 Топыраққа қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар және оны санитариялық тұрғыдан қорғау
- •4 Су және малды суару гигиенасы
- •5 Мал азығына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар және малды азықтандыру гигиенасы
- •6 Мал қораларына және мал шаруашылық кәсіпорындарына қойылатын санитариялық-гигиеналық негізгі талаптар
- •7 Мал шаруашылығы кәсіпорындарында жүргізілетін жалпы ветеринариялық-санитариялық шаралар
- •8 Малды күтіп-бағу гигиенасы және малды тасымалдауға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
- •Жеке жануарлар гигиенасы
- •9 Ірі қара мал гигиенасы
- •10 Шошқа гигиенасы
- •11 Қойлар гигиенасы
- •12 Жылқылар және түйелер гигиенасы
- •13 Ауылшаруашылық құстар гигиенасы
- •14 Қояндар және терісі бағалы аңдар гигиенасы
- •15 Тауарлы балықтар және бал араларының гигиенасы
- •Зертханалық сабақтар – 15 сабақ
- •Практикалық сабақтар – 15 сағат
- •Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •Қосымша:
- •Дәріс сабақтарының тақырыптары – 15 сағат
- •1. Кіріспе Сыртқы орта факторлары және олардың мал организміне әсері
- •2. Зертханалық сабақтар – 15 сабақ
- •3. Практикалық сабақтар – 15 сағат
- •5. Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыптары
- •6. Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Студентке арналған пәннің оқыту бағдарламасы (Sillabus)
- •Vg 3210- «Ветеринариялық гигиена» пәні бойынша
- •2013 -2014 Оқу жылындағы студентке арналған
- •Сабақ пен жұмыстың түріне байланысты балдың бөлінуі
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығы студенттеріне.
- •2013 - 2014 Оқу жылына «Ветеринариялық гигиена» пәнінің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •1 Дәрiстер - 15 сағ.
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне арналған
- •Дәріс тақырыбы: Кіріспе Сыртқы орта факторлары және олардың мал организміне әсері
- •Дәрістің тақырыбы: Ауа гигиенасы. Ауаның химиялық қасиеттері және олардың мал организміне әсері
- •4 Дәріс Ауа гигиенасы. Ауаның биологиялық қасиеттері және олардың мал организміне әсері
- •Тақырыбы: Топыраққа қойылатын санитариялық – гигиеналық талаптар және оны санитариялық тұрғыдан бағалау
- •Дәрістің тақырыбы: Ауылшаруашылық малын азықтандыру және азыққа қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар.
- •Тақырыбы: Мал шаруашылығында жүргізілетін дезинсекциялық, дезинвазиялық, дезодарациялық шаралар
- •Тақырыбы: Мал шаруашылығы нысандарда жүргізілетін дератизациялық шаралар
- •Дәрістің тақырыбы: Ауыл шаруашылық малдарын ұстау жүйелері мен күтіп-бағу гигиенасы.
