
- •Мазмұны:
- •Жалпы зоогигиена
- •1 Сыртқы орта және жануарлар денсаулығы
- •2 Ауа гигиенасы
- •3 Топыраққа қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар және оны санитариялық тұрғыдан қорғау
- •4 Су және малды суару гигиенасы
- •5 Мал азығына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар және малды азықтандыру гигиенасы
- •6 Мал қораларына және мал шаруашылық кәсіпорындарына қойылатын санитариялық-гигиеналық негізгі талаптар
- •7 Мал шаруашылығы кәсіпорындарында жүргізілетін жалпы ветеринариялық-санитариялық шаралар
- •8 Малды күтіп-бағу гигиенасы және малды тасымалдауға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
- •Жеке жануарлар гигиенасы
- •9 Ірі қара мал гигиенасы
- •10 Шошқа гигиенасы
- •11 Қойлар гигиенасы
- •12 Жылқылар және түйелер гигиенасы
- •13 Ауылшаруашылық құстар гигиенасы
- •14 Қояндар және терісі бағалы аңдар гигиенасы
- •15 Тауарлы балықтар және бал араларының гигиенасы
- •Зертханалық сабақтар – 15 сабақ
- •Практикалық сабақтар – 15 сағат
- •Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •Қосымша:
- •Дәріс сабақтарының тақырыптары – 15 сағат
- •1. Кіріспе Сыртқы орта факторлары және олардың мал организміне әсері
- •2. Зертханалық сабақтар – 15 сабақ
- •3. Практикалық сабақтар – 15 сағат
- •5. Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыптары
- •6. Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Студентке арналған пәннің оқыту бағдарламасы (Sillabus)
- •Vg 3210- «Ветеринариялық гигиена» пәні бойынша
- •2013 -2014 Оқу жылындағы студентке арналған
- •Сабақ пен жұмыстың түріне байланысты балдың бөлінуі
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығы студенттеріне.
- •2013 - 2014 Оқу жылына «Ветеринариялық гигиена» пәнінің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •1 Дәрiстер - 15 сағ.
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне арналған
- •Дәріс тақырыбы: Кіріспе Сыртқы орта факторлары және олардың мал организміне әсері
- •Дәрістің тақырыбы: Ауа гигиенасы. Ауаның химиялық қасиеттері және олардың мал организміне әсері
- •4 Дәріс Ауа гигиенасы. Ауаның биологиялық қасиеттері және олардың мал организміне әсері
- •Тақырыбы: Топыраққа қойылатын санитариялық – гигиеналық талаптар және оны санитариялық тұрғыдан бағалау
- •Дәрістің тақырыбы: Ауылшаруашылық малын азықтандыру және азыққа қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар.
- •Тақырыбы: Мал шаруашылығында жүргізілетін дезинсекциялық, дезинвазиялық, дезодарациялық шаралар
- •Тақырыбы: Мал шаруашылығы нысандарда жүргізілетін дератизациялық шаралар
- •Дәрістің тақырыбы: Ауыл шаруашылық малдарын ұстау жүйелері мен күтіп-бағу гигиенасы.
- •Дәрістің тақырыбы: Ауылшаруашылық малдарынан өндірілетін ет және сүт гигиенасы
- •Ұсынылатын әдебиет:
- •Ветеринария факультеті
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне зертханалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •6. Мал қорадағы ауаға со2 мөлшеріне байланысты санитариялық баға беру
- •Газды анықтау
- •Сабақтың мазмұны
- •Топырақтың физикалық құрамын анықтау
- •Топырақтың химиялық құрамын анықтау
- •Топырақтың санитариялық күйінің көрсеткіштері ( сынама 0-20 см тереңдіктен алынған)
- •Өзіндік жұмысқа арналған практикалық тапсырмалар:
- •8. Судың санитарлық-гигиеналық тұрғыдан бағалау
- •2874-82 Мемлекеттік өлшем үлгісі бойынша шектеу мөлшері
- •2. Хлорланған судағы хлор қалдықтарын анықтау
- •Мал азығын санитариялық-гигиеналық бағалау
- •Сүрлемнің жалпы қышқылдылығын анықтау
- •Қант қызылшасындағы нитритті анықтау
- •Сүрлемдегі хлоридттерді және сульфаттарды анықтау
- •Картоптағы салонинді анықтау
- •Сабақтың мазмұны:
- •Ветеринария факультеті
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне тәжірбиелік сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •1 Тәжрибелік сабақ
- •Ауаның қысымын анықтау әдістері
- •2 Тәжрибелік сабақ Тақырыбы: Мал қорадағы табиғи және жасанды жарықтылықты анықтау
- •Сабақтың мазмұны
- •3 Тәжрибелік сабақ