- •Дәрістің тақырыбы: Ауылшаруашылық малдарынан өндірілетін ет және сүт гигиенасы
- •Ұсынылатын әдебиет:
- •Ветеринария факультеті
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне зертханалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •6. Мал қорадағы ауаға со2 мөлшеріне байланысты санитариялық баға беру
- •Газды анықтау
- •Сабақтың мазмұны
- •Топырақтың физикалық құрамын анықтау
- •Топырақтың химиялық құрамын анықтау
- •Топырақтың санитариялық күйінің көрсеткіштері ( сынама 0-20 см тереңдіктен алынған)
- •Өзіндік жұмысқа арналған практикалық тапсырмалар:
- •8. Судың санитарлық-гигиеналық тұрғыдан бағалау
- •2874-82 Мемлекеттік өлшем үлгісі бойынша шектеу мөлшері
- •2. Хлорланған судағы хлор қалдықтарын анықтау
- •Мал азығын санитариялық-гигиеналық бағалау
- •Сүрлемнің жалпы қышқылдылығын анықтау
- •Қант қызылшасындағы нитритті анықтау
- •Сүрлемдегі хлоридттерді және сульфаттарды анықтау
- •Картоптағы салонинді анықтау
- •Сабақтың мазмұны:
- •Ветеринария факультеті
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне тәжірбиелік сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •1 Тәжрибелік сабақ
- •Ауаның қысымын анықтау әдістері
- •2 Тәжрибелік сабақ Тақырыбы: Мал қорадағы табиғи және жасанды жарықтылықты анықтау
- •Сабақтың мазмұны
- •3 Тәжрибелік сабақ
- •4 Тәжрибелік сабақ Тақырыбы: Ауа алмасуын көмірқышқыл газы бойынша анықтау
- •3.1. Көмірқышқыл газ мөлшері бойынша қора-жайдағы ауаның алмасу деңгейін анықтау тәсілі
- •3.2. Малдан бөлініп шығатын жылудың,
- •5 Тәжрибелік сабақ Тақырыбы: Мал қораларында жылу балансын анықтау
- •6 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Мал қора жобаларына зоогигиеналық баға беру
- •7 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Мал қора-жайларының көлемді жоспарларын бағалау
- •8 Тәжірбиелік сабақ
- •9 Тәжірбиелік сабақ
- •10 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Қора-жай микроклиматтарын анықтау
- •11 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Мал қиын қорадан шығару және оны сақтаудағы гигиеналық және санитариялық талаптар
- •12 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Дезинфекция жүргізу әдістері
- •13 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Дератизация жүргізу әдістері
- •14 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Дезинсекция жүргізу әдістері
- •15 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Азықтың қауіпсіздігін анықтау
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне арналған курстық жұмысты орындауға арналған
- •Курстық жұмысты орындау методикасы
- •1 Курстық жұмыстың мазмұны
- •1.1 Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және оны орындауға қойылатын талаптар
- •1.1.1 Курстық жұмысты орындау бағыты
- •1.1.2 Курстық жұмысты көркемдеу
- •1.1.3 Курстық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар
- •1.2 Курстық жұмыстың мазмұнын орындауға қойылатын талаптар
- •1.3 Курстық жұмысты бағалау критериялары
- •Курстық жұмысты орындау кезінде көп кездесетін қателіктер
- •Курстық жұмыстың жоспары
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Қазақ ұлттық аграрлық университеті
- •Курстық жұмыс
- •Алматы 20 ___
- •Реферат
- •Тапсырмалар
- •Бағдарламасы
- •5В120200 – «Ветеринариялық cанитария» мамандығына арналған «Ветеринариялық гигиена» пәні бойынша бағдарлама
- •Студенттердің білім деңгейін бақылау мен бағалауға арналған материалдар
- •Сұрақтары
- •Сұрақтары
- •5В120100 - «Ветеринарлық санитария» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған «Зоогигиена ветеринариялық санитария негіздерімен» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Материалдар
- •Аудиториялар тізімі
- •Авторы: - в.Ғ.Д., профессор Мырзабеков ж.Б.
Ветеринария факультеті
Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена кафедрасы
«Зоогигиена ветеринариялық санитария негіздерімен» пәнінен
5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне тәжірбиелік сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
1 Тәжрибелік сабақ
Тақырыбы: Ауа температурасын және барометрлік қысымын анықтау
Сабақтың мақсаты: 1.Ауылшаруашылық малдарына арналған қора-жайлардың ауа температурасын анықтау әдiстерiн игеру. 2. Ауаның барометрлiк қысымын анықтайтын құралдармен танысу. 3. Ауыл шаруашылық малдарына арналған қоралардың ауа қысымын анықтау әдiстерiн игеру.
Құралдар мен қондырғылар: спирттi және сынапты термометрлер, термографтар, ЭТП-М, ТЭМП-60 типтi электротермометрлер, барографтар, барометр-анероид
Сабақтың мазмұны. Ауа температурасы ауаның физикалық факторлары ретінде үнемі өзгеріп отыратындықтан, қора-жай микроклиматында температураның маңызы зор.
Мал организмінде жылу – азықтану барысында азықтың қоректік заттарының ыдыруынан бөлінген энергиядан және күн қызуын сіңіріуі есебінен құралады.