- •4 Тәжрибелік сабақ Тақырыбы: Ауа алмасуын көмірқышқыл газы бойынша анықтау
- •3.1. Көмірқышқыл газ мөлшері бойынша қора-жайдағы ауаның алмасу деңгейін анықтау тәсілі
- •3.2. Малдан бөлініп шығатын жылудың,
- •5 Тәжрибелік сабақ Тақырыбы: Мал қораларында жылу балансын анықтау
- •6 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Мал қора жобаларына зоогигиеналық баға беру
- •7 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Мал қора-жайларының көлемді жоспарларын бағалау
- •8 Тәжірбиелік сабақ
- •9 Тәжірбиелік сабақ
- •10 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Қора-жай микроклиматтарын анықтау
- •11 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Мал қиын қорадан шығару және оны сақтаудағы гигиеналық және санитариялық талаптар
- •12 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Дезинфекция жүргізу әдістері
- •13 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Дератизация жүргізу әдістері
- •14 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Дезинсекция жүргізу әдістері
- •15 Тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Азықтың қауіпсіздігін анықтау
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •5В120200 – «Ветеринариялық санитария» мамандығының студенттеріне арналған курстық жұмысты орындауға арналған
- •Курстық жұмысты орындау методикасы
- •1 Курстық жұмыстың мазмұны
- •1.1 Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және оны орындауға қойылатын талаптар
- •1.1.1 Курстық жұмысты орындау бағыты
- •1.1.2 Курстық жұмысты көркемдеу
- •1.1.3 Курстық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар
- •1.2 Курстық жұмыстың мазмұнын орындауға қойылатын талаптар
- •1.3 Курстық жұмысты бағалау критериялары
- •Курстық жұмысты орындау кезінде көп кездесетін қателіктер
- •Курстық жұмыстың жоспары
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Қазақ ұлттық аграрлық университеті
- •Курстық жұмыс
- •Алматы 20 ___
- •Реферат
- •Тапсырмалар
- •Бағдарламасы
- •5В120200 – «Ветеринариялық cанитария» мамандығына арналған «Ветеринариялық гигиена» пәні бойынша бағдарлама
- •Студенттердің білім деңгейін бақылау мен бағалауға арналған материалдар
- •Сұрақтары
- •Сұрақтары
- •5В120100 - «Ветеринарлық санитария» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған «Зоогигиена ветеринариялық санитария негіздерімен» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Материалдар
- •Аудиториялар тізімі
- •Авторы: - в.Ғ.Д., профессор Мырзабеков ж.Б.
Сабақтың мазмұны
Топырақты зерттеуге арналған сынама мөлшерін алу.
Сынаманы алу үшін арнаулы бұрғылау құралы немесе таза күректі пайдаланады. Сынаманы шахмат тәртібімен бірнеше жерден немесе бөліктен /аула, участок/ алаңы 25 м2 , тереңдігі 0,25 м көлденеңінен 3-5 нүктеден алады.
Алынған топырақтың бәрін араластырып, орташа сынаманы 1 кг шамасында алады.
Сынаманы алғаннан кейін /ең кемі 24 сағаттың ішінде/, оны тығыны тығыз жабылатын шыны ыдысқа /банкаға/ салып лабораторияға жібереді.
Топырақ сынамасына жолдама қағаз қосып жібереді. Онда сынаманың алған орнын, уақытын, сынаманы алған тереңдігін ж.б. көрсетілуі тиіс.
Топырақты түйіршіктеріне қарай сұрыптау үшін /диаметрі/ 7,4-2,1 және 0,3 мм, бірнеше елегіштен тұратын жинақты пайдаланады. Жинақты құрған соң /елегіштер бір-біріне тығыз енуі тиіс/ үстіңгі елекке 100 г құрғақ топырақ салып, қақпағын жабады, сөйтіп, топырақ сынамасын елейді. Топырақтың әрбір бөліктерін өлшеп біткеннен кейін процентін анықтаймыз. Оның нәтижесі бойынша топырақ түрі анықталады.
Кесте 1 – Топырақтың түйіршектерінің көлемі бойынша жіктеу
Топырақ түйіршігі |
Көлемі , мм |
Тастар, қиыршық тастар |
3 – тен жоғары |
Түйіршігі үлкен, құм |
3 – 1 |
- // - орташа, құм |
1 – 0,25 |
- // - ұсақ, құм |
0,25 – 0,05 |
Үлкен тозаң |
0,01 – 0,005 |
Орташа тозаң |
0,005 – 0,001 |
Ұсақ тозаң |
0,001 – ден төмен |
Кесте 2 – Топырақтың механикалық құрамының жіктелуі (Н.А. Качинский бойынша)
-
Саз тұйіршіктерінің көлемі /0,01 мм /, процент.