Малдың дене температурасы сыртқы ортаның температурасының жоғары не төмендігіне қарамастан тұрақты. Себебі, жылу- орталық жүйке жүйесі арқылы, тері және тыныс алу мүшелері арқылы реттеліп отырады.
Егер малға жоғарғы немесе төменгі температура ұзақ уақыт әсер етсе, олардың жылу реттеу механизмі бұзылады да жалпы және жеке органдарға әсер етеді. Мысалы, ауа температурасының шектен тыс төмендеуі зат алмасуын мен жылудың артуына әкеп соғады да, жылудың орнын толтыру үшін, қосымша азықты қажет етеді, бұл эканомикалық жағынан тиімсіз. Сонымен қатар малдың өнімділігі төмендеп, түрлі жұқпайтын және жұғатын ауруларға шалдығады. Ал жоғарғы температура организмге жылудың жиналуына, соңынан ыстық ұруға әкеп соғады. Ыстық ұру (гипертермия) – жазды күні малды жабық қорада ұстағанда, қора дұрыс желдетілмегенде, шамадан тыс азықтандырғанда және дымқыл қорада ұстағанда, мал тығыз орналасқанда байқалады.
Ыстық өту кезінде мал денесінің қызуы көтеріліп, әлсірейді, тамыр соғысы жиілеп, зат алмасуы бұзылады, тотығу процессі төмендеп, оттегі жетіспегендіктен тотықпаған өнімдер жинақталады. Малды өлімге ұшыратуы мүмкін.
Ал жас төлдердің дене температурасы көбіне сыртқы орта температурасына тәуелді, себебі олардың тіршілігінің алғашқы күндері дене температурасын тұрақты ұстау механизмін жоқ болғандықтан, дене температурасы тұрақты емес. Сол себепті жас төлдер ауруға шалдыққыш және өлім-жітімге көп ұшырайды. Сондықтан мал қорасында қолайлы температураның маңызы зор.
Қолайлы температура дегеніміз- малдың азықты аз жұмасап, жоғарғы өнімділік көрсетуіне, органдардың физиологиялық қызметіне және мал организмі жүйелеріне онша күш түсірмейтін температураны айтамыз.
Ауа температурасын көбіне сынапты немесе спиртті термометрдің көмегімен өлшейді.
Сынапты - максимальді термометрлер. Бұл термометрлер байқау барысында белгілі бір уақыт аралығындағы ауаның ең жоғарғы температурасын көрсетеді. Бұдан кейін ауа температурасы төмендесе де сол көрсеткіш өзгермейді. Мұндай термометрлерді қолданардың алдында сынапты орнына келтіру үшін оны бірнеше рет сілку керек
Сынапты термометрлер үлкен дәлділігімен және 35° +35,7° аралығында кең көлемде пайдалану мүмкіндігімен ерекшелінеді.
Спиртті-минимальді термометрлер.Термометрдің түтікшесінде ұштары жалпақтау жуандатылған жылжымалы шыны штифт бар. Бақылау алдында термометрдің резервуар жағын жоғары көтеріп штифті спирт деңгейіне дейін түсіреді. Бұдан соң термометрді ауа температурасын өлшейтін жерге көлденең /горизонтальді/ орналастырады Температура көтерілген кезде спирт ұлғайып, штифті қозғамастан капиллярдың бойымен еркін өтеді. Температура төмендегенде спирт штифті резервуарға жетелеп, төмендей береді, минимальді температураны штифтің жоғарғы ұшы орналасқан деңгейімен анықтайды.
Спиртті термометрлерді аса дәлме-дәл дей алмаймыз, өйткені спирт көлемі 0°-тан жоғары қыздырғанда біркелкі ұлғаймайды, бұдан басқа, оның қайнау нүктесі төменде /78,3°/ жатыр, бірақ спиртті термометрмен өте төменгі, яғни - 90-нан 130° дейінгі температураны өлшеуге болады. Ал бұған сынапты термометр /сынап - 39,4° С қатып қалады/ жарамайды.
Термометрлер Цельсия градусымен бөліктенеді. Бұл термометрлерде тұрақты шкала нүктелерінің қашықтығы - мұздың еру нүктесі мен судың қайнау нуктесі /0 және 100°/ аралығындағы бөліктерге бөлінген.