Құм бөлшектерінің көлемі
/ 0,01 мм / процент
Топырақтың механика-құрамы бойынша аталуы
80 – нен жоғары
20 – дан төмен
Ауыр сазды
80 – 50
20 -50
Сазды
50 – 40
50 – 60
Ауыр саздылау
40 – 30
60 – 70
Орта саздылау
30 – 20
70 – 80
Орта саздылау
20 – 10
80 – 90
Ұсақ саздылау
10 -
90 – 95
Құмды
5 – тен төмен
95 – тен жоғары
Құмды Борпылдақ құмды
Топырақтың физикалық құрамын анықтау
Топырақтың түсі. Түсі күңгірт қою болса топырақ құрамында органикалық заттың көп болғаны, соның ішінде микроорганизм де бар. Әйтсе де қара топыраққа қарашірікпен /гумуспен/ және шіріген көң-қимен қатты тыңайтылу арқылы берілетін күңгірттенген топырақты да айыра біоген жөн, себебі бұл топырақта біріншісіне қарағанда ауру қоздырғыш микроорганизмдер жиі кездеседі.
Ақшыл сұр, сортаң топырақ, сондай-ақ ақшыл-сары, құмды, органикалық заттарға жұпыны топыраққа кальций, фосфор және калий сияқты минералдық заттар аз болады.
Топырақ исі. Ыластанбаған таза топырақ иісінің гигиеналық тұрғыдан маңызы бар. Жаңа қимен, зәрмен, тазаланбаған былғаныш тоқтау судан, мал өлекселерінен былғанған топырақта шірік, аммиакты, күкіртті сутегі исі пайда болады. Сынама алынысымен сол жерде исін анықтайды.
Лабораторияда жаңа сынаманы колбаға салып, үстіне ыстық су құяды да тығынмен жауып , сілкейді, содан соң тығынды алып иісін анықтайды.
Топырақтың физикалық қасиетін анықтау.
Топырақтың түсін анықтау.
Топырақтың иісін анықтау.
Топырақтың температурасын анықтау.
Топырақты суды көтеру / капилярлық / қабілетін анықтау.
Топырақтың су сіңіру / поглотительный / қабілетін анықтау.
Топырақ қуысының көлемін анықтау.
Топырақтың ылғалдылығын анықтау.
Топырақ қуысының көлемін анықтау. Қуыс /Р/ дегеніміз топырақ бөлшектері аралығының бос көлемінің жиынтығы болап табылады.
Сөйтіп оны барлық алынған топырақ көлеміне қарай процентпен шығады:
Р – қуыстың шамасы оның бөлшектерінің орналасуы мен диаметріне, сондай-ақ ылғалдылығы мен температурасына байланысты. Топырақ бөлшегінің диаметрі аз болған сайын оның қуыстарының көлемі көбейе түседі /шірігіш, торфты және басқалар/.
Анықтау жолы. Қуыстардың қөлемін анықтау үшін өлшеуіш цилиндірге - 50 мл топырақ салып /а/, 50 мл /б/ су құяды. Қуыс суға толысымен сумен араласқан топырақтың қандай қөлемді алатынын анықтайды /К/. Бұдан кейін формула бойынша топырақтың қуысының көлемін процентпен табады.
Р= (а+б)-К;
б
Мұнда: Р- қуыстың көлемі, процент есебімен;
а-сынамаға алынған топырақ көлемі;
б-судың көлемі;
К-топырақ пен судың көлемі.
Топырақтың суды көтеру ( капиллярлығын) қабілетін анықтау. Ол топырақтың механикалық құрылымына, ылғалдылығына, тұздың мөлшеріне, өз капилляры бойынша суды төменгі деңгейден жоғары көтеру қабілетіне байланысты. Құрғақ топыраққа қарағанда ылғалды топырақта су тезірек көтеріледі. Егерде ұсақ түйіршікті топырақта, ерігіш тұздың мөлшері көп болса /әсіресе натрий тұзы/ судың көтерілу қабілеті баяулайды. Топырақты суды көтеру қабілеті штативке бекітілген бірнеше биік түтікшелерден /50-100см/ тұратын арнаулы құралмен анықтайды.
Әрбір түтікшені жоғары деңгейге – дейін топырақпен толтырады. Төменгі ұшына дәке орап су құйылған қорапқа салады. Түтікшенің ұшы осы суға 0,5 см еніп тұруы тиіс. Бұдан кейін топырақ түсінің өзгеруіне қарай судың көтерілу жылдамдығымен биіктігін қадағалап 5,10,15,20 және 60 минут аралығында, одан әрі су көтеріліп біткенге дейіни әрбір сағат сайын сантиметр есебімен оның деңгейін белгілейді.
Бақылау сұрақтары.
Топырақтың климатқа және мал организміне әсері.
Топырақтың механикалық құрамының гигиеналық маңызы.
топырақтың физикалық құрамы және оның гигиеналық маңызы.
Топырақтың физикалық құрамын анықтау тәсілдері.