Шет елдерде Реомюра /R/ (0° - +80°) және Фарангейт /F/ (+32° пен +212°) градустарымен бөліктелген термометрлер қолданылады.
Термометрлер өзінің қолдану мақсатына қарай лабораториялық, тұрмыстық, медициналық, малдәрігерлік, суға арналған, қабырғаға ілінетін, химиялық, топыраққа арналған, тағы сол сияқты болып бөлінеді.
Бұл аты аталған термометрлермен ауа температурасына қарай қай мезгілде болса да өлшеуге болады.
Уақыттың белгілі бір бөлігіндегі (тәуліктік, апталық және т.с.с) максимальды /ең жоғарғы/ немесе минимальді /ең төменгі/ температураны анықтау үшін арнаулы термометрлер бар.
Ауа температурасын анықтағанда максимальді және минимальді термометрлер көлденең орналастырылады. Кез келген сырт қабаттарымен және мал терісінің температурасын тез арада өлшеу үшін әртүрлі термоэлектрлік (ЭТП-М, ТЭМП-60), электорндық және т.б. құралдар қолданылады.
Электортермометр ЭТП-М – ауа мен қоршаулардың беткі температурасын анықтауға арналған құрал. Үш түрлі қондырғысы (насадка) бар және үш диапазонда жұмыс істейді. -30 + 1200С аралықтағы температураны өлшеу мүмкіндігі бар.
1-сурет. Электротермометр ЭТП-М:1-микроамперметр; 2-қосқыш «бақылау-өлшеу»;
3-диапазон қосқышы; 4-тоқ күшін реттегіш;
5-аспап қосқышы; 6-температураның жартылай
өткізгіші
Ұзақ мерзімде /тәулік және апта бойы/ температураны жүйелі қадағалап отыру үшін өздігінен жазатын қүралдарды - термографтарды /тәуліктік немесе апталық/ пайдаланады. Оның қабылдаушы бөлшегі - дәнекерленген екі металдан тұратын, ұлғаюдың әртүрлі температуралық коэффиценті бар биметалл пластинка болып табылады. Ауаның температурасы өзгерген мезгілде пластинканың формасы да өзгереді. Пластинканың формасының өзгерісі рычагтар арқылы стрелкаға беріліп таспаға жазылады. Таспалар көлденеңінен аптаға, күндерге және сағаттарға бөлінген, ал тікесінен градустарға бөлінген.
2-сурет. Термограф: 1- биметалды пластинка;
2-перолы стрелка;
3-айналмалы барабан.
Ауа температурасын өлшеу ережесі. Ауаның температурасын анықтау үшін термометрді қораның ішінде тікелей күн сәулесі түспейтін және қабырғадан терезеден, пештен желдеткіш құбырдан алшақтау орнатады.
Қораның температурасы тәулігіне үш рет өлшенеді (ертеңгілік, түсте және кешке). Өлшеу жүмысы қораның ішінде көлденеңінен үш жерде жүргізіледі (қораның ортасымен екі бүрышы, қабырғалардан 0,8 - 1,5 м қашықтықта өлшейді); ал тікелей өлшеу үшін әр жерде үш биіктікте жүргізіледі:
а) сиыр қораларда - еденнен 0,5 пен 1,2 м, төбеден 0,6 м;
б) шошқа қораларда - еденнен 0,3 пен 0,7 м, төбеден 0,6 м;
в) кұстарды еденде ұстағанда 0,2 мен 1,5 м, төбеден 0,6 м;
Құстарды клеткада ұстағанда температураны өлшеу жұмысы әр ярус деңгейінде және батереялар аралығында жургізіледі.
Температураны анықтау барысында қүралдардың көрсеткіштері тұрақты бір шамаға келгеннен соң алынады /10-15 минут шамасында).
Әр малдың түлігіне және жасына байланысты температура нормалары (0С): ірі қарада-6-10, бұзауларда-16-18; қойларда-5-15, қозыларда-18-20; шошқаларда-15-18, торайларда-22-30; жылқыларда-4-8, құлындарда-8-15; құстарда-16-18, балапандарда-28-35.